Маңдай бөлімі зақымдалу симптомдары:
-Контралатеральды қол немесе аяқтың орталық параличі немесе тіл бұлшықетінің (орталық алды иірім зақымдалған кезде)
-Қарсы жаққа қараудың парезі (орталық маңдай иірімнің артқы бөлігі)
-Паркинсонизм, сирек гиперкинездер
-Янишевский-Бехтеревтің ұстап алу феномені
-Маринеску-Родовичи рефлексі Хоботковый рефлексі
-Маңдай атаксиясы (астазия-абазия)
-Моторлы афазия (Брок зонасы)
-«Жекеленген» аграфия (ортаңғы 2-ші маңдай иірімінің артқы
бөлігі)
-Апатико-абулиялық синдром, маңдай юморы (мория) эйфория.
Маңдай бөлігі тітіркену синдромдары:
- Джексонның тартылу ұстамалары – тонико-клоникалық (алдыңғы орталық иірім)
-Оперкулярлы ұстама– ( төменгі маңдай иірімнің жабатын бөлігі)
-Адверсивті ұстамалар – (ортаңғы маңдай иірімінің артқы бөлігі )
-Маңдай автоматизм ұстамасы – күрделі пароксизмді психикалық бұзылыстар, тәртібінің бұзылуы, бұл кезде науқастар қоршаған ортаға қайшы келетін қимыл қозғалыстар жасайды (өртеу, өлім).
- Кіші эпилепсиялық ұстамалар – лезде, бірнеше секунд ішінде науқас сөзі тоқтап, қолынан заттары құлап, көрініс беретін ұстама.
17.Мишық: кызметі, құрылысы, Флексиг және Говерс жолдарын сызып көрсетіңіз.Мишық зақымдалу синдромдары және зерттеу әдістері.
МИШЫҚ
Дененің кеңістіктегі тепе –теңдігін реттейтін және дене мүшелерінің қимыл -қозғалыстарын үйлестіретін, бұлшық ет тонусын реттеуші орталық жүйке жүйесінің мүшесі - мидың бір
бөлігі. Сопақша ми мен вароли көпірінде, үлкен ми жарты шардың шүйде бөлігінің
астында орналасады. Үлкен адамдарда мөлшері 150 гр. Ол мишық құрты арқылы байланысқан екі үлкен жарты шардан құралған.
Құрылымдық және филогенетикалықдамуы жағынан мишықтың негізгі 3 бөлігін
ажыратады:
-Архицеребеллум –ертедегі пайда болған бөлігі
-Палеоцеребеллум – ескі мишық
-Неоцеребеллум – мишықтың жаңа формациясы
Архицеребеллум (түйінді аймақ)-мишықтың ертедегі бөлігі, ол түйіндерден және клочоктан
тұрады. Вестибулярлы жүйемен тығыз байланысқан. Осының арқасында жұлын-милық
қозғалыс импульстарын реттеп, дене қалпына және қозғалысына байланыссыз тепе-теңдікті
реттеп отырады.
Палеоцеребеллум (ескі мишық)- алдыңғы бөліктен, қарапайым бөліктен және мишық
денесінің артқы жартысынантұрады.Эфферентті импульстар антигравитационды бұлшықеттерді активті модульдеп, бұлшықет тонусының тік тұруын және тік жүруін қамтамасыз етеді
Неоцеребеллум (мишықтың жаңа формациясы) құйрықтан және екі жарты
шардан тұрады. Оның дамуы бас миы қыртысының дамуымен және тік жүрумен тығыз байланысты.
Мишық 3 бөлікке бөлінеді:
1. Алдыңғы бөлік, оның өзі бірнеше бөлікшелерге бөлінеді.
- Тілшік
-.орталық бөлікше
- төртбұрышты бөлікше
2. Артқы бөлік
-төртбұрышты бөлікшенің артқы жартысы
-жоғарғы жарты ай тәрізді бөлікше
- төменгі жарты ай тәрізді бөлікше
-жіңішке бөлікше ( парамедианды бөлікше)
- екіқұрсақтық бөлік
-мишық миндалинасы
3. Клочков-түйінді бөлік
Мишық ақ және сұр заттан тұрады. Жарты шар мен құйрықтың сұр заттары беткей қабатта орналасқан, олар мишық қыртысын құрады. Ал сұр заттың жиналуы мишықтың тереңінде-ядрода орналасқан. Ақ зат –мишық денесі мишықты қалыңырақ орналасады. Мишықтың 3 аяқшасы арқылы сұр затты бас миының бағанасымен және жұлынмен байланыстырады.
Сұр зат мишықтың қыртысы мен ядросын қалыптастырады. Мишықтың сагитальды кесіндісінде ақ және сұр зат қатынасы « мишықтың өмір ағашы ( древом жизни мозжечка)» суреті көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |