Диагностика: Сирингомиелия кезінде ең негізгі ақпаратты әдіс – МРТ. Сирингомиелияны диагностикалауда МРТ алтын стандарт болып табылады. МРТ-да жұлынның көлдеңенінен мөлшері ұлғайғандығын және қуыстардың болуы анықталады.
Қосымша әдістері: Эхоэнцефалоскопия (миды УДЗ); Электоэнцефалография (ЭЭГ); Жұлын-ми сұйықтығының анализі Электромиография (бұлшықеттердің биоэлектрлік белсенділігін зерттеу ); Реоэнцефалография (ми қантамырларын зерттеу ); Иммунологиялық зерттеу.
Емдеу принциптері: Сирингомиелиямен ауыратын науқас өмір бойы ем қабылдауы қажет. Емдеу тактикасы әр науқасқа жеке таңдалады және оның құрамына кіреді : режим медикаментозды ем хирургиялық ем
Консервативті емі :
-Аминоқышқылдар - Витаминотерапия - В тобы (бас миы тамырларында қанайналымды жақсартатын және жүйке импульстарының өтуін стимулдейді ) -Рентгенотерапия – аурудың бастапқы кезеңінде эффективті. Ал кеш кезңдерінде сәулелену көмектеспейді Вазоконстрикторлар(адреналин,норадреналин,метараминол) жұлын аймағынедағы ісінуді азайту үшін - Массаж. - Антихолинэстеразды препараттар(физостигмин,галантамин,прозерин - Интенсивті ауырсынуда – нейролептиктер мен антидепресанттар (хлорпромазин,дроперидол;амитриптиллин, вефарин ) Хирургиялық ем
Сирингомиелияның жалғыз эффективті емі-хирургиялық ем. Хирургиялық ем жасауды шешу науқастың жағдайына қарай жүргізіледі. Мақсаты: сопақша ми мен жұлынның жоғарғы бөлімдерінің компрессиясын краниовертебральды аймақ деңгейінде жою: Бұл операциялар ликвор айналымын қалпына келтіруге және ауру себебін – жұлынның орталық каналына жұлын-ми сұйықтығының жиналуын жоюға көмектеседі. Жұлынның субарахноидальды кеңістігіне немесе құрсақ қуысына кистаны дренаждау қолданылады. Дренаждау жүргізу байланыспаған сирингомиелия кезінде қолайлы.
Болжамы: Операция жасалмаған науқастардың 2/3 бөлігінде ауру біртіндеп мүгедектікке әкеледі. Ауру белгілерінің прогрессирленуі әр-түрлі .Алғашқы клиникалық көріністердің пайда болуынан мүгедектік дамуына дейінгі аралық ондаған жылдарға созылуы мүмкін.