Ижанова Калима Клыштурдыкызы Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Мейір-Бейс» жеке меншік мектебі



Дата21.04.2023
өлшемі54,63 Kb.
#84961
Байланысты:
Баяндама


УДК 37:372.8
Ижанова Калима Клыштурдыкызы
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
«Мейір-Бейс» жеке меншік мектебі


Білім беру үрдісіндегі жаңа технологияларды қолданудағы педагогикалық кадрлардың инновациялық қызметінің қалыптасуы

Қазіргі таңда қоғамымызда болып жатқан өзгерістер, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және орта білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - болашақ жастарымызды оқытып, тәрбиелеуімізді дамытып отыруымызды қажет етеді. Білім беруді дамыту дегеніміз үнемі алға қарай жылжу мен даму үдерісі, бұл өз кезегінде алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер үдерісі болып табылады.


Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, себебі жас ұрпақтың тағдыры оны оқытқан ұстазының қолында деп айтылуы білім беру қызметкерлеріне қойылған талап пен жауапкершіліктің орасан зор екенін айқындайды. Мемлекетіміздің экономикалық, зайырлы, құқықтық өсіп-өркендеуі әрине білімді, саналы өскелең ұрпағымыздың рухани, адамгершілік құндылықтарға, жақсы қасиеттерге бай болуына байланысты. Әрбір уақыт кезеңінде адамның ақыл-ойы мен өмірге қөзқарасы өзгеріп отыратыны заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілуі, әлеуметтік үдерістердің жаңаруы педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді. Кез-келген елдің болашағы білімділер қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, еліміздің басқа әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім алуы қажеттілігі күмән тудырмайды. «Баршаға білім беруден – әр адамға өмір бойы білім берудің» жүйесін қамтамасыз ету білім саласының ең негізгі міндеттері болы саналады. Сондықтан педагог қауымға білім берудегі тың идеялар мен жаңашылдық қөзқарас қалыптастырудағы мәселелерге аса маңызды көңіл бөлуде үлкен міндеттер мен жауапкершілік жүктеледі. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті,өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек жаңа тұрпатты педагог ғана қалыптастырады. Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік білім беру менеджментінің ұтқырлығын қажет етеді. Осыған орай мектепті басқарудағы білім берудегі менеджмент мәселелерін білу, мектепке өзгеріс енгізуді басқарудағы негізгі қабілет «көшбасшы» бола білу мектеп директорына да үлкен жауапкершілік жүктейді. Табысты мектепке айналуға ең қажетті дүние ол мектепке өзгеріс енгізуді жоспарлауда, негізгі басымдықтарды анықтауда әрбір мектеп ұжымы, әрбір мұғалім білімдегі жаңалықтарға, батыл өзгерістерге бет бұруы қажет. Себебі, ХХI ғасырдың бет – бейнесі шығармашылыққа бейімделген, өз мүмкіндігін көрсете алатын, өзіндік уәждерін дәлелді жеткізе алатын интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында берілетін біліммен өлшенбек. Осы тұрғыда мен мұғалімнің кәсіби дамуына жаңа сапалы серпін беретін, мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі мен имиджіне ерекше мән беретін, жаңа форматтағы оқыту мен оқудың жаңа технологияларын қолдануды тұтас педагогикалық үрдіске енгізуді қолдаймын. Осыған орай жаңа педагогикалық технологиялар аясында мектептің стратегиялық даму жоспары, яғни мектепті дамытуға бағытталған іс-әрекеттер шараларын әзірлеудің қажеттілігі туындайды. Мектепті дамытудың стратегиялық жоспары дегеніміз – бұл мақсат қою, мектептің басымдықтарын анықтап алу, ресурстарды тиімді бөлу, болашақта қандай бағыт – бағдармен ұжым жұмыс жасайтынын болжайтын, оқушы мен ата-ана, мұғалім пікірін ескеру арқылы маңызды шешімдер қабылдап, оны іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарының жиынтығы. Стратегиялық жоспардың негізгі мақсаты – оқу үрдісіне қатысушылардың барлығының үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету. Оның ішінде әсіресе мекемедегі персоналдың қызметін дұрыс бағытта ұйымдастыра алу – ол басқарушының зерделеуді, мақсат қоя білуді, болжауды, бақылауды, нәтижеге бағытталған жұмысты білуіне, зерттеу жүргізе білуіне байланысты екені анық.
Мектепке өзгеріс енгізуді әуелі жаңа білім беру моделін оқып-үйренуден, мектеп қызметін зерделеуден, мақсат қоя білуден, нәтижеге бағытталған жоспарлаудан басталады. Жұмыс барысында нәтиже оң немесе теріс болуы мүмкін. Сондықтан оң болған жағдайда қайтадан зерделеу арқылы нәтижеге бағытталған жұмысты ынталандыру басты бағыт болып табылады. Ал нәтиже теріс болған жағдайда кемшіліктерді анықтап, дұрыс нәтижеге қол жеткізу үшін қолда бар барлық ресурстарды пайдалану арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге әрекет жасау болады. Мектеп ішіндегі бақылауды жоспарлы түрде жүргізіп, оқу-тәрбие жұмысының барлық жағын қамту арқылы педагог қызметкерлерді инновациялық қызметке дайындауға бағытталады.
Қазіргі уақытта қоғамның да, халықтың да білімге деген ынтасы үлкен дәрежеде өсті. Өсіріп отырған ұл-қызының білімді де, тәрбиелі болуы әрбір ата-ананың арманы. Кешегі «кеңес дәуірінде» біз шын мәнінде тек бір халықты - «кеңес халқын», «кеңес адамын» құрамыз деген уақытта қазақ мектептерінде ұлттық тәрбиені тіпті кездестірмедік. Енді бүгінгі мектепте, яғни ұлттық мектепте, елдік тізгінді биік қолда ұстап, ұлттық негіздерімізді ұмытпай, әлем тәжірибесінен озық педагогиканы өз еңбектерімізде пайдалануды қолға алдық. Осы тұрғыда ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында бiлiм мазмұнын жаңарту , оқыту мен оқудың тиімді әдістерін пайдалануда мектеп педагогикалық қызметкерлерін өзгерістер енгізуді басқаруда нағыз көшбасшы болуды талап етеді.
Жылдар бойы жалпы білім беретін мектептердің негізгі мақсаты білім алушының белгілі бір білім жиынтығын меңгеріп, білім дағдысын қалыптастырса болғаны деп түсінді. Ал қазіргі мектеп алдына күрделі де қиын мақсаттар қойылды: шығармашылыққа бейімделген, өз мүмкіндігін көрсете алатын, интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бүгін білім беру жүйесінде оң өзгерістер көп. Жаңа типтегі мектептер ашылып, оқытудың жаңа технологиялары қолдануға негізделген жаңа бағдарламалар жасалуда. Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Үкіметіміздің басты міндеті балабақшадан бастап, білім білім алушылардың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал өз кезегінде жалпы білім қызметкерлерінің осы іс-шараларды қолдау мақсатында тың ізденістер, жүйелі жұмыстар атқара отырып, өз қызмет мазмұнын өзгерту арқылы инновациялық қызметке ауысу болып табылады. Себебі тек жаңаша көзқараста жұмыс істейтін ұстаз ғана оқушы білімінің нәтижесін көреді.
Қазіргі таңдағы мектеп бітірушілердің моделі жасалынуда. Бұл модель бойынша дамуында айқын білімділік бар, шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру қабілеті бар, қиындықты жеңе білетін, барлық пәннен стандарттан жоғары білім көрсеткіші бар жан-жақты мәдениетті тұлға тәрбиелеу . Ал бұл білім беру жүйесіне ең маңызды құрамдас бөлігі ретінде педагогикалық кадрларды даярлау және олардан біліктілігін үнемі арттырып отыруды талап етеді.
Сондықтан педагогикалық кадрларды инновациялық қызметке дайындау жұмысын мектеп әкімшілігі өзінің ең басты міндеті деп санайды. Мектепті жаңартудағы маңызды бағыттың бірі оқытудың, тәрбиенің және оқушылардың даму сапасын жақсарту мұғалімнің ізденуіне байланысты.
Іздену кезеңі – жаңашыл идеяларды, оқытудың жаңа түрлерін жинақтау, қолдану, енгізу инновациялық қызметінің қалыптасуы болып табылады.
Әдебиеттер:

  1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев

Педагогика. Алматы, «Рауан» , 2000

  1. Тәуірбекова С.Ж. Қазіргі мектепті басқару. Алматы -2018

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші(негізгі) деңгей,4- бет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет