ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

«КӘЛ, КӘЛ, КӘЛ!» 

Ғ. Мүсіреповке 

Қыранын шақырғаны ғой «қолыма қон» деп, 

Соңыра «сонарды шарлап соныдан іл» деп. 

Құс қой ол. 



                    

Құстығын жасап қосылмас үшін 

Торғайдың топтанып ұшқан тобына дүрмек. 

 

Қыранын шақырғаны ғой «қолымнан ұш» деп, 



Қадалсаң жонынан бүріп, жұлыннан түс деп. 

Баптап-ақ үйреткен шығар, 

                                             

байызсыз көзге, 

Байқауды қияннан шалып, қырымнан түстеп. 

 

Ұш, қыран! 



                    

Іліп түс, қыран! 

Сөз ести көрме: 

«Бұл қандай ұрынбас жерге ұрынған құс» деп. 

Қай тұста ілеріңді біл – шыңдарын шолып,  

Қай тұста түлеріңді біл – шығ бағың қонып. 

Қолынан ұшырған сені сұңғыла саят, 

Ұмытпа,  

               

төрелік жасап тұрғанын көріп, 

«Кәл, кәл, кәл!» 

                       

Бапкерлер айтқан бір-ақ ауыз сөз 

Қыранның қалады алтын құндағы болып! 

 

 

ДАЛЬНЫЙДЫҢ ДАНКОСЫ 



 

Қапыл жел жазғытұрымғы 

Құйындай қозды, жүгірді. 

Жазықтың жонын жұлқылап, 

Жағадан сілкіп іңірді. 

Қойтастай қырды қаусырған 



Қомына қардың сұғынды. 

Ойқастай кезіп өлкені, 

Кіндігін жердің суырды. 

Арқаның ұлпа ақ қары 

Шекердей шып-шып үгілді. 

Қолаттан төмен су құлап, 

Жаныспай жаққа мың бұлақ 

Қаққанша қасты құйылды. 

 

Сол кезде ауыл лап қойып, 



Шу ете қалды «Қап та қап!» 

Су құлап саймен ақ көбік 

Өзеннің бетін өтті орап, 

Бер жақта бір топ ел тұрды 

Ар жаққа көзді дөп қадап, 

Ар жақта бір топ қол тұрды 

Тракторларын ноқталап. 

Бер жақта бір қарт күбірлеп, 

«Сәтті күн еді-ау бүгін» деп, 

Дегбірсіз тұрды сәт қалап. 

Ар жақтан біреу салды айғай, 

Саңқылдап қыран қалғандай: 

Саспаңдар!  



                    

Саспа, дәт –  қуат!  

 

Саңқ ете қалған сол адам 



Жүгіріп жарға түсті де, 

Кешелі-бері тараған 

Қызыл су мұздың үстіне, 

Жасаған талдан, қададан 



Су кешіп жүріп үш белгі, 

Ақ мата байлап қадаған. 

 

Қаданы қадап, қабаққа 



Қайтадан ырғып шыққан ол. 

Тұр екен тулап алапта 

Жардай атанды жыққан жел. 

 



Жігіттер! –  

                        

Сол сөз күш берді. 

Бітіре алмайсың сасып түк. 



Ал кеттік – анау үш белгі, 

Сақтайтын ара қашықтық. 

Ал кеттік! -   

Кеттік! 



Тәуекел! 

Ал кеттік, Даниил, баста өзің. 

Адамды анттай тербетер 

Қасиеті мәңгі жас  сезім. 

Сол кезде оның басына 

Батыл бір ой боп бұрқ етті. 

Қасиетті сезім осы ма, 

Жүрегі неге бүлк етті?! 

Мәңгілік адам ант етер 

Отанға деген сезімге, 

Оятады оны тәуекел 

Осындай сынның кезінде. 

 

Днепр кешті... тірі өтті



Ал бүгін – бейбіт Арқада, 

Шын ерілік сезім – жүректе, 

Куәлігі оның – қалтада. 

Днепр өттің от кешіп, 

Жаныспайдан өт – жанталас. 

Мүддесін елдің өтеп шық, 

Көрінбей елге кем-қораш. 

Солай ғой, солай, 

                            

ендеше, 

Ендеше кәне не тұрыс, 

Отаным десе, ел десе 

Бола ма Ерде өкініш. 

 

Тағы да бір ой сап етті, 



Санаға нұр боп лап етті. 

Шын ерлік еді тап осы ой 

Шарпығандай от отты, 

«Уыздай мынау жігіттер 

Әлі ұяң әрі әдепті... 

Сезгенмен, 

                 

бұлар көрген жоқ 

Соғысты кеше, әлекті. 

Кешкен жоқ бұлар кешегі 

Ағалар кешкен сан отты. 

Керемет күні бұлардың  

Тыңменен туса керек-ті. 

Отаны Тыңға шақырды, 

Деді де бұлар: «Ал, кеттік!» 

Отанға адал ант етті, 

Бейқам ғой жастық расында 

Майданда кеше жасындай, 



Жарқ етті де, жалт етті, 

Осылар үшін болмаса, 

Кім үшін кеше қан төкті?! 

 

Жол бастау қауіп болса егер, 



Ал кетті, өзі ал кетті...» 

Жоқ, - деді ол іштей, - бір қауіп 

Соңында болмақ тек осы. 

Күш түсіп көк мұз ырғалып, 

Жыртылған кезде көбесі... 

Әйтпесе қауіп болмас та 

Жол баста, - деді ол бір жасқа, 



Жол баста, - деді, жігітім -  

Айтқандай әзіл құрдасқа. 

 

Ол да бір жап-жас бала екен, 



Ағытты тормоз тиегін. 

Қазақта бір сөз бар екен 



«Жүгі ауыр соңғы түйенің»...- 

Деп қалды Даниил біреуге, 

Дем болар сөзді дәл білді. 

Соңынан өзі жүруге 

Сондықтан аға бел буды. 

 

Көкпеңбек мұзда тайғанап, 



Тағатсыз шынжыр табандар 

Аспаннан түнгі ай қарап, 

Жаңғырды жансыз дала аңғар. 

Көк мұз бен темір қырғыштай, 

Үйкелген кезде от болып, 


Жағадағы елдің тұрды ұшпай 

Алқымда жаны кептеліп. 

 

Жаныспай мұзы жаңғақтың  



Қабығы құсап күтірлеп. 

Тілегі бер жақ, ар жақтың 

«Жарылмай өтсе шүкір» деп. 

 

Өзеннің беті қызыл су  



Өзеннің өті ызың-шу. 

Ілікті жарға бір жарық, 

Қаратпай жарық көз қарып. 

Қалғанда бұрыс қозғалып, 

Жарықпен бірге жалт етті, 

Желбіреп жайнап қызыл ту. 

 

Сол кезде халық шу етті, 



Берді-ау, - деп, - берді тілекті. 

Жағаға тоғыз трактор 

Әнеки, әне, ілікті, 

Жетелеп алға үмітті. 

 

Сол кезде Даниил қозғалды, 



Бұлқынып жүрек шым етті... 

(Қорқыныш емес бұл бірақ), 

Туған жерінің суреті – 

Есіктің алды шие бақ, 

Есіне түсті бала шақ, 

Шие ағаш болып бұған кіл, 

Електеуші еді болашақ. 


 

Майданда бес жыл шиенің, 

Иіскеп гүлін: «киелім, 

Ексем деуші еді өзіңді, 

Төріне тыныш дүниенің...» 

 

Сандықта жатқан шатырда 



Есіне түсті үш көшет. 

Сол кезде көк мұз шатырлап, 

Байлаған белгі – үш бекет, 

Үш бекет белгі желменен 

Сағымдай сәтте жоқ болды. 

Өзеннің мұзын көлденең 

Бір тылсым ырғап қақ бөлді. 

 

                     * * * 



Одан соң елес... Тың дала

Тың дала – шалқар көк егін. 

Шие орман өскен ырғала 

Көмкеріп егін кемерін. 

 

Одан соң елес... дән теңіз, 



Сабантой – тың жер, соны жер. 

Кеудесі күндей жарқырап, 

Қасында тұрды тоғыз Ер. 

 

Ал қазір шындық... ғажап-ау, 



Осынау елес бәр- бәрі. 

Батырмен аттас – бақ анау, 

Жаныспай өзен ар жағы. 


 

Баяғы көшет үш түбір, 

Сыңсыған шие орман боп, 

Сыбыры бейне сыр-күбір, 

Суарған бізді арман, - деп, 



 

Сыр айтып тұрған секілді, 

Әуенге бөлеп атырабын. 

Тыңдайтып туған секілді 

Томсарған дала топырағын. 

 

...Секілді Тыңға – шежіре, 



Келеді баққа тоғыз Ер. 

Келешек ұрпақ алдында, 

Тарихы Тыңның өрілер. 

Сонда олар: «Біздің Дальныйдың 

Данкосы Даниил еді» дер. 

 

 



ДӘСТҮР 

«Толбухин» совхозында – сабантойда, 

Майталман Мырзаш диқан сап айқайға 

Суырылып шыға келіп: «Бас бәйгені 

Ортаға әкеліңдер, давай қайда?!» 

 

Деді ол,  



               

бұйрық рай бар демінде, 

«Япыр-ау, ренжулі ме әлдекімге, 

Жан емес еді ғой бұл бәйге таңсық, 

Не нәрсе, селкеу салған ер көңілге?» 


 

Деген ой жұрттың бәрін елеңдетті, 

Мырзашта бұрын мұндай «өнер» жоқ-ты. 

Бас бәйге қайда деймін? – деді ол тағы, 



Бәйгеге бұл соншама неге індетті? 

 

Жұрт аң-таң. 



                     

Мырзаш енді шықты ортаға, 

Аз сөйлер жігіт еді бұл біртоға. 

Жолдастар, бәйгесіз-ақ қуаныштан 



Жарыла жаздап бүгін тұрмын, тоба! 

 



Жолдастар, «Толбухинге» тап бұл егін -  

Дәл биыл ашты білем, бақ тиегін. 

Біз жеткен екі миллион – миллиардқа үлес, 

Қарыны жарылды ғой ақ түйенің! 

 

Бәйгенің керегі жоқ маған әсте, 



(Той үсті талай затты салады еске). 

Бас бәйге – полтавалық диқандарға –  

Достарға,  

                

досты сыйлау – заң емес пе?! 

 

Қайдасың, Макиенко Иван аға, 



Көрмеген ерлігіңе илана ма? 

Ағажан, дос ниетке – мынау шапан 

Ескерткіш, өз көңілімнен – сыйға бала! 

 

Сол кезде жұрт шу етті:  



                                    - 

Беу, Мырзаш, - деп. 



Бірі аға, біреуі бел құрдас деп. 

 

 



Бұл тұйғын, - деп жатыр жұрт, -  

                                                      

танапта да, 

Салтыңа санатта да шалдырмас, - деп.  

 



Бас бәйге, 

                    

сабантойдың бас бәйгесі, 

Достарға! 



                    - 

Дос ішінде кім иесі? 

Енді ұғып, шуласты жұрт,  

                                            

бәйге деген – 

Құрметтің ең кәделі дүниесі. 

 



Он диқан полтавалық, он бірінші -  



Басшысы «Толбухиннің» - ең бірінші – 

Хатшысы Полтаваның Моргун жолдас 

Иесі бас бәйгенің, - деп бір кісі. 

 

Ұсыныс жасағанда, ду қол соғып, 



Дүркіреп дуылдады зал теңселіп. 

Және айтты ол: - Қай заманда көріп едің, 

Бәйгені байлағанды жалқы енші ғып? 

 

Ал Мырзаш орауынан шапанды алып, 



Ағаға жаба беріп,  

                                

сәт ойланып 

Қалғанда, ширек ғасыр суреттері 

Өтті бір көз алдынан атой қағып. 


 

...Жыл еді түрен түскен Тыңға жаңа 

Ақ шатыр орнап жатқан қыр далаға. 

Қызықтап қойлы ауылдан қос басына 

Кеп жүрді тыраң арық – тырна бала. 

 

Елтітіп мазут иісі иіндідей, 



Қозыдан темір баққан тиімдідей. 

Жаулап ап бала жігіт жас қиялын 

Қос жаққа жаутаңдатты биыл бір ой.. 

 

Отырып тракторға үзіп-жұлқып, 



Зердемен көп тетігін сүзіп, тінтіп. 

-  


Шіркін-ай, мінсем, - дейтін, - «С-80»-ге 

Тұлпардай тарап жалын сүзілдіртіп. 

 

Далаға басталғанын ұлы жорық 



Бұл бала жақсылыққа жүрді жорып. 

Бұл бала түсінбейтін, шыж-быж болған 

Шалдарын қойлы ауылдың қырды қорып. 

 

Бұл бала білмейді әлі Тыңның нанын, 



Білмейді Тың жұмбағын Тыңнын заңын. 

Бұл бала білмейді әлі Тың боп осы  

Қонатын кеудесіне Жұлдыз барын. 

 

Білмейді ол кенеп тіккен кер далаға 



Диқан қол алтын аптап, зер жаға ма? 

Білмейді тап жанында жүргенін ол 

Топырақ тамыршысы – зергер аға. 


 

Тың – Байлық бар білері, бір білері - 

Таймайтын тыңның өзі тұрғыны еді. 

Өйткені жалқы бала, жалғыз шеше, 

Шешеден кете алмайды бұл бір елі. 

 

Сол жылы тұңғыш орақ – қоңыр күзде, 



Тың дәмін татырды алғаш дала бізге. 

Машина аз, қол күші кем, астық ырғын, 

Қолқабыс – бала жігіт, пар өгіз де. 

 

Қырманнан астық алып Мырзаш бала, 



Әндетіп арбасымен қырды асқанда, 

Бозбала қиялындай кеудедегі 

Жұлдыздар жымыңдайтын түнгі аспанда. 

 

Арқаның ақ жаңбыры езіп иін, 



Кешеу күз тартты тағы мезі күйін. 

Бұл бала – қырманшымен, диірменшімен 

Табатын тез үйлесім, тез үйірім. 

 

... Сол бала намысқа мәрт, отты, ширақ, 



Өзін де, көлігін де қатты қинап, 

Жүгі ауып арбасының, сазға батып, 

Бір күні орта жолда жатты қирап. 

 

Қораптан сау еткенде сап-сары алтын 



«Шыққаны осы-ау, - деді ол – масқарамның». 

Ұяттан жанып кете жаздағанда, 

Япыр-ай, басалқы айтып, бас болар кім?.. 


 

Кешеу күз кешкі деммен салқын теуіп, 

Суықты ұят демі шарпып жеңіп, 

Жүгірді ол бір күрекке, бір көлікке 

Алғандай айдалаға алтын төгіп. 

 

О, тағдыр,  



                  

бере гөр сәт – адалға дәт! 

Ақ ниет пейілі болса адамға ортақ. 

Бұл бала бейкүнә екен, ал әйтпесе, 

Біз айтқан зергер – диқан болар ма тап. 

 

Майысқан қаңылтыры «полуторка» 



Тоқтады тақай келіп демін тарта. 

Ішінен «кожанкалы» түсті біреу 

Күлгендей көлгірсітіп өңін жорта. 

 

Иә, иә... келе жатыр әлгің күліп, 



Кәзір-ақ шығарады ол бір бүлік. 

Сүйектен өтердей сөз естігенше, 

Кетер ед тесігіне жердің кіріп. 

 

Кім білген, бастық па әлде, уәкіл ме әлде, 



Мынауың кім де болса мақұл дер ме? 

Жонынан таспа алатын тас мінез бе, 

Шап беріп жеткен кезде жақын жерге. 

 

Жоқ... жо... жоқ, «кожанкалы»  шын мүсіркеп, 



Күлді шын, күлді риясыз, күлді сергек. 

Ех, беда молодец, ну ничего! 



Арқадан қақты мұны, қолды сермеп. 

 

Жүзінен танып шалқар шапағатты 



Бала да жақсы ағаға жаутаң қақты. 

Оянған ойда жоқта ғұмыры ұзақ 

Білген жоқ бұлар ыстық махаббатты. 

 

Бір ерлік жасағандай елеп мұны 



Үстіне киім беріп демеп мұны, 

Ұядай кабинаға отырғызған – 

Ең тұңғыш «Толбухинның» директоры. 

 

Осы еді Федор Моргун деген кісі – 



Бүгінгі бас бәйгенің заңды иесі. 

Бүгінде – Полтаваның хатшысы ол – 

Қазақтың даласының мәңгі досы. 

 

 



Ал бүгін бала Мырзаш – Еңбек Ері, 

Ал анау Иван аға – төрдегі орны – 

Жетекші полтавалық диқандарға 

Еңбекпен жалғастырған ер мен ерді. 

 

Мәселе бәйгеде емес,  



                                      

дәстүрде ғой, 

Дос ниет, дос жүрек пен дос тілде ғой! 

Жерде өскен алтын дәннің миллирдтары –  

Жер беті Диқанына бас жүлде ғой! 

 

 



ДАУЫС ТУРАЛЫ ОДА 

 

Дауысы бар әр дәуірдің әуені бар, 



Сұрағы, сауалы бар, жауабы бар. 

Бақыттың гиміні еткен әр қоғамда 

Дауысын зиялылар, саналылар. 

 

Сонда олар адамзатқа бақ тілеген 



Сәулелі парасаттың пәкітігімен. 

Әділет әліп жинап сол үндерден 

Қанатын революция қақты деп ем. 

 

Ұқсаған ұлы шеру маршына, 



Ұқсаған ұлы мұхит ағысына 

Дүние жалт қарады жаңғырыққан 

Қоғамның коммунистік дауысына. 

 

Ерікті, еркін елдер дауысы еді ол 



Ен дария – мол бақыттың ағысы еді ол. 

Бостандық, Теңдік, Бақыт, Бейбітшілік 

Және Еңбек – Адамзаттың табысы еді ол. 

 

Мыңдардың азат даусы миллиондардың 



Қосылып мұхитына құйды арманның. 

Дауысы бір шығуға тиісті ғой 

Дүниеге бақыт үшін туғандардың. 

 

Ол рас, миллион дауыс – бір-ақ ырғақ, 



Арайлы нұрлы ертеңді тұрар жырлап. 

Сол әуен коммунизм шұғыласы боп, 



Дүниеде емін-еркін жүр адамдап. 

 

Ұлы ырғақ сенде менің бар дауысым, 



Жанам мен сол ұлы нұр маздау үшін. 

Қоғамның коммунистік құдіреті деп 

Білемін дүниенің қозғау күшін. 

 

Паш етіп бақытыңды мына әлемге, 



Үн қосу қандай рахат ұлы әуенге. 

Толассыз қалалардың көшесі той 

Той бүгін жапан дала, құба белде. 

 

Бақыт қой – жалын қосу жанар нұрға, 



Бақыт қой – адал болу ар алдында, 

 

Бақыт қой – сенім деген,  



                                            

соның бәрін 

Тапсыру халық сүйген қалаулы ұлға. 

 

Сыңғырлап жан дүниемде күмбір қозып, 



Сәуледей өн бойымды бір нұр кезіп, 

Мінеки, қызыл урна қасында мен 

Адамдық бақытымды тұрмын сезіп. 

 

Отаным, неткен әділ, еркін елсің, 



Сондықтан мен тірегің, мен тілеушің. 

Бүгінгі азат дауысым, асқақ дауысым – 

Өзіңе адалдықтың серті болсын! 

 

 



ЖАРАСЫМ 

Шын сыйластық – үндесуі өмірдің, 

Шын сыйластық – гүл кешуі көңілдің. 

Сыйластықтар, шын достықтар арқылы 

Біз жолдарын белгілейміз жеңудің. 

 

Аға ұрпақтың жарасымы – жас ұрпақ, 



Табиғаттың жарасымы – жасыл бақ. 

Махаббатың жарасымы – ғашықтық, 

Жасай бермек жүз-жүз жылдар, ғасырлап. 

 

Басты шарты – бұл да біздің қоғамның, 



Темірқазық – арманындай адамның. 

Қанымыздан заңымызға жазылған 

Жарастығы Адам менен Заманның. 

 

Бұл жарастық – Адамзаттың аңсары, 



Бұл жарастық – революция кәусары. 

Біздің қоғам жарастығы үлгі боп, 

Жақсылыққа ұмтылады Жер шары. 

 

 



 

 

ЖИДЕК ТЕРЕ БАРҒАНДА 



Шолпанға 

 

«Көртоғайдан» кешкілік бір топ бала, 



Жидек іздеп, күндер-ай, қыр таптаған. 

Адырлардан әрі алып кетуші еді 

Бұралаң жол белдегі бұлтақтаған. 


 

Содан кейін іңірде оралушы ек, 

Қалтамызды толтырып ала жүрсек,  

Онда қайда… қыздармен жұлқысқанмен, 

Түк білмейміз, баламыз қара тірсек. 

 

Ол да … ол да бір қызық өмір еді, 



Ерте есейтіп кетті ғой, тегі мені. 

Жидек қырмен ауылдың арасына 

Қасқа  қашар бұзауы көлік еді. 

 

Неге ғана ұмытып барам енді, 



Баяғыдай емес пе, дала көңілі.  

Бұзауға бір мінгескен ақсары қыз,  

Ақсары қыз қайда екен, қара меңді.  

 

Күзгі іңірде бу шығып сай-саладан, 



Оралушы ек ауылға жайлап әман. 

…Бұзауға бір мінгесіп сәби қызбен 

Жақсы-ау және ештеңе ойламаған. 

 

 



ЖЫЛ ТУРАЛЫ СЫР 

Бәріміз сапарласпыз бұл ғасырда, 

Қол создық нұрлы ертеңге, нұрлы асуға. 

Уақыт адамзатқа ортақ құндақ, 

Ол жайлы болады ортақ сырласуға. 

 

Жылдардың кемесінде бірге жүзген, 



Тағдыры барлық жанның бірге бізбен. 

Түзу бір түтін шықса қуанамын, 

Мейлі алыс, мейлі мынау іргемізден. 

 

Солардың ұйтқымауын тілеп бірге, 



Тіл қатам талай-талай жүректерге. 

Түтіні түзу болсын, - деп тұрамын  



Шығыстан сәби бір таң шыр еткенде. 

 

Адамзат бақыт үшін туғаны хақ, 



Бақыттың жануына жылдар ортақ. 

Айтуы мүмкін емес бақытты адам, 

Кетті деп кездейсоқ бір күн жарылқап. 

 

Уақыт,  



           

өзің жайлы толғанарда, 

Тұп-тура қарау керек сан жанарға. 

Жолаушы күткен үйдің сәбиіндей 

Қарайтын анасына жол қарарда. 

 

Тап сондай кіршіксіз пәк сезім керек, 



Табысып көңілдегі ой, көзіңдегі от. 

Сезіну керек және күллі әлемді 

Қолтықтан келе жатқандай өзің демеп. 

 

Тербетіп мың сан сезім, мың жүректі 



Ғасырдың тағы міне, бір жылы өтті. 

Уақыт, өзің жайлы сыр айтқым кеп, 

Көңілімді әлде бір күй күмбірлетті.  

 

Жыл өтті. Кеше ғана есік ашқан, 



Жыл өтті, Керуені жыр, көші дастан. 

Алыста бірен-саран ала бұлты 

Төбемде зеңгір аспан, ашық аспан. 

 

Жыл өтті. Жаңа жылға жаңа бұлақ – 



Әрқайсысы ағысымен дара бірақ, 

Уақыт- ортақ кеме, тағдырын біз 

Тағы да ойлай түстік саналырақ. 

 

Көз салсаң кең дүниеге қыран көзбен, 



Жер үстін қазір жалғыз ұран кезген. 

Сол ұран  замананың Тыныштығы –  

Дүние бақытын өлшеп тұрар безбен. 

 

Уыздай ұйып әлем дос дауыстан, 



Бейбіт күн көгершіні асқақ ұшқан. 

Жыл өтті. 

                  

Адал ниет, ізгі Адамзат 

Табысып дос тілекпен төс қағысқан.  

 

Еске алсақ бар қоғамның бала кезін, 



Қадаған бәрі саған дана көзін. 

Адамзат арманысың – Коммунизм, 

Керуенін тартты саған замана өзі!? 

 

Жыл өтті, болашаққа созып қолын, 



Уақыттан ой-арманым озық менің! 

Дүние программасы – бейбітшілік, 

Шұғыласы дүниенің кезіп төрін. 

 


Жыл өтті. 

                 

Ұлы дүбір, туған Отан, 

Толағай ұлылығы тұлғаңа тән. 

Мен бүгін кең өлкемді оймен кезіп, 

Мен бүген замандаспен сырға батам. 

 

Заманның зымыран құсы шарықтаған, 



Мен бүзін Байқоңырға барып қонам. 

Қырымды қойдан жуас құшақтаймын 

Сан ғасыр тентек мінез танытпаған. 

 

Қапшағай оттарындай лағылды мен, 



Тал түсте туып тұрған таңым дер ем. 

Миллиард мекенінің жалғыз уыс 

Топырағын жанқалтама салып жүрем. 

 

Теміртау, Қаратау мен Кентау барам, 



Ерлікті дастарқан ғып той тойлаған. 

Жеткенде кең жазыққа аунгаймын бір, 

«Аман ба, есен бе? – деп, ай-хай, далам!»  

 

Тыңдаймын жыл тынысын, ел тынысын, 



Сеземін бесжылдықтар серпілісін. 

Деймін мен кең өлкеме: «Арма, далам, 

Сен әлі талай тыңның төркінісің»… 

 

Айқындап бір бекеттің бел-белесін, 



Жыл міне, жетіп қалды кермеге шын. 

Уақыт алдындағы парызды ойлап, 

Отырмыз… мен де досым, сен де досым. 


 

Жыл өтті… 

                    

Біз ұзатар осынау жыл –  

Ғасырдың ажарына қосылар нұр. 

Бақытты барлық адам, барлық ұрпақ 

Жарқ еткен сәуле қосқан осыған бір. 

 

Сол нұрдың суыртпақтай сәулесі боп, 



Замандас, күні кеше жол кешіп ек. 

Аға ұрпақ арманына жалғасып ек, 

Жаңа ұрпақ міндет-жүгін қолдасып ек. 

 

Жыл өтті… 



Жо.. жоқ, досым, жыл өткен жоқ

Соғып тұр дүрсілі оның жүрек тербеп. 

Уақыт – кеңістікке, ымырат сап, 

Айтады ол, уақыт – шөлге гүл ектім деп. 

 

Самалдай тыншымайтын таңғы сергек, 



Секундтар қанаттарын қалды сермеп. 

Тағы бір төл перзент жыл төрлей берді, -  

«Адамзат адал ниет, армысың» - деп.  

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет