ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31

КҮДІК 

Ерке қалқам, еркін қалқам, жан қалқам, 

Елдің бәрі бір өзіңе болған таң. 

Сұлулықтың сиқырына сендегі 

Сұқтанамын, сескенемін, мен қорқам. 

 

Ал сен болсаң, әлі көзсіз батырсың, 



Жүрек ойы – қас-қағым сәт, қапыл сын. 

Оны бірақ ойлайды ма – он жеті, 

Он жеті тек сезімдерін сапырсын. 

 

Сапыр да, жүз сезіміңнің селіне, 



Сұлулық бір жастық шақтың желі де. 

Өз желіңнен көтерілген дауылмен 

Өр теңізге жетелеші мені де. 

 

МӨР 

Мен сені ұмытпаймын, Мерекетай, 

Үйіңнен арылмайтын береке ұдай. 



Сен бізбен асық ойнап, күрке тігіп, 

Бірақ та ойнамадың неге топай? 

 

Мен сені ұмытпаймын, Мерекетай, 



Бір үйдің бозтайлағы ең, ерке тотай. 

Сен енді қыздарменен суға кеттің, 

Асып ап, иінағашқа тең тобатай. 

 

Мен сені ұмытпаймын, Мерекетай, 



Толыстың Торғайда өскен төре талдай. 

Талайлар тамсанатын «бәрекелді-ай, 

Қай үйге қонар, - деп, бұл қараторғай». 

 

Мен сені ұмытпаймын, Мерекетай, 



 

Оқталдым сөз айтқым кеп неге талай. 

Жанарың жарқ еткенде айбалтадай, 

Жүрекке тие жаздап қалған талай. 

 

Жеңіспен бірге туған Мереке қыз, 



Екеуміз ай-күні бір тел екенбіз. 

Амал жоқ, оянбаған махаббатқа 

Елесін балалықтың мөр етеміз. 

 

ӨЗЕНДЕР 

Көктем, 

Көлдер ұлғайып қырды асып кетіпті, 

Белдер ырғалып гүл басып кетіпті. 

Дүние дін аман. 

Төбеде шөкім бұлт та жоқ, 

Шалғында шашырап жылаған 



Жетім шық та жоқ. 

Бейбіт бір күнге 

Сүйінші сұраған баладай, 

Сәскеде сағым жүгірді,  

Сіңірдей созылған қайың, қарағай. 

Ақиық аспан-ау,  

Жұтады лағыл нұрыңды 

Жарым көңілдей – жасамыс ағаш та 

Жапырақ жарады, жарықтық! 

Тобыл да тасиды, 

Ойыл да тасиды, 

Тасиды Талас та 

Арнасын қарық қып, 

Алқабын су шықса, арық қып. 

Өзендер шалқиды шабыты бір келген мезгілде 

Шалшық сулардың шауқатын бетіне салық қып. 

 

Мен де тасимын, 



Сен де тасисың. 

Бәріміз тасимыз, 

Табиғат берген қауқармен 

 

Мен – қапыл өзенмін, 



Сен – бақыл өзенсің. 

Мен келте көктемде 

Тулап ағамын. 

Кемерді бұзып 

Жеткен жерімді 

Суға маламын. 

 


Сен баяу ағасың,  

Жайлап ағасың, 

Өзіңді-өзің іркіп ағасың, 

Кілкіп ағасың 

Он рет ойлап ағасың 

Суыңды шашау шығармай, 

Кемерді бойлап ағасың. 

Саған күнә ма, 

Таңдайы кепкенге тамшы сыйласаң? 

Өзіңнің көктемің келгенде қуанбай, 

Өзіңнің жазың өткенде суалмай, 

Қайда барасың, 

Қайда барасың 

Құрдымға құймасаң? 

 

ӨЛІАРА НАЙЗАҒАЙЫ 

Наурыз бенен өліарасы сәуірдің 

Сілкінетін кезі көктем – дәуірдің. 

Қоңыр төске қонар кезі ауылдың, 

Қунар кезі көктем күткен қауымның. 

 

Сәби таңның сәулесімен жылт еткен, 



Қаулар кезі қызғалдақтың қылт еткен. 

Саумал кезі – шарасында сулардың, 

Самал кезі – жел қанаты үлп еткен. 

 

Сондай шақта, сонау ауыл сыртында 



Шырқ айналған жаңа маусым бұлтында, 

Бір найзағай келе жатты тұтанып, 

Көк аспанның көк етін бір жыртуға. 


 

Көк көлдердің селт еткізіп өзін бір, 

Көк белдердің ашқызуға көзін бір. 

Көк жасылдау, бояуы аздау дүниеде 

Оянсын деп басқа бояу – сезім дүр, 

Өртенуге қияды екен өзін бір. 

 

Содан кейін кемел көктем құлпырар, 



Сансыз бұлақ өзді-өзінше бұлқынар. 

Қыршын – жасын пір тұлғасын жер көміп, 

 

Өлара өтер... 



                       

Өлкемізге гүл тұнар. 

 

* * * 


Сабаңа түсіп кей шақта, 

Санаңа түсіп күллі жүк. 

Зауқың да шаппай еш затқа 

Аулаққа қашар нұрлы үміт. 

 

Сіркең де суды көтермей, 



Сезім де тумай сібірлеп. 

Өз тәнің бейне бөтендей, 

Жүрегің ғана дірілдеп 

 

Жорғалап, жүйткіп, шаба алмай  



Жүйкеңді бір жүк иықтап, 

Қатты ұйықтап қалған адамдай 

Көрпесін қымтап, тұйықтап. 

 


Сағынып думан шақты құр, 

Марғау да мақау мынау ой. 

Күрсіне де алмай қатты бір, 

Түршіге де алмай тұла бой. 

 

Жүретін кезің зәуде бір. 



Бола ма, бауырым, басыңда . 

Болмай ма, айтшы, әлде бұл, 

Әлде бұл біздің ғасырда. 

 

Мен өзім мұндай шақтарға, 



Арада тұра кезігем. 

Тағдыр бір сілкіп қаққанда, 

Тазарған жандай сезінем. 

 

СОНАУ ЖЫЛҒЫ ІҢІР 

Он екі перне қарағай, 

Сөйлейтін еді сұңқылдап. 

Сөйлеген кезде сұңқылдап, 

Қиссасын әкем айтатын. 

Қайырған аттай құр-құрлап, 

Күйлердің басы қайтатын. 

Дүниеде барын байқатып, 

Самалға дауысын шайқатып, 

Созатын еді шайлатып.. 

Созатын еді көңіл сәл, 

Салқындау сазды ой батып... 

Буынсыз саусақ ойнатып, 

Сүйексіз көмей сайратып. 

Отырған кезде қара шал, 



Қараша үй алдын тойлатып. 

Жер ошақ жақта апам жүр 

Кеш сауған сүтін қайнатып. 

...Бара жатты сол кезде 

Томсарып толық ай батып. 

 

ТАЛАН 

Машинасы, тракторы жоқ тегі, 

Біздің ауыл темір жолдан шеткері. 

Біз көрген зат қарт ұстаның көрігі. 

Төрт кластық алыс ауыл мектебі. 

 

Дүние – жұмбақ,  



                           

біз әлі де баламыз, 

Дүние бізге әлі ертек, әлі аңыз. 

Шал-шауқан сау, әйелдер сау,  

                                          

кемтар боп 

Ал соғыстан қайтқан әке, ағамыз. 

 

Соғыс дейді,  



                      

айтпайды ғой ел текке, 

Еріккеннен қан төге ме ер текке. 

Неге бұлар сап-сау болып келмеген 

Ертөстіктей біз естіген ертекте. 

 

Жауды жеңсін. 



                        

Біз жеңісті қалаймыз

«Жар астында жау десе»... жалт қараймыз. 

Жауыздықтың білмей жатып не екенін, 

Сол бір сөзге елеңдедік талай біз. 


 

Ұлы өмірдің әліппесін замана, 

Жаңа ұсынған бәрі жұмбақ санаға. 

Мектеп барды тың көтерген жылы сол 

Соғыс біткен жылы туған бала да.. 

 

...Сол ауылға темір жолдан шеткері, 



Темір тұлпар лек-лек болып жеткені. 

Қазақ жері тың көтерген құтты жыл –  

Мың тоғыз жүз елу төрттің көктемі. 

 

Тың көтерген жылы біздің санаға, 



Сәуле шаша бастады ғой замана. 

Тумай жатып ғасырдың қос бақыты, 

Тап келген – біз, таландымыз,  

                                              

талан, ә!..  

 

* * * 



Таудан тұрған бұлт жаумай тына ма, 

Жасауыл-жел айдап, аумай тына ма? 

Қайырлы көктемнің найзағай, нөсері 

Жомарт жаздарға – сияпат, сыбаға! 

 

Найзағай ойнайды, ойқастап от шашып, 



Тына қап... 

              

бұлттарды сынап ап,  

                                      

тоқырап, тоқтасып, 

Құлап құбылаға барады қызыл күн 

Шапақ сәулесін кіреуке тот басып. 

 


Таудың мұнары төмен жылысып, 

Қарағай қалтырап, қалқып бу ұшып. 

Тауға төгіліп, 

                       

тасқа соғылып, сүбесі сөгіліп, 

Беу бұлттар-ай... 

                         

бұл жақтан кетеді-ау, суысып... 

 

ТОҒАН 

Торғай тасып,  

                       

«Ұрыөткелден» өтерде, 

Сонау жылы сасқан екем бекерге. 

Апыл-ғұпыл шыға келсем адырға, 

Арғы иінде тоған жатыр көтерме. 

 

Өзенді енді өтем-ау деп айналып, 



Шабдар атты салып қап ем, сайланып. 

Жолың болғыр, жол қысқарды-ау дедім де, 

Неге салған, тұрмын соны ойланып. 

 

«Сарыөзекке» су шықсын деп салған ба, 



Қаракөлге ну шықсын деп салған ба? 

Торғай - өзен құюшы еді құрдымға 

Су қадірін жұрт ұқсын деп салған ба? 

 

Жайқын жазық су қаптаған бар аймақ, 



Тұрып қалдым жан-жағыма қарайлап. 

Және ойлаймын қапыл келіп өзенге, 

Тоған болмай, қойып кетсем не болмақ?.. 

 

Қашан салған, кім салғызған бұл тоған



Құрдым анау – арадары бір табан. 

Жақын салған, батыл салған! 

                                                   

Өзенді 


тұсадың деп ұрыспас-ау жұрт оған. 

 

 



ТӨЛЕУТАЙДЫҢ ТӨРТ ҚЫЗЫ 

Соғыс бітіп, солдат келіп жатқан кез, 

Ел мейрамға, ен мейрамға батқан кез. 

Бізге көрші Төлеутайдың төрт қызы, 

Бойжеткен кез шеттерінен боп кербез. 

 

Он сегіз бен жиырма бестің арасы, 



Төртеуінің тетелес жас шамасы. 

Бірін-бірі жетілмей ме жетелеп, 

Қатар өскен қыз баланың санасы. 

 

Әрі соғыс,  



                  

бес жыл көрген қайғы да, 

Ерте оятып есейтпеске қойды ма?.. 

Жұрт айтатын: «Кетпей ме енді, қашанғы 

Төлеутайдың мінбек бұлар мойнына». 

 

Ал Төлеутай: 



                       - 

Оттамасын ел түге, 

Не істесе де өздерінің еркіне.. 

Жетем, - дейтін,- төрт ботамды төбеме 

Көтерем, - деп, соғыста айтқан сертіме. 

 



Балаң нешеу? – десе, Төкең мақтанып, 

Төртеу деуге тұрады ылғи оқталып. 

Кейде бірақ өкінетін өлердей: 

Төртеуі де нашар бала, - деп қалып. 



 

Құнықпаған, құмартпаған түсімге, 

Ағаш ұста мықты Төкең ісінде. 

Сондықтан да төрт бойжеткен әзірге 

Төрт көнетоз бөз көйлектің ішінде.  

 

Төкең кейде трофей ішіп лепіріп, 



Соғысты айтып демінен бір от ұрып, 

Келген кезде кемпіріне кейитін: 

«Біздің Ұлдай қалды ғой, - деп, - отырып». 

 

Одан соңғы Ұлжаны мен Ұлмекен, 



Біп-биязы, мінезі жоқ бір бөтен. 

Жаутаң-жаутаң қарайды апаларына, 

Бақты байлап, жол ашпай сол жүр ме екен?.. 

 

Кенже қызы, сайтан алғыр, Ұлбала, 



Сайтан алғыр, қарайды бір ұрлана. 

Әке-шеше, апалардан сытылып, 

«Ақсүйекке» сол кетеді түн бола. 

 

Сайтан алғыр, қылығы оның құйындай, 



Қарамайды-ау, қадалмай да қиылмай. 

Төлеутайдың шаңырағына кенже қыз 

Табиғаттың тартқан оқшау сыйындай. 

 

Төрт-бес рет құда келді бұл үйге 



Тілек айтып сөз келгенде иінге. 

Келді бәрі,  

                    

кетті бәрі, дәмесі –  

Кеже қыз боп бүлкілдеген бүйірде. 

 

Үлкен қызға қалды отызың жуық кеп,  



Ортаншылар жігіттерді жіліктеп, 

Санағанмен, 

                     

жиырма мен отыздың 

Ортасында жібі түзу жігіт жоқ. 

 

Біреу шолақ, біреу молақ, бірі ақсақ, 



Күйеу іздеп қызға әдет жоқ қыр аспақ. 

Жегідей жеп бітті Төкең кемпірін, 

Абысын-ажын сөзге келсе тілі ащы-ақ. 

 

...Жер ошақтан тік-тік түтін көкті іреп, 



Мамыражай тағы бір кеш жетті кеп. 

Сол кезде ауыл, бүкіл ауыл шу етті: 

Төлеутайдың қызы қашып кетті, - деп. 



 

Қай қыз екен? 



Кімге қашқан?.. 

О, тәңірі-ай... 



Ата-анадан кеткені ме бата алмай? 

Ойбай әлгі Ақсайдағы шолақ қол, 



Әйелі өлген Сапарбай ше, Сапарбай... 

 



Беу, бейшара-ай, бағын босқа байлапты, 

Бай алмаса қайтсін енді бейбақты. 



Біреу күліп, біреулері мүсіркеп, 

Қызыл сөзді қыздырмалап ел жатты. 

 

 

Жай түскендей Төкең сонда үйіне, 



Қамшыны алып кемпіріне үйіре: 

Қараң батқыр,  



                        

батыр қараларыңды,- 

Деді ол алғаш, қыздарына күйіне. 

 

Құс мылтығын керегеге асулы 



Ала ұмтылды. 

                    

«Кім, кім мені басынды?.. 

Сүйегіме таңба салған екенсің, 

Жалғыз оқпен жоқ етейін басыңды!.. 

 

Басынғанның өлейін мен қолынан, 



Ұрттап қана ішейін мен қанынан». 

Ауыл сырты – Ақсай жаққа жүгірді ол, 

Бүкіл ауыл жүгірді оның соңынан... 

 

Көп ұзамай Ұлжан менен Ұлмекен 



Кетті олар да басқа жұртқа бір бөтен. 

«Күйеулері – жарымжан» деп жатты ел, 

Бұл ойлады: «бәрін тағдыр, бақ білер, 

Білер өзі, кімнен төмен, кімге тең». 

 

Кетті үшеуі бір-біріне ұласа, 



Соңғыларға шамданған жоқ бұл аса. 

Басу айтып уататын болды енді, 



Кемпірі мен кенже қызы жыласа. 

 

Келер жылы күйеуімен келді Ұлдай, 



Қолдарында ұлдары бар балғындай. 

«Сүйегіне таңба салған» қызының 

Сүйіп ұлын Төкең мейірін қандырды-ай... 

 

Ғайып болып қапа көңіл бұлтаңы, 



Қос күйеуін қарсы ап жатты бұл тағы. 

Күбірледі: «Күйеулерім соғысқа  

Берді, берсе аяқ, қолын – намыс па? 

Ал әйтпесе – жігіттердің сұлтаны». 

 

Ал, айтпақшы, 



                       

сайтан алғыр кенже қыз, 

Әке, енді бағым байлай көрмеңіз,  



Оқимын, - деп,  кетіп еді қалаға, 

Оралғанын естімедік елге біз. 

 

* * * 


Серікке 

Шалғындар әбден орылып, орны қалған мезгілде, 

Шашадан шыққа малынып, қоңыр қырларды кездің бе? 

Тозбаған жердің топырағы жатыр ма екен бозарып, 

Туған жеріңді осы сәт сағынғаныңды сездің бе?! 

 

«Айнакөл» жақтан алқынып, жел соққан кезде бір бұла, 



«Жалғызжиденің» бұтағын сілкілеп барып тынды ма? 

Шиырлап әкең кеткен соң алақандай бір сор құмды, 

Құйындап көп жыл өткен соң табаның басып тұрды ма? 

 


Арасында сен тұрдың ба күп-күрең тобылғылардың, 

Баяғы таныс бозторғай берді ме шырқап сұңғыла. 

Табаның басып тұрды ма қапшықпен апаң қи терген, 

Кебісі тозған үйкелген, үр жаңа жап-жас қырды да. 

 

Жанарың ғашық тұрды ма, қадалып күздің кешіне, 



Көзіңнен бұл-бұл ұшқандай балалық түсіп есіңе. 

Қанаты қатқан қос үйрек, қол созым көлге қош айтып, 

Қатарласа ұшты есіле, қарадың неге тесіле?!. 

1968 ж. 

ЫҢҒАЙ-АУ 

Ыңғай да, ыңғай, ыңғай ән, 

Ырғағың сенің кімге аян. 

Шымшыған үні шымбайдан 

Сыздаған іштен мұңды айдап, 

Артыңда қалған күнді ойлап, 

Айтылмай қалған сырды ойлап. 

Қозыға теліп өзіңді 

Керек-ақ болып бір Баян. 

Қуантып құнан сезімді 

Қуғандай қырдан ор қоян. 

Ыңыранып бастап, ырғалып 

Рабайда біреу айтпаса, 

Ынтықтыра ма мұндай ән. 

Ыңғай да, ыңғай, ыңғай ән, 

Сусыған қызыл құмдай ән. 

Сағынған кезде сарғайып 

Бойыңды басқан мұңдай ән. 

Бұйырған белдің шөбіндей, 

Бұйырған пәлен мың бояу 



Бұйығы көңіл еміндей 

Булыққан сезім жүрді ояу. 

...Ыңғай да, ыңғай, ыңғайға, 

Ынтықса салып тынбай ма? 

Көп жылға көңіл жасарып, 

Көп ойдан әлпет қасарып, 

Салғым кеп отыр «Ыңғайға». 

Шашбауын бірақ көтеріп,  

Шығандап шығар үн қайда?!. 

1968 ж. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

РЕВОЛЮЦИЯ  ПЕРЗЕНТТЕРІ 

 

(1980 ж., «Жазушы» баспасы ) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚЫНДАР 

Түнді түнге ұрған ақын – ағайын, 

Мәңгі маздасын отың, лайым! 

Жырдың болмысын жасап жаныңмен, 

Табу ләззат, 

                     

сәтін – орайын! 

 

Бізге рахат бақыт сол болар, 



Біздің сазымыз сонда сорғалар. 

Зман дейтұғын биік тұғырдан, 

Біз ғой қомданар,  

                          

біз ғой толғанар. 

 

Бізге шаттанып, бізге күлу жөн, 



Бізге құлау жөн, сөз бе сүрінген... 

Бірақ майыпқа, мертке ұшырау 

Мейлі денеңмен, мейлі үніңмен, 

Күнә кешпейтін, 

                             

керек шын кешпеу, 



Ақын үшін бұл – уақытпен үндеспеу. 

Уақытпен үндеспеу – демек ақынға 

Жаңа сапарлар, жаң тың кешпеу. 

 

Ақын міндеті – міндет мың қатпар, 



Күнде жаңаша, 

                            

жаңа міндет бар: 

Әлі дүниеде қоршау – шекара, 

Әлі келіссөз, әлі тілхаттар... 

 

Әлі алалық, әлі ағаттық, 



Әлі санада саяздық, шолақтық. 

Әлі елдер бар қайыр тілеген, 

Ішер тамағын қару-жарақ қып. 

 

Әлі ездер бар тумыс-туғаннан, 



Нысап-нәпсіге шұнақ құл болған. 

Әлі тездер бар,  

                        

темір тәртіп бар, 

Қылыш рухқа түрме қын болған. 

 

Міне, біз неге түнді түнге ұрып, 



Жүрек жылуын алау жыр қылып, 

Оймен тінтіп төрткіл дүниені 

Арқада тұрғандай күллі,  

                                           

күллі жүк. 

 

Неге дөңбекшіп, тулап шығамыз, 



Соның себебін айтсақ мына біз –  

Ақ пен Қараның, Шаттық, Қайғының  



Тамырында бүлкілдеп соғып тұрамыз! 

 

 



 

ӘЛДИ ЖЫР 

Мәриям Хакімжановаға 

Әлди, әлди, әлди, әлди – Ана жыр, 

Әлди, әлди – бұл Бала жыр, Дана жыр. 

Ей өлең – жыр,  

                        

ей ақын-пір, бар болсаң, 

Адамзаттың бір әлдиі бола жүр! 

 

Тербет – оят, 



                     

тербет – ұйықтат, тебірендір, 

Тербет – тыңдат,  

                     

тербет – ұйыт деммен бір. 

Ей Ана жыр, тыңдамаса сені егер, 

Тыңдамаса тас шығар ол жермен бір. 

 

Беу, әлди жыр, бейнүнә жыр, бақыт жыр, 



Сәбиіңе берер баға уақыт бір. 

Қуанған шақ, мұңайған сәт болып дәт, 

Жүрсең болды жүректерге қатып тіл. 

 

Өсер сәби кейде шеше, әкесіз, 



Кешер пәни қателесіп, қатесіз. 

Әлди жырын әкең айту шарт емес, 

Әлди жырын анаң айту шарт емес, 

Әлди жыры жалғыз емес, жалқы емес, 

Әлди жырын естімеген бірақ та, 

Сол, сол ғана – нағыз жетім, жетесіз. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                           

 

ӘСКЕРГЕ КЕТКЕН ЖАН КӨКЕМ 

«Әскерге кеткен жан көкем, 



Әкелер сыйы бар ма екен? 

Әкелер сыйы көкемнің  

Шекер ме екен, бал ма екен? 

Әскерге кеткен жан көкем,  

Қаншама жауды жеңді екен? 

Көңіліміз біздің – көкемде, 

Көкемнің көңілі – ел ме екен?» 

 

Сезімтал сол бір сары бала 



Ыңырсып артқы арбада. 

Шығырдан кешке қайтарда, 

Осы бір әнді айтарда, 

Жалтақтаушы еді жан-жаққа 

Өзінен-өзі ұрлана. 

 

Қарлыққан еппен қоңыр үн, 



Сағыныш – будай сары алтын. 

Құлазып бала көңілің, 

Мөлдірер алды жанардың. 

 

Сол кезде біз де қосылып 



Кетеміз әнге шыдамай. 

Талаурап көз тесіліп, 

Қадалып көкте тұрады Ай. 

 

Ымырттың түнге айналар 



Тымырсық, тыншу шағында, 

Жылжиды арба жәй ғана 

Соғылып соқпақ, шағылға. 

 

Даусымыз – кенеу, қарлыққан, 



Жүзіміз – жүдеу, шаң жұтқан. 

Аңқамыз кеуіп, шөл қатқан, 

Шығыршы баллар – Біздерміз. 

Дүние тар, әттең, Біз – кеңбіз. 

 

Біз – кеңбіз, әттең, сәбиміз, 



Әлемді ертең танимыз. 

Жігерді ересектердің 

Ерліктеріне жанимыз. 

 

 



Біз – кеңбіз, әттең, сәбиміз 

Әлемді ертең танимыз. 

Өзгертсек дейміз өскен соң, 

Соғыстың қатал заңын біз. 

 


Кең болса дүние көкеңнің, 

Ағаңның яки әкеңнің 

Міндетін саған жүктер ме, 

Сағыныш беріп «күт» дер ме, 

«Уайымның сырын ұқ» дер ме, 

Үміттің жібін үзер ме, 

Арманның жалын күзер ме? 

Өгей ме біздің балалық 

Еркелемейтін біз елге?.. 

 

Сезімтал сол бір сары бала 



Бүгін де басты сол әнге. 

Сағыныш сырын сол ғана 

Білетін жандай әлемде. 

 

Қатқыл да емес үні оның, 



Мақпал да емес мап-майда. 

Елжірер бірақ жүрегің, 

Аңсаған үнмен айтқанда. 

 

Үнінде оның бір жас иіс –  



Жалбыз бен жусан көгіндей. 

Сезімінде оның ұлы күш, 

Жеңіске деген сенімдей. 

 

«Жан көкем» деген сөзіне 



Тұра алмас адам жібімей. 

Балалық сезім сотымен, 

Балауса махаббатымен, 

Күнаһарларды дүниеге, 



Көмгендей жерге тірідей. 

 

Томаға тұйық, тұма көз 



Томсарып жүрер сары бала. 

Үстінде – көйлек құба бөз, 

Сайманы –  сақпан, арбада. 

 

Қорғадың торғай,  



                               

жан қалмай, 

Сәріден сонау іңірге. 

 

Қоламтадағы тандырдай 



Тотыққан әбден түрің де. 

 

Көкеңнен биыл көктемде 



Қазалы хабар келсе де, 

Жолатпай қайғы еңсеңе, 

Колхоздың қыруар ісіне 

Бел шешіп кірдің белсене. 

Ауылға кешке қайтарда, 

Арбада толқып теңселе, 

Көкеңмен кездесетіндей, 

Шаршағаныңа өкінбей  

Басталады осы ән сенен! 

 

Ес кіріп қалған жігіттің 



Туған ел жайлы ойы ма? 

Іңірде өзі – үміттің 

Ұқсайды бозторғайына. 

 


Өзіңнен сенде ой алда, 

Сөзіңе кейде үңілсек. 

Он сегіз жасқа таяуда 

Толатыныңды білуші ек... 

 

«Жан көкең» жайлы жырыңды 



Жарыса айтып жүргенде. 

Сұмдық-ай, дүние бүлінді, 

Үзді де кетті үніңді, 

Үзді де кетті бір демде. 

 

...Сары алтын күздің соң жағы, 



Сабантой жақын қалған шақ. 

Дегбірі кетіп ел дағы 

Жаздайғы еңбек жанған шақ. 

 

Торғайдың бойын төрледі 



Ойылдан келген ақ тары. 

Шығанақ – диқан еңбегін 

Жеткен кез жұрттың мақтауы 

 

Аңызда қалған түйір дән, 



Заяға кеткен бір оқ деп. 

Несібемізге бұйырған 

Жинадық дәнді күректеп. 

 

Қырманнан қайттық сол күні, 



Көңілді ек сондай, дабырлап, 

Сезімнің күллі мөлдірі 

Сөздерімізден сауылдап. 


 

«Енді бір төрт күн, бес күнде, 

Сабантой, шіркін, болады-ау! 

Сары бала біздің ешкімге 

Ұқсатпай әнін салады-ау» 

 

Деп үнсіз ғана күбірлеп, 



Қонғанда біздер арбаға. 

Қырманнан шықпай уілдеп, 

Бастады әнін сары бала. 

 

Жіберіп әннің тізгінін, 



Танытты ол бүгін тың қалып. 

Япыр-ай, сонша біз бүгін 

Ерекше неге тыңдадық?! 

 

Өзімізше ойға ұрланып, 



Кетіппіз қалғып ырғалып. 

Артқы арба жақтан әйелдің  

Саңқ етті даусы түн жарып: 

«Құдайым-ай, саған не болды

Түн жарып жалғыз дауыс сап? 

Жетелеп жүр ме дәм сені 

Көкеңмен көрде қауышпақ? 

 

Касірет бардай үніңде 



Сенің-ақ даусың одағай. 

Жарығым-ау, жалғыз, мұның не? 

Жүгірген көрге баладай...»  

 


Сол кезде біздер жалт қарап, 

Артқы арба жаққа ұмтылдық. 

Ақ жаулық бейне ақ қанат, 

Түріліп кетті түн – түңдік. 

 

Қос құшақ сол сәт табысты, 



Қос жанар үміт жалт етті. 

Аспанда сонау алыста 

Жарық бір жұлдыз жарқ етті. 

Білуші ек биыл бұл кісі –  

Қырманның түнгі қорығы. 

Көктемде қайтқан тұңғышы, 

Жалғызы –  осы сары ұлы. 

 

                 * * * 



Үш күннен кейін сары бала 

Міңгесіп майшы арбаға, 

Көкесі кеткен жолменен, 

Көкесі жайлы толғана, 

Ауданға тартты, Военком 

Шақыртуын қолға ала. 

Ойлады өксіп сонда Ана:  

Кешегі туған шарана, 



Он сегіз жасқа толғаны, ә! 

 

Бес күннен кейін сабантой 



Соңынан біздер қайтқанда, 

Сары бала әнін айтқангда: 

«Әскерге кеткен жан досым, 



Алдыңда аппақ таң болсын! 

Жауыңды жеңіп келгесін, 

Балалық шақтың пернесін, 

Қайта бір басып көрерміз, 

Еркелерміз..» - дегенбіз. 

 

                 * * * 



Өтті ғой соғыс – зіл-зала, 

Жетті ғой Жеңіс жарылқап. 

Жеңістің әнін сол бала 

Шырқады және сол ұрпақ. 

 

Жеңіспен әндер жаңарып, 



Жайнады шаттық-шұғыла. 

Шыңдалды сол бір балалық 

Сағыныш-мұңның сынына. 

 

Еркеліктерін ерлікке 



Айырбастаған сол ұрпақ. 

Тұтқа боп өсті – елдікке, 

Қараймыз бүгін таңырқап. 

 

Еліңді сүю – ол дейтін,  



Мәңгі бір – маздақ, от шығар. 

Бояуы мәңгі сембейтін 

Балалық махаббат шығар. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет