ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет1/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 

 

 



 

 

 



    

ІҢКӘР ДҮНИЕ  

 

(1972 

ж., «Жазушы» баспасы) 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

АДАМНЫҢ КҮНІ АДАММЕН 

Дәулетін, даңқын Отанның биік көтерген, 

Перзенттік парыз маңдай терімен өтелген. 

Қайда да барсам парасат ойлы, құрыш қол 

Құрдасын тапқан бақытты жігіт екем мен. 

 

Қайда да барсам қауышып құрдас-жаранмен, 



Тағы бір жасап, тағы бір қунап қалам мен. 

Жасара түсіп, жақсара түсіп келеді 

Адамның күні, адамның күні адаммен. 

 

Кеше мен анау Теміртау жақтан қол бұлғап, 



Магнитканың іргесін болдым қондырмақ. 

Қол ұшын беріп, жетті ғой жайсаң жігіттер

Жапанға сонда жастықтың үні болды ырғақ. 

 

Еңбектің жырын, ерліктің сырын мол біліп,  



Отанның сөзі махаббат бойға қондырып. 

Қол сандығын қыстырып алып қолтыққа 

Жастық-ай десей, жөнеле берер жол жүріп. 

 

Жарасып көңіл, жас отау тігіп, үй болып,  



Еңбегі жанып, ерлігін танып, сый көріп, 

Құт қоныс теуіп, Теміртау, Қаратауларға 

Даланың аптап, аяздарына үйреніп, 

Шаттығын сыйлап шұғылалы әрбір жарық таң 



Жасампаз ісін жаһанға және танытқан. 

Айналмаймысың осындай құрбы-достардан, 

Айналмаймысың өсірген соны халықтан. 

 

Ең қиыр түстік, терістік пе әлде мекені, 



Сөз емес тіпті жерінің шалғай екені. 

Шын достық деген дәл осы шығар деймін мен 

Шақырсақ болды, салып-ақ ұрып жетеді. 

 

Далаға дәннен бақ тұнар кезде шақырдым, 



Қапшағай суын тоқ қылар кезде шақырдым. 

Шақырдым сені игілік істің бәріне, 

Маңғыстау мұнай атқылар кезде шақырдым. 

 

Бірлік пен достық бірауыз сөз жоқ бағаңа, 



Одағым күшін осыдан ғана шамала! 

Тағы да менің жеттіңдер жаңа достарым, 

Арқадағы жас Арқалық деген қалаға. 

Қайда да барсам жарқын да жайсаң жаранмен, 

Қауышамын да, табысамын да қалам мен. 

Ұлғая түсіп, ұзара түсіп келеді, 

Адамның күні, адамның күні адаммен. 

 

                   



          

АЙНАЛДЫҚ СӘБИ КҮЛКІДЕН

 

Айналдық күлкілерден, 

Бақыт пен бал төгілген. 

Айналдық күлкілерден, 

Атқандай таң төріңнен. 

 


Сендердің күлкілерің 

Мұңайсақ – шаттық болған, 

Қартайсақ – жастық болған, 

Тар шақта ұран болған, 

Тарқатып құмарлардан. 

Сәбидің күлкілері 

Бейкүнә пәктік толған. 

 

Он саусақ өнер тамған, 



Айналдық қолдарыңнан. 

Келер күн, келер таңнан

Келешек жолдарыңнан 

Күтеміз біз барлығын; 

Ерлік пен асқақ ойлар,  

Заводтар, жас қалалар, 

Шалқыған Шардаралар 

Көк жайқын Қапшағайлар. 

 

Бақыт пен бақтың нәрін 



Өбіңдер таң гүліндей. 

Дүниеде оқтың барын 

Өтіңдер мәңгі білмей. 

 

 



* * * 

Ақ қар жапқан даланы аңсадым да, 

Кеткім келді алысқа, малшы ауылға. 

Күлтеленіп тұр ма екен күрең арша, 

Орғыл қызыл құмдардың қамсауында. 

 


Күрең арша күлдіреп кешкі нұрмен 

Егіліп бір жылаушы ед, ескі қырмен 

Қойлар теуіп елтірі еркек құмды, 

Айызым қанып қышырын естідім мен. 

 

Бәлкім соны аңсадым, бәлкім басқа, 



Барғым келді «Салқын тау», «Салқын тасқа». 

Атың салқын болғанмен, атпал құмым, 

Қалпың басқа еді ғой, халқың басқа. 

 

Өліарасы әр айдың ылаңдатып, 



Қырбық қар мен қыламық қылаулатып. 

Сынық шана шиқылдап шөп тасушы ек, 

Ыңырантып інгенді ылаулатып. 

 

Бәлкім соны аңсадым, бәлкім бөлек, 



Бәлкім маған бөлек бір салқын керек. 

Салқын емес... 

                        

салқын ғой Алматы да, 

Шөпке бірге баратын қартым керек! 

 

Шөпке барам... сары інген аман ба екен, 



Буаз ба екен биыл да, шабан ба екен. 

Ақкөз аяз секілді ақи шалым 

Биыл бірақ жол бастап барар ма екен, 

Белі ауырып бадалып қалар ма екен. 

Қамыт-бауды  қайтадан тартып жатып, 

Басын шайқап аларып қарар ма екен?!. 

 

1969 ж. қаңтар 


 

 

 



* * * 

Ақ шаңдай артта шұбап қалған жылдар, 

Ақшамдай іңіріме жалғандыңдар. 

Мехнаты жарық боп жанған жылдар. 

Махаббаты қарық боп қалған жылдар. 

 

Жылдар... жылдар, 



                              

артымда, алдымда жыл, 

Ширек сапар шиырлап қалдым қазір. 

Шабандарға бұйрық іс – бүлкіл аяң, 

Жараулардың жүйрігі алдымда жүр. 

 

Көрер жарық – жыл болып жетеледі, 



Нелер налып, намысым от өреді. 

Жолдарымның жап-жақын төтелері –  

Арман дейтін аруға некеледі. 

 

Жүргем жолды, 



                           

өрде де, ылдида да 

Күндер болды малтыққан, құлдилаған. 

Жалғыз ауыз жыр болып қалар ма екен 

Жаһұт дүнием мен талай жыл жинаған. 

 

1968 ж., қыркүйек 

 

 

 



                                        

ӘКЕНІ САҒЫНАМЫН 

 

Әкем дүние салды, 



Артында бір шаңырақ – бір үй қалды. 

«Сырқатым бар» деуші еді сыпайылап, 

Көзін жұмбай тіріде кім иланды. 

 

Алтын нарқын кім сезген – «кеш білем» деп, 



Ал асылдар ойлай ма «ескірем» деп, 

Төсек тартып қалды әкем талай рет, 

Ауырғанын ыңырсып естігем жоқ. 

 

Кім әкесін өлімге қия алады, 



Тұрды әкемнің қаңырап үй-орманы, 

Жемге кеткен қарлығаш қайта оралмай, 

Қызылшақа біз қалдық ұядағы. 

 

Біз қозы едік.  



                         

Марқаймай кешігеміз, 

Қатты қорықтық, тудық деп несіне егіз. 

Айналайын заңынан табиғаттың, 

Бір түп көде бар екен – несібеміз! 

 

Шөп тасыған таңменен бірге тұрып, 



Бір самаурын шай ішіп, бір кекіріп. 

Қашарымыз өлгенде қабақ шытпай, 

Қамыты сынса колхоздың жүрді өкініп. 

 

Жалап-жеген колхоздан кәні емес ең, 



Жалап-жеген қулармен және егес ең. 

Қайран әке, мінезің қызық еді,  

Бала емес ең, әрине дана емес ең. 

 

Жалған бітті.   



                      

Жарқ етті лағыл – арың, 

Жарығыңа зәрумін, жанығамын. 

Сағынамын, әке, мен сағынамын, 

Әке болып қалыппын, не қыламын?!. 

 

1970 ж. 

 

АМАНКЕЛДІ ҚАБІРІ 

Туған жерге таңнан да ыстық тұлға бұл, 

Қабірде өсті, өсті сосын қырға гүл. 

Анау жылы аталарың айтты ма, 

Ақ алмас боп жарқылдапты бұл қабір. 

 

Пай.., пай, дала! Кеңдігіңе қарық қып. 



Бұл қабірге қасиетін де таныттық. 

Батырларын бауырына басып ап, 

Дамылдаған дала ғой бұл, жарықтық! 

 

Көк сүңгіні көсілте ұстап қырқамда, 



Қамшы сілтеп тізгін берді-ау тұлпарға. 

Жорық жылы жанар таудай атқылап, 

Бір төмпешік жатыр тыныш бұл таңда. 

 

Бәлкім... Бәлкім...  



                            

Бұл жалғаннан өтті енді, 

Қабірге де орнаттық біз көктемді. 


Жер астында жатады адам дем бітсе, 

Ерлігі оның жер бетінен кетпеді. 

 

Біздің Торғай енді қалай озбасын, 



Бақыт жайлы, батыр жайлы қозғашы. 

...Таң алдында қап-қалың шық даланың 

Батырды ойлап қалғандағы көз жасы.  

 

 



                                              * * * 

Ән естілді, қоңыр кеш 

Қырды қымтап алған шақ. 

Кейде адамда көңіл хош, 

Өткен жайды толғансақ. 

 

...Ән әуені есіліп, 



Сонау жонға жетті де. 

Жолпат ағай қосылып, 

Бірге шырқап кетті ме. 

 

Ойлады ма жас күнді, 



Бар екен деп бір белгі. 

Көзі шалып қос гүлді, 

Еске алып сол күндерді. 

 



Шіркін, сол бір қызық күн, 

Қарттықты бұл кім күтпек. 

Жеңгеңе осы қызықтым, 

Көрген сайын ынтық боп. 

 


Сонда осындай бір кеште 

Естіп едім сырлы әнді. 

Егіз гүлдей бірге өскен, 

Бал махаббат жырланды. 

 

Ұқсап кетті-ау бұл соған, 



Тамып кетті-ау көзден жас. 

Он сегізде тұрса адам, 

Болса және қозғалмас. 

 

Түу... түу, мынау ойларым 



Жығар мені орына. 

... Қайырмақ боп қойларын

Қамшы салды торыға. 

 

АНА СӨЗІ 

Бозторғай онда таң атпай әнге басты да, 

Бейкүнә даусын төкті ғой аспан астына. 

Сәріде селеу арасын қалың шық жауып, 

Сәскеде сәуле балқытты-ай келіп тасты да. 

 

Сағым да сосын ойнақтап шығып қыр белге 



Сабырлы дала тұнды да тұрды гүлдерге, 

Соқаны салып, төскейді тілді күс қолдар, 

Сар адырда әкем қой бағып, жайлап жүргенде. 

 

Бейбіт күн еді ол, мылтықтың даусы естілмей, 



Құс атқан жоқ-ау үркітіп көлден ешкім де. 

Көктемге салым егіз боп шыққан өскіндей, 

Көбейе берді, көбейе берді қос гүл де. 


 

Жанарым әлі нұрға да толып болмаған, 

Жүрегім әлі қайда екен дейді сондағы ән. 

Келіншек еді сол көктем ғана жар сүйіп, 

Жас шыбық едім өмірге енді орнаған. 

 

Қайтесің бірақ... қарғысты қанша жаудырттық, 



Аналық үкім, адамдық арды жарлық қып. 

Сол соғыс талай жастықтың әрін жоғалтып, 

Бізге кеп түсті сол соғыс салған барлық жүк. 

 

Көтердік оны нәп-нәзік мынау белмен-ақ, 



Қайғы мен қайрат екеуін қатар теңдеп ап. 

Ерлік пен ездік, өмір мен өлім айқасса, 

Өзгереді екен, ер болады екен ел ғажап. 

 

Майданға жарды шығарып сонда салған біз, 



Жасырар не бар, көз жасын сығып алғанбыз. 

Оралмай кетті, хабарсыз кетті кейбірі, 

Қалдырып кетті жүректе қалған арманға із. 

 

Бейбіт күн үшін бердік қой бәрін үлес қып, 



Жүрдік қой әр күн әр үйден жоқтау жыр естіп. 

Өмірді жұтып қоярдай болған соғыспен 

Өмірді біздер өрбіту үшін күрестік. 

 

Бітті ғой соғыс. Кетті ғой жанға жара сап, 



Аз болған жоқ-ау адамға деген аласат. 

Өлмейді өмір, аналар барда ақ сүтті, 

Жоғалмайды екен, тоналмайды екен болашақ. 


 

Аспанда күн бар – туады нұрлы таңғы арай, 

Сарыарқа желі соғады енді жанға жай. 

Ал енді бізге соғыстың көрген зардабын, 

Шыдауға шек жоқ, соққысын оның қарғамай. 

 

                              *** 



Бозторғай шырқап тып-тыныш таңда серпілді үн, 

Келешек күндер келбетін көріп желпіндім. 

Аналық арман, аналық махаббатыммен 

Дүниеге дәйім тыныштық тілеп мен тұрмын. 

 

                                                    

АНАР 

Бар ма екен сенің есіңде, 

Балқаймақ күндер шайқаусыз. 

Бұлтиып бір зат төсіңде 

Булығып өсті байқаусыз. 

 

Құрақтай қаулап қолаң шаш, 



Құралпы қатар қызғанған. 

Қынай бел қыпша, қаламқас,  

Қашқақтап өстің қыздардан. 

 

Омыраудың дауысын шығарып, 



Алқа мен шашбау тағынбай. 

Тал шыбық бойың бұралып, 

Тәнті етер қимыл табылмай. 

 

Томардан түскен шоққа ұсап, 



Томсарып көзің жанғанда. 

Тай сезіміңе ноқта сап, 

Тулатпай ұстап алғанда, 

Жалғанда ешкім жоққа ұсап,  

Тезекке бірге барғанда 

Кезекпен әнге салғанда 

Кезіккенімді білмеппін  

Қадір түн – қайран, арманға! 

 

Қақпаша жағаң күн қағып, 



Қадалған түймең қатарлай. 

Кеудеңе кейде ұрланып 

Қарайтын едім бата алмай. 

 

Бойың да өсті булығып, 



Ойың да өсті булығып. 

Тамырын тартпай бәйшешек 

Шыға ма жерге сурылып. 

 

...Екінді құлай еңкуге 



Елгезек самал елпілдеп, 

Жаға мен жеңнен жел гулеп, 

Жел тиген етек желпілдеп, 

Ақ тезек тердік, арқаға 

Алаша қапшық төріндеп. 

 

Көденің түбі қараңдап, 



Кіреуке тартты нарт іңір. 

Жалқаяқ жалқын талаурап, 

Жуасып жатты жалқы қыр. 

 


Қапшықты қозғап бар дене  

Көтере берген сәтіңде, 

Дар ет түсті әлдене, 

Күн қақан жағаң, нәтінде... 

 

Секемсіз тұр ем алдыңда, 



Сескеніп менен қалдың ба, 

Айдындай төсің мөлт етті, 

Қос шабақ көлге шолп етті 

Оралып өскен балдырға. 

 

Он екі мүшең кетіктей  



Қымсыңдың неге алдымда, 

Айыпты тозған көйлек пе, 

Айымыз басқа тағдыр ма?!. 

 

...Одан соң талай жыл өтті, 



Аулыңа талай бардым да, 

Сәбиіңді көрдім алдыңда, 

Аңқитып төсіңді иітіп, 

Разы боп сонда отырдың 

Айымыз басқа тағдырға. 

 

17.02.69 ж. 

 

АНТ 

Туған Отан,  

                    

тума ұлыңмен мен сенің, 

Мен өзіңнің бір тегершік бөлшегің. 

Барометр сенсің әмән, барымды 



Сенің сынап бағанаңмен өлшедім. 

 

Саған ұқсап биіктерге төрледік, 



Досты жебеп, жаумызды жерледік. 

Алып ана – алып Отан алдында 

Аласарсам, кетейін мен жер болып. 

 

 



 

 

                           



АПА, СЕН ЕРТЕ ҚАРТАЙМА 

 

Апа, сен ерте қартайма, 



Қарқара жаулық салынып, 

Апа, сен ерте қартайма, 

Қара шалыңды ойлап сағынып. 

 

Сағынба деп те айта алман, 



Отасқан отыз жылыңды. 

Қара шаңырағың шайқалған 

Қара шал кеткен күніңді. 

 

Күнде ойлай беріп қайтесің, 



Бақыты жансын бұл күнде 

Тағдырдың көрдің тәйкесін, 

Бүгінде көрдің шігін де. 

 

Бесікпен мені белге орап, 



Соғыс жылдары шығырдан 

Қайтқанда, сәби жол қарап, 



Жүрегің соған жылынған. 

 

Атаңның әлде «тәубесі», 



Ақ пиғылы ма келіннің. 

Сол екі тілек тоғысқан 

Әкемді әкелді соғыстан. 

Көретін жарық сәулесі –  

Қарындас-інілерімнің. 

 

Ұлдар да тудың, қыз да ерді



Соңыңнан сенің «апалап». 

Сен өсірдің ғой біздерді 

Өсірді жарқын махаббат. 

 

Қаншамыз кеттік жер тартқан, 



Қаншамыз аман-сау қалдық. 

Басыңа тартқан ақ шаңқан 

Аналық туың – ақ жаулық. 

 

Қара шал тілсіз кетті ғой, 



Тосылмас жерден тосылар. 

Тағдырдың кейде өші бар, 

Сонда бір жалғыз сөйлемге, 

Екеуің де зар болдыңдар. 

Сағынта қалса сол жылдар 

Қара шалыңды есіңе ал. 

 

 

 



 

                                               * * * 

Асқынып ағатын бұлағың, 

Бастығып қалған ба, шырағым. 

Басылмай келіп ем құмарым, 

Басыңа жеттім де құладым. 

 

Баяғы ағысың қайда асау, 



Булығып жатыр ма, бар ма сау?!. 

Қара жер қайнарға тоймас-ау, 

Қайнарлар ағыссыз қалмас-ау. 

 

Көлдері қол бұлғап талай қыр, 



Төсінен шақырды талай нұр 

Сабылып сабырсыз келгенде, 

Саябыр жатқаның қалай бұл?.. 

 

Басылмай келіп ем құмарым, 



Басыңа жеттім де құладым. 

Мен сенен сусындау орнына 

Сені мен суарып, жыладым. 

 

1969 ж., қыркүйек  

 

 

АУА 



Есіңде бар ма, ел қонған мезгіл жайлауға, 

Көде мен көкпек көз жауын алып сайларда, 

Табының жерге тұра алмаушы еді тайғанап, 

Сәскенің сәруар сәулесі қырды шайғанда. 

 


Жібектей жұмсақ ауасын айтсай бәрінен, 

Және де соны сімірсең-ау бір сәріден. 

Санаңды үрлеп үр жаңа еткен кезінде 

Алқоңыр-шабыт оянар еді әріден. 

 

БАЙҚОҢЫР 

Байқоңырым! 

                           

Мәртебесі –  Отанның 

Жиһанға атын жаңғыртың ғой жапанның. 

Табанында қалай ғана жатқансың 

Талай ғасыр мал өргізген шопанның. 

 

Жоқ.., жоқ, далам, 



                            

шыдағанның жөн болған, 

(Дала біздің шыдамды ғой таңданбан.) 

Дала біздің мінезі ауыр болғанмен, 

Талай ғасыр ұшқысы кеп қомданған. 

 

Жұлдыз қала,  



                       

жаһутыңды төгілдір, 

Корабльдей құйқылжысын көңіл бір. 

Ұя салған зымыран құсы заманның, 

Жаса дала, 

                   

қойдай жуас қоңыр қыр! 

 

 



БАҚЫТ 

 

Қарағым деймін, қайда әлгі бақыт, қайда арман, 



Басымызға біздің бала жылдарда айналған. 

Бұлдырап ұшіп, буалдыр кеште кетті ме, 

Қолға ілікпейтін суыртпақ сәуле сайлардан. 

 

Балалық бақыт, басқа да бақыт басыңда тұрса  



                                                                  

дәл кәзір, 

Адам емес сен «ақ сайтанмын» де әзәзіл. 

Бақыт дейтін батпақ емес қой, бауырым-ау, 

Бақытты сүйсең, батпаққа батпай таза жүр. 

 

Балалық – бақыт. 



                          

Басқа да бақыт бар, сірә,  

Бақыт қона ма бәрімізге бірдей қоңсыға. 

Шыдау керек пе, жылау керек пе, білмеймін, 

Махаббат жасы төге салатын тамшы ма?.. 

 

БАЛТА 

Алғаусыз жүзің даттанып, 

Мұқалғанбысың, мәрт темір, 

Қып-қызыл отқа қақталып, 

Қунамайсың ба, қарт темір? 

 

Жасамыс темір жүйеңді 



Жиденің шоғы балқытса, 

Қасиетің мен киеңді 

Қара төс пенен қарт ұста. 

 

Жасығаныңнан ұғынып, 



Тамырыңды балға тап басса, 

Шойырылған темір буыны 

Сытырлап, сынып жатпас па? 


 

Суға емес, желге сусындап, 

Қарылған темір қанса бір. 

Жапырағы талдың сусылдап, 

Жапырып соған салса бір.  

 

* * * 



Бұлттар жел қуған жөңкіліп кетті алыс, 

Енді болмайды тоқырап, тоқталыс. 

Анау ақ бұлттар – тулап түсетін найзағай, 

Немесе ашудан атылған ақ барыс. 

Туған төбеге төге алмай кеткен соң 

Атылып майып болу да мақтаныш. 

 

* * * 


Біздің ауыл аржағы көкпеңбек қыр, 

Ізгі жауын себелеп көктем кеп тұр. 

Қаулап қырға шашадан көк мелдеп тұр, 

Қорық болмай әне бір шалғын табан 

Өріске өткен көп малға өткел боп тұр. 

 

Тұяқ тимей бұл жерге шығушы еді, 



Сал бидайық шайқалып көкпеңбек кіл. 

Менің әкем мазасыз қорықшы еді, 

Орып болмай сол жерді кеткен дегбір. 

 

Қылаң жорға қылпылдап астындағы 



Ой мен қырды ойқастап өткенде бір, 

Қорықшының дауысына кәнігі мал 

Шашау шықпай қырды асып кеткенде бір. 


 

Салт ат мініп шалғынның ортасында 

Тұрсаң шіркін,  

                         

ауасы неткен жеңіл! 

 

Біздің ауыл аржағы көкпеңбек қыр, 



Ізгі жауын себелеп көктем кеп тұр. 

Шаңдақ қырға шашадан көк мелдеп тұр, 

Қорық болмай әне бір шалғын табан 

Өріске өткен көп малға өткел боп тұр. 

... Қорық көрген құнандар көп келмейді, 

Құлын-тайға қайырусыз өкпем кеп тұр. 

 

* * * 


Жағалауда құба тал, 

Тал арасы жалбыз ғой. 

Суат жаққа құдаша 

Келе жатыр, жалғыз ғой... 

 

Ақ балтыры қозғалса, 



Ақ көйлгін жел қаққан. 

Оң аяғын созғанша,  

Сол аяғын шаң қапқан. 

 

Қас пен көздің арасы, 



Ақшам ба, әлде іңір ме? 

Бейсеубет, бір шамасы,  

Қонақ бар-ау үйінде. 

 

Жағалауға көз салдым, 



Жақындады бойжеткен. 

Биыл осы жаз салқын  

Тоңазыдым көйлекшең.  

 

Қадала қарап тұр едім, 



Қай жақтан... біреу қабаққа 

Қарсыдан шығып қылт етті, 

Жүрегім менің бүлк етті... 

...Жағаның желі жалбыздың 

Жас иісін маған үрлеп тұр. 

 

 



* * * 

Жаманатқа жоламан, жаманатқа, 

Жазығым жоқ, сен маған жала жаппа! 

Алтын жүзік қолыңа салу үшін, 

Мен біреуді оқталман тонамаққа. 

 

Жүзік салмай өтерсің көп болғанда, 



Қанағатсыз көңілде тоқтам бар ма? 

Адам бар ма бізден бай, бізден жомарт 

Бір ауыз жыр көңілге дәт болғанда. 

 

Кім біледі боларын қалай-қалай, 



Көңіл зауқы соқпайды қалай қарай. 

Қазына – кеудем,  

                        

қорқамын көздің құрты 

Түсіп кетсе үңгір деп абайламай. 

 

19.07.69 ж. 



 

                                       

ЖЕЛ 

Сәскеде соққан желдердің 

Кешке де мүмкін тынбауы. 

Кешігіп соқса кезінен 

Әсте де мүмкін танбауы. 

 

Лап етіп жалын тіліндей, 



Өте де шыққан өткір жел, 

Сандуғаштардың үніндей 

Сан алуан жұпар төктіңдер! 

 

Табиғат заңы керемет, 



Тазалаушысы жердің – жел. 

Текемет-қырды, не керек, 

Қағып та сілкіп бердіңдер. 

 

Жел тұрып еді, жасанып 



Көлдерім шалқып ақты ғой. 

Төбемде тұрған маса бұлт 

Табанын жалтыратты ғой.  

 

Тек сені бізге, еспе жел, 



Табиғат дәйім кез қылғын. 

Жел соққан кеш пен сәскелер 

Бақытты шағы мезгілдің. 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет