Іл үйренушінің әлеуметтену үдерісі де заман талабына сай болып отыр



бет2/8
Дата13.04.2022
өлшемі39,76 Kb.
#30861
1   2   3   4   5   6   7   8
Мәселенің өзектілігі

Адамды тұтастықта тұлға деп тану қоғамды жаңаша құрумен өзектеседі. Өзін-өзі дамытуға бейім, жетілген, дара тұлғалар ғана бәсекелестікке қабілетті бола алады және тек солар ғана бәсекелестікке қабілетті өзгеше қоғам үлгісін құра алады. Мемлекетіміз жүргізіп отырған тіл саясаты бойынша қоғамымыздағы әрбір азаматтың мемлекеттік қазақ тілін тегін үйренуіне толық құқығы бар. «Тіл – адамды тұлға ретінде тәрбиелейтін күш, ана тілі – адамды белгілі бір ұлттың, халықтың өкілі етіп шығаратын құрал” [2, 15 б.].

Ұлтына, сенімі, нанымы, саяси көзқарасына, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтын сыйлау, оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру – қазақстандық патриотизмнің белгілері.

Қазақстандық тілдік тұлға - өз ана тілін, мемлекеттік тілді, шет тілін, ақпараттық технология тілдерін жетік меңгерген тұлға, үйреніп жүрген қазақ тілін қарым-қатынаста қолдану құзыреттілігіне ие, ол арқылы өзінің кәсіби, мәдениеттанымдық, рухани, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, саналы, белсенді, өзін-өзі дамытушы таным субъектісі. Қазiр тек техникалық кемел бiлiм алған адам шын мәнiндегi зиялы азамат деп есептелмейдi.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі. ... Еуропаның мейлінше бай мәдениеттерінің бірі ретінде қазақ тілі мен мәдениетін сапалы түрде игеруге дайын болудың да мәні зор», - деп жазады [3, 123 б.].

Білімді адам парадигмасы тұсындағы оқу-тәрбие үдерісінде сезімдік және рационалдық жақтардың бірлігі сақталмады. Қазіргі заман адамының ғылыми, рационалдық танымы басыңқы рөл атқарып, көркемдік танымының әлсірегендігі байқалады. Әлемді тану тек білімге негізделіп, сезімдік компоненті әлсіз болса, таным процесі сыңаржақ, ал таным әдістері шектеулі болады. Елтанымдық бағдарлы оқыту тілдік тұлғаның бөгде ел мәдениетін қабылдау мүмкіндігін арттыра түсуге ықпал жасайды. Сондықтан қазақ тілін елтанымдық бағдарлы оқыту тілдік тұлғаның таным мәдениетін қалыптастыруға негіз бола алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет