Іл үйренушінің әлеуметтену үдерісі де заман талабына сай болып отыр



бет1/8
Дата13.04.2022
өлшемі39,76 Kb.
#30861
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Құрманбаева Амангелді Қазақстантану






Құрманбаева Ш.Қ., п.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры,

Амангелді А.А., ф.ғ.к., Тұран-Астана университетінің доценті
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕЛТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ – ҚАЗАҚСТАНТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БІР САЛАСЫ
Кіріспе

Қазақ тілінің тағдыры Қазақстанның дербес егемен мемлекет ретінде қалыптасу үдерісімен тығыз байланысты және тек мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның, қоғамды құраушы әрбір жеке адамның күш-жігерімен, қажеттілігімен айқындалады. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үдерісі жағдайында бүгінгі таңдағы түбегейлі мәселе – адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы ету заңды құбылыс. Тіл үйренушінің әлеуметтену үдерісі де заман талабына сай болып отыр. «Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – тәуелсіз елімізде қолданылу аясы кеңіген ана тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, қазақ тілінің сан-салалы қызметін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу» [1, 3 б.].

Мемлекеттiк тiлдi үйренудiң қажеттiлiгiн бүгінгі күнде егемен Қазақстанның кез келген саналы азаматы түсiнеді, толық сезінеді. Тұлға жайындағы әлеуметтік теория бойынша адам қоғамның бір мүшесі бола тұрып, онда түрлі рөлдерде ойнап қана қоймайды, сонымен бірге өз әрекетінде белгілі бір әлеуметтік нормаларды басшылыққа алады. Сол себепті еліміздің әрбір азаматының қазақ тілін білу арқылы Қазақстанды, қазақ елін, қазақ тарихы мен мәдениетін білуі әлеуметтік нормаға айналуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет