Іл үйренушінің әлеуметтену үдерісі де заман талабына сай болып отыр



бет4/8
Дата13.04.2022
өлшемі39,76 Kb.
#30861
1   2   3   4   5   6   7   8
Негізгі бөлім

Лингвоелтанымдық бағдарлы оқытудың мақсаты

Қазақ тілін тану арқылы қазақстанды тану, қазақ деген ұлтты тану, мәңгілік ел – қазақ елін тану, қазақтың ұлттық мәдениетін тану мақсаттарын шешу - қазақ тілін елтанымдық бағдарлы оқытудың басты міндеті. Тілді меңгерген адам тілде жинақталған халық тәжірибесін де бірге меңгереді. Ол жаңа сөздер ойлап таппайды, тарихи қалыптасқан дайын мағыналар жүйесін меңгереді. Қоршаған ортаны қабылдап, тану тілдің лексикалық байлығына тікелей байланысты. Ата-бабаларымыздың ой-арманы, мұң-мұқтажы, арман-тілектері, танымы, ділі тілде сақталған, олар сөз арқылы жарыққа шығады. Сөздердің жаңа мағыналарын ашу арқылы адамда жаңа түсініктер қалыптасады. Тіл - әлемге қосымша терезе ашады, жаңа бір тілді меңгеру арқылы адам өмірді бейтаныс қырларынан көру мүмкіндігіне ие болады, өмірге деген көзқарасы кеңейеді.

«Елтану дегеніміз – үйреніп жүрген тілді оқыту әдістемесінің зерттеу пәніне айналған сол тілде сөйлеуші елдің мәдениеті» [5, 45 б.]. Ол тілін үйренетін елдің қоғамдық және мәдени өмірі, дүниетанымы, басынан кешкен тарихы, географиясы, экономикасы, ішкі, сыртқы саясаты, мемлекеттік құрылымы жайындағы мәліметтерді қамтиды. Алайда, көп жағдайларда елтану пәні үйреніп жүрген тілде емес, аралық бір тілде (біздің елде көбінесе орыс тілінде) жүргізіледі де, тіл үйренуге ешқандай көмегі тимейді. Соған байланысты елтану пәні мен тіл үйрету сабақтарының арасындағы байланыс алшақтай түсуде (мысалы, қытай тілін білмесе де, ол елдің спорттағы жетістіктерін өте жақсы біліп, өз ана тілінде осы тақырыпта қызу пікірталас жүргізуге болады). Тілтану арқылы ұлттану, елтану мақсатын шешу – қазақ тілін оқытудың басты мақсаты болып отыр.

Тіл үйретудегі басты мақсат – тіл үйренушінің бойында сол тілді қолданушы халықтың жанын түсіну, ол халыққа, тілге деген сый-құрмет сезімдерін ояту болуы керек. Тіл үйрету әдістемесі ғылымының алдында тұрған бүгінгі күндегі аса өзекті мәселе – ең қажетті деп іріктелген лексикалық минимум арқылы елтану, мәдениеттану, этностануды қоса қамту болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет