Ылым министрлігі


Курстық жұмыстың тақырыбы Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру



бет3/3
Дата31.03.2022
өлшемі231,3 Kb.
#29469
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
курсовой 4 курссс (копия)

Курстық жұмыстың тақырыбы Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру







Объект

Параметр

Сәйкес келеді +

Сәйкес келмейді -

1

Тақырыптың атауы

Бекітілген тақырыптарға сәйкес




2

Қаріп көлемі

14 кегль




3

Қаріптің атауы

Times New Roman




4

Қатар аралық интервал

Біркелкі




5

Азат жол

0.8 ( төртінші белгісі)




6

Жол (мм)

Сол жақ – 30 мм, оң жақ – 10 мм,

жоғары – 20 мм, төмен – 25 мм






7

Жұмыстың жалпы көлемі

15-20 бет жазылған мәтін (50 бетке дейін гуманитарлық мамандықтар үшін)




8

Кіріспе көлемі

2-3 бет




9

Негізгі бөлім көлемі

13-15 бет




10

Қорытындылау көлемі

2- 3 бет




11

Беттерді нөмірлеу

Парақтың төменгі бөлігінде, ортасына араб санымен




12

Жұмыстың құрылымдық бөліктерінің бірізділігі

Сырты, бірінші беті, курстық жұмыс тапсырмалары, бақылау талабы, Курстық жұмыстың сапасын бағалау, Мазмұны, Кіріспе, Негізгі бөлім (екі тарау), Қорытынды, Қолданылған әдебиеттердің тізімі, қосымша




13

Жұмыстың құрылымдық бөліктерін ресімдеу


Әрбір құрылымдық бөлім жаңа беттен басталады. Атаулар азат жолдан жазбаша түрде жазылады. Мәтін мен атауының арасы – екі қатар. Атау соңында нүкте қойылмайды




14

Негізгі бөлімнің құрылымы







15

Қолданылған әдебиеттердің саны және ресімдеуі

20 құжаттық және әдеби көздердің библиографиялық сипаттамасы




16

Қосымшалардың болуы және ресімделуі

Гуманитарлық мамандық үшін.

Техникалық және ғылыми-жаратылыстану мамандықтары үшін міндетті






17

Әдебиеттің сілтемесі мен мазмұнын ресімдеу

Мазмұнға барлық параграфтардың, тараулардың, қосымшалардың алғашқы беттерінің көрсетілуімен атаулар жатады




18

Кестені ресімдеу


Мәтіндегі түсіндірмеден кейін орналастырылады




19

Суреттерді ресімдеу


Мәтіндегі түсіндірмеден кейін орналастырылады




20

Сілтемелер

Мәтіндегі сілтемелер саны қолданылған әдебиеттер тізімімен сәйкес келуі тиіс



Нормоконтрольді орындаған:

__________________________________ __________ ________________

(қызметі) (қолы ) (тегі)


Нормоконтрольдің нәтижелерімен таныстым:

Студент _____________________ __________________

(аты- жөні) (қолы)
Ескертулер: ____________________ _____________________

(аты- жөні) (бақылаушының қолы)

Мерзімі:___________________________

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ РЕФЕРЕНТІН ШОЛУ
Студент ___________________________________________________________­­­_____________

Мамандық ______________________________________________________________________

Пән ____________________________________________________________________________

Курстық жұмыстың тақырыбы _ Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру____________________________________________________________________


Курстық жұмыстың жетекшісі______________________________________________________

(аты-жөні, лауазым)


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ




Көрсеткіш

Бағалау

5

4

3

2

*

КІРІСПЕ
















1

Тақырыптың қолдану өзектілігі.
















2

ҚР білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді талдау.
















3

Адалдық пен біліктік тұжырымын ғылыми аппаратурада зерттеу.
















ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
















1

Мәселе тарихын, теориясы мен практикасы саласында проблеманың деңгейін білдіретін дамыған мәселенің теориялық негіздері.
















2

Мазмұнды толық ашып көрсету мәселелерін әзірлеу.
















3

Логикалық құрылымы.
















4

Пайдаланылған материалдың тазалығы мен анықтығы.
















ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
















1

Практикалық оқыту кезеңіндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін сипаттау.
















2

Өткізілген экспериментті бағалау.
















3

Эксперимент ашу тізбегі мен дәлелі.
















ҚОРЫТЫНДЫ
















1

Қорытынды мазмұндылығы, жалпы саны 5-7 беттен аспайды.
















2

Өткізілген экспериментті бағалау.
















ӨТКІЗІЛГЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
















1

Берілген мәтіннің сенімділігі, құжаттық дәлелі.
















БАҒДАРЛАМА
















1

Материалдық сауалнамалар, есептер, кестелер, диграм-малар, баспасөз беттері, графиктер, суреттер, реферат, сыныптан тыс білім беру кызметінің болуы, студенттер-дің бақылау, шығармашылық және т.б жұмыстары.
















ЖАЛПЫ БАҒАЛАУ
















1

Көрсетілген тақырыптың сәйкестігі.
















2

Жобалауға арналған курстық жұмыстың техникалық талаптарға сәйкестігі (сәйкестікті бағалау).
















3

Жазу сәйкестігін сақтау, синтаксистік, орфографиялық және стилистік сауаттылығын қазіргі қазақ тілі стандарттарын сақтау.
















ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ
Белгіленген артықшылықтары __________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Атап өтілген кемшіліктер______________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қорытынды _______________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Рецензент: __________________ «___» ________ 20__ ж.

(Қолы)


М.О

Мазмұны


Кіріспе.................................................................................................................

І Негізгі бөлім



    1. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың мақсат-міндеттері мен базалық мазмұны...................................................

    2. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары және оларды

ұйымдастыру ерекшеліктері.......................................................................

1.3 Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту әдістемесі.........................................

ІІ.Практикалық бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар



9
12
17

22

25



31

33

34




Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Оқушының тілін дамыту – қазіргі кезде оқу – тәрбие ісіндегі басты мәселе. Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл. Қазақ тілін нәтижелі үйреу үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынып, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде де, жазу мәдениетінде де ерекше ұғындыруымыз қажет – ақ. Тілі жақсы дамыған оқушы ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді. Тіл дамыту-ой дамыту. Тіл ойлау құралы. Белгілі педагог К.Д.Ушинский оқушының ана тілінің білім алуда басты құрал екендігін айта келіп «Өзінің ана тілінің мазмұнын, мағынасын жете түсінбеген, оны ауызша және жазбаша сөйлеу дағдысында дұрыс мәнінде қолдана алмаған баланың басқа пәндерді дұрыс түсінуіне қабілеті жете бермейді, бұл оның бүкіл өміріне зиянын тигізеді» деген еді. Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру-оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырады. Бұл жұмысқа төмендегідей талаптар қойылады: оқушыларға әдеби тіл нормасын игерту. Сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айтқызыу. Оқушының сөздік қорын молайту. Сөздерді өзара дұрыс байланстырып, ойды жүйелеп айтуға үйрету. Тіл ұстарту сабақтарының табысты болуы көбінесе мұғалімдердің сыныпта және оқыту әдістемесімен айқындалады. Сонымен бірге тіл ұстарту сабақтары оқушылардың шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызып, төмендегідей дағдыларды қалыптастырады: өз ойын, пікірін жеткізе білу; байқампаздығын дамыту; құбылыстарды шынайы бағалай білу; ой өрісін, ұғымын кеңейту; ізденгіштікке ұмтылуы; толық фантазиялық еркіндігі. Оқушылардың тілін дамытуда ауызша сөйлетуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берген маңызды. Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын әрекеті арқылы оқушылардың сөйлеу тілдері дамып, ауызша сөйлеу әрекеті машықтанады, таным белсенділіктері қалыптасып, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Оқушылардың тілін дамыту мақсатында ауызекі сөйлеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту мен сөздік қорын дамыту үшін ұйымдастырылған оқу қызметінде және ҰОҚ тыс уақытта ойналатын ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдаланып, ойналатын ойындар арқылы оқушылардың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Ойындар балалардың ақыл-ойын дамытады және өзін-өзі бақылауға үйретеді. Ойындарды өткізуде оқушылардың ойынды саналы түрде ұғып, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Бала ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, мұндағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы жолдастарын тыңдай білу, олардың қателіктерін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады. Ойындарды «Тіл дамыту», «Сауат ашу», «Дыбысты айту қабілетін дамыту» ұйымдастырылған оқу қызметтерінде пайдаланудың тиімділігі тәжірибеде анықталып отыр. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері М. Жұбанова, С Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімова, Г. Уәйісова т.б. ғылыми - әдістемелік еңбектерде арнайы зерттелінді. Әдіскер ғалым М. Жұбанованың «мектепте қазақ тілі методикасы» тақырыптағы зерттеу жұмысының жүргізілгеніне отыз жылдан аса уақыт өтті. Сол уақыттан бері өмірдің сұранысының да оқу – тәрбие жұмыстары мазмұнының да біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, бұл еңбекте қазақ тілі кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Ал бастауыш мектепте тіл дамыту әдістемесінің ауқымды мәселелерін зерттеуге арналған профессор С. Рахметованың еңбегінде қазақ тілі кезеңіндегі тіл дамыту жұмысына егжей – тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік болмағаны белгілі.

Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады:

- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаның арасында;

- Қазақ тілі пәні кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;

Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіріп табу біздің зерттеу тақырыбымызды айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелер курстық жұмыс тақырыбын «Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» деп таңдауыма негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін теориялық негіздеу және практикада қолданып, тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу нысаны: қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері.

Зерттеу пәні: қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін эксперименттер арқылы практикада қолдану құралы ретінде.

Зерттеу міндеттері:

1. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың мәні, оның педагогикалық негіздерін ескеру мен әдістемелік мәселелерін шешу.

2. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары және оларды

ұйымдастыру ерекшеліктерін нақтылау.

3. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесін қарастыру.

4. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін эксперименттік тексеру.

Зерттеудің теориялық негізі. Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н.А. Корф. және т.б.) аса мән берген.

Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер (К.Б. Бархин, Н.М.Соколев, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева және т.б.) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.

Мысалы, оқушылар белгілі бір объектіге экскурсияға барып келгеннен кейін Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар П.П. Блонский, С.А. Рубенштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И.Жинкин және т.б. еңбектерінде қарастырды.

Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың қазақ тілі пәні кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға аса назар аударды. Қазақ тілі пәні кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.

Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов,

Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев т.б. сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу объектісі ретінде талдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті.

Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері  М.Жұбанова, С.Рахметова, К.Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімова, Г. Уәйісова т.б. ғылыми - әдістемелік еңбектерде арнайы зерттелінді.

Зерттеу әдістері. теориялық әдіс, баяндау әдісі, статистикалық әдіс, тексеру әдісі, оқушының іс-әрекет нәтижелерін талдау әдісі.

Зерттеу базасы. Тәжірибелік-іздестіру жұмыстары №4 жалпы орта білім беру мектебінің, 3 сынып оқушыларында жүргізілді.

Жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.


І. Негізгі бөлім
1.1 Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың мақсат-міндеттері мен базалық мазмұны
Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі максаты - дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалык жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. 

Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізілген: бірі - мәдени әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, окушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жұмыстарды жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика жэне фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құратып үйрету, сөйлемнің құрлысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім беру.Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі [1,21]. 

Дидактикалық принциптер әр пәнді оқыту әдістемесінің, оның ішінде қазақ тілін әдістемесінің теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жүмысы дидактикалық принциптерге негізделе жүргізіледі.


  1. Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі принципі арқылы оқушы тіл мен ойлау бір-бірімен байланыста екенін үғады. Тілсіз ойлаудың болмайтынын, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетінін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсіндіреді.

Бүл принцип арқылы оқуышының ойлау әрекетін дамыта отырып түрлі ой қорытындыларын жасай білу дағдылары қалыптастырылады, яғни бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру, түрлі ойлау әрекеттерін үйрену нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін меңгереді. 

Мұғалім бүл принципті негізге ала отырып қазақ тілінің бағдарламалық материалдарын мұқият қарастырып, әр тақырыпты оқытуға байланысты түрлі тапсырмалар беріп, оны оқушы қалай орындады, одан қандай қорытынды шығарды, ол тапсырманы, жаттығуды орындауда неге сүйенеді, кандай ойлау әрекеттерін жасады деген мэселелерге көңіл бөледі. Сондай-ақ принципті іске асыруды екінші басты мәселе - оқушылардың орфографиялық ережелерін саналы меңгеруін қалыптастырып, дұрыс сөйлей білуге, сауатты, қатесіз жазу дағдысын беру. Мысалы, орфография мен орфоэпияга қатысты ережелер, дәлірек айтқанда айтылуы мен жазылуы түрліше келетін сөздер бар. Осы тәрізді сөздерден оқушылар жұмыстарында көп қате жібереді. Осындай сөздерді қатесіз жазу үшін түрлі ойлау әрекеттері іске асырылады. Тіл дамыту жүмысының бүл принципінің маңызы зор.



  1. Тіл дамыту жүмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір- бірімен байланыстылық принципі де басты орын алады. Адам бір-бірімен сөйлеу арқылы тікелей қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу тілі аркылы адам екінші адамның сөзін естиді, тындайды, онымен пікір алмасады. Адам осынадай сөйлесу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ерекше үнмен, ырғақпен айту, ымдау, тагы басқа әрекеттер арқылы сөйлеу процесінде екінші адамға ойын жеткізеді. Сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді, мысалы, сөйлемнің айқындауыш, оңашаланган мүшелерін, құрамалыс сөйлем түрлерін үнемі қолдана бермейді.

Жазбаша сөйлеу - графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлеммен де бере алады. Жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалғау, жұрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, үтір, қос нүкте, сызықша, тырнақша, леп белігісі, сұрау белгісі т.б.), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік кұралдары пайдаланады. 

Ауызекі сөйлеу тілін жаксы меңгерген, оған жаттыққан окушы ойын жазбаша да дұрыс әрі жүйелі бере алады. Бүл екі процесс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралғанда, жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже бере алады.



  1. Тіл дамыту жүмысын грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу принципі де ерекше орын алады.

Окушыньщ ауызша жэне жазбаша түрін дүрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білудің, тыныс белгілерін дүрыс қоюдың, көркем әдебиетті көп оқудың үлкен мәні бар. Мұғалім қазақ тілі сабақтарында үйретілген ережеге сай түрлі жаттыгу жүмыстарын орындатып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білдірудің жолдарын көрсетіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруды қажет етеді.

  1.  Тіл дамьггу жұмысын стилистикамен байланысты жүргізу принципі де басты орын алады. Стилистикамен жұмыс грамматиканы, лексиканы, фонетиканы оқытумен тығыз байланысты жүргізіледі.

Стильдін түрлерін жақсы меңгерген оқушы тілдің морфологиялық құрлысын, яғни сөздердің мағынасына, тұлғасына және синтаксистік қызметтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді ажыратып, күрделі сөз тіркесінің құрамын негізгі және көмекші сөздер, олардың өзара байланысын ажырату, жазуы қиын орфографиялық ережелерді меңгертіп, дұрыс, сауатты жазуға дағдыланады [2,64].

Синтаксисті оқу барысында түрлі синтаксистік конструкцияларды меңгертіп, сөз тіркесі мен сейлем ішіндеп сөздерді тұлғалык формаларына қарай таңдап қолдануға дағдыланатын болады. Мұғалім оқулықтағы жаттығулардан, дидактикалык материалдар жинағындағы мәтіндерде стиль мен жұмыс істеудің жолдарын көрсетіп отырады. 

Қазақ тілі сабақтары бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарын айтылған принциптерді ескере отырып ұйымдастыру пайдалы. 
Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдыларына бейімдеу үшін орфоэпиялық ережелерге сай, фонетикалық заңдылықтарды аңғартатын, мәнерлеп оқуға арналған арнайы үйымдастырылған жаттығу жүмыстарын жүргізу пайдалы [3,57]. Мұндай жұмыс түрлері әр тақрыпты оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асып отырады. Оқушыға мәнерлеп оқудың, әдемі сөйлеудің үлгілерін мүғалім өзі көрсетіп отыруы қажет. Оқушының әдеби сөйлеу дағдыларын калыптастыруда дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу тіліне жаттықтыру, өлендер мен әндерді жаттату, фабулалық мәтіндер мен дилогтарды тыңдату, классикалық, қазіргі кездегі музыканы, магнитафондық жазуларды тыңдату, сөз шеберлері, атақты сахна шеберлерінің орындауында магнитафон таспаларына жазылған поэтикалық шығармаларды, кино, диафильмдерден мазмұнын дыбыс арқылы жандандырып, магнитафоннан тыңдату сияқты жұмстар жүргізудің үлкен мәні бар. Демек, көркем сөздің баурап алатын күші ерлікке, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелейді. Ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемдігі мен үнділігін, сан қырлы мағынасы мен өткірлігін үйрене білу көптен-көп жаттыға білуді қажет етеді. 

Окушыға әдемі, жүйелі сөйлеуге дағды беруде синоним сөздерді үйретіп отырудың мәні зор. Тақырыпты оқытуға байланысты ана тіліндегі синоним сөздердің мәніне, маңызына, ерекшелігіне, сондай-ақ қазақ тіліндегі синоним сөздердің саны жағынан да өте бай екенін, кейде бір ұғымды білдіру үшін ондаған синоним сөздерді қолдануғы болатынын айтып, оны дүрыс пайдалану шебер, әдемі сөйлеуге тәрбиелейтінін түсіндіріп отыруын қажет етеді[4,21]. 

Окушыларга түрлі жаттығу, тапсырма жүмыстарын жүйелі орындатып отыру пайдалы. Мысалы, мына сөздердің ішінен құбылысты, затты өте күшейтіп көрсететін синонимдерді табыңдар: қаһарлы, қауіпті, боран, дауыл, сұрапыл. Мынадай сөздердің анықтамасын жаздырып отыру да пайдалы. 

Ұстаз деп кімді айтады? 

¥стаз - ол оқытушы. 

Ол - мүғалім. 

Ол - үйретуші. 

Шэкірт деп кімді айтады? 

Шәкірт - ол окушы. 

Ол - ұстаздан үйренуші, ол ұстаздың жэрдемшісі, оның ісін үйренуші, жалғастырушы. 

Оқушыларға антонимдердің стилистикалық қызметі жағынан алатын орнын, маңызын түсіндіріп отыру да пайдалы. Мысалы, қарама-қарсы кұбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде антонимдердің айрықша орын алатынын, антоним сөздерді, мақал-мәтелдерде жиі кездесетінін айтып отыру қажет етеді. Мысалы: жұқа - қағаз, жіңішке - нәзік, себу - шашу, ыдырату-бытырату, төгу - таратып жіберу,жинау - біріктіру, қосу-топтау,батыр- батыл, кайтпас-жігерлі, жүректі-айбатты сөздерді оқушылардың дәптеріне жаздырып отыру керек. 

Антоним сөздердің мағынасын дүрыс ажырату мақсатында түрлі тапсырмалар беріп отыру пайдалы. Мысалы, мына сөздердің антонимін табыңдар: көпшіл, шыншыл, белсенді, сараң, жылдам, тәртіпті, ақкөңіл, білгіш, ашық, биік, жақсы. Мына сөз тіркестерінің антонимін табыңдар: ашық қол, таза ауа, қырагы көз, өткір пышақ, бос орын, дөрекі жауап, кәрі адам. 

Синоним, теңеу сөздердің тіліміздегі қолдану ерекшелігін тереңірек түсіндурі мақсатында көркем шыгармалардан кейбір мэтіннің үлгісін беріп, ондағы көркемдегіш тілдік күралдарға оқушы назарын аударып отыруды қажет етеді. Мысалы: Міне, біз екі шалқардың арасында түрмыз. Қоңыр құйқалы, кұналры шиыр. Адырсыз, жотасыз, жазық алап керілген көк тақта. Қуаң тартқан қалың қау. Батыс жағынан қапталдай өскен қалың жол, көкжиекті көміп, кең жазылган кереге тәрізденіп иіліп, екі көлге тіреле тоқталған. Қос шалқар - қос босағаға орнатқан күміс бағана тәрізді екі көл. Кешкі тымыққа тынып, жадырап жатқан жазық су ақырын ғана жағасына соғып дірілдейді. Ышқынбайды, тітіркенбейді[5, 13]. 

Мәтіннің мазмұнын оқушыларға ауызша айтқыза отырып, қарамен жазылған сөздердің мағынасына, қолдану ерекшелігіне талдау жасатып, ол сөздердің синонимін, антонимін таптырып отыру пайдалы. 

Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дагыдаларына үйретуді фонетика мен орфоэпияны дүрыс оқытудың орыны ерекше, оқушы фонетика мен орфоэпияның заңдылыктарын дүрыс меңгеру арқылы әдеби тілдің нормасына жаттығады, сөздердегі дыбыстардың айтылуын, естілуін, жазылуын дүрыс айта білуге дағдыланады. 

Оқушыны әдеби сейлеуге дағдыландыруда фонетика, орфография, орфоэпия, синтаксисті оқытуга орай дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерді, қатаң, сонар, ұяң дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін меңгерту, сөйлем орнына қойылатын тыныс белгілерін дауыс ырғағы, айтылуына карай дұрыс коя білу, сөзді буынға дұрыс бөлу, тасымалдау, сөзге дүрыс екпін түсіріп айта білу, сондай-ақ, магнитафон таспасынан ертегілерді айтудағы ерекшеліктерді аңғарту, өлен-тақырыптарды, мақал-мәтелдерді тыңдату сияқты жұмыс түрлері зор рөл атқарады. Өлеңді мәнерлеп оқып беріңдер, қарамен жазылған сөздерді жұп-жұбымен жазып, өзара салыстырыңдар, ұқсас болу үшін кай дыбыстар ортақ екенін айтыңдар, дыбыс пен әріптің қандай айырмасы бар, «кітап, қазір, мейман» сөздердін буын үндестігі түрғысынан талдату, бұларды қандай буынды сөздер деп атайды - деген тәрізді тапсырмалар беріп отыру пайдалы. 

Оқушыны ауызша ойын жүйелі айта білуге дағдыландыруда әдебиет сабағының рөлі айрықша, оқуышының ауызша көбірек сөйлейтін сабағы да осы әдебиет сабағы. Баланың ауызша жауаптарындағы кемшіліктер бұл сабақтан анық байқалады. Тіл дамыту сабақтарында оқушылардың ауызша жауаптарындағы кемшіліктерді байқап, жоюдың жолдары мына жүмыстардың айналысында ұйымдастырылады[6,32]. 

Шығармадағы оқиғаны өз сөзімен айта білуге дағдыландыру да тіл дамыту жүмысының тиімді тәсілдерінің бірі, өйткені әдебиет сабағы талданатын, оқылатын шығармалардың, әңпмелердің, өлең-жырлардың мазмүнын оз сезімен жүйелі айтуға деген іскерлік пен дағдыны қалыптастырады. 

Оқушылар олеңнің мазмүнын қара сөзбен айтып беруге қиналады. Сондықтан өлеңмен жазылған шығармаларды ауызша жүйелі айтып берудің жолдарын мұгалім өзі корсетуі тиіс. Мысалы, Абай «Жазгытұрым» деген өлеңінде көктем кезін өте шебер суреттеген. Мысалы, Қыс кетісімен жердің тоңы еріп, сызы кетіп, жер жіби бастайды. Жер жібісімен, жер бусанып, көк шыгады. Көктемнің алғашқы шөбі шығып, жер көк майса, түкті кілем сияқты болады. Көктемде бәйшешек, жауқазын деген ең алгашқы гүлдер шығады. Бұл кезде күн жылынып, адам да, жан-жануар да, мал да, кәрі де, жас та рахат табады. Көктем басталысымен жылы жақтан құстар ұшып келіп, ағаш бұтақтарында қаз- қатар тізіліп, сайрай бастайды[7,45]. 

Газет, журнал, оқыған кітаптарын, көрген кинофильмдерін, спорт жаңалықтарын, елімізде болып жатқан окиғаларды өз сөзімен жүйелі айтқызу арқылы бағыт, дағды беруге болады. 

Әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай журналдар мен газеттер, техника, ғылым жаңалықтары, ғарышкерлер өмірінен қызықты әңгімелер, жаңа шыққан кітаптарды үнемі оқып отыру қажет. 

Ауызша тіл дамыту жұмыстарының жолдары алуан түрлі. Қазақ тілі пәнінің ғылыми-теориялық дәрежесін көтере отырып, оқыту тәсілдерін жетілдіру, оқушыға кең көлемде білім беру қажет етеді. 

Оқушының дұрыс сөйлеу қабілеті даму арқылы табиғаттағы заттарды танып, оның түрін, түсін, қасиетін, байланысын, себебін, дамуын, сол заттарға байланысты ережелер мен заңдарын танып біледі. 

Тілдің дұрыс сөйлеу нормасы дегеніміз - сөздің әдеби нормасының сақталып; құрлысының дұрыс берілуі. Әдеби тілдің нормасына жатпайтын түсініксіз жат сөздердің болмауы. 

Сөйлеу тілінде керексіз сөздерді көп шоғырландырып, үсті-үстіне қолдану - айтылатын ойдың мәнін кетіреді, мазмұнын түсіреді. Мысалы, «яғни» деген сөз бір нәрсені айтып келіп қорытындылау, жинақтау мағынасында қолданылатын сөз. «Дәлірек айтқанда» деген сөз бір нәрсенің мәнін, мағынасын айту, түсіндіру мағынасында қолданылса, «бір сөзбен айтқанда» деген сөз бір нәрсені қорытып, жинақтау мағынасында айтылады. Сондыктан ауызекі сөйлеу тілінде адам «дәлірек айтканда, ал демек, бір сөзбен айтқанда, қорыта келгенде, ақырында, айту қажет, сөйтіп» деген сөздерді жиі қолданады. Ал жазбаша тілінде «демек, яғни, оның бір жағында, сондықтан, керісінше, солай болса, мүмкіндігінше» сөздер пайдаланылады. 

Қыстырма создерді пайдаланудың өзі екі жағдайдан пайда болады: бірі - сөздік қордың аздыгынан, жоқтығынан, кедейлігінен болса, екіншісі



  • әдеби сойлеу тілінің нормасын білмегендіктен айтуға болады. Сондықтан окушыны сөзді көп біліп, көп үйреніп, көп білуге үйрету қажет. Демек, мәдени, шебер ауызекі сойлеу үлгісін жазу, жазба тілдің негізін салады. Пайдалы, өнегелі кітаптарды оқуға бағыт беру қажет[8,18].

Мектепте оқушының сөздік қоры екі түрлі жағдайда байып, толығып, жетіліп отырады: бірі - сөзді активті қолдану, екіншісі - сөзді пассивті колдану, яғни оқушынын озінің бүкіл білетін сөзін қолдану. 

Сөз байлығының аздығы, оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі, ықшамды етіп жеткізуіне қиындық келтіреді. Сондықтан сабақта өзіндік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Бірінішден, ол оқушының сөз байлығын молайтып, кеңітсе, екіншіден, үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімдейді, үшіншіден, сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді.


1.2 Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары және оларды ұйымдастыру ерекшеліктері
Балаларды мектепте окыту максаттарының бірі - олардың тілін дамыту жұмысы екенін чех педагогі Я. А. Коменский; «Образование должно и обрабатывать ум для мудрости, язык для красноречия, руки для исполнения необходимых действий», - деп сипаттаған болатын.

Ресейде тіл ұстарту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу кажеттігі жөнінде әдістемелік нұсқаулар беріп, балаларды өз ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудін маңызын көрсеткен оқымысты Ф. И. Буслаев көрінеді.

Ал окушылардың тілін ұстарту әдістемесінің негізін салып, оны өз алдына ғылым ретінде калыптастыру қажеттігін анықтап берген - орыстың ұлы педагогі К. Д. Ушинский.

К. Д. Ушинский ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытумен байланысты жаттығу жұмыстарының жүйесін кұрды. Ол жаттығулардың сатылары мынадай:

1) бақыланған заттарды атау;

2) іс мақалаларын мазмұндау;

3) заттарды салыстыру;

4) сипаттау;

5) болған оқиға жөнінде әнгіме кұру.

Педагог-ғалым логикалық ойлаудың жай түрлерінен бірте-бірте күрделісіне, жай сипаттаудан баспалдақтай отырып хабарлауға көшу дұрыс екенін айта келіп: «Самое полное знакомство с богатствами народной словесности и самое глубокое знание грамматики, хотя могут обогатить ум учащегося, но не разовых в нем дар слова, если эта душевная сила в свое время была лишена достаточных упражнений», - дейді де, тіл ұстарту жұмысы жөніндегі жаттығулардың мынадай болу керектігін көрсетеді:

1. Белгілі тақырыпқа әңгіме құру; оны алғашқы сабақтарда-ақ (жүргізіп, бірте-бірте кеңейте беру керек.

2. Тіл ұстарту жаттығулары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әрбір жаңа жаттығу өткен жаттығумен тығыз байланысып, сол жаттығуға негізделіп, балаларды бірте-бірте ілгері ұмтылуға жетектей беруі кажет.

3. Балалар аз-аздан үйренсін, бірақ білгендерінен айырылмай, кайта оны тақырыпты меңгеріп алуға пайдаланатын болсын.

4. Балалардың тілі дамыған сайын, мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз беттерімен орындасын. Алғашқы жаттығуларда мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық жұмысын қамтамасыз етіп отырсын.

5. Жаттығулар балалардың ойын дамытатындай болуға тиіс. Балалар сөздер мен сөйлемдерді тұрған қалпымен жаттамай, оқығандарының ішінен негізгі ой қазығын таба алатындай болсын.

Осындай озат пікірдің лебін қазақ даласына тұңғыш рет жеткізген адам қазақ халкының ұлы педагогі Ыбырай Алтынсарин болды.

Сөздік жұмысы да, сөйлем кұрау жұмыстары да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Байланыстырып сөйлеу дегеніміз - логика мен грамматиканың заңы бойынша құрылған, белгілі бір такырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты азды көпті бөліктерден тұратын біртұтастық.

Бастауыш мектептің әдістемесінде байланыстырып сөйлеу жаттығуларының түрлері:

1) сұрақтарға кеңейте жауап беру, әңгімелесу;

2) оқығанды талдауға, грамматикалық материалдарды өтуге байланысты алуан түрлі мәтіндер мен жаттығулар;

3) бақылау күнделіктерін жүргізу;

4) оқығанды ауызша, жазбаша мазмұндау (әр түрлі нұсқада);

5) берілген тақырып, сурет бойынша, бақылау аркылы жинаған материалдары туралы, басы немесе аяғы берілген материалдар туралы, т. с. с. ауызша, жазбаша әңгіме кұрастыру;

6) жаттап алған көркем мәтіндерді айту;

Шығармашылық жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: мұғалім ең алғашқы қарапайым мысалдармен қанағаттанбауға тиіс. Ол ұзақ синтаксистік күрделі, шын мәнінде жақсы сөйлемдер кұрастыру жағын іске асырады.

Мұнда жұмыстың нәтижесін шығарып, кейбір жақсы сөйлемдерді жазып қою сияқты шығармашылық жарыс ұйымдастырудың көмегі зор.

Шығармашылық түрде сөйлем құрау оқу сабақтарында окығанды талдауға және мазмұнын айтуға байланысты, грамматика сабақтарында - түрлі жаттығуларға байланысты, шығармаға дайындалу барысында, үйренген сөздерін колдану белсенділігін арттыру жұмыстарының барысында үздіксіз, жүйелі жүргізіліп отырады.

Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды, Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол класс коллективінің ең бір пайдалы мүшесі сияқты сезінетін жағдай жасалганы жөн. Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы такырыбына сәйкес Іріктеледі (әдетте «әліппенің» беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы принцип әліппеден кейінгі кезеңдерде, «Ана тілін» оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтіи мақсаты — сабақ үстінде окушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр оқушының дайындығына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.

Қайсы бір жағдайларда сөздерді тақырыпқа қарай топтатып үйретеді, Мысалы, «құрал-саймандар». Оқушыларға бірнеше картинка үлестіріледі, Енді ғана әріп танып, оқи бастағандар: айыр, ара, орақ, машина суреттерін алады. Олардап гөрі тәуір оқитындар: шалғы, балға, балта, күрек, егеу, ине алады. Олардан да жақсы оқитындар: тырнауыш, қайшы, тақта, шелек, шеге алады. Әрбір оқушы кұрал-сайманға жататындарын іріктеп сөз құрайды. Мұғалім тексеріп, қателерін жөндейді. Осыдан сон әр оқушыдан ол сөзді неге кұрал-сайманға жатқызғаны, ол кұралмен не істелетіні, қалған картинканы неге кұрал-сайманға жатқызуға болмайтыны айтқызылады.

Сөйтіп, заттардың атын айтып, сөз кұрау жұмысы логикалық жаттығулармен ұштастырылады.

Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оқи бастағандар бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оқи алатындарды көп ұзамай куып жетеді.

Балаларда өздіктерінен орындайтын жұмыстарының үлгілеріне мысал: Жаңа оқи бастағандарға: Әліппеден мал сөзін құрау; мал текстін оқу. Жүгіртіп оқи алатындарға: мал аттарын құрау; оған өздіктерінеи текст құрастырып айтып беру т. с. с.

Оқушы тілін ұстарту жұмыстарының негізі объектісінің бірі – шығарма жазу. Шығарма көркем әдебиет, ғылым салалары, саяси-қоғамдық мәнде түрлі публицистикалық тақырыптарда жазыла береді. Оқушыға шығарма жаздырудағы мақсат – оның ойын, пікірі әдеби тіл мен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой-өрісін кеңейтуге машықтандыру.

Шығарма жазу барысында оқушы ойын еркін жазуға, сөздерді орынды қолдануға, сөйлемдерді жинақты етіп, жай сөйлеммен бере білуге және күрделі ойды құрмалас сөйлем арқылы жазуға дағдыланады .

Шығарма және оның түрлері. Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз – белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Оқушы тақырып бойынша мәтінді өзі құрап, өзінше жазады.

Мектепте жазатын шығарма түрлерін мынадай топтарға жіктеуге болады:

оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;

экскурсия бойынша;

өнер саласына (сурет-кино, қуыршақ театры) байланысты;

Оқушының өз іс-әрекетіне (ойын, еңбек) байланысты тақырыптар. Шығармадағы оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне ерікті бола тұрғанымен, әр сыныптағы шығарма көлемінің шамасы әртүрлі.



Оқушылар жазған шығармаларында өздерінің шығармашалақ ізденістері мен білімін, ойын сауатты жаза білу қабілетін, сөздерді сөз тіркестерін соншалықты орынды үйлесімді қолдана білетіндігін аңғартады.

Оқушының ауызша, жазбаша тілін дамыту әрқашан мазмұндамадан басталады. Мазмұндама текст оқу, сұрақтарға жауап беру, баяндау, әңгіме айтуға дағдыландырудан шығады [3, 134].

Мазмұндама тексін мұғалім өзі сыныпта мәнерлеп оқып береді. Одан соң мәтін мазмұны қысқаша айтылып ондағы түсініксіз сөздер түсіндіріледі. Оқушылар текст мазмұнын баяндағанда (ауызша, жазбаша) мұғалім айтқан қалпында қайталамай өз ойы, өз топшылауы, өз сөзімен құрастырып жазуы талап етілуі керек. Оқушылардың ізденістерін арттаруды өз көзқарастарын баяндап жазуда мазмұндама тексіне мынадай талаптар қойылады:

1. Оқушының өз ойы, өз топшылауы болу керек.

2. Текстің баяндалуы жағын өзгертіп бере білу керек.

3. Текст мазмұнына байланысты оқушы өз тарапынан қосымша оқиға қоса білуі де қажет.

Мазмұндама жаздырудың өзіндік әзірлігі: жаздыру амал-тәсілі, мазмұндама сапасын анықтау, тексеру, бағалау жұмыстары болады. Соңынан мазмұндама сыныпта талданады. Жазба жұмысын сыныпта талдаудың үлкен мәні бар. Оларды бірнеше топқа бөліп, әр топтағы жазба жұмыстарының ұқсас жақтары, өзіндік ерекшеліктері арнайы сөз болады. Мазмұндама жұмысынан үзінділер оқылып, олардың дұрыстығын оқушыларға үлгі етіп, ұсынуға болады. Мазмұндама жұмысының қандай тұрғыда, қандай дәрежеде орындалғанына баға беріліп, қорытындыланады. Мазмұндаманың мынадай түрлерін көрсетуге болады: дайын әңгіме бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрі, атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, «Қарлығаш пен торғай» әңгімесін алайық. «Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып алды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды. Қарлығаштар түгел жиналды. Олар торғайды ұядан қуып шықты. Сөйтіп, қарлығаш өз ұясына қайтадан қоныстанды». (33 сөз).

Бұл мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын ала жазып, дайындап алып келеді де, тақтаға іле қояды. Сабақ басталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі түсініксіз сөздер түсіндіріледі. Бұл сөздер синонимдері арқылы (дайын – әзір, шамасы келмеу – әлі жетпеу, күші жетпеу, орналасып алу – ұяға кіріп алу, ұяны меншіктеніп алу, ұяны иемденіп т.б.) ұғындырылады. Сонан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін ұя, қарлығаш, орналасып алды, шамасы келмеді, көмекке, қоныстанды, дайын, торғай сияқты



сөздер тақтаға жазылады .Орфографиялық қиын сөздерді немесе сөз тіркестерін сыныптарда түбір күйінде я тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасында берген жөн.Ал кейбір әр түрлі жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада кездесетін сөздерді түбір күйінде немесе тұйық рай формасында көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтіннен ол сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң, мұғалім тақтадағы тексті жауып қойып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойылған сұрақтарды ашады.

Мазмұндаманың бұл түрінде мәтін былайша қойылатын сұрақтар мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұраулардың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы мәтін бойынша мынадай сұраулар қоюға болады: Қарлығаш не салды? Ұяға не орналасып алды? Қарлығаш басқа қарлығаштарды неге шақырды? Көп қарлығаш ұядан нені қуып шықты? Қарлығаш қайда қоныстанды?

Жазуға кірісер алдында тақтадағы сұрақтардың құрылысы мен тәртібін өзгертпей, ондағы сұраулардың орнына ғана сөз тауып жазу керектігін балаларға аңғартқан дұрыс.

Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндаманың ІІ түрі.

Мұнда мәтіннің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз-кем өзгертіліп жазылады. Мазмұндаманың бұл түрінде балалар қойылған сұрақтардың кейбір сөздерін қайталайды да, негізінен сұрақтарға өз сөздерімен жауап қайтарады.

Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндаманың ІІІ түрі. Мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрін өзгертіп жазу. Мұнда оқушылар 1 жақпен баяндалған оқиғаны ІІІ жақпен, немесе, керісінше мазмұндап береді.

Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндаманың ІҮ түрі – ықшамдап мазмұндау. Бұл кейде әдістемелік әдебиеттерде қысқаша түрде мазмұндау деп те қолданылады. Мазмұндаманың алдыңғы түрлері сияқты, ықшамдап мазмұндау да балаларды шығармашылық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда оқушылар мәтінді емін-еркін игеріп, қажетті жерін алып, өз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі мәтіндегі негізгі ойды аңғаруға, мәтіннің мазмұнын сұрыптап, таңдап, талғап алуға үйретеді,ойды аз сөзге сыйғызу, сөзді таңдап қолдануға, сөйлем құрауға дағдыландырады,тілдерін дамытады.

Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың Ү түрі – толықтырып мазмұндау. Бұл керісінше аз сөзден көп мағына тудыру, жаңа ойлар тапқызу мақсатында беріледі. Мұнда әңгіменің жеке бөлімдерін сипаттайтын бірнеше сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді қосып, толықтырып балалар әңгіме етіп жазып беруі тиіс.

ІІ Сурет бойынша мазмұндама. Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Бұл түрді де бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.1. Дайын сурет бойынша мазмұндама 2.Оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер арқылы ұйымдастырылатын мазмұндама. 3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама.

Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда балалардың зейінін сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту керек.Мазмұндамаға берілетін мәтіндердің бірте-бірте күределеніп отыру жағын мәтін таңдағанда мұғалім қатты ескеріп отыруы керек .

1.3 Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту әдістемесі


ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселенің бірі – оқушы тілін дамыту. Себебі, оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынуы, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан оқу-тәрбие процесі нәтижелі болу үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілінде де, жазу мәдениетінде де ұғындырып, қалыптастыруымыз қажет. Ал мұндай іргелі мәселенің қабырғасы бастауыштан қаланатыны өздеріңізге белгілі. Олай болса бастауыш сыныптың әрбір мұғалімі тіл әдіснамасының қыры мен сырын жетік меңгеруі тиіс.

Ал, тіл әдістемесі ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді оқушыларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.

Мұндағы білім беру жолдары мен құралдарына:

  1. Мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал.

  2. Оқу жұмысын ұйымдастыру.

  3. Оны үйрету әдістері жатады.

Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін, сөздің лексикалық мағынасын мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Ал мектепке келгеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, ана тілінің сан алуан, грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыру барысында жүйелі жұмыстар жүргізеді.

Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай болу керек. Сонда ғана заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды түсінеді, ойлауға үйренеді. Осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады.

Мұғалім методикалық принциптерді дұрыс іріктей алғанда ғана бұл байланысты жүзеге асыра алады. Ал методикалық принцип төмендегідей методикалық ережелерді сақтауды талап етеді.

  1. Оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру.

  2. Грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету.

  3. Балалардың лексикалық қорын байыту және оларды сөйлеуге үйрету.

  4. Ұштастыра оқыту.

  5. Қайталау.

  6. Өз бетімен жұмыс істеуге баулу.

Бұл принциптерді бастауыш сыныптарда іске асыру үшін ең алдымен бағдарламалар тиянақты жасалынып, дидактикалық материалдар іріктеліп, оқыту әдістері белгіленеді. Яғни оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау сияқты жұмыстар жүзеге асырылады. Олай болса сөзімізді сауат ашу кезеңінде жүргізілетін жұмыс түрлерінен бастайық. Бала мектепке алғаш келгенде мұғалім ең алдымен балалардың білім дәрежесімен танысады, арнайы әр баланың даму картасы толтырылады. Яғни олардың қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады. Дәл осы кезеңде мынадай жұмыстарға баса назар аудару қажет.

    • Балалардың сөздік қорын қалыптастыру

    • Балаларға қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойын айтып беруге дағдыландыру.

    • Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару.

    • Тіл мүкістері бар кейбір дыбыстарды айта алмау жақтарын жою мақсатында жекелеген оқушылармен жұмыстар ұйымдастыру.

    • Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыру.

Міне осындай жұмыстармен қатар әліппе кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріледі сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық жүргізіліп, ол жазуға дайындықпен ұштастырылады. Дауыстап оқу көбінесе І-ІІ сынып оқушыларына тән. Оқудың бұл екі түрі бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Оқушылардың дауыстап оқу арқылы алған дағдылары іштей оқуға тасымалдана береді. (ІІ-ІІІ сыныптан бастап дауыстап оқыған материалдар іштегі оқуға беріледі. ІІІ сыныпта жаңа материалдар алдын-ала дайындық жұмыстарынан кейін іштей оқуға тапсырылады. Мұнда мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: текстее сурет ойластыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т.б. ІІІ-IV сыныптарда іштей оқылған текстерге сұрақтар қойып жауап алу арқылы немесе мәтіннің мазмұнын оқушылардың қаншалықты түсінгендігін айтқызу арқылы, мәтіндегі кейбір ойларды, суреттеулерді тапқызу арқылы т.б. тексеріледі. Оқудың бұл екі түрінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу, түсініп оқу талаптары орындалуы тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені мәтінді түсінбей мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса түсінбейді.

Дұрыс оқудың негізі алғашқы оқу, жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаға әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырған жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Бала буындап оқуға қателессе, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор.

Енді осы оқу дағдысына қойылатын талаптарға жеке тоқтала кетейік. Түсініп оқу дегеніміз – оқушының оқыған мәтіннің мазмұнын анық терең ұғыну болып табылады. Оқиғаны толық түсіну балалардың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді.

Түсініп оқуда оқушылардың назары шығарманың идеялық мазмұнына аударылуы тиіс. Түсініп оқудың алғашқы кезеңін балаларға жеңіл, өздері түсіне алатын сюжетті мәтіннен бастаған жөн.

Ал шапшаң оқу дегеніміз мәтіндегі сөздерді оқығанда түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Мәтінді тым баяу оқығанда оқушы мәтіннің мазмұнына түсінбек түгіл бір сөйлемнің өзінде не айтылғанын аңғара алмай қалады. Шапшаң оқу барысында әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі. Осыған орай, олардың бір минутта оқитын сөздерінің саны да азды көпті болып келеді. Шапшаң оқу, дұрыс оқу, түсініп оқу бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, дұрыс түсініп белгілі бір қарқынмен оқығанда ғана шапшаң оқу талабы орындалады деуге болады.

Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі.

  • Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау

  • Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу

Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі. Яғни шығарманы оқуға дайындық кезінде, шығарманы оқу барысында, оқып болғаннан кейін. Осы жерде ескерте кететін жәйт өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.

Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың келесі түрі- шығарманы оқу. Онда көпшілік шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса мұғалім оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады. Шығарманы бірінші рет оқығанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны дұрыс. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ тыңдаушылардың көкейіне қондырып санасына жеткізу үшін, ол нақышына келтіріле, мәнерлеп оқылуы керек. Сондықтан оны әуелі мұғалімнің өзі оқиды немесе оқу техникасын жақсы меңгерген оқушыға оқытуға болады. Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез-келген жерден үзбей, әр бөлімнің белгілі бір аяқталған ойды білдіргені жөн. Шығарманы бір рет оқып шыққанда балаларда жалпы ұғым қалыптасады, енді осы тұтас қабылдаудан бірте-бірте оның жеке бөліктерін талдауға көшу қажет.

Келесі жұмыстың түрі – шығармаға жоспар жасау. Жоспар шығарманың мазмұнын көрсететін уақиғалардың жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады.

  1. Әңгімені бөлімге бөлу.

  2. Бөлімдерге ат қою, оны тәртіппен жазу.

Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлуі үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды. Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең түсінуге мүмкіндік береді. Бөлімдерге бөлу процесі шығарманы бір рет оқып шыққаннан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады. Шығарманың мазмұнын айтқызу екі түрлі жолмен іске асырылады.

1.Толық.

2. Ішінара.

Көлемі шағын мәтіндерді жазбаша мазмұндамаға дайындық барысында толық баяндату қажет. Ішінара мазмұндау көлемі үлкен мәтіндер бойынша және бөлімге бөліп оқу, жоспар жасау барысында, көбіне қорытынды әңгіме кезінде іске асады. Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстарға тоқталатын болсақ, бұл жұмыстар біріншіден оқылған материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызса, екіншіден балаларды өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандырады.

Сонымен шығарманың мазмұны, яғни мәтінмен жұмыс бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да балаларды өз беттерімен ізденуге үйретіп, ақыл-ойы мен дүние танымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.

ІІ.Практикалық бөлім

1-қосымша

«Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тілін дамыту»

Мақсаты: оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын молайту және грамматикалық сауаттылықтарын дамыту.

Нұсқау: Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:


1. Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты.
2. Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.
3. Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.

Оқушылар еркін тақырыпта шығарма жазған болатын. Мұндағы басты мақсат балалардың грамматикалық қателерге жол бермеуі және қосымшаларды дұрыс қолдану. Шығармада оқушылар 60 сөзден артық жазуы керек.

Бағалау критерийі

«5» - 3 қате

«4» - 5 қате

«3» - 7 қате



«2» - -----

3«А» сынып оқушыларының шығарма жұмысының көрсеткіші





Бағалар

Оқушы саны

«5»

3 оқушы

«4»

12 оқушы

«3»

5 оқушы

«2»

-

2-қосымша

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Мақсаты: Адамгершілікті, ізгілікті, достыққа, татулыққа дәріптеу. Ойлау, есте сақтау, танымдық іс-әрекеттермен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.

Нұсқау: Достық-адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.

Оқушылар берілген «Екі дос» ертегісі бойынша минутқа оқыды. Бұл жердегі басты мақсат балалардың тілін, ауызша сөйлеу мәнерін, сонымен қатар достық туралы маңызды мәлімметтер білді.

Қортынды: оқушылар ертегі оқу арқылы адамгершілікті, ізгілікті түсініп оқыды. Сонымен қатар ауызша сөйлеу дағдысы қалыптасты.

Бағалау критерийі

«5» - 3 қате

«4» - 5 қате



«3» - 7 қате

«2» - -----

3«А» сынып оқушыларының минутқа оқу көрсеткіші





Бағалар

Оқушы саны

«5»

4 оқушы

«4»

14 оқушы

«3»

2 оқушы

Қорытынды


Тіл  дамыту – қазіргі  мектептің  оқу тәрбие  ісіндегі  басты проблема – тіл мен сөйлеу  процесін  жіктей оқыту, оқушының  дұрыс  сөйлей  білуіне көңіл бөлу. Әр мұғалім  қазақ  тілі  сабақтарында  тіл  дамыту  жұмыстарын  шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне  білуіне, білген  нәрселерін  ауызекі  сөздеріне  қолдана  білуіне жағдай  жасайды. Оқушының  тілін  дамыту  жұмысы,  ол  баланың  жалпы  ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып  үйренсе де, өзінің  істеген  жұмысы, көрген-білгені  туралы  күнбе-күн  сөйлеп, ойын  қалыптастырып  отырады,  яғни оқушылардың   тілін   дамыту   мәселесі   олардың   ойлау қабілетімен байланыстырылса,  сондай-ақ,  ойлау  мен  сөйлеу  процесінің  бірлігінде ұйымдастырылады.

Оқушылардың   ауызекі  сөйлеу  тілін,  тіл  мәдениетін  арттыру  мен  дамыту, сапалы  білім  беру  –  қазіргі  кезде  мектеп  мұғалімдерінің,  тіл  мамандарының алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі.

Қазіргі заман талабына сай білім беру  үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай  бағыттай отырып, тұлғаны  жан-жақты  дамытуға, шығармашылықпен  айналыстыруға  жол ашып отыр.

Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге,өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары.

Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі оқушылардың сөздік қорды, ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр.

Қазақ тіліндегі тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс,сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы  жағынан дұрыс сөйлем құрап,жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге,тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп,көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп,оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп,дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне,білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.

Тіл дамыту жұмыстары ауызша-жазбаша жаттығулар,мәтінмен жұмыс, мазмұндама, шығарма, диктант, мақала жазу, мінездеме беру, суретпен жұмыс, сұраққа жауап жаздыру, жоспар жасату, кітап оқу сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асырылады.

Оқушының сөздік қорын байытып,тілін ұстартуда шешуші рөл атқаратын жұмыстардың бірі – сөздік жұмысы. Сөздік жұмысы арқылы оқушының тіл байлығын молайтумен қатар, дұрыс жазуға да дағдыландыра аламыз.

Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.

Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау. Озық педагогика: әрір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бола алады.

Шығармашыл бала өзінің қабілетін,күш-қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.

Тамаша педагог В.Сухомлинский: «Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын  магнитпен тең. Сондықтан  да мектептің, мұғалімнің, ата-ананың, тәрбиешілердің негізгі мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету» - деп атап көрсеткен.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін тіл дамыту жұмыстарында бірлікте ала отырып жүргізудің тиімділігі зор. Оқушыларды тіл дамыту жұмыстарында шығармашылық жұмыстарға жетелеуде төмендегідей талаптарды басшылыққа алуға болады:

- Шығармашылық жұмыстар жеке тұлғаның қабілетін дамытуға бағытталды;

- Білімді өз беттерімен алу іс-әрекеттері көзделді;

- Шығармашылық ізденістеріне жол ашылды;

- Оқушылардың қызығушылығына түрткі жасалды;

-  Модель,жоба құруларына,ой еркіндіктеріне т.б. жол ашылды;

-  Іздендіру,зерттеу жұмыстарына жұмылдырылады.

Тұжырымдай келгенде, шығармашылық жұмыстар:

-  оқушының сөздік қорларын,көркем тілдерін байытады;

-  сауатты жаза білуге төселттіреді;

-  теориялық білімді тәжірибеде қолдануға жол ашады;

-  өз беттерімен ізденуге ,шығармашылықпен айналысуға дағдыландырады.

Қорытындылай келгенде,тіл дамыту жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ауызекі сөйлеу дағдыларын,шығармашылық қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауларына жол ашады.

Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне, сауаттылықтарының артуына да түрткі болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауы, Астана қ., 2007 жылғы 28 ақпан.

2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 4-тарауы, «Білім беру мазмұны», 16-бабы, 1-тармағы, 2007.27.07., №319. (2015.04.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).

3. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген).

4. Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптар үшін «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша үлігілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде), 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген.

5. «Назарбаев зияткерлік мектептері»дербес білім беру ұйымы. Әдебитеттік оқу, Оқу жоспары, 2017-2018 оқу жылы, 2-сынып.

6. Г.Ж. Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. Астана, 2007.

7. С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы. «Өлке». 2005.

8. А.Асқарбаева. Сыныптан тыс оқу. А., 2001.

9. Байтанасова Қ., Айтуғанова С. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 160 бет.

10. Тұрдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: Фолиант, 2007. - 292 бет.

11. Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері: педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. - Алматы: 1994

12. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1998. - №11. – 6-8 б. 

13. Г.И. Уайсова, А.Е.Жұмабаева «1 сынып Сауат ашу». Оқулық «Алматыкітап баспасы» 2012ж.

14. Бабаев С.Б. «Бастауыш мектеп педагогикасы» Алматы, Нур-пресс, 2007 ж.

15. С.Желдербаева. Мәнерлеп оқу. Көмекші оқу құралы. Алматы. 1992.

16. Ақанов К.А. Тіл білімдерінің негіздері. А,, 2000,4 бас.

Қосымшалар
Қосымша 1

Бастауыш сынып оқушыларының оқуына қойылатын талаптар



Сынып

Оқу техникасы

Біліктерге қойылатын талаптар

1-сынып

Тыныс белгілерін, кідірісті сақтау, дұрыс оқу.

Дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу, минутына 20-40 сөз оқу. Қиын сөздерді буындап оқу. Оқыған мәтін бойынша қойылған сұраққа жауап бере білу; мәтінді бөліктерге бөлу; мұғалімнің көмегімен оқығандарының негізгі ойын анықтау; оқыған әңгімелерінің суретті жоспарын жасау.

2-сынып

Бөлімдердің ара жігін ажыратып, кідіріс жасап, дауыс ырғағын дұрыс қойып оқу.

Дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу, минутына 50-60 сөз. Оқығандарына өз көзқарастарын білдіре оқу. Шагын мэтіндерді оқулықтағы сүрақтар бойынша немссе мүғалімнің берген жоспары арқылы әңгімелеп беру. Оқығандарының жай жоспарын жасай білу.

3-сынып

Дауыс кідірісін ырғағын дұрыс сақтап оқу, эмоциялық бояуларды байқау.

Дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу. Минутына 60-80 сөз. Мәнерлеп оқуға өз беттерімен дайындалу. Мәтіндерді бөлімдерге бөлу, әрбір бөлімдегі негізгі ойды табу, мәтіннің жоспарын жасау.

4-сынып

Мәтіннің мағынасына қарай дауыс ырғағын құбылтып, кідірісті дұрыс сақтап оқыту.

Дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу. Әңгімедегі уақиғаның жүру ретін анықтау, мәтінді мағынасы жағынан аяқталған ойды білдіруіне қарай, бөлімдерге болу; әрбір бөлімдегі және тұтас мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Минутына 80-100 сөз оқу. Оқығандарының күрделі жоспарын жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет