Ылым министрлігі



бет69/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85
X ме - медианалық аралықтың төменгі шегі;
i- медианалық аралықтың мәні;
0,5 ∑f— жиіліктердің қосындысының жартысы;
S -жиіліктердің қосындысы;
SMe - медианалық аралық жиілігінің алдында жинақталған жиілік сомасы;
fMe -медианалық аралықтың жиілігі.
7. Халық санының орташа өсу қарқынын (%) анықтау үшін геометриялық орташа формула қолданылады:

тізбекті тәсілмен


мұндағы Т123 .....Тк- тізбекті өсу қарқындарының көбейтіндісі; әр өсу қарқыны соңғы динамика қатарының деңгейінің алдыңғы деңгейіне қатынасы болып есептеледі; к - қарқындардың саны;
ә) Базистік жүйе әдісімен

Мұндағы Sn— динамика қатарының соңғы моментіндегі халықтың саны.
S0— динамикалық қатардың алғашқы (бастапқы) моментіндегі халықтың саны;
n -динамика қатарының моменттерінің саны.


Дәріс 26. Халық және еңбек ресурстарының статистикасы.
1. Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық статистикасы.


Дәрістің мақсаты: Халық статистикасының негізгі міндеттері мен мақсаттарын көрсету, теориялық біліммен қатар қазіргі кезде республикамызда орын алған халық туралы мәліметтерді студенттерге беру. Сонымен қатар еңбек ресурстары туралы ақпараттармен студенттерді қамтамасыз ету, оның ерекшелігін, көрсеткіштерінің жүйесін анықтау.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: халық саны, миграция, халық статистикасы, еңбек ресурстары
Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Еңбек ресурстары - экономикалық қызметтермен айналысатын немесе жұмысқа жарамды, бірақ белгілі бір себептермен жұмыс істемейтін халық. Еңбекке жарамдылық қоғамның физиологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен анықталады. Физиологиялық жағдай белгілі бір жасқа сәйкес келетін физиологиялық даму деңгейі деп танылады.
Төменгі шекара - еңбектенуге қабілеттілігі физикалық және психикалық дамуына байланысты жас адамдардың келетін жасы.
Жоғарғы шекара - еңбекке қабілеттілігі лезде төмендейтін жас. Қазақстанда төменгі шекара жынысына қарамай 16 жас болып табылады. Жоғарғы шекара зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңмен сәйкес қабылданады. Қазіргі кезде еңбекке жарамды төменгі және жоғарғы шекараларды есепке ала отырып халықты жасы бойынша келесі топтарға бөлуге болады.

  • 0-ден 15 жасқа дейін- жұмысқа дейінгі жас

  • 16-дан 58-ге дейін әйел,63-тен ерлер-еңбекке жарамды жас

  • 58-ден дейін әйел,63-тен ерлер жоғары-жұмыстан кейінгі жас

Әлемдік тәжірибеде жоғарғы шекара 65 жасқа дейін жетеді ,берілген топтастыру арқылы халықтың жеке жастық қатынасын сипаттайтын қатысты көрсеткіштерді анықтауға болады.

Кеңбекке жарамды халық саны=Еңбекке дейінгі халық саны/Еңбек істейтін халық саны *100


Кзейнеткерлер =Зейнет.жастағы.халық/Еңбекке жарамды халық*100
Еңбек ресурстарының құрамына кіретіндер: Еңбекке жарамды жастағы халық,бірақ жеңілдік шарттарымен зейнетақыны алатын жұмыссыздар және I,II топтағы мүгедектер;жұмыс істейтін жасөспірімдер және зейнетақы жастағы жұмысшылар. Еңбек ресурстарының бар болуы және олардың болуы 1-Қаңтарда,1-Шілдеде және орта жылдық еңбек ресурстарының балансында көрсетіледі. Орта жылдық балансына жұмыс істелінген уақыттуралы мәліметтер және жұмыскерлердің әлеуметтік топтары кіреді.
Еңбек ресурстарының балансы дегеніміз - еңбек ресурстарының бар болуын және оларды қызметтердің салаларына,т үрлеріне бөлінуін көрсететін көрсеткіштер жүйесі. Ол екі бөлімнен тұрады: ресурстық және бөлуші.
Бірінші бөлімді құру үшін келесі ақпараттар қолданылады:еңбекке жарамды жастағы халық саны туралы мәліметтері, мүгедектер мен жеңілдік зейнеткерлер туралы әлеуметтік қорғау органдарының мәліметтері.
Екінші бөлімде құру үшін жұмыс істейтін адамдардың саны туралы өнркәсіптер мен ұйымдардың мәліметтері, жұмыс істейтін және жұмыссызадамдар саны туралы мәліметтері, оқушылар саны туралы, өнркәсіптер мен ұйымдардың мәліметтері, шетелден келген жұмыс күші туралы мәліметтер баланста бөлек көрсетіледі.
Еңбек ресурстарының балансы экономикалық белсенділігінің деңгейін, жұмыс істейтін және жұмыссыздар деңгейін анықтауға көмектеседі.
Қазақстандағы еңбек нарығының деңгейі және дамуының сипаттамасы еңбек ресурстар категорияларымен байланысады.
Халықтың қай бөлігі еңбек ресурстары болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет