Ылым министрлігі



бет1/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85

Ф. 7.03-03





Карибов В.М.


6В04140- «Қаржы» ББ бағдарламасының күндізгі және сырттай оқу бөлімі білім алушыларына «Статистика» пәні бойынша
қысқаша дәрістер жинағы





Шымкент, 2020 ж

Ф.7.11-19


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Карибов В.М.

6В04140- «Қаржы» ББ бағдарламасының күндізгі және сырттай оқу бөлімі білім алушыларына «Статистика» пәні бойынша


қысқаша дәрістер жинағы

Шымкент, 2019 ж
Құрастырғандар: аға оқытушы Карибов В.М. «Есеп және аудит» кафедрасы

«Статистика» пәнінен қысқаша дәрістер жинағы. Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2019- 116 б.


Әдістемелік нұсқау «Статистика» пәнінің бағдарламасына және оқу жоспары талаптарына сәйкес құрастырылған.


Дәрістер жинағы 6В04140- «Қаржы» ББ бағдарламасының күндізгі және сырттай оқу бөлімі білім алушыларына арналған.


Дәрістер жинағында тақырып бойынша сұрақтар, тақырыптың негізгі мазмұны көрсетілген.

Рецензент: Туребаева Ж.К. э.ғ.к. «Есеп және аудит» кафедрасы


«Оқу жұмыс бағдарламасын «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.


Хаттама № ___ «___» ___________ 2019ж.

«Басқару және бизнес» жоғары мектебінің оқытудың инновациялық технологиялар және әдістемелік қамтамасыз ету комитеті мақұлдаған.


Хаттама № ___ «___» ___________ 2019ж.
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу- әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. Хаттама №___ «__» ________2019ж.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, 2019 ж.


Шығарылымға жауапты: Карибов В.М.




Мазмұны






Кіріспе

6

Дәріс 1.

Статистика пәні мен міндеттері

8

Дәріс 2.

Статистика пәні мен міндеттері

10

Дәріс 3.

Статистикалық бақылау

16

Дәріс 4.

Статистикалық бақылау

21

Дәріс 5.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау

27

Дәріс 6.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау

33

Дәріс 7.

Абсолютті және қатысты шамалар

36

Дәріс 8.

Абсолютті және қатысты шамалар

39

Дәріс 9.

Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері

44

Дәріс 10.

Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері

50

Дәріс 11.

Ішінара бақылау

56

Дәріс 12.

Ішінара бақылау

59

Дәріс 13.

Динамикалық қатарлар

62

Дәріс 14.

Динамикалық қатарлар

65

Дәріс 15.

Индекстер

75

Дәріс 16.

Индекстер

78

Дәріс 17.

Индекстер

79

Дәріс 18.

Индекстер

79

Дәріс 19.

Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу

82

Дәріс 20.

Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу

83

Дәріс 21.

Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу

86

Дәріс 22.

Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу

87

Дәріс 23.

Халық және еңбек ресурстарының статистикасы

89

Дәріс 24.

Халық және еңбек ресурстарының статистикасы

89

Дәріс 25.

Халық және еңбек ресурстарының статистикасы

91

Дәріс 26.

Халық және еңбек ресурстарының статистикасы

93

Дәріс 27.

Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

100

Дәріс 28.

Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

103

Дәріс 29.

Халықтың тұрмыс денгейінің статистикасы

107

Дәріс 30.

Халықтың тұрмыс денгейінің статистикасы

109




Ұсынылған әдебиеттер тізімі

115



Кіріспе

"Статистика" пәні қоғамдық ғылымның бip саласы ретінде экономика мамандықтарын даярлайтын жоғары оқу орындарының барлығында жүргізіледі. Бұл пәнді окытудың нeriзгі мақсаты: студенттерді ғылыми ұйымдастырылған жүйеде, статистикалық әдістерді қолдану арқылы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық өзгерістерін, сапалық жағына байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін үйретеді. Демек, қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, есептеу, талдау және оған қорытынды жасау сияқты әр түрлі тәсілдерді үйренеді, яғни республика экономикасының жағдайы мен дамуын жан-жақты, терең түрде зерттей алатын мамандарды даярлауға үлкен көмегін тигізеді.


Пәннің міндеттері:
■ әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің даму дәрежесі, құрылымын және өсіңкілігін зерттеу кезінде түрлі статистикалық есептеу әдістерін қолдана білу;
■ жиналған мәліметтерге талдау және болашаққа болжау жасай білу;
■статистика туралы классиктердің, ғалымдардың еңбектерін оқып-үйрену және оны ic жүзінде практикада қолдана білу;
■ мәліметтерді есептеу кезінде есептелген статистикалық көрсеткіштерге қысқаша қорытынды жасай білу;
■ ұлттык шоттар жүйесін, салааралық балансты құру, өндіріс тиімділігін талдау, халықтың өмip суру деңгейін және оған әсерін тигізетін себептерді талдай білу;
■ халықаралық стандартқа сәйкес статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
■ статистика пәнін оқып-үйрену кезінде әpбip студент мына жағдайларды меңгеруі тиіс:
■ статистикалық бакылауды жүргізуді, жиналған мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құра білу;
■ абсолюттік, қатысты және орташа шамаларды қолдану, есептеу жолдарын үйрену және мәліметтерді график арқылы бейнелеуді үйрену;
■ динамикалық қатарды талдауды және индекстік әдісті қолдануды үйрену;
■ қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын зерттеуді үйрену және оған талдау жасау;
■ халықтың санын, құрылымын және еңбек ресурстарының көрсеткіштерін оқып білу;
■ экономикалық процестің негізгі нәтижесін динамикасын талдай білу;
■ өндірілген өнімді тұтыну мен қор жинауды және оған талдау жасауды үйрену;
■ ұлттык шоттар жүйесін құруды оқып-үйрену;
■ табыстардың бөліну процестерін зерттей білу және т.б.
Бағдарламада осы қурсты оқып білуге кажетті барлық дидактикалық материалдар бар. Бағдарламаның әдістемелік материалдары пәнді меңгеруге, өз бетімен білім алуға, дағдылануға, студенттердің білімдерін тексеруге және оқытушының көмегімен түсініксіз жағдайларды шешуге бағытталған.
Бағдарламада көрсетілген тақырыптар бойынша оқу процесінде дәрістер оқылады, оқытушының қатысуымен практикалық сабақтар жүргізіледі, рефераттар, студенттердің өз беттерімен істелінетін жұмыстары орындалады. Осыған сәйкес пәннің барлық бөлімдері логикалық сәйкестікпен орналасқан және ол екі бөлімнен тұрады. Біріншi бөлімде статистиканың жалпы теориясы, ал екінші бөлімде: әлеуметтік-экономикалық статистика қарастырылған. Пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілуі пәнді жүргізу кезінде компьютерлік техника, басқа техникалық оқу құралдары, негізгі және қосымша оқулықтар, есептер жинағы, статистикалық қолданбалы бағдарламалар пакеттері, кестелер, тесттер кеңінен қолданылуы тиіс.
Бағдарлама студенттер мен оқытушылар үшін негізгі әдістемелік құжат болып саналады.
Статистиканың зерттеу объектісіне - қоғам жатқызылады және оның әр алуан көріністepi мен формаларын қарастырады. Демек, статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі кағидалары мен зандылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Сондықтан оны қоғамдық ғылым ретінде санайды және басқа ғылымдармен де тығыз байланыста болады.
Статистика қоғамдық ғылым ретінде біртіндеп пайда болды және оның даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Ол өзінің бастамасын 17 ғасырдың аяқ кезіндеАнглиядан бастайды және оның негізін қалаушы ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620-1674) пен Вильям Петти (1623-1687) болып табылады. В.Петтидің «Саяси арифметика атты еңбегінде сандық көрсеткіштерді
қолданғандығы және сол арқылы қоғамдағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен өзгерістерді анық көрсеткендігі, яғни өңдеу, талдау қалай жүргізілуі керек екендігін айқындағаны.
Статистиканың одан әpi дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен ат салысты. Солардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай кетуге болмайды: Г.Ахенваль, А.Кетле, А.Боули, Н.Герман, И.Семенов-Тянь-Шанский, Ю.Янсон, А.Чупров, И.Кирилов және тағы басқалары. Қaзipгi егеменді республикамызда статистиканың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни статистикалық теория мен әдістемелердің түбегейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа үлгілері жасалынды.
Статистика органы экономика салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүpгiзiлyi мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бipi болып саналады. Осыған орай, өз объектісін зерттеу үшін түрлі статистикалық әдістерді, атап айтқанда стандартты жіктемелерді, iшінapa бақылауды, қорытындылаушы шамаларды, динамикалық қатарларды, индекстік және корреляциялық - регрессиялық әдістерді, баланстарды қолданады. Соған талдау және қорытынды жасайды.
Сабақ өткізудің типтік бағдарламасы курста оқылатын тақырыптарға сәйкес құрастырылған және сол тақырыптардың қысқаша мазмұны төменде келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет