Оқушылардың оқу қызметінің ұйымдастырылуы және мұғалімнің сабаққа дайындығы. Оқушылардың оқу қызметі олардың мұғаліммен үйлесімді іс-әрекеттерінің сипатынан көрініс алады. Оның фронтальды, яғни мұғалімнің оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы, өзіндік жұмыстары сияқты баұытта ұйымдастырылады. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың арасынан ең тиімді ой-пікірді таба отырып, оқу ситуациясын туындатуы, қойылған міндеттерге жауап іздеуі, оқушыларды толық тыңдауы, түзетулер енгізуі маңызға ие болады.
Жеке жұмыстыұйымдастыру барысында оқушылардың өзіндік іс-әрекеттері есепке алынады. Жеке жұмыстарға өзіндік төрұыдан әдебиеттермен, тұжырымдармен жұмыс жасауы, шығарма, эссе, реферат жазуы жатады. Яғни, жеке жұмыстыұйымдастыру барысында жеке және жекелендіру сияқты екі тапсырма орындалады.
Топтықжұмыста:
сыныптыңтопқабұлінуі;
әртоптыңберілгентапсырманыорындауы;
топтыңжаңалыұынасайтапсырмалардыңіріктелуі;
сабақмазмұнынасай топ қөрамыныңөзгеруі;
топ құрамының деңгейлеріне сай құрамның сұрыпталуы сынды іс-әрекеттер жасалады.
Оқушылардың оқу қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы мұғалімнің сабаққа дайындыұына тікелей байланысты. Оның сабаққа дайындыұы сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және қөрылған жоспарды әр сабаққа сәйкестендіру болып бір-бірімен байланысты екі кезеңнен төрады. Оқытушы өткізілетін сабаұы бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар құрастырады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда: сабақ мақсатын, жүргізу жолдарын және сабақ жоспарының арнайы жазылуы қадаұалануы тиіс.
Жалпы алғанда мұғалімнің сабаққа дайындығы – оның оқу материалын тиянақты талдауы, оқу кезеңдерінің сәйкес қөрастырылуымен қатар, оқушылардың материалмен жұмыс жасау кезіндегі туындағы сұрақтары, жауаптары, тұжырымдары сондай-ақ меңгеру және қабылдау процесі. Сабақ беру барысында, оның қысқаша конспектісі де даярлануы тиіс. Сабақ нәтижесі, тек мұғалімнің мөқият дайындыұына ұана байланысты емес, сондай-ақ оқушылардың да психологиялық даярлыұына да байланысты. Оқушылардың даярлығы сабақ соңында мұғалімнің келесі сабақ жоспарымен таныстырып, бағыт беруінде болып табылады.
Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра алуына, оларды қызықтыра білуіне және алынатын нәтижені болжай білуіне тікелей байланысты.