Ылымдар факультеті


Оқытудың құралдары мен мен әдістемесі



бет2/6
Дата02.12.2023
өлшемі44,73 Kb.
#132278
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ZSIRBRBUZZOD23112023193224

2. Оқытудың құралдары мен мен әдістемесі.Оқытудың құралдарына оқыту процесінде қолданылатын көрнекілік, техникалық заттар жатады. Атап айтқанда, оқулықтар, баұдарламар, әдістемелік көмекші қөралдар, техникалық қөрал-жабдықтар және т.б. Олардың сабақта дұрыс таңдалынып алынуы, тиімді нәтиже бере алады.
Ал, оқытудың педагогикалық негіздерінде әдістеме мәселесі саласында жеке пәндерді оқытуға байланысты жазылұан ғылыми және практикалық зерттеулер Өте көп. Бірақ оларда оқыту әдістерін жүйелеу (классификация) бір қалыпта емес, ғылым саласынан берілетін білім, тәлім-тәрбие мақсатына үйлесімді әдістерге Өз тұрғысынан зейін қоятындықтан оқыту әдісін бір арнаұа келтіре қоюдың да мүмкіндігі шамалы, сол себепті әдістемені классификациялау педагогикалық әдебиеттерде түрлі-түрлі жіктеледі.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдарына дейін оқыту әдістерін екі жүйеде қарайтын. Атап айтқанда: 1) СӨздік әдістер тобы – әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, дәріс, кітаппен жұмыс. 2) Көрнекілік әдістер тобы – демонстрация, иллюстрация, бақылау. Бұл әдістерді пәндердің оқыту ерекшеліктеріне байланысты талдап, нақты тақырыптар жүйесінде деректемелер ұсынылатын.
Жаңа ғасырдың бастауына дейінгі педагогикалық және жеке пән методикасы саласындағы зерттеулер мен практикалық тәжірибелерді ескере келіп оқытудағы әдістеме мына тұрғыда жүйеленді:
1. Түсіндірме иллюстративті әдіс.
2. Репродуктивті әдіс.
3. Проблемалы баяндау әдісі.
4. Ішінара іздену, немесе эвристикалық әдісі.
5. Зерттеу әдісі.
Оқыту барысында бұл әдістердің әрқайсысының ерекшеліктерін, оларға тән Өзгешеліктерді пәннің және болашақ маманның меңгеретін ғылымына үйлестіре алынған деректер келтіре отырып әңгімелейміз.
Оқыту әдістерін классификациялауда мына мәселелер ескеріледі:
1) Әрбір әдіс оқыту процесі (үрдісі) қойып отырған негізгі ой түйінін терең меңгеруге бағытталған дидактикалық принциптерді шешерліктей болуға тиіс.
2) Ұстаздар мен шәкірттің бірлескен әрекеті таным қабілетін дамытуға және белгілі ой-түсінікті біліп қана қоймай оны Өздігінен пайымдай алуға машықтандыруға жаттықтыруы керек.
3) Қолданылатын әдістің қай-қайсысы болсын оқыту процесін тиімді Ұйымдастыруға баұытталып, шәкірттің ізденіп, әрекеттеніп, еңбектене білуін қамтамасыз етуге тиіс.
Ұстаздың оқыту әдісін таңдай алуы – алұа қойұан мақсатына үйлесімді болса, оның нәтижесінде қойылұан талапты өтей алады. Оқыту әдісін таңдаұанда ұстанар өлшем (критерий), еске тҰтар қаұида мынау:
1) Таңдаған әдістің оқыту заңдылықтары мен процесіне сәйкестігі.
2) Әдістің оқыту технологиясының дидактикалық мақсаттары мен міндеттеріне үйлесімділігі.
3) Оқыту әдісінің сабақтың тақырыптық мазмұнын ашуға сәйкестігі.
4) Оқыту әдісінің оқушының танымдық мүмкіндігіне сәйкестігі мен үйлесімі.
5) Оқыту әдісін таңдағанда оқытушы өз мүмкіндігінде ескеруі тиіс (тәжірибесі, дүниетанымы, қабілеті, білім деңгейі, ұстанымы, қарым-қатынас жасау әдеті т.б.).
6) Оқыту әдісінің оқу орнының материалдық-техникалық мүмкіндігіне сәйкестігі.
7) Әдістердің оқу орны орналасқан ішкі қөрылымы мен экономикалық объектісіне сәйкестігі. Мұнда оқушылардың жалпы білімі, түсінік деңгейіне сәйкес таным даұылары мен іс-әрекетті атқарушы деген ықылас-ынтасына үйлестіруге де мән беру керек.
Оқу әдістері оқушының мүмкіндігіне үйлесімді болса, олардың дербестігіне сәйкес Өздігінен ізденуін жетілдіре түсетіндігі ақиқат шындық екендігін естен шығармауға тиістіміз.
Оқыту әдістемесінің жүзеге асуы оқыту технологиясымен бірге оқытуды ұйымдастыруға тікелей тәуелді. Көптеген педагогикалық әдебиеттерде оқытуды ұйымдастыру түріне (формы организации обучения) тек сыртқы көрініс, оқушының саны, реттіліктің жүйесі тұрғысынан қарайды. Шындығында, оқытуды ұйымдастыру-педагогикалық категория ретінде оқытуды ұйымдастыру барысындаұы ұстазда мен шәкірттің іс-әрекетін жүзеге асыруда белгіленген тәртіп, жұмыс режимінің орындалуы. Айталық, оқытушы бір топ оқушымен, немесе ұжыммен, болмаса жеке оқушымен жҰмыс атқарып, оқытып отыр делік. Мұнда оқушының сандық құрамы, оқытудың уақыт мерзімі, қолданылатын оқыту әдісі бірлікте қаралды. Сондықтан оқыту әдісін оқыту технологиясынан болмай тұтастыққа қарай отырып Өтілетін сабақтың типін және оның құрылымын белгілеу оқытушының шыұармашылық ізденісі мен тапқырлығына және Өтілетін тақырыптың мазмұнына байланысты.
Оқу орындарындаұы сабақ және оның типологиясы мен құрлысы туралы кеңестік кезеңде өте көп жазылып, алуан түрлі пікір сайыстары тоқталмастан сөз болған тақырып. Сондықтанда сабақтың мазмұны, типтік құбылысы, атқарылатын еңбектің түріне байланысты оның сан түрлі атауға ие болуда заңды құбылыс (ойын сабақ, саяхат сабақ, пікірсайыс сабақ, көкпар сабақ, аукцион сабақ, ірі блокты сабақ, театрланұан сабақ т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет