Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар, 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - 1983, Алматы) — қазақ жазушысы. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы,
1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры,
1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады. Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір көшеге І. Есенберлин есімі берілген.
Шығармашылығы
І. Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы "Сұлтан", "Айша" дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасы" (1957), "Біржан сал трагедиясы" (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. "Өзен жағасында" (1960), "Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повестері жарық көрді.
"Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972), "Жанталас" (1973), тың туралы "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974) романдары, "Көшпенділер" трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), "Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар" (1983), Аққу құстың қуанышы" (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды.
Есенберлиннің "Маңғыстау майданы", "Аманат" (1978) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес өкіметі]] жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын "Айқас" романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Тарихи романдары
Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары.
Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.
Марапаттары
Еңбек Қызыл ту ордені
«Құрмет белгісі» ордені
«За боевые заслуги»
«За оборону Ленинграда» медалі
Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықсының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін).