Бақылау сұрақтары:
1. Иеленіп алу мен ысырап етудің объектісін атаңыз?
2. Иеленіп алу мен ысырап етудің объективтік жағын атаңыз?
3. Иеленіп алу мен ысырап етудің субъектісін атаңыз?
4. Иеленіп алу мен ысырап етудің субъективтік жағын атаңыз?
5. Пайдакүнемдік мақсат дегенді қалай түсінесіз?
Әдебиеттер
1.Владимиров В.А. Квалификация хищений личного имущества. М, 1974, 23 с.
2. УК Республик Казахстан: Особенная часть. Комментарий. Алматы, 2000, 223
с.
3. Кочои С.М. Преступления против собственности: Комментарий к главе 21
УК РФ. М., 2001, 33 с.
4. Борчашвили И.Ш. Уголовно-правовые проблемы борьбы с преступлениями
против собственности. Караганда, 1987, 45 с.
5.Гуев А.Н. Комментарий к УК Российской Федерации. М, 2000, 49 с.
6.Лесниевски-Костарева Т.А. Уголовное право: Словарь-справочник. М, 2000,
308 с.
7.Уголовное право Республики Казахстан /Под ред. С.М. Рахметова. Алматы,
2003, 223 с.
8.
Жукенов А.Т. Квалификация хищений: Теория и судебная практика.
Алматы, 1998, 201 с.
9.
Дремова А.Н. Мотив и цель в преступлениях несовершеннолетних. М,
1972, 13 с.
10.
Тугаринов В.П. Теория ценностей. М, 1978, 18 с.
11.
Филановский И.Г. Социально-психологическое отношение субъекта к
преступлению. Л, 1979, 90 с.
57
12.
Таганцев Н.С. Русское уголовное право: Часть общая. Т.1. –СПб., 1999,
594 с.
3 СЕНІП ТАПСЫРЫЛҒАН БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ИЕЛЕНІП АЛУ
МЕН ЫСЫРАП ЕТУ АРҚЫЛЫ ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛҒАНЫ
ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ АУЫРЛАТАТЫН ЖАҒДАЙЛАР
3.1 Ауырлататын мән-жайлардың түрлері
Қылмыстық
құқық
жаза
тағайындағанда
кінәлінің
жеке-дара
жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа ала отырып, осы мәселеге
қатысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы
30 сәуірдегі “Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты
сақтауы” қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының
барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс
жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла
алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың
түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына
қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет
екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай
алмайды. Жасалған қылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін,
істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын
жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларын ескере отырып, жаза
тағайындау кезінде соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөніндегі заң
талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс. Жаза заңды, негізді және әділ болу
58
керектігіне көңіл аударылады. Қылмыстық жаза тағайындалған кезде соттар
Қылмыстық кодексінің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы
негіздерін бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс
ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және
оның түрін; сотталушының қылмыстық әрекеті қай сатыда тоқталғанын;
қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған
жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін
оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе келтірілуі мүмкін
зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны
жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген
жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау
негіздерін ескеруі тиіс екендігі еске алынады. Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысының 4-
тармағында: “Қылмыстық кодекстің 54-бабының бірінші бөлігінде
жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізімі түпкілікті
болып табылады. Осыған орай, қылмыс жасалған кездегі немесе
сотталушыны сипаттайтын басқа да сот анықтаған жағдайлар
(маскүнемдікке салыну, қоғамдық тәртіпті бұзу, отбасына, жұмысына,
оқуына немқұрайлы қарау т.б.) жаза тағайындалған кезде ескеріледі,
жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай деп танылмайды”-деп
көрсетілген.
Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың мазмұнын Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы 2- бөлігінің талаптарына
сәйкес сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу және ысырап ету арқылы
талан-таражды саралаушы белгілері ретінде мынадай үш жағдай бекітілген:
1 сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап етуді
адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасауы;
2 сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету
арқылы бірнеше рет талан-тараждау;
3 сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету
арқылы қызмет бабын пайдаланып талан-таражға салу.
Заң шығарушы жауаптылықты ауырлататын мән- жай ретінде бөтеннің
мүлкін иеленіп және ысырап ету арқылы бірнеше рет талан-тараждауды
көрсетеді, ең алдымен, бізге “бірнеше рет” түсінігінің өзін анықтап алу
қажет. Мәселе мынада, кейде “бірнеше рет” түсінігін бір қылмысты үш
реттен кем емес немесе екі реттен артық жасау деп түсіну керек, ал екі рет
жасауда “қайталап” жасау түсінігін қолдану керек деген тұжырымдар
кездеседі. Мәселе шынында да күрделі. Алғашында, егер заң шығарушы
“қайталап” деген түсінікті қолданбаса, онда ол екі реттен артық жасалған
қылмыс туралы айтып тұр деп ұғынуға болады. Алайда, бұл жерде заңды
нақтырақ талқылауға сүйенген жөн. Сондықтан біздің пікірімізше, заң
шығарушы “бірнеше рет” деп иеленіп алу және ысырап ету нысанындағы
қылмысты бір реттен артық жасау туралы нұсқап тұр. Мұндай жағдайда
“қайталап” жасау түсінігі “бірнеше рет” түсінігімен қамтылып кетеді.
59
Бір емес бірнеше рет жасалған сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін
иеленіп алу және ысырап етудің мазмұны бөтеннің мүлкін екінші рет және
одан да көп рет қол сұғуға кінәлінің қылмыстық құлшынысының
тұрақтанғанының куәсі.
Әрекетті топтастыру үшін “кінәлі алдыңғы қылмысы үшін жауаптылыққа
тартылды ма?”- немесе “қылмыстық жауаптылыққа екі немесе одан да көп
талан-тараждығы үшін тартылып жатыр ма?”- деген мәселелердің қатысы
жоқ. Тиісінше, бөтеннің мүлкін бірнеше рет талан-тараж еткені үшін
қылмыстық жауаптылыққа тартқанда бұрынғы соттылығы жөніндегі деректің
ғана емес, қылмысты қайталап жасау дерегі де маңызды. Оның үстіне, егер
соттылығы заңда белгіленген тәртіпте жойылған немесе алынып тасталған
болса, оның ешқандай қылмыстық-құқықтық маңызы болмайды және
ұрлықты бірнеше рет жасады ма деген мәселені шешуде есепке алынбайды.
Әрине талан-тараж бірнеше рет жасалған деп танылмайды, егер оны жасау
мерзіміне дейін қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі немесе
бірінші қылмысы үшін айыптау үкімін орындаудың ескіру мерзімі өтіп кетсе.
Талан-тараж бір емес бірнеше жерден алынса да бірнеше рет жасалған
деп танылады (егер бірнеше көздерден талан-тараж ету алдыңғы көзден
алған талан-тараждың жалғасы болмаса). Қайталап жасаған иеленіп алу
мен ысырап етумен салыстырғанда жалғаспалы иеленіп алу мен ысырап
ету деп ұқсас қылмыстық әрекеттер арқылы бөтеннің мүлкін кінәлінің бір
ғана ниетімен қамтылған әрекеттердің жиынтығы бір қылмысты құрайтын
бөтеннің мүлкін қайтармай заңсыз бірнеше рет алып қоюды айтамыз.
Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап етуде талан-
тараж жалғаспалы сипатқа ие болады (егер қажетті мүлікті немесе
құндылықтардың қажетті бөлігін бір тәсіл арқылы талан-тараждау
мүмкіндігі болса немесе қоғамдық қауіпті әрекетті жасаудың обьективтік
ерекшеліктеріне байланысты қылмыстық қорытындысына жету тек бөліп-
бөліп алуға мәжбүрлесе). Алайда, бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап
ету жолымен біртұтас жалғаспалы талан-тараж еткен адамның әрекеті
бірмезгілді және жалғаспалы қылмыс ретінде топтастырылуы мүмкін емес.
Кейде мұндай жағдайлар тергеу, сот тәжірибесінде кездеседі.
Жалғаспалы иеленіп алу мен ысырап ету тек кінәлі әрекеттерінің
біртұтастығымен ғана емес ниеттің аяқталатындығымен де сипатталады. Осы
жағдайлардың күшімен және тек осы себепке байланысты талан-тараждың
жеке эпизодтарының өзіндік заңдық маңызы жойылады.
Жалғаспалы
қылмыста
қасақаналықтың
анықтылығы
өзінің
бағыттылығының
формасы
жағынан
да,
мазмұны
жағынан
да
біртұтастығымен сипатталады. Көп эпизодты қылмыс жалғаспалы қылмыс
деп танылады, егер иеленіп алу мен ысырап ету арқылы талан-тараждың
әрбір эпизоды тікелей қасақаналықпен жасалса (кінәнің нысандарының
сәйкес келуі) және талан-тараждың әрбір эпизодын кінәлі ең басында қойған
жалпы мақсатқа жету жолы деп бағаласа (қасақаналықтың мазмұнының
сәйкес келуі), оларды жүзеге асыру кінәлі үшін талан-таражды ойына алған
барлық актілерін жасау болса ғана танылады. Сондықтан әрекет ету кезінде
60
талан-тараждың жалғаспалы екенін анықтау үшін ысырап етушінің
әрекеттерін талан-тараждалып кеткен заттың құнына қарай ғана емес,
қылмыс жасау барысында кінәлі талан-тараждағысы келген барлық
материалдық құндылықтың құнын есепке ала отырып топтастыру керек.
Жалғаспалы қылмысты аяғына дейін жеткізбеу (кінәлінің еркінен тыс
жағдайларға байланысты) дерегі болса оның әрекеттеріне сәйкес құқықтық
баға берілу керек. Дайын өнім сақталған қоймадан магнитофон ұрлағысы
келетін адам ол магнитофонға қажетті келесі бір деталін ұрлау кезінде
ұсталса, ол адам бөтеннің мүлкін ұрлағандығы үшін емес сәйкесінше
бөтеннің мүлкіне қол сұғуға оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа
тартылуы тиіс.
Жалғаспалы қылмысты жалғаспалы қылмыстық әрекеттен ажырату керек,
жалғаспалы қылмыстық әрекетке уақыт көлемінде біртұтас қылмыстық
актінің созылуынан басқа оған бір-бірімен ешқандай байланыспайтын жеке –
жеке қылмыстық эпизодтар кіреді. Керісінше, бөтеннің мүлкін бір көзден бір
түрдегі әдіспен, бірақ әр жағдайда әр түрлі қылмыстық ниетпен талан-
тараждауды жалғаспалы қылмыс ретінде қарастыруға болмайды. Мұндай
тектегі әрекеттер “бірнеше реттік” белгісіне қарай ұқсас қылмыстық әрекет
ретінде топтастырылуы керек. Қайталап немесе бірнеше рет талан-тараждау
– бұлар әрқашан жеке қылмыстар, бұлардың алдында ниеті жағынан да,
орындалуы жағынан да өзгеше басқа талан-таражға салынуы.
Талан-тараждың бірнеше рет қайталануы өзге бір аяқталған қылмысты
туғызып қана қоймай, басқа осыған ұқсас қылмыс жасауға немесе оқталуға
орындаушының немесе қылмыстың өзге де қатысушыларына дайындалуға
мүмкіндік туғызуы мүмкін.
Егер бөтен мүлікті талан-таражға салу бұрын осындай қылмыс жасаған
материалдық жауапты адам жасаса қылмыстардың жиынтығы жөніндегі
ережені қолдану мәселесінің тууы тәжірибеде жиі кездеседі.
Адам ұқсас екі немесе одан да көп қылмысы үшін жауапқа тартылса
оның әрекеттеріне (алайда, егер алдыңғы қылмыстарды бір қылмыс деп
есептемесек) жиынтықталған деп саралауға болады. Бөтен мүлікті талан-
тараж етіп, содан кейін өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықты
иемденіп алған адам қарапайым талан-таражға салғаны үшін және бөтеннің
мүлкін қайталап иеленгені үшін жауапқа тартылады. Талданып отырған
мәселені өзгеше шешу, біздің ойымызша, кінәліні негізсіз алдыңғы қылмысы
үшін жауаптылықтан босатуды көрсетеді. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 175-181- баптарында “бірнеше рет” жасалған
қылмыс деп осы баптарда, сондай-ақ осы Кодекстің 248, 255, 260-
баптарында көзделген бір немесе бірнеше қылмыс үшін сотталған адам
танылады делінген.
Өзге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету
қылмысын саралаушы мән-жайға адамдар тобының алдын ала сөз байласуы
бойынша талан-тараж етуі танылады.
Бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап ету арқылы талан-таражға салу
адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы ( егер онда орындаушы ретінде
61
кемінде екі адам қатысып олардың әрқайсысының әрекеті салдарымен
себепті байланыста болса) бойынша жасалған деп табылады. Екінші бір
міндетті белгісіне бұл адамдардың арасында алдын ала қылмыс басталмай
тұрып сөз байласу болуы керек. Аталған белгілер болмаса сараланған
қылмыс құрамы да болмайды. Талдықорған облыстық соты қоғамдық ұйымға
көп дәрежеде зиян келтіріп, қылмысқа қатысқаны үшін қылмыстық жауапқа
К, Т, Б, Р-ді тартты: К. асхананың буфетшісі бола отырып көп мөлшердегі
кооперативтік мүлікті иеленіп алғаны үшін, Т.Б мен Р.К жасаған қылмысқа
көмектескені үшін жауапқа тартылды, бұл көмек олардың К-ның
жетіспеушілігін жасыру үшін тауарсыз құжаттар жасауынан көрінеді.
Алайда, іс материалдарынан кейін өзінің жетіспеушілігін табуға көмектесуді
өтінген К-ның жетіспеушіліктерінің себебін, яғни, оның талан-тараж еткені
туралы Т.Б. және Р білмейтін болып шықты, бұл сөз байласу талан-тараж
жасап кеткен соң болған және ол талан-таражға көмегін тигізуге емес
жетіспеушілікті – талан-тараж етудің салдарын жасыруға бағытталған.
Алдын ала мүлікті жасыру туралы уәделеспеген немесе көрінеу
қылмысты жолмен алынған мүлікті сатып алу туралы уәделеспеген
жағдайдағы көп қайталанған әрекеттердің әрбір актісі саны жағынан өсіп,
бірақ қылмысқа қатысуды құрамаса, ол өзге сапалық сипатқа, оларда
қылмысқа қатысудың обьективтік және субьективтік белгілерін анықтауға
мүмкіндік туғызатын сипатқа ие болады. Бұл әрекеттер обьективті түрде
талан-таражға көмегін тигізеді (ысырап етуші алдын-ала жасырушының
немесе сатып алушының көмегіне сенеді) және бұл деректерді мүлікті талан-
тараждаушы да оны жасырушы мен сатып алушы субьективті түрде
ұғынады.
Тура осылай бөтен мүлікті өзге біреудің көмегімен талан-тараж етсе,
адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша талан-тараж ету болып
табылмайды, өйткені мүлікті бір ғана адам алып өзіне иемденеді.
Мысалы, А. мен Г. мына жағдайларда оқыту-тәжірибе шаруашылығының
егісінен алдын-ала сөз байласу бойынша бидайды талан-тараж еткені үшін
сотталады: осы шаруашылықтың жүргізушісі болып істейтін А. егістен
бидайды қоймаға тасиды. Автокөлік тұрағының күзетшісі болып қызмет
жасайтын А-дан өзіне бидай әкеліп беруді сұрайды. А. қоймаға апару үшін
бір жарым тонна бидай алып, оны Г-ға сатып жібереді. Жасаған қылмыстары
үшін олар алдын-ала сөз байласу бойынша бөтеннің мүлкін иеленіп алу
мен ысырап ету арқылы талан –таражға салғаны үшін сотталды.
Егер
ұйымдастырушы,
көмекші
және
азғырушы
қылмыстың
орындаушылары ретінде қатысса, онда олардың әрекеттері Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабының 2-бөлігімен саралануы
керек, яғни, олардың барлығы адамдар тобының алдын ала сөз байласуы
бойынша бөтеннің мүлкін иеленіп және ысырап ету арқылы талан-таражға
салғаны үшін қылмысты жауапқа тартылуы тиіс. Ал, керісінше, егер екі
немесе одан да көп ысырап етушілер бөтеннің мүлкін бір көзден, бір-бірінің
әрекеттері жөнінде біле тұрып, бірақ әрқайсысы жеке-жеке әрекет етсе,
62
олардың әрекеттері адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша
жасалған болып қарастырылмайды.
Бөтеннің мүлкін талан-тараждауда жауапқа тартуды ауырлататын
саралаушы мән-жағдайлардың бірі ретінде жаңа қылмыстық заңдылыққа
сәйкес бөтеннің мүлкін қызмет бабын пайдаланып иеленіп алу немесе
ысырап ету жатады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-
бабының 2- бөлігінің “3” тармағы).
1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
қабылданғанға дейін Қазақстанның қылмыстық заңдарында қызмет бабын
пайдалану арқылы талан-тараж жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты
қарастыратын арнайы қылмыстық-құқықтық норма болған. Алайда, мұндай
жауаптылық Қазақстанның да өзге тәуелсіз республикаларының да
заңдарында азаматтардың жеке меншігіндегі емес мемлекеттік және
қоғамдық мүлікті талан-таражға салғаны үшін ғана қарастырған. Өткен жүз
жылдықтың арнайы заң әдебиеттерінде қоғамдық және социалистік мүлікке
қол сұғушылықтардың ішіндегі қоғамға ең қауіптісі қызмет бабын
пайдаланып өзіне жедел – шаруашылық бойынша материалдық құндылықтар
мен ақша қаражатын басқару және бөлу сеніп тапсырылған адамның жасауы
болып табылады деп қарастырылған.
Қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған талан-тараждың қоғамдық
қауіптілігінің жоғарғы дәрежеде болуы ол қылмыстарды өз өкілеттіліктерін
қызмет мүдделеріне қарсы өздерінің жеке басылық пайдакүнемдік
мақсаттарында пайдалану қызметтік тұлғалардың жасауында. Егер аталған
белгілер болмаса, онда қылмыс құрамы да болмайды.
Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін қызмет бабын пайдаланып иеленіп
алу және ысырап етудің субьектісінің ерекшеліктерін көрсететін негізгі
критерийлер қандай? Олар төмендегідей міндетті талаптарға жауап бере алу
керек:
Достарыңызбен бөлісу: |