Қылмыстық-атқару құқығы бойынша дәрістер Дәріс



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата06.02.2023
өлшемі245,6 Kb.
#65556
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
УИП каз. лекция

12 Дәріс
Жазаны өтеуден босатудың негіздері болып танылады: 
1. Соттың үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімін өтеу 
2. Ақтау үкімін шығару мен байланысты немесе іс бойынша өндірісті тоқтату мен 
байланысты сот үкімін тоқтату 
3. Жазаны өтеуден мерзімінен шартты түрде босату 
4. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен алмастыру 
5. Кешірім жасау немесе рақымшылық
6. Ауыр науқастың немесе мүгедектіктігіне байланысты 
7. Заңмен көзделген өзге де негіздер 
Бір қатар жағдайларда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату 
көзделген. Мерзімнен бұрын шартты түрде босату түрлері: 
1. шартты-түрде мерзімінен бұрын босату; 
2. жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен алмастыру; 
3. рақымшылық актісі күші бойынша; 
4. кешірім беру түрі бойынша; 


5. денсаулығы жағдайына байланысты; 
6. жазаны өтеуді әйелдің жүктілігіне немесе жасөспірім балаларының болуына 
байланысты кейінге қалдыру. 
Жоғарыда келтірілген түрлеріне қарағанда ШМБ көбірек қолданылады. ШМБ –ұсыну 
үшін формальді негіз ретінде- қылмыстың сиптына байланысты заңмен белгіленген 
жазаның өтелмеген бөлігіннің нақты болуы. ШМБ материалды негізді ұсыну үшін-
сотталушының түзелу дәрежесі, оның жағымды мінез-құлқы жөніндегі мәлімет, оқуға, 
еңбекке деген дұрыс көзқарас. 
Рақымшылық-ҚР Қылмыстық Кодексі 71бабына сәйкес, рақымшылық актілері 
Парламентпен белгілі бір топтағы адамдардың шеңберіндегі адамдарға қатысты емес заң 
түрінде шығарылады. Негізінен рақымшылық емес заң жөніндегі заңдар мемлекеттің 
өміріндегі айтулы оқиғаларға орай шығады.
Кешірім беру жекелеген топтарға, адамдарға қатысты ҚР Президенті Жарлығы 
негізінде жүзеге асырылады. 
ҚР Президентінің Аппараты мекемеден келесідей құжаттарды сұрайды: 
1. Үкім көшірмесі; 
2. Сотталушы мінездемесі; 
3. Сотталушы жөніндегі әкімшіліктің пікірі. 
Ережеге сәйкес кешірім беру жөніндегі өтініш жаза мерзімінің тең жартысын өтеген 
сотталушыларға қатысты қозғалады. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза 
түрімен алмастыру. Маңызы шамалы, орташа ауырлықтағы және ауыр қылмыс жасап бас 
бостандығынан айырылу жазасын өтеген адамдар жазасын өтеу кезінде жазаның 
өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырады. МШБ немесе жазаның 
өтелмеген бөлігін неғұрлым жазамен ауыстырған мекеме немесе орган сотталушыға 
қатысты ҚР ҚІЖ белгіленген тәртіпке сотқа сотталушыны жазаны өтеуден немесе 
жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру түрінде ұсыныс жасайды. 
Жазаны өтеуден МШБ ұсынысында, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жазаның 
жұмсақ түрімен алмастыруда және кешірім беруде сотталушының тұлғасын сипаттайтын 
мәліметтер, еңбекке деген мінез-құлқы қатынасы және жазаны өтеу уақытындағы оқыту 
кіреді. Рақымшылықты қолдану тәртібі ҚР Парламентімен анықталады. Жаза мерзімінің 
заңмен белгіленген сотталушы өтеген жағдайда жазаны атқаратын мекеме әкімшілігі 
немесе орган бір ай мерзім ішінде ШМБ ұсынудан бас тартуға ұсыныс жөнінде қаулы 
немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырады. МШБ 
сот бас тартқан жағдайда, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен 
адмастырады, ұсынысты қайтадан енгізу бас тарту туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін 
алты ай мерзім өтпей жатып жол беріледі. Түзеу мекемесінің әкімшілігі жаза мерзімінің 
аяқталу уақытына дейін кешіктірмей ІІО-на әкімшілік қадағалауды белгілеу қажет. 
Жоғарыда келтірілген адамдарға қатысты түзеу мекемесінің бастығы сотқа әкімшілік 
қадағалауды анықтау жөнінде ұсынысты жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет