шығарған сотқа хабарлайды. Үкімнің көшірмесі сотқа жіберіледі.Сотталушы әскери
қызметшіден ақшалай ұстау мөлшері лауазымдық, әскери атағынан қосудан, ай сайынғы
және басқа да үстем ақы сондай –ақ қосымша ақша төлеулерімен есептеледі.
Сотталушы әскери қызметшімен әскери бөлімнің командирі жасалынған қылмыстың
қоғамға қауіптілік сипатын және дәрежесін, сотталушы әскери қызметшінің тұлғасын,
сондай-ақ оның әскери қызметіне қатыстылығын ескере отырып тәрбиелік жұмыс
жүргізіледі.
Сот үкімімен белгіленген мерзім өткеннен кейін және әскери қызметі бойынша шектеу
мерзімінен әскери бөлімнің жарияланған бұйрығымен үш күннен кешіктірмей әскери
бөлімнің командирі әскери қызметі бойынша шектеу түріндегі жазаны атқаруға тоқтату
жөніндегі бұйрықты шығарады онда тоқтату мерзімі көрсетіледі, оның көшірмесі үкім
шығарылған сотқа жіберіледі.Қамауға сотталынған әскери қызметшілер жазаны вахтада
өтпейді.Офицерлер,прапорщиктер,сержант,старшина және қатардағы құрамдағы әскери
қызметшілер басқа да негіздер бойынша вахтада ұсталып жатқан әскери қызметшілерден
бөлек үсталады.Қамауға сотталынған әскери қызметшілер әскери жарғымен белгіленген
тәртіпте үкімді орындау жөнінде сот үкімін алғандығы жөнінде үш күннен кешіктірмей
жазаны өтеу үшін вахтаға жіберіледі.Қамау түріндегі жазаны өтеу уақыты әскери
қызметтің жалпы мерзіміне және кезекті әскери атақты беруге кезінде саналмайды.
Әскери тәртіб бөлімдеу ұстау түріндегі жаза (ӘТБ) жекелеген тәртіптік
батальондармен немесе жекелеген роталармен атқарылады. ӘТБ жалпы басшылықты ҚР
Қорғаныс тиісті құрылымдық бөлімшелер арқылы жүзеге асырады. ӘТБ үсталынған
сотталушыларға ҚР қылмыстық атқару кодексіне сәйкес түзеудің негізгі құралы
қолданылады, сондай-ақ әскери оқыту.ӘТБ жазасын өтеу кезеңінде барлық
сотталушының әскери атағына жол бұрынғы қызметіне қарамастан, солдат(матростар)
дәрежесінде болады және осы бөлімге белгіленген саны бірыңғай киім және белгі
нысанын киеді және тағады. Сотталушы әскери қызметшіге туыстарымен және басқа да
адамдармен айына екі рет және үзақтығы төрт сағатқа қысқа мерзімді кездесулер
үсынады. Үзақ кездесулер тек жұбайымен, жақын туыстарымен жыл ішінде төрт рет
үзақтығы үш тәулік болады. Сотталушылар айына бір сыйлық алуға, бандерольдар-
шектелмейді. Сотталушыларға хаттарды және телеграммалардың санын шектеусіз алуға
және жіберуге рұқсат етіледі. Сотталушылар еңбекке ӘТБ өндірістік кәсіпорындарда
(объектілерде) және ҚР Қорғаныс министірлігі анықтаған объектілерде жүргізіледі
сотталушыларды әскери оқыту ҚР Қорғаныс министірлігі әзірлеген арнайы бағдарлама
бойынша ұйымдастырылады және жүргізіледі. Сотталушылармен тәрбиелік жұмысты
ӘТБ командованиесі ұйымдастырады және жүргізеді.Сотталушыларды түзеу жұмысы
бойынша ӘТБ командованиесіне көмектесу мақсатында роталарда өзінің жағымды мінез-
құлқымен, әскери қызметке деген дұрыс қатынасымен өзін-өзі көрсеткен
сотталушылардың ішінен қоғамдық кеңестер құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: