Қылмыстық құқық бұзушылық



бет4/4
Дата11.12.2023
өлшемі3,84 Mb.
#136914
1   2   3   4

Жауаптары:

4 тапсырма. Берілген құқықтық жағдаятпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз (жұптық тапсырма):

  • Жағдаят 1. Кәмелет жасқа толмаған тұрғындар Қанат пен Самат 2020 жылдың 25 тамызында сағат 18.00-шамасында Сейфуллин көшесінде орналасқан «Зерде» кеңсе тауарларын сатумен айналысатын сауда кешенінде сатушыға шабуыл жасап, өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, оның ақшалай қаражатын және сатылымға қойылған кеңсе тауарларының едәуір бөлігін иемденген, аталған іс-әрекеттерімен соңғының заңды өкіліне 25000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.
  • Жағдаят 2. 9 сынып оқушысы Нұралы (15 жаста) өзінің сыныптасы Әзімханға өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысқан. Жағдаятқа сәйкес кәмелетке толмаған азаматтарды Қылмыстық кодекске сәйкес қандай жаза күтіп тұр?-деген сұраққа оқушылар өз пікірін білдіреді.
  • Қылмыстық кодекстің қай бабына сәйкес екенін анықтайды: А) 191 бап. Тонау В) 192 бап. Қарақшылық. С) 193 бап. Қорқытып алу

Дескрипторлары: - - І жағдаятты оқып, қылмыстық кодекске сәйкес жаза түрін анықтайды; - ІІ жағдаятты оқып, қылмыстық кодекске сәйкес жаза түрін анықтайды.

5 тапсырма. Қылмыстық құқықбұзушылыққа қолданылатын жаза түрлерін төменде ауырдан жоғарыға жеңілге қарай иерархия бойынша нөмірлеп пирамидаға орналастырыңыз:


1

Түзету жұмыстары.

2

Бас бостандығынан айыру

3

Айыппұл

4

Бас бостандығын шектеу

5

Қоғамдық жұмыстарға тарту

Дескриптор:
- Қылмыстық құқықбұзушылыққа қолданылатын жаза түрлерін ауырдан жеңілге қарай иерархия бойынша нөмірлеп пирамидаға орналастырады.

Назарларыңызға рахмет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет