1. Қасақана жасаған әрекеті – 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – онша ауыр емес;
2. Қасақана жасаған әрекеті – 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – ауырлығы орташа;
3. Қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге – ауыр;
4. Қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы көзделсе – аса ауыр санатына жатады.
Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады.Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады.Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында ұрлықтың оған тән белгісі – басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген.Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.
Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады.Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер қылмыс құрамына қосылмайды.Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін мвңызы болмайды.Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.с.с) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді.
Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады.Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды.Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі – оны жасырын ұрлау.Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау болады.