Алдын ала тергеу мерзiмiн тергеушiнiң дәлелдi қаулысы бойынша: 1. Істiң күрделiлiгiне байланысты аудандық және оған теңестiрiлген прокурор - үш айға дейiн;
2. Істiң аса күрделi болуына байланысты облыс прокуроры және оған теңестiрiлген прокурор мен олардың орынбасарлары - алты айға дейiн ұзартуы мүмкiн.
3. Алдын ала тергеу мерзiмiн одан әрi ұзартуға тек айрықша жағдайларда iстiң күрделiлiгi ескерiле отырып жол берiледi және Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор жүзеге асыра алады.
4. Алдын ала тергеудiң мерзiмiн ұзарту туралы қаулыны тергеушi ауданның, облыстың прокурорына және оларға теңестiрiлген прокурорларға тергеу мерзiмi өтпестен бұрын – бес тәулiктен кешiктiрмей, Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Бас әскери прокурорға он тәулiктен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
Алдын ала тергеуді тергеушілер тобының жүргізуі.
Қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеу ол күрделi немесе оның көлемi үлкен болған жағдайда тергеушiлер тобына (тергеу тобына) тапсырылуы мүмкiн, бұл туралы қылмыстық iс қозғау туралы қаулыда көрсетiледi немесе жеке қаулы шығарылады. Бұл туралы шешiмдi тергеу бөлiмiнiң бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеу жүргiзу тапсырылған барлық тергеушiлер, оның iшiнде топ жетекшiсi - тергеушi көрсетiлуге тиiс.
Сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi iстi тергеушiлер тобының тергейтiнi туралы қаулымен таныстырылуға тиiс және оларға тергеу тобының жетекшісінен, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушiден бас тарту құқығы түсiндiрiледi.
Тергеу тобына алдын ала тергеу жүргiзетiн бiрнеше органның тергеушiлерi енгiзiлуi мүмкiн. Мұндай топты құру туралы шешiм прокурордың нұсқауы бойынша да, осы органдардың тергеу бөлiмдерi бастықтарының бастамашылығы бойынша да қабылдануы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ерекше жағдайларда тергеудің толық және объективті еместігі фактілері анықталған, іс күрделі және маңызды болған кезде, алдын ала тергеуді жүзеге асырушы бірнеше органның тергеушілері арасынан тергеу тобын құра алады, бұл орайда прокурорды осы топтың жетекшісі етіп тағайындап, бұл шешімді өз қаулысымен ресімдейді. Мұндай тергеу тобы жүзеге асыратын тергеудің заңдылығын қадағалау Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жүктеледі.
3. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден жасалады.
Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер арқылы жасалуы мүмкiн.
Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенографиялау, киноға түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылуы мүмкiн. Стенографиялық жазба, дыбыс және бейнежазба материалдары iспен бiрге сақталады.
Хаттамада: тергеу iс-әрекетiн жүргiзу орны мен күнi; оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейiн дәл; тергеушiнiң лауазымы мен аты-жөнi; тергеу iс-әрекетiне қатысқан әрбiр адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, ал қажет болған жағдайда оның мекен-жайы көрсетiледi. Хаттамада iс жүргiзу әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу барысында iс үшiн мәнi бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.
Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде фотосуретке түсiру, киноға түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылса не iздiң көшiрме бедерi мен таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада оны жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану жағдайлары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және алынған нәтижелер көрсетiлуге тиiс. Хаттамада бұған қоса ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi көрсетiлуге тиiс.
Танысу үшiн хаттама тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпе жасау құқығы түсiндiрiледi.
Хаттамаға енгiзiлген барлық ескертпелер, толықтырулар, түзетулер көрсетiлуге және олар осы адамдардың қол қоюымен куәландырылуға тиiс.
Хаттамаға тергеушi, жауап алынған адам, аудармашы, маман, куәгерлер және тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдар қол қояды.
Хаттамаға тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазба кассеталары, сызбалар, жоспарлар, схемалар, iздiң көшiрме бедерлерi мен таңбалары қоса тiркеледi.
Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында маман зерттеу нәтижелерi бойынша ресми құжат жасаса, онда бұл құжат хаттамаға қоса тiркеледi, ол туралы хаттамаға тиiстi жазу жазылады.
Жәбiрленушiнiң, оның өкiлiнiң, куәнiң және олардың жақындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажет деп санауға негiздер болған кезде тергеушi аталған адамдар қатысып отырған тергеу iс-әрекетi хаттамасында олардың жеке басы туралы деректердi жазбауға құқылы. Бұл жағдайда тергеушi жеке басы туралы деректердi құпия сақтау туралы қабылданған шешiмнiң себептерi жазылған, олардың бүркеншiк аттары көрсетiлген және ол қатысқан тергеу iс-әрекетiнiң хаттамаларында ол қолданатын қол қоюдың үлгiлерi келтiрiлген қаулыны шығаруға мiндеттi. Қаулы бұдан әрі қылмыстық істі тергеген органда сақталатын конвертке салынып, желiмделедi, оның iшiндегiлермен тергеушiден басқа прокурор және сот таныса алады.
Алдын ала тергеу деректерi жария етiлмеуге тиiс. Олар, егер бұл тергеу мүдделерiне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушiнiң, анықтаушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сондай көлемде жария етiлуi мүмкiн.
Тергеушi қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде қатысқан басқа адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария етуге жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершiлiгiн ескерте отырып, қолхат алынады.