«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар


Қылмыс жөніндегі хабарлар қай жерде тіркеледі?



бет36/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

2.Қылмыс жөніндегі хабарлар қай жерде тіркеледі?
1)прокуратурада
2)полицияның кезекші бөлімінде
3)тергеу бөлімінде
4)ішкі істер органының канцелияриінде
5)сотта
3.Қылмыстық істі қозғау сатысында тергеуші мына әрекетті жүргізуге құқықғы жоқ
1)тұлғаны куәландыру
2)оқиға болған жерді қарау
3)қылмысты көргендерден түсініктеме талап ету
4)ревизия және құжатты тексеруді тағайындауды талап ету
5)маманға заттар мен құжаттарды зерттеуді жүктеу
4.Егер азамат қылмыс жөнінде ауызша арыз жасаса, онда:
1)хаттамамен рәсімделеді
2)ішкі істер органының кезекші бөлімінде тіркелуге жатады
3)қылмыстық істі қозғаудың сылтауы болып табылмайды
4)ескерілмейді
5)тек оперативті тексеруге жатады
5.Қылмыстық істі қозғау кезінде қатыса алады:
1)куә
2)куәгер
3)айыпталушы
4)жәбірленуші
5)азаматтық жауапкер
6.Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту жөніндегі қаулының дәлелдігі мынаны білдіреді
1)қылмыстық істі қозғаудың заңды сылтауларының болмауы
2)тұлғаның қылмыс жасауға қатысуының дәлелденбеуі
3)қылмыс оқиғасының болуының күмәнінің дәлелденуі
4)қылмыс құрамының болмауының дәлелденуі
5)қылмыс құрамының болуының дәлелденбеуі
Дәріс 10. Алдын – ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
Жоспар:
1. Тергелу реті
2. Алдын ала тергеу мерзімі
3. Алдын ала тергеу барысында шығарылатын қаулылар
1. Қылмыстық iстер бойынша алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, iшкi iстер және қаржы полициясы органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 156-163, 165-174, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 236, 238-240, 243, 244, 247-249-баптарында, 255-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды ұрлауға не қорқытып алуға қатысты), 306-бабында, 318-бабында, 330-бабында (екiншi бөлiгiнде), 331-бабында (екiншi бөлiгiнде), 367-бабында (үшінші және бесінші бөліктерінде), 368-бабында (үшінші бөлігінде), 369-бабында (үшінші бөлігінде), 372-бабында (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 373-бабында (үшінші бөлігінде), 374-бабында (үшінші бөлігінде), 375, 376-баптарында, 381-бабында (үшінші бөлігінде), 382-бабында (екінші бөлігінде), 383-386-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 96-103-баптарында, 107-бабында (екiншi бөлiгiнде), 113, 114-баптарында, 116-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде),117- бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 120-122, 125-баптарында, 126- бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127-бабында, 128-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 131-бабында, 132-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 133, 138-баптарында, 141-бабында (екiншi бөлiгiнде), 142 (екiншi бөлiгiнде), 143, 145 (үшінші бөлігінде) баптарында, 145-бабында (екiншi бөлiгiнде), 146-153, 155-баптарында, 175-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 178-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 179,181-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 183- бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 185-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 186-бабында (екiншi бөлiгiнде), 187-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 229, 230-баптарында (екiншi бөлiгiнде), 234, 237, 241, 242, 245, 246- баптарында, 251-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 252-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 254-бабында (екiншi бөлiгiнде), 255-бабында (бiрiншi, үшінші және төртінші бөліктерінде), 256-бабында (екiншi бөлiгiнде), 257-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 259-бабында (екінші бөлігінде), 260-бабында, 261-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 263-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 264- бабында (екiншi бөлiгiнде), 267-269-баптарында, 271-бабында (екiншi бөлiгiнде), 275- бабында (екiншi бөлiгiнде), 275-1-бабында (екiншi бөлiгiнде), 277-286-баптарында, 287-бабында (екiншi бөлiгiнде), 288-бабында (екiншi бөлiгiнде), 289-бабында, 292- бабында (екiншi бөлiгiнде), 294-бабында, 295-бабында, 298-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 299-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 300-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 301-бабында, 302-бабында (екiншi бөлiгiнде), 303-305-баптарында, 319, 320 (екiншi бөлiгiнде) 321, 322-баптарында, 327-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 335-338, 340, 358-бабында (екiншi бөлiгiнде), 361-бабында, 367- бабында (төртiншi бөлiгiнде), 368-бабында (екiншi бөлігінде), 369-бабында (екiншi
бөлiгiнде), 370-бабында (үшiншi бөлiгiнде), 373-бабында (екiншi бөлiгiнде), 374-бабында (екiншi бөлiгiнде), 377-бабында (екiншi бөлiгiнде), 382-бабында (бірінші бөлiгiнде), 390-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 391-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 392, 393-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша, алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (үшiншi бөліктің г) тармағында), 189-бабында, 190-бабында (екінші бөлігінде), 191-197, 199-205, 207- баптарында, 209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 221-бабында (екінші бөлігінде), 222-бабында (екінші бөлігінде), 223-бабында (екінші бөлiгiнде), 224- бабында, 225-бабында, 226-бабында (екiншi бөлігінде), 231, 232-баптарында, 307- бабында (бiрiншi бөлігінде), 308-бабында (бiрiншi бөлігінде), 310, 311-баптарында (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 312-315-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді салық полициясының тергеушілері жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (екінші және үшінші бөлігінде), 229- бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер олардың тергеуі қаржы полициясы органдарының тергеушілері тергейтін қылмыстарды тергеуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiктiң а), б), в) тармақтарында), 177-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 180-бабында, 182-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 184, 184-1, 206, 228, 235, 309, 316, 339 (екіншi және үшіншi бөлiктерiнде), 341, 343-357, 363-365-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе қаржы полициясы жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 164-бабында, 250-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 259-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 337-1-бабында, 347-1-бабында, 381-бабында (екiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғалған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 307-бабында (екінші, үшiнші және төртiншi бөліктерiнде), 308-бабында (екiншi, үшіншi және төртiншi бөліктерінде), 311- бабында (үшінші және төртiнші бөлiктерiнде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істep бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық істi қозғаған ұлттық қауiпсiздiк немесе қаржы полициясы органы жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 227, 380-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iсті қозғаған ішкi iстер, ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.
Алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргiзiледi.
Алдын ала тергеу жедел және толық болуы мақсатында қылмыс анықталған орын бойынша, сондай-ақ сезiктi, айыпталушы адам немесе куәлардың көпшiлiгi тұрған жерде жүргiзiлуi мүмкiн.
Тергеу iс-әрекеттерiнiң басқа ауданда (облыста) жүргiзу қажет болған жағдайда тергеушi оны тiкелей өзi жүргiзуге не бұл iс-әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың) тергеушiсiне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Тергеушi iздестiру әрекеттерiн немесе жедел iздестiру шараларын жүргiзудi алдын ала тергеу жүргiзiлетiн жердегi немесе iс жүргiзiлетiн жердегi анықтау органына тапсыра алады. Тергеушiнiң тапсырмасы он тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.
Алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
Тергеушi өзi қозғаған немесе өзiне тапсырылған iс бойынша тергеуге дереу кiрiсуге мiндеттi. Iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдағаны туралы тергеушi қаулы шығарады. Егер қылмыстық iстi тергеушi қозғаса және өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаса, онда қылмыстық iстi қозғау және оны өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдау туралы бiрыңғай қаулы жасалады. Жоғарыда аталған қаулылардың көшiрмелерiн тергеушi жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбередi.
Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
2. Қылмыстық iстер жөнiндегi алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғалған күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей аяқталуға тиiс.
Алдын ала тергеу мерзiмiне алдын ала тергеу тоқтатыла тұрған уақыт, айыпталушы мен оның қорғаушысын қылмыстық iс материалдарымен таныстыру уақыты, сондай-ақ айыпталушының шағымы бойынша талап етiлген қылмыстық iстiң сотта және прокуратурада жатқан уақыты енгiзiлмейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет