«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар



бет2/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
1. Негізгі;
2. Көмекші.
Негізгі функцияларға мыналар жатады:
1. Қылмыстық істі тергеу
2. Қылмыстық ізге түсу (айыптау)
3. Заңдылыққа прокурорлық қадағалау
4. Қылмыстық іс жүргізудегі қорғау
5. Қылмыстық істі сотта қарау мен шешу
Көмекші функцияларға мыналар жатады:
1. Ақтау
2. Азаматтық талапты қорғау
3. Қылмыстың алдын алу
Бақылау сұрақтары:
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы қандай қатынастарды реттейді.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары мен міндеттері.
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының кеңестікте, аумақта, уақытта қолданылуы.
4. Қылмыстық іс жүргізу функциясына түсінік бер?
5. Заңдылықты сақтау функциясы.
6. Қорғау функциясы
7. Қылмыстық іс жүргізу құқығы қайнар көзі нені реттейді.
8. Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары мен міндеттері
Глоссарий:
1. «Сот» - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот;
2. «Бiрiншi сатыдағы сот» - қылмыстық iстi мәнi бойынша қарайтын сот;
3. «Апелляциялық саты» - бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулысына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi қарайтын екiншi сатыдағы
4. «Қылмыстық іс жүргізу кодексі» - Қылмысты тергеу және ашу барысы кезінде сот, прокурор, тергеуші, анықтау органдары мен басқа да іске қатысушылар іс- әрекеттерінің жағдайы, тәртібі, сондай-ақ осы жағдайлар да пайда болатын құқықтық қатынастары біріктірілген, және жүйеленген заң шығару актісі.
5. «Қылмысты саралау» - Қылмыстық әрекетті белгілі қылмыстық құрамға жатқызу. Қылмыстық заң бабындағы қылмыс құрамына істеген әрекеттері тура келген және оған кінәлі адам жауапқа тартылады.
6. «Қылмыс» - ҚК жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қаіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.
7. «Айып, кінә» - Жеке адамның өзінің құқыққа қарсы мінез-құлыққа (әрекетіне немесе әрекетсіздігіне) және олардың салдарына психикалық
8. «Қадағалау сатысы» - тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшiне енген сот шешiмдерiне шағымы, наразылығы бойынша iстi қадағалау тәртiбiнде қарайтын сот;
9. «Судья» - сот билiгiнiң иесi; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, соттың мүшесi немесе тиiстi соттың басқа да судьясы);
10. «Төрағалық етушi» - қылмыстық iстi алқалық немесе жеке қарау кезiнде төрағалық ететiн судья;
11. «Алқаби» - соттың қылмыстық iсті осы Кодексте белгіленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;
12. «Басты сот талқылауы» - бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;
13. «Процеске қатысушылар» - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;
14. «Қылмыстық процестi жүргiзушi орган» - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет