«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған
Дәріс 1. «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты»
Жоспар:
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы түсінігі
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаты мен міндеттері.
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының
функциялары
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы – бұл өкілетті мемлекеттік органмен қабылданған және қылмыстық сот өндірісі аумағындағы қатынастарды реттейтін ең жоғарғы заң күші бар нормативтік акті.
Қылмыстық іс жүргізу сатылары:
1.
Қылмыстық істі қозғау
2. Алдын ала тергеу
3. Басты сот талқылауын тағайындау және істі сотқа дайындау
4. Басты сот талқылауы
5.
Аппелляциялық өндіріс
6. Шешімді орындау
Ерекше сатыға мыналар жатады:
1. Қадағалау – бақылау сатысы
2. Жаңадан ашылған мән – жайлар бойынша істі қайта қарау
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттарын екіге бөліп көрсетуге болады.
1.
Негізгі мақсаттар
2. Жалпы әлеуметтік мақсаттар
Негізгі мақсаттарға мыналар жатады:
1. Қылмыстық заң тиым салған іс – әрекетті айқындау
2. Осы әрекетті
жасаған адамды айқындау, кінәлі адамға жазаның қолданылуын қамтамасыз ету
3. Заңсыз түрде қылмыстық ізге түсуге душар болған адамдарды ақтау
4. Бұзылған құқықты қалпына келтіру
5. Прокурордың сотта мемлекеттік мүдделерін
білдіруі
6. Әділ соттын жүзеге асуын қамтамасыз ету
Жалпы әлеуметтік мақсаттарға мыналар жатады:
1. Қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылатын адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету
2. Қоғам мүдделерін қорғау (материалдық және рухани құндылықтарын)
3. Мемлекетті қорғау (Оның
Конституциялық құрлысын, егемендігін және территориялық тұтастығын қорғау)
Қылмыстық процестiң мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.
Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты
негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға,
қылмыстық алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуi тиiс.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының функциялары деп іс жүргізу қызметінің негізгі түрлері мен бағыттарын айтамыз. Қылмыстық іс жүргізу құқығының функцияларын екі топқа бөліп көрсетуге болады: