Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi 1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда сот iсiнде мемлекеттiк тiлмен бiрдей орыс тiлi немесе басқа да тiлдер қолданылады.
2. Бiр қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен белгiленген сот iсiн жүргiзу тiлдерiнiң бiрiнде жүзеге асырылады.
3. Iс бойынша iс жүргiзiлген тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға сотта өзiнiң ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа тiлде өтiнiш жасау, түсiнiк және айғақтар беру, өтiнiш бiлдiру, шағым жасау, iстiң материалдарымен танысу, сөйлеу, осы Кодексте белгiленген тәртiппен аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.
4. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға олар үшiн заң күшiмен қажеттi iстiң басқа тiлде жазылған материалдарын қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiне аудару тегiн қамтамасыз етiледi. Сот процесiне қатысушы адамдарға соттағы айтылғандардың басқа тiлде болған бөлiгiнiң сот iсiн жүргiзу тiлiне аудармасы тегiн қамтамасыз етiледi.
5. Қылмыстық процестi жүргiзушi органдар процеске қатысушыларға осы Кодекске сәйкес оларға сот iсiн жүргiзу тiлiнде тапсырылуы тиiс құжаттарды тапсырады. Бұл ретте қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiн бiлмейтiн адамдар үшiн сот iсiн жүргiзудiң осы адамдар таңдаған тiлiнде жазылған құжаттарының куәландырылған көшiрмесi қоса берiледi.
Бақылау сұрақтары: 1. Қылмыстық іс жүргізу қағидалары.
2. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының мақсаттары мен міндеттері
Глоссарий: 1. «Тараптар» - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түcудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;
2. «Айыптау тарабы»- қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;
3. «Қылмыстық iзге түсу (айыптау)» - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мүндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;
4. «Қылмыстық iзге түсу органдары»- прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;
5. «Анықтау» - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;