«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар


Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау



бет8/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

10. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
1. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтелуге тиiс.
3. Жәбiрленушiнi, куәнi немесе қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен, не өзге де заңға қарсы қауiптi әрекеттермен қорқытқандығына жеткiлiктi негiздер болған кезде қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретi шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.
Судьялардың тәуелсiздiгi
1. Судья сот әдiлдiгiн атқару кезiнде тәуелсiз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
2. Соттың сот әдiлдiгiн атқару жөнiндегi қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапқа тартылады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.
3. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген.
Сот iсiн жүргiзудi тараптардың бәсекелестiгi мен тең құқықтылығы негiзiнде жүзеге асыру
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу айыптау және қорғау тараптарының бәсекелестiгi мен тең құқықтылығы принципiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қылмыстық iзге түсу, қорғау және iстi соттың шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген және оларды әртүрлi органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады.
3. Сотталушыға тағылған айыпты дәлелдеу мiндетi айыптаушыға жүктеледi.
4. Қорғаушы сотталушыны қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен әдiстерiн пайдалануға мiндеттi.
5. Сот қылмыстық iзге түсу органы болып табылмайды, айыптау немесе қорғау жағында болмайды және құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi.
6. Сот объективтiлiктi және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз iс жүргiзу мiндеттерiн орындауы және өздерiне берiлген құқықтарын жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдай туғызады.
7. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы тараптар тең құқықты, яғни оларға Конституциямен және осы Кодекспен өз айқындамаларын қорғауға бiрдей мүмкiндiк берiлген. Сот, iс жүргiзу шешiмiн, зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бiрдей негiзде қамтамасыз етiлген дәлелдерге ғана негiздейдi.
8. Тараптар қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң айқындамасын, оны дербес және сотқа, басқа да органдар мен адамдарға тәуелсiз қорғаудың әдiстерi мен құралдарын таңдайды. Сот тараптың өтiнiшi бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртiппен қажеттi материалдарды алуға жәрдем көрсетедi.
9. Мемлекеттiк айыптаушы мен жеке айыптаушы белгiлi бiр адамның қылмыстық iзiне түсудi жүзеге асыра алады немесе заңда көзделген жағдайларда қылмыстық iзiне түсуден бас тарта алады. Сезiктi мен айыпталушы өзiнiң кiнәсiн еркiн жоққа шығара алады немесе өзiн кiнәлiмiн деп мойындай алады. Азаматтық талапкер талап арыздан бас тартуға немесе азаматтық жауапкермен бейбiт келiсiм жасасуға құқылы. Азаматтық жауапкер талап арызды мойындауға немесе азаматтық талапкермен бейбiт келiсiм жасасуға құқылы.
10. Сот тараптарға бiрiншi және аппеляциялық сатылар бойынша істі қарауға қатысу құқығын қамтамасыз етедi; айыпталушы және оның қорғаушысы iстi қарау кезiнде, қадағалау тәртiбiмен, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жiберiледi. Сот әрбiр қылмысты iстi қараған кезде айыптау тарабының мемлекеттiк не жеке айыптаушысы болуға тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет