Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру



бет32/35
Дата21.04.2022
өлшемі487 Kb.
#31711
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Дип.-ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТЕГІ-ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ-ӘРЕКЕТТЕРІ-1

ҚОРЫТЫНДЫ
Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің кейбір жақтары өзіміз көріп отырғанымыздай әлі күнге біз үшін жариялануға жатпайтын мемлекеттік құпия болып отыр. 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді ішінара реттейді және оның кемшіліктері жеткілікті деуге болады.

Сонымен, қолданыстағы Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру заңына сәйкес жедел-іздестіру әрекеттері дегеніміз жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өз құзыреті шегінде өздерінің алдына қойылған міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекеттері екен.

Оның жүргізілуі нысанына байланысты түрлері болып табылатын жария жедел-іздестіру әрекеттері дегеніміз ашық жүргізілетін, азаматтарға түсінікті және қоғамдық танысу үшін қол жеткізерліктей жедел-іздестіру сипатындағы әрекеттер, ал жасырын жедел-іздестіру әрекеттері дегеніміз мүдделі тұлғаларға, объектілерге, оқиғалар мен мән-жайларға қатысты құпия, жасырын жүргізілетін және ол туралы жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың, өзге органдардың лауазымды тұлғалардың тар шеңбері білетін жедел-іздестіру сипатындағы әрекеттер екен.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттері тек жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен жүргізіледі. Мұндай органдар болып ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау, қаржы полициясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі табылады. Бұл органдардың ішінде жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін кез-келген құрылымдық бөлімшелері жүргізе бермейді, керісінше тек жедел бөлімшелері жүргізеді екен.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін тек жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар өз құзыреті шегінде жүргізеді. Олардың құзыреті заңда қай жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қай жария немесе жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге құқылы екенін белгілеген. Жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін толық көлемде негізінен ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, қаржы полициясы органдары жүргізеді.

Сонымен бірге, жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттерін шешуге бағытталады. Әр жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның алдында жалпыға ортақ міндеттерден басқа аралық міндеттер де бар. Жалпы ортақ міндеттер 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабында белгіленген.



Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекетері құпия ведомстволық нормативтік актілерге негізделген арнайы күштерді, құралдарды, нысандарды, әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жүргізіледі. Олар көбінесе жасырын жүзеге асырылады. Бұл арнайы күштер, құралдар, нысандар, әдістер мен тәсілдер мемлекеттік құпияны құрайды. Оларды қолдану жедел-іздестіру қызметі тәжірибесімен негізделген.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттері тек қана 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздерде жүргізіледі.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шарттары сақталуы тиіс.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу нәтижелері нысаны ведомстволық нормативтік актілермен белгіленген құжаттармен құжаттандырылады. Олардың дәлелдемелік күші жоқ. Оның ішінде жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижелері олардың жүргізілуі аяқталғаннан кейін жарияланбайды. Ал, жария жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижелері олар жүргізілуі аяқталғаннан кейін жариялануы тиіс.

Сонымен бірге, жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді құқықтық реттеудің де мәселелері бар екен. Олардың бірі – Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметінің сыртқы барлау қызметін қамтуында. Ресейде сыртқы барлау қызметі арнайы дербес заңмен реттеледі, жедел-іздестіру қызметі сыртқы барлау қызметінен бөлек қызмет болып табылады. Оның өзі бір уақытта жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың сыртқы барлау қызметін жүзеге асыруына әкеп соғып отыр. Солардың бірі болып табылатын ҚР ҰҚК сияқты органдардың мемлекеттік аппараты күшеюі кезінде оның саяси мақсаттарда өз азаматтарына қатысты қылмысты іс-әрекеттер жасау құралына айналуы мүмкін. Себебі сыртқы барлау қызметін жүзеге асыру ешқашанда ешбір мемлекетте жариялануға жатпайтын нормативтік актілерге сүйенеді. Сыртқы барлау қызметі мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамдарды өлтіруге, олардың денсаулығына зиян келтіруге, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге жол береді. Мысалы, А. Сәрсенбаевті өлтіруге ҚР ҰҚК-нің «Сұңқар» арнайы бөлімінің қызметкерлерінің қатысуын келтіруге болады. Мұның өзі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепіл бола алмайды.



Сондықтан жедел-іздестіру қызметінен заң дәрежесінде сыртқы барлау қызметін бөліп шығару қажет және оны реттейтін «Сыртқы барлау қызметі туралы» арнайы заң шығару қажет. Сонда ғана Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына толық кепіл болады.

Тағы бір мәселе – заңмен қорғалатын жеке өмірге тиіспеушілік, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен пошта жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйді қол сұғудан қорғау құқығын қозғайтын жасырын (арнайы) жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің шекті мерзімдерінің заңмен белгіленбеуінде. Әрине, ондай мерзімдер құпия ведомстволық нормативтік актілермен белгіленуі мүмкін, бірақ олар заңмен қорғалатын жеке өмірге тиіспеушілік, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен пошта жөнелтілімдері құпиясы, сондай-ақ тұрғын үйді қол сұғудан қорғау құқығы бұзылған азаматтар үшін ол жабық, қол жетерліктей емес. Байқау, тұрғын жайларды, ғимараттарды, жер учаскелерін және көлік құралдарына кіру және тексеру; пошта жөнелтілімдерін бақылау; телефонмен және өзге де сөйлесулерді тыңдау; байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау сияқты жасырын жедел-іздестіру әрекеттері азаматтардың жеке өміріне тиіспеушілік, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен пошта жөнелтілімдері құпиясы, тұрғын үйді қол сұғудан қорғау конституциялық құқықтарын шектеуге әкеліп соғатыны белгілі. Осының өзі мұндай әрекеттерді жүргізудің мерзімдерін шектемеу жоғарыда аталған азаматтардың конституциялық құқықтарының шектелуінің жүйелі түрге айналуына әкеп соғуда. Мысалы, 1995 жылғы 12 тамыздағы №144-ФЗ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Ресей Федерациясының Федералдық Заңымен азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын жедел-іздестіру әрекеттері 6 айға дейін жүргізілуі мүмкін. Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарының жүйелі түрде бұзылмауының кепілі. Сондықтан, азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің шекті мерзімдерін жедел-іздестіру заңында белгілеу керек.

Қазақстандық жедел-іздестіру заңнамасының тағы бір кемшілігі – заңда жекелеген жедел-іздестіру әрекеттеріне анықтама берілмегендіктен, аталған жедел-іздестіру әрекеттерін әр қалай түсінуге әкеп соғып отыр. Мысалыға, Беларусь Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңында жедел-іздестіру әрекеттерінің әрқайсысына анықтама берілген. Бұл жедел-іздестіру әрекеттерін әр қалай түсіндіруді туғызбайды. Сондықтан, қазақстандық жедел-іздестіру заңында тізімі заңмен бекітілген жедел-іздестіру әрекеттеріне анықтама беру арқылы әр қалай түсінушілік мәселесін жоямыз.

Сонымен, жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу ерекшеліктері осындай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет