Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру


Қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу



бет29/35
Дата21.04.2022
өлшемі487 Kb.
#31711
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
Дип.-ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТЕГІ-ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ-ӘРЕКЕТТЕРІ-1

Қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу. Қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу – жедел бөлімшенің штаттық қызметкерін немесе конфидентті қылмысты ортаға немесе тиісті объектілерге құпия енгізуге, жедел маңызды адамдар, фактілер және мән-жайлар туралы мәліметтерді табу, адамдарға ықпал етуге және жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуге және шешуге мүмкіндік жасауға өзге құпияға қатысуға негізделген жедел-іздестіру әрекеті.

Қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу арқылы ақпаратты алуды қолдануға алғы шарттарды көптеген елдердің жедел-іздестіру заңдары жасауда. Бірақ заң шығарушы әр елде жедел уәкілдіге құқыққа қайшы әрекеттерді қылмысты ортада болуымен жағдайланғанда жасауға рұқсат беріле ме деген сұраққа әр түрлі жауап береді.

Тәжірибе қылмысты орталарға ақпараттың тиісті қайнар көздерін енгізбей қылмысты топтарды әшкерелеу кейде мүмкін еместігін дәлелдейді.

Қызметкерді қылмысты ортаға енгізуде басшылардың шығармашылығы және орындаушылардың артистігі орын алады. Бұл, әрине, олардың өміріне әр қадамында қауіп төндіреді. Сондықтан ол өзін келесідей жағдайларда ақтайды:

- қылмыстық қызмет туралы дәлелдемелер процессуалдық іс-әрекеттер кезінде алу мүмкін болмаса;

- уақыт жетіспеушілік жағдайында, егер қылмыстық іс қозғау туралы, оны тіркеу туралы шешім процедурасы, жедел-тергеу тобын құру, олардың мүшелері арасында функцияларды бөлу және т.б. әзірленіп жатқан қылмыстың алдын-алуға мүмкіндік бермесе немесе қылмысты құрылым қатысушалары сот төрелігінен жасырылуы мүмкін болса.

Қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу, әдетте, аңызбен әрекет ететін жедел уәкілділермен қылмыс жасауда сезіктілермен жүзеге асырылады. Енгізілген адамдар қылмысты қызметті еліктеу мінез-құлқын қолдануға, ауырлығы онша емес қылмыстарды жасауы, өзге адамдардың заңды мүдделеріне қызметтік борышын құқыққа сай орындағанда зиян келтіруі мүмкін. Берілген қызметкерауыр қылмыстар жасауға, азаматтарды өмірінен айыруға және т.б. құқығы жоқ.

Енгізуді жүзеге асыру кезінде жедел қызметкерлер оның құқық қорғау органдарына жататындығын, сондай-ақ жұмысы туралы, пайдалануындағы көлік құралы туралы шифрлайтын құжаттарды пайдалануға құқылы.

Қылмыстық топтардың қызметін әшкерелеу үшін қызметкерлерді енгізу бірнеше айға немесе жылдарға созылған ұзақ болуы мүмкін. Қысқа уақытты енгізу бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін.

Қылмысты ортаға енгізіліп жатқан адамдардың құқықтары қосымша қорғалған. Олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайды және жариялауға тек олардың келісімімен жатады.

Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу нәтижесінде мыналар жүзеге асырылуы мүмкін:


  • қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ оларды дайындап жатқан, жасап жатқан және жасаған тұлғаларды анықтау;

  • анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жауаптылықтан бой тасалап жүрген тұлғаларды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіруді жүзеге асыру;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік, әскери, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікке зиян келтіретін оқиғалар мен әрекеттер туралы мәләметтер жинау.26





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет