Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы


Дифракциялық тордың дисперсиясы мен ажырату қабілеті



бет20/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80
Байланысты:
оптика УМКД -1

Дифракциялық тордың дисперсиясы мен ажырату қабілеті.
Дифракциялық решетканың бір негізгі сипаттамасы оның бұ-рыштық дисперсиясы. Ол мынадай формуламен өрнектеледі.
Сонымен дифракциялық решетканың бұрыштық дисперсиясы дегеніміз бұрылу бұрышының жарық толқыны ұзындығы бойынша алынған туындысы болады. Сонда теңдеуді λ және φ бойынша дифференциалдасақ, решетканың бұрыштық дисперсиясы мынаған тең болады: (2)
Дифракциялық решеткарың екінші негізгі сипаттамасы оның ажырату қабілеті болып табылады.Теория жүзінде дифракциялық решетканың ажырату қабілеті решеткенің саңылауларының жалпы N санына пропорционал екендігін дәлелдеп көрсетуге болады:
мұндағы k — спектрдің ретін көрсететін бүтін сан. Сөйтіп решетканың ажырату қабілеті оның саңылауларының жалпы саны мен спектрдің ретін көрсететін санның көбейтіндісіне тең.
Әдістері:дәріс презентация
Әдебиеттер:[1] §20, 21 [2] §3.5; [3] §4.2,4.3; [4] §7; [6]; [7]


7-апта
7. Тақырып:Жарық поляризациясы.
Мақсаты: Жарық поляризациясы ұғымы. Поляризация табиғаты.
Жарықтың толқындық қасиеті көрінетін құбылыстардың біріне жарықтың поляризациясы жатады. Электр векторы, яғни жарық векторы барлық бағытта тербеліс жасайтын жарықты табиғи жарық деп атайды. Электр векторы бір ғана бағытта немесе тек белгілі бір бағыттарда ғана тербеліс жасайтын жарықты поляризацияланған жарық деп атайды.



Жарықтың поляризациясы деп жарықтың тек белгілі бір бағыттарда тербеліс жасауын айтады. Электр векторы тербеліс жасайтын жазықтықты тербеліс жазықтығы деп атайды, ал тербеліс жазықтығына перпендикуляр жазықтықты, яғни магнит векторы тербеліс жасайтын жазықтықты поляризация жазықтығы деп атайды.

Егер электр векторының ұшы айнала отырып эллипс сызса, онда мұндай жарықты эллипстік поляризацияланған жарық деп атайды, ал электр векторының ұшы айнала отырып шеңбер сызса, онда мұндай жарықты шеңберлік поляризацияланған жарық деп аталады.
Электр векторының ұшы сағат тілінің бағытымен айналатын болса, онда мұндай поляризация оң, ал сағаттың тілінің бағытына қарсы айналса, онда теріс поляризация деп аталады.
Электр векторы тек бір ғана жазықтықта тербеліс жасаса, онда мұндай жарық сызықтық поляризацияланған жарық деп аталады.
Поляризацияланған жарықты арнайы мөлдір кристалдар, поляризаторлардың көмегімен алуға болады. Мұндай кристалдарға мысалы: турмалин, исланд шпаты және т.б. кристалдар жатады. Жарықтың поляризациялану дәрежесін анықтау үшін сондай екінші бір кристалл қолданылады. Бұл кристалл анализатор деп аталады. Поляризатордың жарықты тежемей өткізетін жазықтығын кристалдың поляризация жазықтығы деп атайды. Поляризатор мен анализатордың поляризация жазықтығын бір-біріне қатысты бұрғанда өтетін жарықтың интенсивтілігі ең үлкен мәннен ең кіші мәнге дейін өзгереді. Жарықтың поляризациялануы поляризация дәрежесімен анықталады:
1) Табиғи жарықтың поляризация дәрежесі нольге тең.

2) Сызықтық поляризацияланған жарықтың поляризация дәрежесі бірге тең .
Идеал кристалға табиғи жарық түссін. Кристалл жазықтығына бұрыш жасай тербелетін А амплитуданы екі тербелістерге жіктеуге болады (сурет).



Кристалл жазықтығына параллель жарық толқындары ғана өтетінін ескесек, онда Жарық тербелісінің интенсивтілігі амплитуданың квадратына тура пропорционал ( ) және орташа мәні -ге тең болады. Соныменен идеал поляризаторға табиғи жарық түскенде, өткінші

жарықтың интенсивтілігі табиғи жарық интенсивтілігінің жартысына тең болады.

Идеал поляризаторға жазық поляризацияланған жарық түссін. Жазық поляризацияланған жарықтың интенсивтілігі және поляризатор жазықтығы мен жарықтың поляризация жазықтығы арасындағы бұрыш болғанда кристалдан өтетін жарық интенсивтілігі Малюс заңымен анықталады.
Табиғи жарық поляризатор мен анализатор жүйесіне түссін.



Р поляризатордан өтетін жарықтың интенсивтілігі және Малюс заңына сәйкес А анализатордан шығатын жарықтың интенсивтілігі . Соныменен табиғи жарық поляризатор мен анализатор жүйесіне өткенде жарықтың интенсивтілігі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет