Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы


тәжірибе. Линзаның фокалді жазықтығы ұғымын енгізу



бет69/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80
Байланысты:
оптика УМКД -1

9 тәжірибе. Линзаның фокалді жазықтығы ұғымын енгізу
Экранның ортасына жиналмалы линзаны орналастырады. Оның басты оптикалық осінде бір шоқ сәуле тарататын жарықберуші орналасқан. Басты осьті экранда сызықпен белгілейді. Экранда шоқ сәуленің линзамен тоғысқан жерін нүктемен белгілейді. Сосын басты фокусқа және жанама фокусқа анықтама беріледі. Жарықберушіні сәуле шоғының осі линзаның центрінен басты оптикалық оське белгілі бір бұрыш жасайтындай етіп орналастыру қажет. Жанама фокустың нүктесін экранда белгілеп қояды. Сәуле шоқтары міндетті түрде линзаның центріне түсетін етіп, сәуленің бұрышын ауыстыра отырып тәжірибені бірнеше рет қайталайды. Экранда белгілер топтамасын алып, білімалушылардың назарын мынған аударады: экрандағы белгілердің барлығы бір түзу бойында линзаның басты осіне перпендикуляр жатады. Бұл түзу фокальді жазықтықтың экрандағы проекциясы болып табылатындығын атап көрсетеді. Тәжірибені мынадай анықтамамен тамамдайды: линзаның фокальді фокусы – линзаның жанама фокустарының геометриялық орны болып табылады.


10тәжірибе. Линзаның жалған фокусін көрсету

Экранда шашыраңқы линза мен үш жарықберуші орналастырады. Жарықберушінің терезелерін бір саңылауы бар диафрагмамен жабылған. Бірінші жарықберушінің сәулесі басты оптикалық осі арқылы линзаның центріне бағытталады. Басқа екі жарықберуші бірінші жарықберушіден астында-үстінде бірдей қашықтықта орналасып және сәулелерін оське параллель бағыттайды. Сәулелер линза арқылы өткенде астыңғы үстіңгі жарықберушілердің сәулелері басты оптикалық осьтен алыстайды (шашырайды). Егер бұл сәулелерді олардың шашырауына қарсы қарсы жалғастыратын болсақ, онда олардың жалғасы оптикалық осьте жататын бір нүктеде тоғысады. Бұл нүктені экранда белгілей отырып, біз линзаның жалған фокусына анықтама береміз. Оның жалған деп аталу себебі, онда линзадан өткен сәулелер емес, олардың жалғасулары тоғысады.


Содан кейін екінші жалған фокус бар екенін дәлелдеу үшін жарықберушілерді линзаның екінші жағына орналастырып, тәжірибені қайталайды. Оның орналасуын экранда белгілеп, линзаның центрінен жалған фокусқа дейінгі арақашықтықты өлшейді. Шашыраңқы линзаның фокустары линзаның центрінен бірдей арақашықтықта орналасқанына көз жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет