11 тәжірибе. Линзада бейнелер салу үшін қолданылатын басты сәулелердің жүрісі Экранда көлденең сызық өткізеді. Сызықтың ортасына оптикалық осі сызықтың бағытымен сәйкес келетіндей етіп жинақтағыш линза қояды. 20 тәжірибеде көрсетілгендей жарықберушілердің көмегімен линзаның басты фокусының орнын анықтап, белгі қояды.
Содан кейін экранда бір саңылауы бар диафрагмамен жабылған жарықберушіні қалдырады. Жарықберушіні сәуле линзаның алдыңғы фокусынан өтіп, линзаның бетіне түсетін етіп орналастырады. Сәуле линзадан өткеннен кейін, ол линзаның басты осіне параллель таралады. Жарықберушінің сәулесін линзаның оптикалық осіне бағыттап, бұл жағдайда сәуле бағытын өзгертпейтінін бақылайды. Үшінші рет сәулені линзаның осіне параллель бағыттағанда, сәуле линзадан кейін оның екінші фокусынан өтетінін көреді.
Зертханалық жұмыс №11:Көру трубасының үлкеюін анықтау.
1 - жаттығу. Құралдар: Штативте көру трубасы, масштаб, өлшегіш сызғыш.
Жардағы сызғыштың бейнесіне трубаны орнатамыз. Окулярды қозғау арқылы анық кескін алуға тырысамыз. Бір көзімізбен трубаға, екіншішісімен сызғышқа карап, сол кезде екі көзбен де алынған кескін бір-бірімен беттесетіндей болу керек. Жай көзбен қарағандағы сызғыштың бүтін бөлік шкалаларын N –ді және трубадан қарағандағы n – ді санай отырып, көру трубасының үлкейтуін табамыз:
γ =
Көру трубасының көру өрісін өлшеу үшін трубада көрінген жардағы масштабтан К бөліктерді белгілеп аламыз. Содан кейін сызғышпен немесе рулеткамен трубадан масштабқа дейінгі қашықтықты өлшеп алып көру өрісін табады.
Бүкіл өлшеулер 5 – тен кем болмау керек. Қорытындылар кестеге енгізілуі керек.
№
N
n
Г
%
1
2
3
№
К
L
ε %
1
2
3
Көру трубасы. Алыс объектілерді қарау үшін көру трубалары қолданылады. Аспан денелерін қарау үшін пайдаланылатын көру трубалары телескоп деп аталады. Көру трубасының негізгі ерекшелігі объективтің артқы фокусы F/1 мен окулярдың алдынғы фокусы F2 ( ∆ ≈ 0) бір – біріне сәйкес келуі. Жарықталуын реттеу үшін объектив пен окулярдың ара – қашықтығын өзгертуге болады.
4-сурет.
Көру трубасының үлкейтуін табамыз. 4 – ші суреттен tgφ = ; tgφ/ = ; бұдан трубаның үлкейюі
γ = (5)
4 – ші суреттен көріп отырғандай көру трубасы қарастырылып отырған кескіннің төңкерілген кескінін береді.