Имашева турсынай бахытжановна



бет20/34
Дата23.09.2023
өлшемі6,21 Mb.
#110020
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
imasheva-t-b-povtor-phd-s-sp

Акмеологиялық тұғырды зерттеуші ғалымдар К.А. Абулханова-Славская, А.А. Деркач, Е.А. Климов, Н.В. Кузьмина, В.Н. Максимова, А.К. Маркова және т.б. Ғалымдар кәсібиліктің қалыптасу мәселелерін кәсіби әрекет тұлғасының ұдайы позитивті өзгерістерінің үрдісі ретінде қарастырады. Акмеология адам өмірі мен дамуындағы ең жоғарғы жеткен жетістіктері мен биік белестерін зерттейтін ғылым.
Акмеология саласындағы зерттеулер даму психологиясының ігетасты идеяларына келіп тіреледі:
– адамның индивид, жеке тұлға, даралық, өмірлік іс-әрекет тұлғасы ретіндегі даму құндылықтарына;
– атақты тұлғаларды зерттеу барысында анықталған жетістіктерге итемелейтін себептердің рөлі, тек қана «жақын даму аймағына» ғана емес, «болашақтағы (жоғарғы) даму аймағына» бағытталған «психология шыңына»;
– тұлғаның жасампаз әрекетінің өнімділігінің жоғарғы үлгілерін қамтамасыз ететін тұлғаның акмеологиялық мүмкіндіктерінің дамуына (өзіндік даму және шығармашылық) негізделеді.
Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамыту барысын зерттегенде, акмеология зерттейтін тұлғаның білім алу саласындағы ең жоғарғы даму жетістіктерін білген маңызды.
В.Н. Максимова тұлғаның ең жорғарғы даму үлгілерін анықтайды:
– өзін-өзі жетілдіру;
– тұлғаның ішкі түрткілерінің әсерімен болатын ең жоғарғы деңгейі;
– шығармашылық;
– тұлғаның ең белсенді және дербес дамуының жоғарғы деңгейі;
– кәсібилік;
– денсаулық;
– тұлғаның бар өмірлік күшінің дамуының, өмір сүруінің және еңбектенуінің бар ресурстарының ең жоғарғы үлгісі [114].
Кәсіби өзін-өзі дамыту тұлғаның психологиялық-педагогикалық жағымды жағдайда өз дамуының ең жоғарғы деңгейіне (акме-үлгіге) жетуіне мүмкіндік береді. Акмеологияда тұлға өзін дамытуға және шығармашылыққа, өз өмірін және кәсіби әрекетін ұйымдастыруға қабілетті өмір сүрудің тұлғасы ретінде қаралады.
Өзін-өзі дамыту мен ұйымдастыру негізінде тұлғаның жаңа жетістіктерге жету, жеңіске ұмтылу, жетілу, белсенді өмірлік ұстанымы позитивтік ой, өз мүмкіндіктеріне деген сенімі, өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі жатыр.
Акмеологиялық тұғыр болашақ педагогқа жаңа талаптар қояды. В.Н. Максимованың пікірінше, болашақ педагог пәндік талаптармен қатар, білім берудің жаңа парадигмасын, әлеуметтік педагогтың рухани дамуымен байланысты жаңа құнды сананы дәріптейтін себепкерлік-құндылықты бағдарларға, жаңа кәсіби санаға ие болуы тиіс.
Болашақ әлеуметтік педагог ғылыми-педагогикалық біліктілігі оның әрекетінің кәсібилігін, кәсіби сауаттылықтың жаңа әдіснамалық, пәндік-дамытушы, психологиялық, валеологиялық, акмеологиялық түрлерін қамтамасыз етуге тиіс.
Акмеология тұлғаның кәсібилігін қалыптастырудың және оның шеберлікке жетуінің жүйеқұрушы факторы негізінде «рефлекстік мәдени дамуды» қарастырады.
Соңғы жылдары синергетика атауымен танымал өзін-өзі ұйымдастыру теориясына жүгіну қажеттілігі туындай бастады. «Синергетика» терминін ғылыми қолданысқа енгізген Герман Хакен және ол оны өзара күрделі байланысқан көптеген бөліктер мен құрамдардан тұратын жүйелерді зерттейтін ғылым ретінде танытты [115].
Синергетиканың зерттеу пәніне тұрақсыздық жағдайындағы ашық, қатты теңсіз жүйелердің өзін ұйымдастыру мен эволюция заңдары жатады. Бұл кез-келген табиғаттың қоршаған ортамен өзінің барлық нүктелері арқылы энергиясымен алмасатын жүйелері болып табылады. Синергетика, нәтижелері жүйенің анағұрлым жоғары сапаға көшуін қамтамасыз ететін дағдарысты жағдайларда және ескі құрылымдардың бұзылуымен пайда болатын мүмкіндіктердің дамуын болжауға байланысты жасалды.
Синергетикалық тұғырдың зертеушілері Э.Н. Гусинский, Н.М. Таланчук еңбектерінде оның шеңберінде болашақ мұғалімдердің кәсіби өздігінен тұрақты түрде білім алуы кездейсоқ фактордың әсерімен бұзылу мүмкіндігі қарастырылады.
Кездейсоқ факторларға отбасылық немесе жеке басының мәселесі, сондай-ақ әдебиетте айтылған «кездесу феномені» немесе басқа тұлғамен, кітаппен, фильммен, қойылыммен жай «кездесу» енуі мүмкін. Кездейсоқ фактордың әсерінен болашақ әлеуметтік педаготардың мақсатының өзгеруі, онымен бірге барлық тұрақты кәсіби өзін-өзі дамыту жүйесі өзгеруі мүмкін.
Жоғарғы оқу орындарының болашақ әлеуметтік педагогтары – білім алушыларға белгісіз жағдайда бейімделуіне, мүмкіндігінше «жеке тұлғаның түпкі шамалық жүйесінде қалыптасқан өзін ұйымдастыру және кәсіби өздігінен білім алу механизмін» жіберуіне көмектесуі тиіс.
Өзін ұйымдастыру теориясы тұрақсыз, сенімсіз жағдайлар жүйесінде өмір сүру – сол тұрақтылық пен қарқынды дамудың шарттары болып табылатындығына негізделеді. Кез-келген әлеуметтік жүйеге тән қасиет – ретсіздік пен тәртіптің арасында даму қарама-қайшылықтарының болуы. Бір жағынан, жүйенің толыққандылыққа, тәртіпке қарай дамып жатқаны айқын болса, екінші жағынан, жүйенің толықандылығы оның дамуының тоқтауы болып саналады.
Тәрбие берудегі синергетикалық тұғырдың зертеушілері Н.М. Таланчук, С.С. Шевелева және т.б. бүгінгі таңдағы синергетиканың педагогикалық шамасына жүгіну мүмкіндігінің басты шарты перманенттік дағдарыс болып табылатындығын айтады. Онда өмірдің барлық салалары қамтылады, соның ішінде ұдайы тұрақсыз жағдайдағы өте тепе-теңсіз ашық жүйелерді өзіндік ұйымдастыру мен дамуының ықпалына ілігетін білім беру жүйесі де кіреді.
Синергетиканың педагогикалық үдерісінің болашағы – оның гуманистік білім беру жүйесіндегі дамытушы, күштемейтін, керісінше «көмектесуші» фактор ретінде айқындалады.
Болашақ әлеуметтік педагогтардың өзін-өзі дамытуына жоғарыда көрсетілген тұғырлар маңызды рөл атқарады. Алайда, жоғары оқу орнында кәсіби маман даярлау үдерісі өте күрделі үдеріс болып келеді. Болашақ әлеуметтік педагогтардың өзін-өзі дамыту үдерісi мәнiнiң, құрылымының жәнe мaзмұнының түсiнiгiнiң aнық болуы зeрттeлeтiн құбылысты модeлдeуде, ойшa экспeримeнт әдiсiн қолдaнуды қажет eтeдi.
Сонымен тұлғалық-әрекеттік, рефлексивтік, аксиологиялық, акмеологиялық, синергетикалық шеңберінде болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамыту процесі мынадай қағидалар негізінде жүзеге асырылады:
1. Рефлексивтік белсенділік қағидасы өзін-өзі тану (өзіндік талдау, өзіндік бағалау), өзін-өзі жобалау және өзін-өзі басқару тетіктерін енгізу жолымен болашақ педагог-психологтардың тұлғалық-мәнді ұстанымын іске асырады.
2. Жүйелілік қағидасы (Б.Т. Лихачев, И.Я. Лернер, В.В. Краевский, Д.Б. Эльконин, т.б.) кез келген педагогикалық құбылысты айқын белгіленген элементтердің жүйесі ретіндегі процесс нәтижесі деп сипаттайды.
3. Аксиологиялық қағида (К.А. Абульханова, В.П. Бедерханова, Г.И. Корчагина, т.б.) құндылықтар интериоризациясы процесін анықтайды. Мұнда болашақ кәсібіне құндылық қатынасын қалыптастыруға бағдарланады.
4. Субъектілік қағидасы (В.А. Петровский, А.Р. Ерментаева, В.Е. Волкова, т.б.) әрбір тұлғаның өз ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, адамның білімді, ерік пен қатынасты тасымалдаушы ретінде еркін таңдауы, өз әрекетіне есеп беруі құқығына қатынасын сипаттайды. Е.Н. Волкова субъектілік құрылымының белсенділік, рефлексияға қабілеттілік, таңдау еркіндігі мен оған жауапкершілік, субъектінің бірегейлігі, басқаны түсіну және қабылдау, өзін-өзі дамыту компоненттерін бөліп көрсетеді. Осының ішінде, рефлексияға қабілеттілікті шығармашылық ойлау, өзіндік сыни көзқарас пен пікір, субъектілікті дамытудың көзі деп атап көрсетеді.
5. Іс-әрекет қағидасы (Ю.К. Бабанский, В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Г.П. Щедровицкий, т.б.) тұлғаның іс-әрекетте қалыптасатынын ескере отырып, іс-әрекетті «оның қоршаған әлем объектісіне, әлемге (адамға, заттарға, қоғамға, нормаға, т.б.) қатынасын көрсететін белсенді формасы» ретінде әрқашанда өзінің нақты әрекетін көрсету формасы деп сипаттайды.
Студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытуға даярлығы деңгейлерін толықтай ашып көрсету үшін оның өлшемдерін анықтау қажет. Өлшемдер – бұл нақты көрінетін көрсеткіштер. Сол көрсеткіштердің арқасында өлшемдер жүргізіледі, қызмет нәтижелері бақыланады, қол жеткізілген жетістіктер туралы қорытындылар жасалады, жіберілген қателіктер анықталады [136].
Өлшемдер қызметті психологиялық талдау негізінде не жүзеге асырылу керек болса, соны білдіреді. Соларға қойылатын жалпы талаптарды В.А. Крутецкий бөліп көрсетті: баламалылық; сөздің кең мағынасында қызметтің табыстылығын сипаттайтын әділ көрсеткіштерді басым түрде қолдану; жетекші көрсеткішті бөліп көрсету арқылы бірнеше көрсеткішті қолдану [116].
Зерттеуімізде өлшемдер қандай да бір эталон болып табылады, сол эталон арқылы кәсіби өзін-өзі дамытуға даярлық дәрежесіне талдау жүргізіледі.
Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуға (мотивациялық-мақсатты, мазмұнды-жедел және рефлексиялық) дайындығының құрылымдық компоненттерін негізге ала отырып, зерттелуші процестің келесі критерийлерін бөлуге болады: кәсіби бағдарлау, кәсіби өзін-өзі дамыту мүмкіндігі және рефлексиялық дағдыларды дамыту.
Сонымен қатар тұлғаның кәсіби бағдарлау критерийі кәсіби өзін-өзі дамытуға студенттердің қажеттілігінің көрсеткішімен анықталады. Студенттердің кәсіби өзін-өзі дамыту қабілеті кәсіби өзін-өзі дамыту саласындағы білімі мен дағдыларының көлемі, кәсіби білімге деген қажеттілігі, кәсіби өзін-өзі дамытуды жобалау мен жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты анықталады. Рефлексиялық дағдылардың даму критерийлері кәсіби өзін-өзі мақсатты дамыту үдерісінде, өзінің әрекеттерін бағалау мүмкіндігі және кәсіби өзін-өзі дамытуды түзету мүмкіндігімен анықталады.
Түсінікті болу үшін 5-кестеде кәсіби өзін-өзі дамыту компоненттерін, критерийлері мен көрсеткіштерін ұсынамыз.

Кесте 5 – Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі бамытуға дайындығының компоненттері, критерийлері және көрсеткіштері





Компоненттер

Критерийлер

Көрсеткіштер

Мотивациялық-мақсатты

Жеке тұлғаның кәсіби бағдары

Кәсіби өзін-өзі дамытуға қажеттілік

Мазмұнды-операциялық

Кәсіби өзін-өзі дамытуды жүзеге асыру қабілеті

Кәсіби өзін-өзі дамыту саласында білімі мен дағдыларының деңгейі

Кәсіби білім мен дағдыларға деген қажеттілік

Кәсіби өзін-өзі дамытуды жобалау мен жүзеге асыру қабілеті

Рефлексивті

Рефлексивті дағдылардың дамуы

Кәсіби өзін-өзі мақсатты дамыту процесінде өз әрекеттерін бағалай білу

Кәсіби өзін-өзі дамытуда түзетулерді жүзеге асыру

Жеке тұлғаның кез-келген қасиетін, оның ішінде кәсіби өзін-өзі дамытуға дайындығын дамыту жолын белгілеу үшін оның деңгейін анықтау керек. Бұл міндетті шешу үшін деңгейлік тәсіл теориясы негіз болып табылады. Жүйелік тұтастықты жетілдіру өзгерістің күрделі ағымдарын, ең алдымен бір-біріне байланысты даму дәрежесінің бірізділігін көрсетеді. С.Л. Рубинштейн жанама түрде басқалардан ерекшеленетін әрбір осындай қадам салыстырмалы тұтастықтын білдіретінін атап өтті, сондықтан оны айрықша тұтастық ретінде сипаттауға болады [117]. Демек тұтастықтың динамикалық құрылымы оның жай-күйінің кезекті тәртібін көрсетеді. Деңгей – белгілі бір объект немесе процесс кешендерінің «жоғары» және «төменгі» даму сатыларының қатынасын анықтайды.


Педагогикалық әдебиетте деңгейден деңгейге өту жүйесінің келесі жолдары көрсетіледі:

  • құрылымның күрделенуіне әкелетін элементтердің дамуын күрделендіру;

  • элементтер арасындағы қатынасттың жетілдірілген жүйесін құру, яғни элементтерді құрылымдық даму деңгейіне дейін дамытатын неғұрлым жетілдірілген құрылымды құру;

  • элементті және құрылымды бір мезгілде жетілдіру.

Кәсіби қызметке дайындық деңгейлерін Н.В. Кузьмина, А.Н. Леонтьев, В.А. Сластенин, Н.С. Шкитина, И.В. Штых, Н.М. Яковлева және т.б. зерттеді. Олар бұл тұжырымдама барлық қасиеттерді, байланыстарды, қарым-қатынастарды тануға мүмкіндік беретін даму үдерісінің диалектикалық сипатын көрсетеді. Дамудың сапалы өзгерістері деңгейлердің болуын негіздейді.
Осылайша, белгіленген критерийлерге сүйене отырып болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамытуға дайындығының келесі деңгейлері анықталды: жоғары, орташа және төмен.
Критерийлер қатынасы мен болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамыту көрсеткіштерін негізге ала отырып 6-кестеде зерттелуші қасиет деңгейінің сипаттамасын көрсетеміз.

Кесте 6 – Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамыту деңгейі





Деңгей

Кәсіби өзін-өзі дамыту деңгейінің сипаттамасы

мотивациялық-мақсатты компонент

мазмұнды-операциялық компонент

рефлексивті
компонент

Жоғарғы

Білім мен практикалық дағдыларды игерудің жоғары ішкі мотива циясы. Рухани-практика лық қызметтің тәуелсіз түрі ретінде моральдық мотивтер мен танымдық белсенділіктің басым болуы. Кәсіби өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік.

Ксәіби өзін-өзі дамыту процесінің мағынасын білу, оның мәнін анықтау ға деген қызығушылық. Ксәіби білімге, қажетті ақпаратты іздеуге деген ішкі қажеттілік, өзіндік білім алуға белсенді позициясы. Кәсіби өзін-өзі дамытуды жобалау мен жүзеге асыру мүмкіндігі

Өзінің әрекетін объективті бағалай білу; өзін-өзі сараптау мен өзін-өзі бағалауды жүзеге асыра алу, өзін дік қызметте қиыншы лықтарды анықтау және алынған нәтиже лерді түзету; жағдайды оңтайлы шешу жолдарын іздестіру

Орташа

Білім беру қызметінің ішкі және сыртқы мотивациясы. Мансапқа қатысты оң көзқарас, кәсіби өзін-өзі дамыту процесі жөнінде білім алуға қосылу, оның маңыздылығына сену, бірақ оған қол жеткізу жолдарын білмеу

Кәсіби өзін-өзі дамыту процесі жайлы үстіртін білу. Қажетті ақпаратты іздеуге деген толық қажеттіліктің болмауы; «білім алуда» тәуелсіздік элементтерінің болуы. Кәсіби өзін-өзі дамытуды жобалауға тырысу

Өз қызметінің құрылы мын сараптай алу және қиындықтарды түрлі тәсілдермен шеше білу. Жағдайды шешудің жаңа жолдарын іздеу мүмкіндігінің бар болуы. Өз әрекеттерін бағалай білуге және сараптауға тырысу

Төменгі

Жағдайға байланысты оқу мотивациясы, кəсіби дамуға деген ұмтылыстардың болмауы. Жаңа ақпарат алуға қызығушылықтың болмауы. Қызметтің басты қозғаушы күші - бұл сыртқы ынталандыру

Кәсіби өзін-өзі дамыту про цесінің мәнін анықтауға қызығушылықтың бол мауы; жетіспейтін ақпарат ты іздеуге қажеттіліктің болмауы, жаңа білім алуға белсенділік пен жауапкер шіліктің болмауы; кәсіби өзін-өзі дамытуды жоба лай алмау және жүзеге асыра алмау

Өз санасы мен қызметі нің құбылыстарын түсінуге және талдауға ұмтылыстың болмауы. Қиындықтарды шешу жолдарын іздестірудің әлсіздігі, өз әрекеттерін түзетудің маңыздылы ғын түсінбеу

Болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамыту негіздеу үшін, түрлі теориялар мен ұғымдардың нәтижесінде пайда болатын білім берудің әр түрлі тәсілдерін аштық.
Оқытушыны оқытудың заманауи тәсілдеріне бағытталуы қызметтің негізгі бағытын, мақсатын және принциптерін анықтауға көмектеседі, яғни, өз педагогикалық философиясын, позициясын қалыптастыруға және соның негізінде іс-қимыл жүйесін құруға көмектеседі.
Болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамытуға арналған элективтік курсты модельдеу және құрастыру бойынша қызметтің әдіснамалық негізін философиялық және педагогикалық антропология идеялары (Гераклит, Ж.-Ж. Руссо, И. Кант, И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский және т.б.), тұлғалық бағытталған, қызметтік және кәсіби-жеке тұлғалық (Е.В. Бондаревская, О.С. Газман, Э.Н. Гусинский, Д. Дьюи, Г.А. Петров, В.В. Сериков, И.С. Якиманская және т.б.), бағдарламалық-мақсатты (Н. Стефанов), жүйелі (В.П. Беспалько) тәсілдерді жағдайлары мен мүмкіндіктерін зерттеулер, білім беру мекемесінің мәні, қалыптасуы мен дамуы туралы ғылыми ережелер (Л.С. Выготский, С.Б. Голуб, В.А. Караковский, Л.И. Новикова және т.б), саналы әрекеттерді кезең-кезеңімен қалыптастыру теориясы (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина), Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың білім беру қызметінің теориясы; контекстік оқыту тұжырымдамасы (А.А. Вербицкий) және т.б. құрайды.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамыту құралы ретінде авторлық бағдарламаны әзірлеуге келесі маңызды тәсілдерді анықтауға мүмкіндік береді: аксиологиялық, белсенділік, контекстік, жүйелік.
Мамандарды даярлаудың аксиологиялық тәсілі білім беруде әлемге, қызметке, тұлға ретіне өзіне және маманға деген көзқарасын анықтайтын студентті жалпы тұлғалық және кәсіби құндылықтар жүйесіне бейімдеуден тұрады (Ф.А. Дистервег, П.Ф. Каптерев, А.В. Петровский).
Адамның құндылықтарға көзқарасы оның психологиялық жай-күйін, өміріне қанағаттануын сипаттайды, ал құндылықтар жүйесі тәртіп пен қызметті реттейді, мотивациялық-қажеттілік саласын, бағыт пен кәсіби қызметті ұстануға дайындықты айқындайды.
Кәсіби құндылықтар адами құндылықтар жүйесінде жетекші орынға ие, сондықтан оларды қалыптастыру кәсіптік оқытуды ғана емес, тұтастай тұлғаны дамытудың да маңызды шарты. маманның кәсіби өзін-өзі дамыту жөніндегі кез-келген компонентінің негізінде тиісті құндылықтар жатыр. Бұл маманның кәсіби және жеке тұлға ретінде өзіне көзқарасын көрсетеді.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби қасиеттері, оның қабілеттері (кәсіптік, коммуникативтік, шығармашылық, интеллектуалдық) құндылықтарды құрайды.
Болашақ әлеуметтік педагогтың технологиялық мәдениетін қалыптастыру тұлғалық және кәсіптік тұрғыдан алғанда ең мәдени маңызға ие, яғни, ең құнды қызмет құралдары мен әдістерді таңдауды білдіреді. Өндіріс технологиясы, заңдылықтары мен принциптері деңгейінде шығармашылық кəсіби қызметте қолданылатын толық білім жүйесі құндылықтардың шағын жүйесі болып табылады.
Өзіндік даму және кәсіби өзін-өзі дамыту құндылықтары жетекші кәсіби құндылықтарға айналады. Тек осы жағдайда адамды ішкі ынталандыру көбірек жұмыс істеуге ұмтылдырады.
Болашақ әлеуметтік педагогтарды дайындаудың авторлық бағдарламасын негіздеуге арналған маңызды тәсілдердің бірі қызметтік тәсіл (Л.С. Выготский, В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.).
Адамның қалыптасуы, дамуы қызметте қалыптасатыны жалпыға мәлім. Сондықтан педагогикалық процестің тиімділігі оқушылардың білімге белсенді араласуына байланысты. Бұл қызметті ұйымдастыру арқылы студенттердің әлеуметтік және кәсіби тәжірибе жинауы, қабілеттерінің дамуы мен әлемге деген, өзіне деген көзқарасының қалыптасуы жүзеге асырылады.
Қызметтік тәсілге сәйкес, қызметтің субъектісіні айналуды қамтамасыз ететін маманның кәсіптік қызмет құрылымының толық қалыптасуы білім берудің басты мақсаты болып табылады. Студент өзінің кәсіптік қызметін қалай жүргізіп, білім алу процесінде оны қалай жүзеге асыратынына байланысты кәсіби маман ретінде қалыптасады. Студенттердің танымдық белсенділігі және кәсіптік бағдары болашақ қызметіне бағытталуы тиіс.
Дегенмен де, оқу және кәсіптік қызмет арасында А.А. Вербицкий қарастырған қарама-қайшылықтар да бар:

  • оқыту қызметінің абстрактілі пәні мен болашақ қызметтің нақты пәні арасында;

  • білімді тәжірибеде жүйелі түрде қолдану мен олардың әртүрлі пәндер бойынша оқу үрдісінде таралуы арасында;

  • білімді меңгерудің жеке әдісі мен шешім қабылдауда мамандардың ұжымдық қарым-қатынасы арасында;

  • кəсіптік қызметке қатысу мен танымдық психикалық процестегі дәстүрлі оқыту тірегі арасында;

  • студенттің «жауап» позициясы мен шешім қабылдайтын және басқа адамдардың қызметін басқаратын маманның позициясы арасында [118].

Студенттің кәсіби қызметтік субьектке айналуына кедергі жасайтын қайшылық – сипаты мен мазмұны бойынша кәсіби қызметтен ерекшеленетін басқа білім беру қызметінің шеңберінде сол қызметке ие болу.
Жоғарыда келтірілген қарама-қайшылықты білім беру мен кәсіби қызметтің тоғысуына жағдай жасайтын контекстік тәсіл арқылы шешуге болады (А.А. Вербицкий). Бұл тәсілдің мәні – нақты кәсіби байланыстың білім беру қызметін әдісте құрастырып, кәсіби міндеттерді шешу арқылы болашақ кәсіби қызметтің контекстінде оқу процесін жүзеге асыру.
Университетте оқытылатын кез-келген пәндер маманның болашақ қызметінің контекстінде зерттелуі керек, ал оның мазмұны - маманның профиліне байланысты өзгертіледі.
Контекстік тәсілге сәйкес адамның мақсатты-бағытталған түрде қандай да бір кәсіби қызметті оның және оның барлық жақын араласатын адамдарының өмірлік жағдайының контекстінен бөлек игерілмейді. Осы элементтердің жиынтығы жағдайға тұлғалық мән мен мағына беретін контексті құрайды. Студенттердің оқу ісінде кәсіби қызмет жағдайын модельдеу болашақ қызметтің мазмұнын нақты білім беру және өмірлік қатынастар контексіне енгізуге мүмкіндік береді, тиісінше, оларды ксәіби және тұлғалық мәні бар қызмет құралдары ретінде қабылдауға септігін тигізеді. Осылайша, оқыту бір мезгілде екі жақты контексте жүзеге асырылады: студенттің кәсіби және өмірлік жағдайы.
Осы тәсіл негізінде А.А. Вербицкий білім алу қызметінің кәсіптікке ауысуын қамтамасыз ететін контекстік оқыту технологиясын әзірледі. Оны жүзеге асыру барысында әдістемелік кешен студенттің кәсіби өзін-өзі дамыту құралы ретінде әзірлеу үшін білім беру қызметін квази-кәсіптік деңгейге біртіндеп өзгерту (іскерлік ойындар және оны модельдеудің басқа түрлері), содан кейін - білім беру және кәсіптікке өзгерту қажет (әлеуметтік-педагогикалық тәжірибе, курстық жұмыстар, СБЖ және т.б.), бұл білім алудан қызметтік жағдайға ауысуға жағдай жасайды. Өтпелі формаларға зертхана және тәжірибелік жұмыстар, нақты әлеуметтік-педагогикалық қызметтің сараптамасы, имитациялық үлгілеу, арнайы курстар, арнайы семинарлар және т.б. жатады. Контекстік оқытудың концепциясы мамандарды дайындауды жетілдіруге арналған көптеген жұмыстарда көрінеді (Н.В. Борисов, Т.П. Гордиенко, Г.Л. Ильина, Т.М. Сорокина және т.б.).
2.1-суретте көрсетілгендей, болашақ әлеуметтік педаготарды кәсіби өзін-өзі дамыту моделі тұжырымдамалық, технологиялық, бағалаушылық блоктардан тұрады, оларға төмендегідей сипаттама беріледі.
Тұжырымдамалық блокта модельді құрастырудағы әдіснамалық тұғырлар (жүйелілік, аксиологиялық, рефлексивтік, тұлғалық-іс-әрекеттік) мен басшылыққа алынатын қағидаларға (жүйелілік, аксиологиялық, рефлексивті белсенділік, субъектілік, іс-әрекеттік) сипаттама беріледі.
Технологиялық блокта кәсіби өзін-өзі дамыту процесінің құралдары, формасы, қолданылатын басымды әдістері, педагогикалық шарттары анықталады. Сонымен бірге болашақ педаготарды кәсіби өзін-өзі дамыту моделі құрылымының мотивациялық-мақсатты, мазмұнды-операциялық және рефлексивті компоненттері ашып көрсетіледі, оның негізіне кәсіби даярлау процесінің мазмұны алынады. Нәтижелік блокта болашақ педаготарды кәсіби өзін-өзі дамыту моделінің жоғарыда аталған компоненттеріне сәйкес өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықталады.
Болашақ кәсіби өзін-өзі дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделінің компоненттерін (мотивациялық-мақсатты, мазмұнды-операциялық және рефлексивті) сипаттайтын өлшемдері (болашақ әлеуметтік педагогтардың өзіне қарым-қатынасы, педагогикалық өзара әрекеттестікке қатысушыларға қатынасы, кәсіби пәндерге қатынасы) мен көрсеткіштерін және соған сәйкес деңгейлерін анықтауда осы мәселені қарастырған ғалымдар еңбектерінің зерттеуіміз үшін маңызы зор.



Сурет 2.1 – Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудың моделі


Болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби өзін-өзі дамытуға мотивациялық-мақсатты компоненті келесіден көрінеді. Кәсіби қызметтегі мақсат – бұл адамның еңбегі нәтижелерінің саналы бейнесі, өзінің өзгеруі (өзін-өзі дамытуы) үшін тұлғаның мақсаттар қою процесі.


Өзін-өзі дамыту түріне байланысты мақсаттар өзгеріп тұруы мүмкін – тұлғалық немесе кәсіби. Ғылыми зерттеулердің материалдарын ескере отырып, болашақ әлеуметтік педагогтің өз бетімен білім алуының басты мақсаты кәсіби қызметке оң уәждеме тудыруда, өз шеберлігін және өзін-өзі жетілдіруді арттыра түсуде болып көрінеді. «Еңбек уәждемесі – бұл адам өзінің кәсіби қабілеттерін сол үшін жұмсайтын, кәсіби ойлауды және т.б. іске асыратын нәрсе». Сәйкесінше, осы компоненттің уәждемелік құраушысы келесі функцияларды жүзеге асыруға себеп болады:

  • қозғау салушы (болашақ әлеуметтік педагогтің өзінің кәсіби қызметіне деген белсенділігін тудырады);

  • бағыттаушы (әлеуметтік педагогтің болашақ кәсіби қызметіндегі мақсатының сипатын анықтайды);

  • реттеуші (кәсіби қызметтің құндылықты бағыттарын, түрткілерін, яғни өзгеруге себептерін анықтайды).

Осылайша болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби өзін-өзі дамытуға даярлығының уәждемелік-мақсатты компоненті өзгеру (өзін-өзі дамыту) мақсаттарына жету үшін салынатын күштердің бағыттанушылығын және шамасын анықтайтын талаптардың жиынтығы болып табылады; кәсіби мінез-құлықтың мақсаттылығын даярлайды, алайда оны қамтамасыз етпейді.
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер кез-келген процестің мазмұнын анықтайды, демек, болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби өзін-өзі дамытуға даярлығы құрылымындағы келесі компонент ретінде мазмұнды-операциялық компонентті атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет