Имашева турсынай бахытжановна



бет31/34
Дата23.09.2023
өлшемі6,21 Mb.
#110020
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
imasheva-t-b-povtor-phd-s-sp

ҚОСЫМША Ә

«Адам-адам» мамандығы жүйесінде жұмыс істеуге икемділігін, әлеуметтік-педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға арналған Е.А. Климованың тесті




Төменде келтірілген сұрақтарға көп ойланбай, бірден жауап беріңіз.

  1. Басқалар сізді өкпелегіш, қарым-қатынаста ренжігіш деп есептей ме (сын, ескертпеге жауап бергенде)?

  2. Қарым-қатынас кезіндегі түрлі алаңдаушылықтардан пайда болатын қапалану, қуаныш, мұңаю сезімдері сіздің жүрегіңізде ұзақ сақталады ма?

  3. Сіздің көңіл-күйіңізде оның жақсаруы мен бұзылуы жиі болады ма?

  4. Сіз өзіңізге айтылған сынды ауыр және ұзақ уайымдап жүресіз бе?

  5. Сізді шулаған көңілді адамдар тобы қатты шартатады ма?

  6. Сіз жаңа адамдармен танысқан кезде қиналып, ұяласыз ба?

  7. Сізге бір нәрселерді басқалардан сұраған гөрі кітаптан біле салған жеңіл әрі жақсырақ па?

  8. Сіз жалғыз өзіңіз, тыныштықта болып демалуды жиі қалайсыз ба?

  9. Сіз сөйлесу керек болған кезде қажетті сөздерді көбірек іздестіресіз бе?

  10. Сіз көптеген жаңа таныстың орнына бұрыннан таныс шағын ортаны қалайсыз ба?

Егер сұрақтардың көпшілігіне келіссеңіз, онда сізге әлеуметтік-педагогикалық қызметте оңай болмауы ғажап емес. Сізге өз-өзін кәсіби-тұлғалық тәрбиелеу бойынша айтарлықтай жұмыс жасау керек болады.


ҚОСЫМША Б

Тұлғаның кәсіби бағдарлануын бағалауға арналған дифференциалды-диагностикалық сауалнама (ДДС) (Е.А. Климов)


Берілген әдістеме адамның сипаты бойынша әртүрлі қызмет түрлерін артық көруі анализі негізінде кәсіби бағдарлануын бағалауға арналған.


Нұсқаулық:
Оқудан кейін Сіз кез келген жұмысты орындай аласыз дейік. Алайда, Сізге екі мүмкіндіктің біреуін таңдау керек болса, сіз қайсын таңдар едіңіз? «+» белгісі түріндегі жауабыңызды «жауаптар парағындағы» сәйкес тор көзге қоясыз.
«Жауаптар парағы» 5 бағанның әрқайсында «+» белгісінің неше рет қойылғанын санауға болатындай етіп жасалған. 5 бағанның әрқайсы белгілі бір мамандық түріне сәйкес келеді. «+» белгісі ең көп қойылған мамандық түрін таңдауға кеңес беріледі.
Бағандар бойынша мамандық түрлерінің атауы:
I. «Адам-табиғат – өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және орман шаруашылығымен байланысты барлық мамандықтар.
II. «Адам-техника» – барлық техникалық мамандықтар.
III. «Адам-адам» – адамдарға қызмет көрсету, қарым-қатынаспен байланысты барлық мамандықтар.
IV. «Адам-белгі» – есептеу, сандық және әріп белгілерімен, оның ішінде, музыкалық мамандықтармен байланысты барлық мамандықтар.
V. «Адам-шығармашылық бейне» – барлық шығармашылық мамандықтар.
Сауалнама мәтіні
1а. Жануарларды күту.
немесе
1б. Машиналарды, құрылғыларды күту (бақылау, реттеп отыру).
2а. Науқастарға көмектесу.
немесе
2б. Есептегіш машиналар үшін кестелер, сызбалар, бағдарламалар жасау.
3а. Кітап иллюстрацияларының, плакаттардың, шығармашылық ашықхаттардың, грампластинкалардың сапасын бақылау.
немесе
3б. Өсімдіктердің жағдайын, дамуына бақылау.
4а. Материалдарды өңдеу (ағаш, мата, металл, пластмассаны және т.б.).
немесе
4б. Тауарларды тұтынушыға дейін жеткізу, жарнамалау, сату.
5а. Ғылыми танымал кітаптарды, мақалаларды талқылау.
немесе
5б. Көркем кітаптарды (немесе пьесаларды, концерттерді) талқылау.

6а. Жас төлдерді өсіру (қандай да бір тұқымға жататын жануарлардың).


немесе
6б. Қандай да бір машықтарды орындау мен оны бекіту үшін жолдастарын (немесе кішкентайларды) жаттықтыру.
7а. Суреттерді, бейнелерді көшіру (немесе музыкалық аспаптардың күйін келтіру).
немесе
7б. Қандай да бір көлікті басқару (жүк, көтергіш немесе транспорттық құралды) – көтергіш кранды, тракторды, тепловозды және т.б.
8а. Адамдарға оларға қажетті мәліметтерді хабарлау, түсіндіру (анықтама бюросында, эксурсияда және т.б.).
немесе
8б. Көрмелерді, витриналарды рәсімдеу (немесе пьеса, концерттерді дайындауға қатысу).
9а. Заттарды, бұйымдарды (киім-кешек, техниканы), тұрғын үйді жөндеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет