Жұмыстың мақсаты: HTML құжатының негізгі құрылымын анықтау, мәтінге қолданылатын негізгі элементтердің жазылу ережесін түсіндіру.
Қысқаша теориялық мәліметтер HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кез-келген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық ЖҰМЫСні талап етеді.
Практикада әдетте Web-сайт жасау HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі.
Бірінші үлкен топтың Web-сайт жасау бағдарламалары HTML-тілінің негізінде жұмыс істейді. Осындай бағдарламалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML-редакторлердің жұмысты жеңілдететін және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа төменгі бағдарламалар кіреді:
HTML генератор 1.3;
Magic HTML Studio 2.0;
Macromedia Dreamweaver;
Екінші үлкен топқа WYSIWYG (ағылшын тілінен “what you see is what you get” - не көрсең соны аласың) редакторлері кіреді. Бұл бағдарламаларды тағыда визуалды редакторлар деп айтады.
Осындай бағдарламалар графикалық интерфейске ие. Бұл бағдарламалардың бастапқы мақсаты дизайнерді HTML тегтерінен босату болған. Қазіргі замандағы визуальді HTML-редакторлар дизайнерді көптеген әрекеттерде босатады. Осындай артықшылықтарына қарамастан кемшілігі бар – олар таза HTML кодын жасамайды, оған артық және «фирменный» тегтерді қосады. Көріп отырсыздар, WYSIWYG редакторларды қолданып, HTML тегтерін қолмен жазудан құтқармайды, демек, Web-сайттарын жасау үшін HTML тілінің кем дегенде негізін білу керек.
Тапсырма 1. Жаңа жыл мерекесіне байланысты АТжЭ факультетінде студенттік кеш болатынын хабарлап, Internet Explorer-де көргеннен кейін, өз қалауыңызша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтаңыз.
2. Наурыз мерекесіне байланысты, студенттер атына құттықтау жазып, нәтижесін экранға шығарып, өз қалауыңызша өзгерістер енгізіп, қайталап сақтап, өзгерістеріңіздің HTML-құжатқа енгендігін тексеріңіз.
3. Мәтін үзінділерін курсив, қалың, асты сызылған және абзац тегтерін пайдаланып, құжат құрыңыз.