Ф.7.03-03
Тилеуов Ғ.Е.
Web технологиялар
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Ш
ымкент 2022ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов ат. оңтүстік қазақстан университеті
«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасы
ТилеуовҒ.Е.
Web технологиялар
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
6В06120 – «Ақпаратық жүйелер», 6В06140 – «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандықтарының күндізгі және сыртқы бөлім студенттері үшін арналған
Ш
ымкент 2022ж
ӘОЖ 04.738.1
Құрастырушылар: Тилеуов Г.Е. «Web технологиялар» пәнінен лекциялық жұмыстар. – Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2020 ж- 92 б.
Лекциялар жинағы «Web технологиялар» пәні бойынша мемлекеттік стандарт пен оқу жоспары және типтік бағдарламаға сәйкес құрастырылып, пән бойынша лекциялық жұмыстарды орындауға арналған барлық мәліметтерді қамтиды.
Лекциялар жинағы 6В06120 – «Ақпаратық жүйелер», 6В06140 – «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандықтарының студенттеріне арналған.
Лекциялар жинағыда 15 лекциялар жинағы қарастырылған. Әрбір лекциялар жинағы жұмысты орындаудың мақсатынан, теориялық мәліметтерден, жұмыстың орындалу ретінен, бағдарлама құруға мысалдардан, өзіндік жұмыс тапсырмаларынан және бақылау сұрақтарынан тұрады.
Пікір жазғандар:
«Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының мәжілісінде (хаттама №__, « ». .20 ж.) және АТжЭ жоғары мектебінің әдістемелік комиссия мәжілісінде (хаттама № , « » 201 ж.) талқыланып, баспаға ұсынылған.
М.Әуезов атындағы ОҚУ Оқу-әдістемелік Кеңесі бекіткен
№ __, «___»_____201 ж.
© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 201 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік бағдарламалаушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады.
Ақпараттық жүйелерде басқарудың түрлі деңгейлерінде өңделетін ақпарат сипаттамасына қарай ақпараттық жүйелердің келесі түрлері бар:
Мәлімет өңдеу жүйелері (EDP-electronic data processing);
Басқару ақпараттық жүйелер (MIS-management information system);
Шешім қабылдауды қолдау жүйелері (DSS-decision support system);
Мәлімет өңдеу жүйелері шаруашылық операцияларды есепке алу және оперативті реттеу үшін, сыртқы ортаға стандартты құжаттарды дайындау үшін арналған.
Басқару ақпараттық жүйелері басқарудың тактикалық деңгейіне бағытталған: жылдам жоспарлау, бірнеше аптада жұмыстарды ұйымдастыру және талдау.
Шешім қабылдауды қолдау жүйелері негізінен басқарудың жоғарғы деңгейінде қолданылады. Мұнда стратегиялық мақсаттарды қалыптастыру, ресурстарды, қаржыландыру көздерін тарту, кәсіпорынды орналастыру орнын таңдау және т.б. мәселелер қарастырылады.
Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін, ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өйткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.
Бұл лекциялар жинағыөзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған. Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.
Лекциялар жинағыдаберілген зертханалық жұмыстар, студенттердің Web – беттер құруда өздігінше жұмыс жасауына көмектеседі. Онда Web – беттер құруға нақты мысалдар мен оларды орындауға нұсқаулар берілген. Өзін-өзі тексеруге соңында өзіндік жұмыс тапсырмалары да келтірілген.
№1 ЛЕКЦИЯ
HTML – парағындағы интерактивтік компоненттер. HTML құжат құрылымы. Мәтінге қолданылатын негізгі элементтер. Әріптерді форматтау. Гиперсілтеме бойынша ауысу. HTML-құжатқа суреттер қосу
Достарыңызбен бөлісу: |