Индек с 75579 Табиғат тосын мінез танытты. Қараша айында қар жауып, жерге мұз қатты. Суретті түсірген Айбек ЖҮзбай c m y k c m y k тарихи суреттер


желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата29.01.2017
өлшемі11,28 Mb.
#2963
1   2   3   4   5   6

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні

жылдық  тарихымызда  біз,  біздің  бабаларымыз 

талай  қиындық  көріп,  жанкештілікпен  тәуелсіздікті 

аңсады, күресті, соның жолында құрбан болды. Еркін 

ел болу  бақытын, сол еркіндікті, тәуелсіздікті ұлттың, 

халықтың ынтымағын жасампаздық игілігіне жарату – 

біздің патриоттық борышымыз, -деді  ҚР Парламенті 

Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов. 

Иә,  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаев БҰҰ-ның жиынында мемлекеттік тілде 

баяндама жасады. Бұл оқиға көпшіліктің  мақтаныш 

сезімін оятқаны шындық. Жуырда ғана Қазақстанның 

көк  байрағын  ғарыш  көгінде  желбіреткен  қазақ 

ғарышкері Айдын Айымбетов те халқының қолдауына 

ие  болып  отыр.  Тоқтар  Әубәкіров  пен  Талғат 

Мұсабаевтан  кейін  ғарышқа  ұшқан  үшінші  қазақ 

жігітін барша жастар мақтан тұтады. Бұл да болса 

жас  ұрпақтың  бойында  патриоттық  сана-сезімді 

қалыптастыраты  сөзсіз.  Қазақ  ғарышкері  форум 

мінберіне шығып, көпшіліктің алдында сөз сөйледі. 

-Біздің  жерімізде  төрткүл  дүниеге  танымал 

«Байқоңыр» ғарыш айлағы бар. Қазақстанды әлемнің 

дамыған елдері біледі. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін 

одан әрі нығайту үшін азаматтардың әрқайсысы өз 

ісінің  үздігі  болуы  керек.  Отанымыздың  патриоты 

және    Мәңгілік  ел  дегеніміз  –  осы,-деді  ғарышкер 

Айдын Айымбетов. 

Сонымен қатар, «Милосердие» қайы¬рымдылық 

қорының  директоры  Аружан  Саин  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың жедел түрде операция жасауға 

мұқтаж  29  баланың  өмірін  сақтап  қалуға  басты 

себепкер болғанын айтып берді.

-  Біздің  қайырымдылық  қорда  «Қазақстан 

жетім  балаларсыз»  жобасы  жүзеге  асады.  Осы 

жобаның  арқасында  500-ден  астам  бала  өз  от-

басыларын тапты. Жұмыс барысында қайырымды 

адамдардың  барына  көз  жеткіземін.  Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың  17  наурызда  «Жібек  жолы» 

сыйлығымен марапатталғаны белгілі.  Сыйлықпен 

бірге берілген қомақты қара¬жатты Президентіміз 

біздің  қорға  аударды.  Нәтижесінде  29  балаға 

қажетті операциялар жасалып, бүлдіршіндер жарық 

дүниенің қызығын көруге мүмкіндік алды,-деді  «Ми-

лосердие» ҚҚ-ның директоры Аружан Саин. 

Форум  барысында  «Елбасы  жолы»  киноэпо-

пеясында,  «Балалық  шағымның  аспаны»,  «Отты 

өзен», «Теміртау» және «Тығырықтан жол тапқан» 

фильмдерінде  Елбасының  ролін  сомдаған  актер 

Нұрлан Әлімжан жастарды Отанымызды сүюге, ел 

үшін еңбек етуге үндеді. 

Патриоттар форумында адамгершілік қасиетінің 

биік  шыңынан  көрініп  жүрген  бірегей  азаматтар 

туралы  айтылды.  Солардың  бірі  –  25  жастағы 

Асхат  Мырзабаев.  Ол  жас  та  болса  бас  болып 

жүрген елінің патриоты.  Жас бағдарламашы жеке 

табысынан  қатерлі  ісік  ауруларымен  кү¬¬ресу 

мақсатындағы зерттеулер¬ге 2 млн. АҚШ долларын 

бөлген.  Асхат  Мырзабаев  университеттің  3  кур-

сында оқып жүргенде-ақ АҚШ-тың Сан-Франциско 

қаласына  Твиттер  компаниясына  тәжірибелік 

жұмысқа  орналасуға  мүмкіндік  алды.  Шетелдік 

мамандардан  үйреніп,  жаңа  жоба  жасап  шықты. 

Асхаттың  жобасын  кейін    Microsoft  компаниясы 

сатып алды. 

-  АҚШ-та  қызмет  еткен  ке¬зімде  біліктілігімді 

арттырып,  жұмыс  тәжірибемді  кеңейтумен  қатар  

өмірдің мәнін түсінгендей болдым. Артыңда өшпес 

із қалдырып, ұлы нәрсені өмірге әкелу үшін тереңнен 

ойлау керек. Өзіңе маңызды сұрақтар қоюың керек 

екен. Өмірдің мәні не? Қандай із қалдыра аламын? 

Адамзатқа не беремін? Осындай сауалдардың жа-

уабын  таптым.  Мен  ғылымның  дамуын  қолдағым 

келеді. Сол үшін қатерлі ісік ауруларын зерттеуге 

2 млн. доллар бөлуге шешім қабылдадым», – деді 

бағдарламашы Асхат Мырзабаев.



Мәңгілік ел – әрбір қазақстандықтың жүрегінен 

орын  алған  Елбасының  ұлы  идеясы.  Мәңгілік 

ел  -  тәуелсіздіктің  мәңгілік  сақталуы.  Мәңгілік 

ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас 

қуат көзі. Біздің елімізде әркімнің білім алуына, 

жұмыс істеп, отбасын құруына, ұрпақ тәрбиелеуге 

жол ашық. Мәңгілік ел – жалпыұлттық идеясының 

мақсаты да осы. Әрбір қазақстандық азаматтың 

өмір  салтын  жақсартып,  тәуелсіздігіміздің 

тұғырын  нығайта  түсу.  Республикалық  патри-

оттар форумынан осы ойды түйгендей болдық. 

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерде: 

патриоттар форумынан көріністер

5

C



M

Y

K



Желтоқсан желі ызғарлы

қатысқандары  анықталды. 

Ішкі  істер  министрлігінің 

анықтамасында  алаңда 

ұсталғандардың  арасында 

26 орыс, 18 ұйғыр, 10 татар, 7 

қырғыз, 4 өзбек, 4 кәріс және 

бірнеше (қарақалпақ, грузин, 

шешен, грек, украин, башқұрт) 

ұлтының өкілдері болғандығы 

анықталды.  Бірақ,  Орталық 

Комитеттің қатаң нұсқауымен 

олардың басым көпшілігі сол 

күні-ақ  қамаудан  шұғыл  бо-

сатылып  жіберілді.  Осыдан 

кейін-ақ  көтерілісшілер  кілең 

қазақтар  болып  шыға  келді. 

Сондықтан бұл оқиғада саяси 

себептер  басым  болған  деп 

тұжырымдауға болады.

Шеру  жайлы  сыбыстың 

қалаға  бірден  таралуы  және 

оның құқық қорғау органдар-

мен күштеп басылуы, шерудің 

200 шақты адамы бар топтан, 

20  мыңға  жуық  адамы  бар 

басқарылмайтын  тобырға, 

артынша  қанды  көтеріліске 

айналуына себеп болды. 

Оқиғаның ушығуына, оның тым ауыр сипат алуы-

на деген басты кінәны саяси айтыстан қашқақтаған, 

нақты жағдайда біліксіздік танытқан партия мен үкімет 

органдарының шенеуніктеріне арту керек. Соның сал-

дарынан құқық қорғау органдары мен милицияға қара 

күш қолдануға рұқсат берілді. Ақыры оқиға кезінде 

әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. 

Алматы  сәулет-құрылыс  институтының  бұрынғы 

студенті  Қайрат  Рысқұлбеков  түрмеде  қаза  тапты. 

Студент қыз Ләззат  Асанова жұмбақ жағдайда көз 

жұмды. Қақтығысудың барысында Е.Сыпатаев және 

С.Савицкий  деген  азаматтар  қаза  тапты.  Мұндай 

қайғылы мысалдар аз емес ресми деректе. Ал бей-

ресми дерек ше?

Осы азаттық үшін үнемі күрескен халықтың еншісіне 

тиген  қайғы-қасіретті  көре  жүріп,  көтере  білген 

халық нағыз қайсар халық емес пе?! Бордай тозып, 

жоқ  болып  кетпей  «тағдырдың  тезінен,  тозақтың 

өзінен  аман-сау  қалған  халық»  нағыз  ұлы  халық 

екенін  таныта  білді.  Көрген  ауыр  хикметінен  кейін 

де  «бас  шұлғып,  үнсіз  көнетін»  әдетті  бойларына 

жұқтырған жоқ. Қанына намыс дарыған, рухына кие 

енген халық үнемі тәуелсіздікке ұмтылды. Көксеген 

тәуелсіздігін алды. Терезесі тең, байрағы желбіреген 

ұлттар  санатына  ілігу  үшін  талай  ауыртпалық  ба-

стан  өтті.  Енді  мұхиттың  арғы  жағындағы  Біріккен 

Ұлттар Ұйымында көк байрағы, алтын зерімен күнге 

шағылыса желбірейді. Саяси қуғын-сүргін көргендерді 

ақтады, басына ескерткіш орнатты. Жетпіс жыл са-

наны улаған қызыл заманның солақай саясатының 

күлпаршасын шығарды. Қазақ хандарының, билерінің, 

батырларының  рухы  халқына  кие  болып  оралды. 

Ұлттық  діл  мен  дін  жүрегімізге  еніп, 

алпыс екі тамырымызға қуат таратты. 

 

Иә,  өткенге  салауат...



Тарихтағы  бұл  оқиға  көңіліміздегі 

н ұ р д ы ,   с а н а м ы з д а ғ ы   с ы р д ы , 

жүрегіміздегі  жырды  тасытсын.  Ат-

тары  алтын  әріппен  жазылған  асыл 

арыстарымыз  бен  есіл  ерлеріміздің 

есімі  ұрпақ  жадында  жатталуы  тиіс.

Енді  еліміздің  жылағанын,  қайта 

құлап, бостандық сұрағанын естімейік! 

Егемендік  алып,  етек  жиып,  еңсе 

көтеріп, ел болдық. Өркениеттің өріне 

өрмелемесекте,  батыстың  батпағына 

батпайық!  Дүниенің  тозағынан  өткен 

тәуелсіздігіміздің  тарих  төріндегі 

тұғыры теңселмесін! 



Ақбөпе Қасымова,

ГӘФ филология мамандығының 

3 курс студенті

32


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Желтоқсан желі ызғарлы

шем болған, әкем мен ұлы анам ертерек, ал кіші 

шешем  беріректе  дүниеден  өтті.  Мен  де  талай 

ауырғанмен, дәм бұйырып аман қалдым. Өлмеген 

соң жан бағу үшін жат елде қара жұмыстың барлық 

түріне бейімделіп, талай кәсіпті меңгердік. Бізбен 

ағайындас,  туыстас  келетін  бір  жекжатымыздың 

қызымен бас қосып, содан қатыным алты құрсақ 

көтергенімен олардың төртеуі жастары онға жетпей 

өліп қалды,- деп ол кісі өткен өмірін бір сәт еске 

алды. Маңдайынан шыққан шып-шып терді етек-

тей орамалыпмен сүртіп қойып әңгімесін одан әрі 

жалғастырды.

- Өстіп жүргенде алпысқа да келіп қалдық. Ел 

жақтан жақсы хабар естіген соң, онбестегі ұлым 

мен онүштегі қызымды әйелімді ертіп, есің барда 

еліңді тап деген бар ғой, Қазақстанға жетіп алуды 

көздедік. Кебіс тігіп жинаған азын-аулық ақшаның 

басын қосып, құрауға да келмейді, күнделікті ішіп-

жемнен  арылмайды.  Сөйтсе  де,  жол  қаражатын 

жинаған  болдық.  Осылайша  жолға  шығуға  бел 

будық.  Бірақ  төртеумізге  бірдей  ұшаққа  билет 

алуға бәрібір ақшамыз жетпеді. Ал бұдан қалсақ 

кейінгі күніміз бұлыңғыр еді. Көшеде қаптаған, тіпті 

әуежайды кезіп жүрген Пәкістанның полицейлері 

жалаңдап тұр, қиыс бассаң іліп әкетіп түрмесіне 

қамайды. Одан әрі тағдырың белгісіз, әлдекімдер 

ойыңа келмеген іске жегіп, жалдап әкетуі мүмкін, 

болмаса ұзақ жылдарға қара жұмысқа жегіліп кете 

барасың. Содан не істейміз? Үш билет алуға ғана 

қауқарымыз жетеді, сондықтан төртеумізідің біріміз 

қалуымыз керек. Алпысты алқымдаған бәйбішем 

аурушаң,  ұлым  болса  ұрпағымды  жалғастырар 

жалғыз  тұяғым,  амал  жоқ,  қызымды  қалдыруға 

тура келді,- деп кемсеңдейді Пәкістаннан келген 

оралман.

 Осылайша Карачиде онүш жасар, бір мүшелге 

енді  толған  қаршадай  қыз  шырылдап,  небары 

180  долларға  сондағы  біреуге  сатылып  кете 

барған. Елге келіп, енді ғана есін жиып, алды-ар-

тын бажайлаған әлгі кісі санын соғып, Карачиде 

қалған  қызын  қимай  аһ  ұрады.  Жанын  қоярға 

жер  таппай,  Алматыдағы  дүниежүзі  қазақтары 

қауымдастығына келіп шырылдайды. Амал нешік, 

жат елде, тілі де, тірлігі де бөлек быжынаған халық 

ішінде, қызын жетектеп кеткен аты-жөні де белгісіз 

біреуді  ол  кісі  енді  қайдан  тапсын.  Содан  бері 

15 жыл өте шықты. Осы оқиға менің есімнен әлі 

кетпейді. Пәкістаннан оралған ағайын аман болса 

өзі қолынан жетектетіп жіберген, тірідей айрылған 

қаршадай қызын өмір бойы ойлап, шарқ ұрып, қан 

жұтып жүрген шығар, сірә. Бұл қазақ алмағайып за-

манда не көрмеді. Бұдан асқан қасірет жоқ шығар.

Тәуелсіздіктің тарих 

төріндегі 

тұғыры

Осыдан  мың  жарым  жылдай  бұрын  ұлан-

байтақ Еуразия даласының нақ төрінде дүниеге 

келген көне түріктер империясының құнарлы та-

рихы бар.Өтіп бара жатқан күндер... Жиырма үш 

жыл. Он алтыншы желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, 

қайғы мен қасірет, мидай араласқан әрі жарқын, 

әрі қаралы күн. Қазақ халқы ежелден еркіндікті 

аңсаған. Міне, осы еркіндік Қайрат, Қайыркелді, 

Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, 

мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен 

озбырлық күні, өктемдік күні.

Жиырма  үш  жылдық  тарихы  бар  тәуелсіздіктің 

тереңіне  көз  жіберсек,сонау  1986  жылдың  аласа-

пыран  кезі,  Колбиннің  қылышынан  қан  сорғалаған 

заманы, жастардың жарыққа басқан қадамы еріксіз 

еске  түседі.  Желтоқсандағы  жастар  жаңғырығы 

бодандықтың тоқтауы, бостандықтың бастауы болды.

1986  жылғы  желтоқсанның  17-18  жұлдызында 

бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат көтеріліс болды. 

Ресми  деректер  бойынша  желтоқсан  толқулары 

КОКП ОК-нің бас хатшысы С.Горбачевтың ұлт бас-

шысы  Дінмұхамед  Қонаевтың  орнына,  бұрындары 

Қазақстанда жұмыс жасамаған Ульяновск облыстық 

комитет  партиясының  бірінші  хатшысы  Генадий 

Колбинмен  алмастыру  шешімінен  кейін  басталған. 

Жергілікті халықтың Қазақстанға басшы етіп басқа 

ұлт  өкілін  тағайындауы  наразылық  тудырды.  Бұны 

олардың  алаңға  шыққандағы  «Өзін-өзі  басқаруды 

талап етеміз!», «Әр халыққа-өз көшбасшысы», «37-

сі  болмайды!»,  «Ұлы  державалық  алаңғасарлыққа 

тоқтау  салу!»  деген  жазуы  бар  плакаттарынан 

байқауға  болады.  Оқиға  16  желтоқсан  күні  бейбіт 

шеру  ретінде  Брежнев  алаңында  бастау  алған.  17 

желтоқсан  күні  шерушілердің  саны  жиырма  мыңға 

дейін  көбейіп,  кейіннен  көтерілісшіер  мен  тәртіп 

сақшылары арасындағы қанды қақтығысқа ұласты. 

Ресми деректеме бойынша, оқиға барысында екі адам 

қайтыс болған, ал бейресми деректер бойынша -174 

адам қайтыс болған.

Плакаттардағы ұрандарға қарап, оқиғаның ұлттық 

және саяси мәнге ие болғанын көреміз. Көтерілістің 

себебі  ретінде  басқа  ұлттың  тағайындалуымен 

қатар,  советтік  жүйеге  қарсылық  әрекеттер  де 

көрініс  тапқан.  Оқиға  болған  жылдары  ресми 

түрде  көтеріліс  ұлтшылдықтың  көрінісі  ретінде 

жарияланған.  Колбиннің  тағайындалуына  дейін, 

Қазақстан  тарихындағы  22  бірінші  хатшының  тек 

4-еуі ғана этникалық қазақ болған. Бұл тағайындалуға 

дейін  елде  жұрт  тарапынан  мұндай  наразылық 

тудыртпаған. Не себепті дәл осы тағайындау ұлттық 

сана-сезімнің оянып, көтерілістің туындауына себеп 

болды?


Сталин қайтыс болғаннан кейін, КСРО-дағы биліктің 

әлсіреуі байқалды. Елдердегі бірінші хатшы лауазымы-

на, ол елдердегі титулдық этнос өкілдері тағайындала 

бастады.  Желтоқсан  оқиғасын  елдегі  екі  негізгі 

этностардың- қазақтар мен орыстардың қақтығысы 

ретінде  қарастырады.  Алайда,  кеңестік  кезеңде 

құпия  болған  деректердің  ашылуымен,желтоқсан 

оқиғасына  қазақтардан  басқа  да  ұлт  өкілдерінің 

31

C

M



Y

K

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні

Жігер берген жылы сөз 

Шығыстан  атқан таңы батысқа әрең жетіп ба-

татын, ұшқан құсының қанаты талатын кең байтақ 

елміз  ғой.  Ұлы  бабаларымыздың  қаны,  аяулы 

аналарымыздың  жасы сіңген бұл дала қайсымызға да 

қымбат. Бағымызға қарай, қазағымның маңдайына 

«елім» дейтін ұл бітті. Елбасымыздың сындарлы 

саясатының арқасында көгімізде күн, көңілімізде ән.

2007  жыл.  Оқу  жылының  басы  еді.  Сырбай 

Мәуленов атындағы гимназияда оқып жүрген кезім. 

Мектепке Елбасы ат басын тірейді дегенді құлағым 

шалғанда,  тұла  бойымды  ерекше  сезім  кернеді. 

Халқының көңіліндегісін тауып, көкейіндегісін дөп 

басқан  Н.Ә.Назарбаевтай  кісіні  мен  бұған  дейін 

көгілдір экран арқылы ғана көргенмін. Тоғызыншы 

сыныпқа  басқан  қадамы  әлі  суымаған  шақта 

тұтастай  елді  басқарып  отырған  жанды  көру  

қаршадай ғана қыз  үшін бақыттың шыңы еді...

Мектебімізге  ҚР  Президенті  келеді  дегенді 

естігелі бері терең ойда жүрдім. Сыныпта да, үйде 

де  мені  алаңдататыны  Елбасымызбен  кездесу.  

Сол  бір  жүздесуді    бала  көңіліммен  қиялдап, 

елестететінмін.

 Оқудан тыс спорт үйірмесіне қатысып жүрген 

алаңсыз  күндердің  бірі  еді.  Ұстазымыз  «сапқа 

тұр» деген бұйрық берді. Есіктен төрге қарай нық 

қадам  басып  келе  жатқан  тұлғаны  көзім  шал-

ды.  Барлығымызбен  амандаса  келе,  жәудіреген 

көзімді  байқады  ма,  жоқ  әлде  асыға  күткенімді 

сезді ме, әйтеуір, Нұр аға маған қарай жақындай 

түсті.  Қолыма  допты  ұстатып,  «қане,  көрсет 

өнеріңді»  деген  сөзі  зор  жауапкершілікті  жүктеп 

қойғандай болды. Айтқанды екі етпей, себетке доп 

түсіргенімде төбем көкке бір елі ғана жетпей қалды. 

Елбасымыздың  берген  алғашқы  тапсырмасын 

орындадым  деген  ішкі  жігер  онан  бетер  маздай 

түсті. «Жарайсың, болашағың жарқын болсын!».  

Елбасымыз айтқан осы бір ауыз сөз мен үшін ақ ба-

тамен тең болды. Сол кездесуден бері талай уақыт 

өтті.  Тарыдай  болып  кірген  мектебімнен  түлеп 

ұшып, жоғары оқу орынына түстім. А.Байтұрсынов 

атындағы  ҚМУ-дың  журналистика  мамандығын 

қызыл  дипломмен  тәмәмдадым.  Бүгінде  дүйім 

жұрттың алдына шығып, сөз бастап, кезінде Елба-

сымызды көрген сол көгілдір экран арқылы қазақ 

елін оятып жүрген жайым бар. 

Осы  уақытқа  дейін  жеткен  түйірдей  болса  да 

жетістігімді сол бір кездесумен байланыстырамын 

да  отырамын.  Мендегі  осынау  мақтаныш  сезімі 

орынды деп ойлаймын. Өйткені, егемен еліміздің 

Көшбасшысын өз көзімен көру көптеген жандардың 

арманы ғой. 

Нұрсұлтан Әбішұлы кез келген жетістігіне еңбектің 

арқасында қол жеткізді емес пе. Алғашқы еңбек жо-

лын от шашқан қып-қызыл домна пешінен бастағаны 

баршаға мәлім. Қызметтік жолын қарапайым метал-

лургтан бастап, ел тізгінін ұстаған 

      азаматтың жүріп өткен жолы маған үлгі.  

Кең жазира қазақтың даласында бейбітшілік орна-

тып, халқын соңына ерткен  Елбасымды  тұла бойы 

қасиетке тұнған жан деп анық айта аламын. Асылы, 

елім дейтін, жерім дейтін Нұр ағамның бір қасиеті 

маған  да  жұғысты  болған  сияқты.  Сондықтан, 

тұтастай  елді  басқару  қолымнан  келмесе  де, 

кіндік  қаным  тамған  жерге  сүбелі  үлесімді  қосу 

менің міндетім деп білемін. Өзімнің Тәуелсіздіктің 

түйедей құрдасы екенімді еске алған сайын ерекше 

шабыт  аламын.  Еліміз  егемендікке  қол  жеткізген 

1991 жылы дүниеге келгенім және Мемлекет бас-

шысын  өз  көзіммен  көруім  тағдырымның  маған 

тартқан ерекше сыйы болар. Ұлт Көшбасшысының 

«Болашағың, жарқын болсын!» - деген сөзі мені  

алға жетелейді.

Жансая ҚОЖАХМЕТОВА, ГӘФ магистры

6


C

M

Y



K

C

M



Y

K

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні

Жас жұбайлар 

қуанышы


Биылғы  наурыз  айын-

да  Қостанай  қаласында 

ерекше  неке  қию  рәсімі 

ө т к е н   б о л а т ы н .   Е р е к -

ш е   д е й т і н і м і з ,   н е к е 

қ и ю   с а л т а н а т ы н д а 

жас  жұбайларға  Елба-

с ы   Н . Ә . Н а з а р б а е в т ы ң 

құттықтау  хаты  табы-

сталды.


Президентке  хат  жазып, 

өзінің тойына шақырған күйеу 

жігіттің  есімі  –  Әсет.  Ол  1991 

жылы  туған,  Тәуелсіздіктің 

т ү й д е й   қ ұ р д а с ы .   Р у д н ы й 

индустриалдық  институтын 

тәмамдаған.  Қазіргі  уақытта 

Магнитагорск  мемлекеттік 

техникалық  университетінде 

металлург  мамандығы  бой-

ынша  білім  алуда.  Ал  жұбайы 

Анар  аталған  оқу  орнында 

құрылысшы  мамандығында 

оқып жатыр.

Әсет  Сүндетбаев  Мемлекет 

басшысы  Н.Ә.Назарбаевты  үлгі  тұтады.  Ол 

еліміз Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келгенін 

мақтана  айтады.  Металлург  мамандығын 

таңдауы да бекер емес. Елбасы сияқты білімді, 

сыйлы  азамат  болуды  армандайды.  «Тәуекел 

түбі  жел-қайық,  өтесің  де  кетесің»  деген  бар 

емес пе. Әсет тәуекелге бел байлап Президентке 

хат  жазып,  үйлену  тойына  шақырған.    Арада 

бір  апта  уақыт  өткенде  облыстық  әкімдіктен 

хабарласып, хаттың межелі жерге жеткенін ай-

тады. Қуаныштысы сол, неке қию салтанатынд 

екі жасқа Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 

құттықтау хаты табысталды.

-   М е м л е к е т   б а с ш ы с ы н   қ а т т ы 

қ ұ р м е т т е й м і н .   О н ы ң   е ң б е к   ж о -

лын,  ақыл-парасатын  үлгі  етемін. 

Еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық 

Елбасының еңбегі деп білемін. Мемле-

кет басшысының салиқалы саясатының 

арқасында жастар шетелде білім алуда. 

Мәселен,  жұбайым Анар екеуіміз Ре-

сей Федерациясында білім гранты бой-

ынша оқып жатырмыз. Мақтанышыма 

айналған  Н.Ә.Назарбаевты  үйлену 

тойыма  шақырамын  деп  іштей  ойлап 

жүретінмін.  Бұл  туралы  достарыма 

айтқанымда,  олар  сенбеді.  Елбасы 

мемлекеттік маңызы бар мәселелермен 

айналысады,  жұмысы  көп.  Соған 

қарамастан  менің  хатымды  ескеріп, 

жауап бергені үшін ризамын,-деді Әсет 

Сүндетбаев. 

 Суретте: Әсет және Анар 

Сүндетбаевтар

7

C



M

Y

K



Атамекен

180 долларлық қасірет

 

Бұл  оқиға  Қазақстан  тәуелсіздігін  алған 

алғашқы  жылдары  болған  еді.  Алматыда 

орналасқан Әлем қазақтары қауымдастығының 

бас маманы Ботагөз Уатқан телефон шалып, 

Пәкістаннан  атажұртына  оралған  бір  кісінің 

басындағы  жәйтті  өз  аузынан  естуімізді 

сұрады.

Қызық оқиға, қызық емес-ау, қасіретті жағдай. 

Қазір  аты-жөнін  ұмыттым,  алпысты  алқымдаған 

қаба сақал қараторы кісі Пәкістаннан кеше ғана 

келгенін  айтты.  Қайтсем  атажұртқа  оралам  де-

ген  арманы  жанын  жәй  таптырмай,  әйел  мен 

бала-шағасын ертіп әуежайға келеді. Қолындағы 

азын-аулақ қаражатына Алматыға ұшу үшін билет 

сатып алмақ. болады. Тезірек бұл елден кетпесе, 

аласапыран болып жатқан аймақтан шығуы қиын. 

Сол  жылдары  бұл  елде  террорлық  әрекет  өріс 

алып,  діни  араздық  өршіп  тұрған  еді.  Әр  тұста 

орын  алған  жарылыстар,  өздерін  өздері  шейіт 

жасап,  жанын  пида  етушілер  көбейіп  кеткен-ді. 

Бұл қарапайым жұрттың үрейін алып, тыныштық 

бермей  тұрған.  Оның  үстіне  жергілікті  полиция 

қашқын-босқындарды аулап, қамайтынын қамап, 

қалғанын құл-құтан етіп сатып жібереді. Бастары 

саудаға салынып, құлдыққа түсіп кетпей тұрғанда, 

есіміз барда елімізге жетейік деген бір ғана тілек 

болды. 

Еліміз егемендігін алған соң шет мемлекеттердегі 



ағайын қандастарымыз атажұртқа атбасын бұра 

бастаған  тұс.  Дүниежүзі  қазақтарының  алғашқы 

құрылтайы  1992  жылдың  қыркүйек  айында  Ре-

спублика сарайында өтіп, онда Мемлекет басшы-

сы  сөз  алып,  алыстағы  ағайындарды  атажұртқа 

шақырып,  азат  Қазақстанның  туын  желбіретіп, 

іргетасын бірге қаласуға үндеді. Сол жолы Алма-

тыда өткен құрылтайға әлемнің әр қиырынан келіп 

қатысқан ағайындар әсерленіп, атажұртқа оралуға 

деген құлшыныстарын білдіріп жатты. 

Бұл қазақ не көрмеді. Өткен ғасыр басындағы 

зобалаң  жылдары  елден  безіп,  босып  қашқан 

ағайындардың  бір  шоғыры  Ауғанстан  асып,  сол 

жақта  жатжұрттықтардың  қолынан  қынадай 

қырылғаны  туралы  кезінде  «Егемен  Қазақстан» 

газетінде жарияланған «Сейстан сұмдығы» деген 

мақаладан  оқығанымыз  бар.  Солардың  ішінен 

тәңір жарылғап аман қалған бірен-саран қазақтар 

Пәкістан асып, сол жерді паналап, өлместің күнін 

көріп, тірлік кешкен жәйлары белгілі. Әлгі ағайын 

солардың жұрнағы болмаса нетті.

Сол Пәкістанға айтып болмас зобалаңның сал-

дарынан бала кезінде ауып кеткен Саламат қажы 

жасы  тоқсаннан  асып  атажұртқа  оралған.  Сол 

жолы 14 адам келіпті. Оларды бұрынырақ келген 

Қамардин деген кісі күтіп алған. Салмат қажының 

айтуынша,  өзі  білетін,  елге  кетсек  деп  телмірген 

20  отбасы  Иранда,  отыз  шаңырақ  Пәкістанда 

буынып-түйініп  отырса  керек.  Алайда  олардың 

ұшаққа  отыра  салып  тартып  отыруға  жағдайы 

келмейді. Тіпті күнделікті нан алуға мүмкіндігі жоқ 

көрінеді. Соларға жедел көмек керек деген еді. Ал 

бұрынырақ келгендері Түркістан шаһарынан қырық 

шақырым жердегі Достық ауылына қоныстаныпты. 

Біз  осында  болған  сапарымызда  Ираннан  кел-

ген  бір  топ  ағайын  бала  бақша  жатақханасына 

уақытша  орналасыпты.  Ақ  жейде,  дамбал  киіп, 

кебіс сүйреткен ер кісілермен бірге дәмдес болып 

аз-кем сөйлестік. Жылы жақтан келгендер өздеріне 

оңтүстік өңірді қолайлы көріпті. Көбі саудамен ай-

налысып, кебіс тіккенге бейім екен. Ал жаңа келген 

әйелдері бөлек тұрып жатты. Үлкен бөлме есігінен 

бізге қарай басын қылтитып, сығалап қарап қояды. 

Бұл осының алдындағы оқиға еді.

Содан  Қауымдастық  ғимаратына  келгенімде 

Пәкістаннан келген әлгі кісі ертесінде есін жиған 

соң кәдімгідей бой жетіп қалған, бір мүшелге енді 

толған  қызынан  айрылғанын,  өз  қолымен  сатып 

жібергенін жаңа ғана пайымдап, аһ ұрып отырды. 

Алайда  одан  не  пайда,  жат  елде,  өзге  жұртта 

қалдырған  қаршадай  қызын  енді  көрмесі  анық.. 

Пәкістан әуежайында болған оқиғаны ол кісі былай 

деп айтып берді.

- Қазақстанға оралсақ деген арман бізді жетелеп 

Карачи әуежайына алып келді. Осының алдында 

бір  таныстарымыз  атажұртқа  қоныс  аударғанын 

естігенбіз.  Қазақ  елі  өзінің  бостандығын  алып, 

коммунистік жүйеден құтылғаны туралы әңгіме жиі 

құлаққа шалынатын. Бұл біздің де үмітімізді оятып, 

қиялымызға  қанат  бітіргендей  болды.  Аталары-

мыз  отызыншы  жылдары  орын  алған  дүрбелең, 

алмағайып заманда бас сауғалап, Қазақстанның 

батысынан  қашып-босып,  осы  жаққа  өтіп  кеткен 

болатын.  Адам  басына  ауыртпалық  түскенде 

бәріне үйренеді екен. Бұл жақта да шекеміз шылқ 

еткен жоқ. Әкелеріміз бар малынан айрылып, ма-

мыражай күндері көзден бұлбұл ұшып, жан бағып, 

бала-шағаны асырау үшін аз уақытта етікші, тігінші, 

саудагер болып шыға келді. Біз үш ағайынды – екі 

ұл, бір қыз едік, көп ұзамай тете ағам мен әпкем 

жұқпалы  аурудан  қайтыс  болды.  Менің  екі  ше-

30


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Осы жағдайларды еске­



ре отырып, жемқорлық 

құқық бұзушылықтарды 

дер  кезінде  болдырмау 

қаншалықты  маңызды 

екенін көруге болады. зор. 

Осы мақсатта аймақтық 

Департаменттердің Сы­

байлас  жемқорлыққа 

қарсы  қызметтерінде 

кез  келген  мемлекеттік 

органдардың,  Ұлттық 

компаниялардың  ба­

ғаның  құрылуынан 

бастап  сатып  алумен 

аяқтайтын  мемлекеттік 

сатып  алуларына  тал­

дау  жасау  өкілеттілігі 

кіретін бөлім бар. Құқық 

бұзушылық анықталған 

жағдайда  конкурсты 

болдырмау  жөнінде 

ұсыным хат жазылады. 

Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы  қызметтің  ұсы­

ныстарымен  мемле­

кет  бюджеттік  қара­

жаттардың  бірсыпыра 

бөлігін  басқа  мақсатта 

пайдаланған  кінәлі 

тұлғалар  қылмыстық 

емес, тәртіптік жауапқа 

тартылады.    

Жемқорлыққа  қарсы 

тұруға  Қазақстан  Рес­

публикасының  «Сы­

байлас  жемқорлыққа 

қарсы»  жаңа  заңы 

әсерін тигізеді. Осылай­

ша, бізбен облыстың 17 

мемлекеттік органының 

қызметіне  жүргізілген 

талдау  нәтижесінде 

жемқорлықтың  ал­

ғышарттары  болуы 

мүмкін  56  қайшылық 

анықталды.

Жемқорлықтың алдын 

алу  үшін  телеарналар 

мен радиоканалдардағы 

бағдарламар  арқылы 

а з а м а т т а р д ы ң   ж е ­

қор   лыққа  қарсы  сау­

ат  тылығын  көтеріп,  

тегін  заңгерлік  көмек 

көрсетіп,  әртүрлі  кез­

десулер  мен  қоғамдық 

іс­шараларды жиі өткізу 

керек.  


Сыбайлас  жем қор­

лықпен  күрес    құқық 

қор ғау орагандарының, 

барлық  мемлекеттік 

органдардың, қоғамдық 

институттардың  қаты­

суымен  үнемі  түрде, 

жалпы,  кешенді  түрде 

ұйымдастырылуы  тиіс 

деп санаймын. 

Біздің  азаматтарға  

құқық бұзушылықтарға 

қарсы іс­әрекеттер мен 

олардың  нәтижелері  де 

маңызды.  Ал,  ол  үшін 

бізге мемлекеттік 

о р г а н д а р д ы ң 

қыз  метінің  есеп­

тілік,  ашық тық, 

сонымен  қатар 

бюджеттік  қа­

ражаттарды мақ

­

сатты  пайдала­



нуы, мемлекеттік 

қыз  метшілерді 

тағайындаудағы 

меритократия 

принципін  ұс­

тануы,  мем ле­

кет тік  қызмет 

көр сету  сапасын 

жақсарту сияқты 

мәселелерді  же­

тілдіру қажет. 

Мінекей, халық мемле­

кеттен дәл осыны күтеді. 

ҚР Мемлекеттік қызмет 

істері  және  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы 

іс­қимыл  Агентттігі 

регулятивті  және  құ­

қық  қорғау  функци­

яларын    біріктірген. 

Департаменттің  кадр­

лық  әлеуеті,  нақты 

қойылған  міндеттер 

мемлекеттік  қызметті 

ұйымдастыру  мен  өт­

керуді  реттеу,  мем­

лекеттік  аппарат  тал­

дауының  тазалығы 

және  сыбайлас  жем­

қорлықтың  алдын  алу, 

жемқорлық қылмыстар 

жасаған  азаматтар ды 

қылмыстық  жауап қа 

тарту  сияқты  мәсе­

лелерді  реттеуге  шы­

найы мүмкіндіктер бе­

реді. 

Данияр Үсенов,

 ҚР Мемлекеттік 

қызмет істері және 

сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл агент-

тігінің Қостанай об-

лысы бойынша де пар-

таментінің басшысы

29



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет