Индек с 75579 Табиғат тосын мінез танытты. Қараша айында қар жауып, жерге мұз қатты. Суретті түсірген Айбек ЖҮзбай c m y k c m y k тарихи суреттер



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата29.01.2017
өлшемі11,28 Mb.
#2963
1   2   3   4   5   6

Поэзия

ЖАНДОС ЖҮСІПБЕК

Мойындайыншы

Үсті-басы өлең-өлең боп келген

сыр тартпаққа сыбырласам көктеммен,

күздің ұлы екенімді жасырып

өмір-өгей жасап берген бетпердем.

Жылаңқы қар сыңсытқанда жан сырын,

теңеу сауам тілдерінен тамшының,

бой жылытып, үнсіздіктің тілінде

әуе-көктен әуен төксе әнші Күн.

Самал үні — салқар әрі сабырлы үн

көңіліңді көктете ме, а, құрбым?

Семген талдың тәнін жарған бүрлерден

мұғжизасын оқып көрдім Тәңірдің!

Көкжиектің күлкі ағытып миығы,

Дала жеңіл тыныстаса бұйығы,

Әсем гүлдер қауызынан аңқиды

көктем төккен тәтті жырдың түйіні!

Көз құлата тамсасам да гүлді өңін,

Іздеп тұрып таппасамда мүлде мін,

Неге оны сүйе алмаймын алайда?

Оны неге, ей, алдаймын?!

Білмедім…

Күз ұлына көктем, бәлкім, кеш ұнар

(ал, кешір, ал!

…бетпердемді шешіп ал).

Ба-ар мұратым — жыр ұрлау ғой!

Әйтпесе


нем бар онда?

Оның менде несі бар?!

Айша

Іңкәрліктің індеті — жұқтырғаның!



Сене алсаң ғой, мен сені сүйдім ойша!

Жүрегіме бейнеңді тұтқындадым,

Бибім Айша!

Самалаға санам да оранды айқын,

Шомдырғандай кеудемді нұрға Жаббар.

Сенде (менен басқа ешкім көре алмайтын)

бір ғажап бар!

Ғажабыңның бұйырмақ емі кімге,

Жыр боп қана жаңғырсаң тек есімде…

Айша!


Көргім келмейді сені мүлде!

Сенесің бе?

Бар болғаны — бар болсаң болды өмірде,

„Арман„ дейтін айналып жұбанышқа!

Жүрегімде жүрерсің сол кебіңде,

тым алыста

болсаң да…

Жаркөл енді жыламайды

Үркектеп түн баласы түс-тарпаңнан,

Бір сезім ала қашты басын жұлқып.

Көзінен көк аспанға құстар тамған

Сағынам Жаркөлімді жасыл кірпік.

Көрігі өзгелерден гөрі үстем де,

Күміс жал толқындары асау-ды айқын.

Көп күткен көктемімен көріскенде

Көздері аққулармен жасаурайтын.

Көзінен құс үзгенде көңілшегім,

Мөлдіреп естілетін аққу үні.

Зейінім қамыстарға бөлуші едім,

Жылаудың үні ме деп тәтті уілі.

Бұрмадым басын оған атым әлі...

Көз ілсем (көп сағыныш қылғасын ба?) – 

Боз дала бозбаласын шақырады,

Боздатып боз сағымын қыр басында.

Аптығам, бұйырардай таңсәрі емге,

Көңілге көрсеткім кеп аңсағанын.

Алайда жақсы білем барсам елге,

Алдымнан соқыр дала қарсы аларын!..

Туған жер...

Тақілетті қарт ол кейде

төскейі тақсіреттен тұл боп қалған.

Жүректе мөлт-мөлт еткен 

Жаркөл-бейне

тіліме түн баласы жыр боп тамған...

23

C

M



Y

K

Ғылым



Философия  –  адамшылық 

көркі

Философия – ерекше ғылым. Оның пәрмені мен 

мәні, дүниеге көзқарасы мен методологиясында. 

Ол  ұлттық  шеңберде  немесе  белгілі  бір  ағым 

аясында  тұйықталып  қалмайды.  Философия  – 

қашанда адамзат табысы, баршаға ортақ рухани 

жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениетінің 

ажырамас бөлігі. Философия – дүниеге көзқарас 

қалыптастыратын  ғылым.  Қандай  да  бір  адам 

болмасын,  ол  дүниеде  белгілі  бір  көзқарассыз 

өмір сүрмейді. Өмірді танып, білу арқылы адам 

белгілі қорытындыға келеді: қабылдайды, теріске 

шығарады, қолдайды, ұнатпайды, т.б. 

Философия – адамзат дамуының қайнарынан ба-

стау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі 

мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден 

бастап  ол  үнемі  даму  үстінде.  Адам  баласының 

ой-өрісі  кеңейген  сайын  философия  да  тереңдей 

түсті.  Философияны  дінге  жақын,  өйткені  ол  дін 

сияқты догмаға сүйенеді дейтіндер де бар. Бірақ, ол 

- дін емес. Дегенмен, философия нақты фактілерге 

жүгінеді.  Сондықтан  философия  басқа  ғылымдар 

сияқты қашанда обьективтік факторларға сүйенеді. 

Басқа ғылымдар сияқты оның заңдары мен катего-

риялары бар. Философия – дін мен ғылым екеуінің 

арасындағы дәнекер дейтін көзқарас та кездеседі. 

Философия  ең  алдымен,  дүниетанымдық, 

теориялық,  методологиялық  ғылым.  Философия 

бүкіл әлемді, оның басты салалары – табиғат, қоғам, 

адам  санасын  тұтас  құбылыс  ретінде  алып,  оның 

жалпы заңдылықтарын ашады, обьективтік шындық 

жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. 

Сол  мақсатқа  жетуде  ол  басқа  ғылымдар  сияқты 

қоғам  тарихында  өз  орны  бар  ғылым  ретінде  өмір 

сүреді. Философия ғылымының заңдылықтары басқа 

ғылымдар  заңдылықтарын  жоққа  шығармайды. 

Өйткені оның заңдары басқа ғылым заңдарын бірдей 

қамти алатын жалпы қасиетке ие. Солармен қатар 

және бірге өмір сүреді. Кейбір әдебиеттерде филосо-

фия бұдан 2500 жыл бұрын грек жерінде дүниеге келді 

делінген. Бұл – біздің заманымызға дейінгі V ғасыр 

шамасы.  Ол  –  Афина  демократиясының  гүлденген 

дәуірі, философияың әбден қалыптасқан, оң-солын 

ажыратқан  тұсы  болатын.  Ол  кезде  философияда 

материалистік және идеалистік, диалектикалық және 

антидиалектикалық  бағыттардың  ара  жігі  ашылып, 

әбден айқындала бастаған еді. Шыныда, философия 

одан  әлдеқайда  бұрын  шығыс  елдерінде  дүниеге 

келді. Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология 

түрінде пайда болды.

Бұл  гректердің  екі  сөзінен  құрылған:  «mifos» 

-  аңыз,  «logos»  -  ілім.  Мифологиямен  бірге  жазу 

мәдениеті  пайда  болды.  Мифилогия  негізінде 

дін  дүниеге  келді.  Барлық  діндер  мифологияда 

кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланды. Ал дін 

ешнәрсенің  себебін  ашып  көрсетпеді.  Олар  тек 

илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі кел-

гендер  мұндай  ұғымдарға  қанағаттанбады,  көңілі 

толмады.  Олар  әр  нәрсенің  түбіріне  үңіліп,  сол 

туралы әрқилы ой жүгіртіп, пікір айтты. Ондайлар-

ды Пифагордың сөзімен айтқанда «философ» деп 

14


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Поэзия

Толқынды толқын қуады

Университетіміздің  түлектері,  республикалық  және  облыстық  байқаулардың 

жеңімпаздары,  жас  ақындар  Жандос  Жүсіпбеков  пен  Қасқырбай  Қойшымановтың 

қатысуымен  «Толқынды толқын қуады» атты ақындар диалогы өтті. Іс-шараны Л.Толстой 

атындағы Қостанай облыстық кітапханасы ұйымдастырған болатын.  

Осы кеште екі ақын өздерінің өлеңдерін оқып, оқырмандардың сұрақтарына жауап 

берді.  Жас ақындардың жыр жолдарын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. 

ҚАСҚЫРБАЙ ҚОЙШЫМАНОВ

Түннің әні

Міскін кейіп...

жол үзгелі өзіңнен,

Мына ғалам манаураңқы сезілген.

Өзеуреген...

өрекпіген іңкәрлік

менен безінген...

жалғамай түн үзік-үзік сырларды,

тұмшаланған кеудемде әлі мұң бар-ды.

Мазасызда...

магнитофон бастады

түнеу-күнгі әнді.

Қайырмасы кетер емес жадымнан,

Зарлы әуеннің зіл көрпесін жамылғам.

жүдә, менің жағдайымды түсінсең

сені сағынғам.

Сезім-қанжарды жүрегіме бір сұғып,

түннің әні тұла бойда тұншығып.

Ойды шырмап

қақпас өлең бітпеді...

тағы... қырсығып.

...Тәмамдалды-ау шумақтары түнектің,

басылды ма алабұртқан бұл екпін?

Қараңғы-өлең бітер шақта... басталды

зары жүректің...

Күту

Уақыттың жылжи берер жылғалары,



Дірілдеп ой-толқындар зыр қағады.

Күрсініс тақиясын киіп алып

Аспанның ашылмай ақ тұр қабағы.

Күтудің осындайда жатар лаңы,

Ойларын шақырып ап «сапардағы».

Аялдама қасында тұр жігітің

Күзетші жауынгердей қатардағы.

Оңаша қиялдауға жаны құштар,

Ауыртып аңғал басты жаңылыстар.

Күттіріп тұрсың оны, бесін болды

Сабылтып бара жатыр сағыныштар.

Сұрайсың ба мұңлы әуен? Сына күйші!

Сағындырып қойғанша жыла деші.

Хабарлама жазбақшы «Сау болғын» деп

Қарысуда телефон клавиші...

Сұрақ


Қынжылыс...

Шымқай қарадан ақ бөлемін деп.

Тұнжырау,

Шыбыртқы тарамыс сапты өремін деп.

Тұңғиық

Тереңдерден ой аламын деп



Өзгерек

өлеңдерге  зер саламын деп.

Асығып

Аралықтарды жақындатамын деп



Асықпай

Қаралықтарды ақылға апарам деп.

Таптаурын

Тақырыптарды өзгертемін деп

«Мақтаулы

мақұлықтарды» бірге ертемін деп

Не істеп жүрмін?

22

C



M

Y

K



Ғылым

атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған 

ұғым (philio – сүйемін, sophia – даналық, екеуі қосылып 

«философия»  деген  сөзді  туғызды).  Арабтар  бұл 

сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған. Бірақ 

қазірде «философия» деген сөз бұл ұғым шеңберімен 

шектелмейді. Ол – сонымен бірге дүниетаным, өмірлік 

позиция, іс-әрекет.

Философия  дүниеге  келген  кезінен  бастап  ми-

фология  негізінде 

қалыптасқан  дін-

мен  қатар  және 

оны мен  күресте 

шың далып, дамы-

ған. «Философия» 

деген грекше түсі-

нік, оның негізінде 

«софия» - даналық 

деген жатыр. Да на-

лықты білім пә ніне 

айналдыра  зерт-

теу  философия 

үлесіндегі іс. Дана-

лық  бар  жерде 

философиялық 

мәдениет,  ой лау-

дың  еркін  мүм-

кіндігі  бар.  Қазақ 

елінде  байлыққа, 

билікке  жетуден 

гөрі,  адамшылық 

ар-намысты  жо-

ғары  ұстау  -  ха-

лықтың  қанына 

терең  сіңген  құн

-

дылық болып табылған.



Қазақтың болмысына ерекше әсер еткен тұлға 

- М.Әуезов. Ол XX ғасыр басында қазақ халқының 

келешегі  үшін  мынандай  мәдени  философиялық 

концепциялар  ұсынды:  «Ел  боламын  десең, 

бесігіңді  түзе»  деген.  Бесік  түзеу  -  ұрпақтың  ру-

хани  сабақтастығын  жоғалтпау,  төл  өркениетін 

сақтау.  Ұлттың  болашағына  үлгі  жасаған  қазақ 

перзентінің  бірі  М.Әуезов  «Философия  жәйінен» 

деген  атпен  «Абай»журалына  1918  жылғы  №3 

санына  мақала  жариялаған.  М.Әуезов  өз  ойында 

«философия деген-  адам баласының жан тәрбиесі 

және адамшылықтың көркі»-деді. Шындығында бұл 

көзқараспен келісуге болады, құптарлық ой.

Адамшылық  көркі  -  парыз  бен  қарызды  түсіну. 

М.Әуезов  мақаласында  дін  мен  философия  бай-

ланысы және айырмашылықтары туралы терең ой 

білдірген.  М.Әуезов  «Философияны  дінмен  астас 

ғылым»  деді.  ХХ  ғасырдың    басында  да,  ғасыр 

соңында  да  осылай  болған.  Философия  мен  дін 

бір  емшек  емген  апалы-сіңілілер  деген  ұғымды 

А.Швейцер  де  айтқан.  Келіспес  едім  апалы-

сіңілілерден туғандар бөле, бөлелерден қарын бөле 

туады, әрі қарай не болмақ, кім тумақ? Түсініксіз 

философияны логикамен шектегендей. 

Философия абстрактілі нәрсе. Мен дін мен фиол-

софияны Адам ата мен Хауа ана тәрізді дер едім, 

бірін  бірінен  айыруға  болмайды.  Бірін  Сібірге(ит 

жеккенге), екіншісін АЛЖ ИР түрмесіне отырғызсақ 

онда-трагедия.Дін  мен  Философия  жарыспалы  

жаңғырық.  Қорыта  келгенде  философия  ақылға 

сүйенеді, ақылды нұрландыратын парыз - ол ғылым. 

Ал дін болса ақылға ақыл беретін, жүрек туралы, 

біліп болмайтын, ақылмен танып болмайтын тыл-

сым дүние туралы сенім ілімі.  



Оралбай ҚАБУЛ,

1 курс доктаранты,

Астана қаласы

15


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Қазақ тарихынан



Орыс  тілінде  жазылған  тарих  кітаптарының 

айтуынша, ірі рудан бөлініп шығып, одақтасқан 

елге  бұрын  түрік  халкы  «қазақ»  деп  ат  қояды 

екен. Тарихшылардың жоруынша, қазақ Шыңғыс 

ханның елінен бөлініп шыққан. Қазақтың өз ал-

дына ел болуы ХV-нші ғасырдың аяғынан ғана 

басталады.

Бұрын  осы  күнгі  қазақтың  бірсыпыра  рулары, 

мәселен  керей,  қыпшак,  найман,  қаңлы  Шыңғыс 

ханнан  мың  жылдан  бұрын,  Исаның  да  ары 

жағында, басқа түркі халықтарымен қатар ел бо-

лып жүргенін тарихшылардың бәрі де дұрыстайды. 

Мұның үстіне қазақтың қаңлы, керей, қыпшақ, тама 

секілді ескі рулары мен аттас рулар қазақтан басқа 

халықтарының  ішінде  көп.  Анатолиядағы  осман 

түріктерінде де толып жатқан қаңлы, қыпшақ, тама-

лар бар. Бұл рулар қазақпен көрші башқұрт, өзбек 

ішінде де аз емес. Қазақтың ескі руларымен аттас 

рулар мадияр (Венгрия) ішінде көп.

Ескі  заманда  түрік  халқының  бәрі  де  осы  күнгі 

қазақ  секілді,  мал  баққан  көшпелі  ел  болған. 

Бұлардың  ол  кезде  көшіп-қонып  жүрген  жерлері 

Сібірдің  оңтүстігі,  Алтай-Саян  таулары,  Орта 

Азияның  көп  жері.  Осы  күнгі  қазақ  даласы, 

Еуропаның  күншығысы  екен.  Ол  замандағы  түрік 

халқының  күн  көрген  кәсібінің  көбі  –  мал  өсіру 

болған  соң,  бұлар  сол  мал  шаруасына  бола  бір 

жерде бекініп тұрақтай алмай, жерінің бір шетінен 

бір  шетіне  шығып,  көшіп  жүретін  болған.  Мұның 

үстіне  бұлардың  күншығысында  күнбатысқа, 

теріс тұсында оңтүстікке қонысын аударып, көше 

беруіне өздерінің аса жауынгер болуы да зор се-

беп болған. Ескі тарихшылардың айтуынша, түрік 

жігіттерінің  қан  төгіп,  соғысуға  құмарлығы  осы 

күнгі жұмыстан қолы бос мырзалардың ұтыс ойын, 

асық, түрлі сауыққа әуестігінен кем болмаған. Ол 

заманда түріктердің көшіп жүріп араласпаған да елі 

болмаған, соғыспаған да елі болмаған. Сондықтан 

ол заманда түрікті білмейтін де ел болмаған.

Тілі басқа, діні басқа, әдет-ғұрпы, тұрмысы өзгеше 

бір ел – татулық қалыппен болсын, дұшпандықпен 

болсын,  басқа  бір  елмен  қатынасқанда,  бұл  екі 

ел  біріне-бірі  әрқайсысы  өзінше  ат  қояды.  Бұлар 

бір  елге,  екінші  елге  қойған  аты  көбіне  олардың 

әрқайсысының өз тілімен өзіне қойған аттан басқа 

болып шығады. Біздің қазақты басқа елдер «қазақ» 

деп атаған. Түркістандағы тәжіктерге көрші елдер 

«сарт»  деп  ат  қойған.  Бұрынғы  түріктер  қонысын 

аударып  көшіп  жүріп,  бұрын  білмейтін  елдердің 

үстіне, төбеден түскендей, кенет келіп қалып жүрген. 

Сондықтан  түріктерге  әр  ел  өзінше  ат  қойған,  әр 

елдің тарихшылары түрік халқын өзінше атап жаза-

ды. Исадан 700 жыл бұрын Алтай, Саян тауларын 

жайлаған  түріктерді  «аристей»,  «аримаспы»  деп 

атаған.  Сол  кезден  Қытай  жазушылары  бұларға 

«жүн», «тән-жүн», «дон-жүн» деп ат қойған. Араб-

тар көп уақытқа шейін түрік халқын «жажүз-мажүз» 

деп атап жүрген. Еуропа елі Атиллаға еріп барған 

түріктерді «гун» деп атаған. Шыңғыс ханға қараған 

не бар моғол түріктің бәріне де «татар» деген.

XV ғасырдың әр жағында қазақ деген ел болған, 

болмағанын жору үшін бұл айтылғандардан басқа 

дерек  жоқ.  Бұлардың  алғашқы  екеуі,  қазақтың 

каңлы, қыпшақ, найман һәр басқа бірсыпыра ру-

лары  ескі  түріктердің  ішінде  осы  күнгі  аттарымен 

аталып, һәм қайсысы өз алдына бөлек ел болған 

және  бұл  рулардың,  осы  кезде  қазақтан  басқа 

түріктердің де ішінде бар екенін, бірімен-бірін са-

лыстырып  тексерсек:  XV  ғасырдың  ар  жағында 

«қазақ»  деген  халық  болмаған,  ол  заманда 

қазақтың  басқа  түріктерден  шегіашылмай,  бұл 

кездегі  қазақ,  башкұрт,  өзбек,  ноғай,  осман  түркі 

,жаһұт  һәм  басқа  түрік  халыктары,  бәрі  бір  түрік 

болып жүрген. Бері келген соң әр жердегі түріктер 

бірінен-бірі  басқаланып,  бірсыпырасын  ноғай 

атаған, бірсыпырасы селжұк болып, бірсыпырасы 

қазақ болып бөлінген. Түріктер бұлай түрлі ұлттар 

айырылып шыққанда, түріктің ескі ру¬лары қаңлы, 

қыпшақ, керейлер әрқайсысы өз алдына тұтас бір ру 

Елдес Омарұлы

16

Ер есімі - ел есінде

Қобыз сарыны

Әр  қазақтық  төрінде  қара  домбырасы  ілулі 

тұрады.  Домбыраны    тартып  қана  қоймай,  оның 

шығу тарихын әңгімелеп бере алатын адамдар да 

жеткілікті. Ал, қобыз аспабы туралы көпшілігіміз біле 

бермейміз. Сондықтан, ғасырлар бойы құндылығын 

жоймаған, үні бөлек қобыз аспабы туралы жазуды 

жөн көрдім.

Қазақ күйлері, негізінен қобыз, домбыра, сыбызғы, 

жетіген, сазсырнай, шаңқобыз сияқты аспаптарда 

орындалады.  Тарихи  деректерге  қарағанда,  осы 

аталған  музыкалық  аспаптардың  ең  байырғысы 

қобыз  аспабы  екен.  Бұған  археологиялық  қазба 

жұмыстары мен жазбаша деректер дәлел. «Қобыз» 

атауының  Еуразия  қос  құрылығын  мекен  еткен 

халықтардың  көбінде  кездесетіні  осы  деректерге 

сай белгілі болып отыр.  

Орта  Азиядағы  түркі  тілдес  халықтардың, 

соның  ішінде  қазақ  халқының  орта  ғасырдағы 

музыкалық  мәдениеті сөз болғанда, ең алдымен 

сол заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыкалық 

мұралары нақтылы айғақ-дерек ретінде айрықша 

назар аударады. Бұл ретте, исі түркі халықтарына 

батагөй дана, ақылгөй абыз, дәулескер қобызшы 

ретінде  танылған  Қорқыт  атаның  (8-9ғғ)  күңірене 

шалқыған күйлерін сақтап қалған бірден – бір халық 

қазақтар екенін айрықша атап өткен жөн. Қорқыт 

күйлерінің тек қазақ арасында сақталып қалуының 

өзіндік  тарихи  себептері  бар.  Біріншіден,  Қорқыт 

шыққан  оғыздардың    кіндік  жұрты  Қазақ  даласы 

еді.  Екіншіден,  XIX-XX  ғасырларға  дейін  бұрынғы 

Тәңірлік  наным-сенім  үстем  болып,  «Тәңірдің 

жердегі  өкілі»  деп  есептелген  бақсылардың  ел 

ішіндегі беделі елеулі болды. Ал, бақсыны Тәңірмен 

тілдестіретін  аспабы  –  қобыз  деп  саналды. 

Қорқыттан  кейін  он  ғасырдан  соң    тек  бақсылық 

түрде пайдаланған қобызды Ықылас күйші  қайта 

түлетіп,  үніне  үн  қосып,  заманауи  жырларды 

дүниеге әкелді.

Қазақтың көп салалы, күрделі күйшілік өнерінде 

әр  аспаптың    тек  өзіне  ғана  тән  ерекшелігі  бар. 

Ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  болып,  жалғасын  тауып 

жатқан  қобыз  өнері  –  саз-сарыны,  аңыз-әңгімесі, 

дыбыс шығару әдістері жағынан өзге аспаптардан 

дараланып тұрады.

Қобыз  қарапайым  аспап    болып  көрінгенімен, 

оның  жасауға    және  ысқылап  ойнаудағы  әдісіне 

ерекше  мән  береледі.  Қобыздың  «құлағы», 

«мойыны»,  «белі»,  «шанағы»,  «бүйірі»,  «  ішегі», 

«тиегі»  деген  атаулар бар.  Ал, шалып тартатын 

бөлігі  ел  ішінде  «қияқ»,  «садақша»,    «ысқыш»  

деп  әртүрлі  аталады.  Соңғы  жылдары  қобызды 

«нарқобыз»,    «қылқобыз»,  «жезқобыз»    деп  үш 

түрге  бөліп,  оның  ішінде  «бас»,  «  альт»,  «кон-

трабас»    тобына  бөліп  ансамбльдің,  оркестрдің 

сүйемелдеуінде  қолданады.    Қазақтың  дәстүрлі 

ұғымында  «нарқобыз»,  «қылқобыз»,  «жезқобыз» 

атаулары « ара  қобыз», «бүйірлі қобыз», «айна-

лы қобыз», «сылдырмақты қобыз»  деген сияқты, 

қобыздың бітіміне, әшекейіне  орай айтылған. 

Өнер  жолындағы  кәсіби  музыкалық  білімі  бар 

ұстаздардың көпшілігіне қазақтың дәстүрлі музыкалы 

аспаптары туралы мәліметтер бар екені белгілі. Бірақ, 

қобыз аспабына өскелен ұрпақты қызықтырып, кәсіби 

деңгейде оқытатын қазақ тілінде жазылған әдістеме 

мен әдіснама тапшы. Жалпы, әдістеме және әдіснама 

деген ұғымдар нені білдіреді?  Әдістеме ұғымы әдіс 

(метод)  сөзінен  туындайды.  Былайша  айтқанда, 

белгілі  бір  мақсатқа  жету  үшін  қолданылатын 

практикалық  немесе  теориялық  тәсілдер  мен 

әрекеттердің жиынтығын әдістеме (методика) дейді. 

Әдіс пен теорияның арақатынасы іс-тәжірибе арқылы 

сараланады.  Сондықтан  да,  әдіс  атаулы  ілгерідегі 

зерттеудің, теориялық нәтижесі ретінде қабылданса, 

әдістеме алдағы  зерттеулердің бастауы болып оты-

рады. Әдіснама (методология) дегеніміз, жинақталған 

тәжірибе мен әдіс қоры туралы ілім болып шығады. 

Былайша айтқанда, әдіснама дегеніміз, практикалық 

және  теориялық  қызметтерді  реттеуге    мүмкіндік 

тудыратын,сондай-ақ,  ұстанымдар  мен  тәсілдері 

анықтап беретін жүйе, сол жүйе туралы ілім. 

Музыкалық этнографияға қатысты әдістемелік те, 

әдіснамалық та ұстанымдар өзекті-өзекті үш мәселе  

төңірегінен өрбіп отыруға тиіс.

Бірінші, нені сөз ету керек немесе нені зерттеу керек? 

Бұл  мәселеде,  зерттеу  нысанасында  қамтылатын 

тақырыптардың    шекарасы  айқындалады  Яғни, 

қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениеті және оның 

этнографиялық  сипаттары,  музыкалық  мұраны 

туындатушылар және бұл мәселелердің әлеуметтік–

этникалық тарих аясында көрініс табуы тақырыптың 

шек-шекарасын пайымдатады.

Екінші,  не  үшін  зеріттеу  керек,  яғни  еңбектің 

қажеттіліг  мен  мақсаты  қандай?  Бұл  мәселеде, 

қазақтың    рухани    мәдениетінде    музыканың  алар 

орны  және  музыкалық  мұраның  қадір-қасиеті, 

эстетикалық өрісі айтылуы тиіс.

Үшінші, қалай зерттеу керек, яғни қандай ғылыми 

ұстанымдарға сүйенген жөн? Бұл мәселеде, әрине, 

зерттеудің  әдіс-тәсілдері  пайымдалуы  керек.  Осы 

үш  мәселенің  алғашқы  екеуі  әдіснамалық  пробле-

малар болса, соңғысы әдістемелік проблема болып 

есептеледі.

Музыка  мұғалімінің  педагогикалық  шеберлігінің 

негізі – ең алдымен, олардың кәсіби, ғылыми, тарихи 

тұжырымдама жасау әдістемесін бойларына  сіңіруіне 

байланысты деп ойлаймын.

Халықтың  аспапты музыкалық мұрасы бір ғана 

тәсілдік,  стильдік  тұрғыда  анықталып  қою  мүлде 

жеткіліксіз. Сонымен бірге тарихи-танымдық өреде 

де  саралануға  тиіс.  Түптеп  келгенде,  бұл  мәселе 

қазақтың  ұлттық  аспаптық  музыкасының  тарихын 

парықтау  барысында  ұстанатын  ең  өзекті  талғам-

талаптың бірі деп  тұжырымдаймын. 



Алмагүл ТОҚМАҒАМБЕТОВА, 

Қостанай қаласындағы №1 балалар 

музыкалық  мектебінің қобыз аспабының 

мұғалімі  

21

Мәдени мұра



C

M

Y



K

Еңбек етсең, еленерсің

Арқалық  -  облыс  орталығының 

оңтүстік  бөлігінде  орналасқан  қала. 

Қостанай  қаласынан  600  шақырым 

қашықтықта жатыр. Соңғы жылдары 

шалғайдағы шаһардың тұрмысы түзеліп, 

дамудың  даңғыл  жолына  түскендей. 

Себебі өңдеу өнеркәсібі саласында игі ба-

стамалар баршылық. Мәселен «Арқалық» 

сауда  белгісіндегі  тауық  жұмыртқасы 

Қостанайдың  кез  кез  келген  дүкенінде 

сатылуда.  Жуырда  отандық  өнімнің 

қатарына  тағы  да  жаңа  тауар  түрі 

қосылды.  Яғни,  Арқалықта  жасалған 

дәретхана қағазы саудаға шыға бастады.

Ішкі сауда айналымында отандық өнімнің пайда 

болғаны  қуантарлық  жағдай.  Бұл  дегеніміз  шетел-

ден  келетін  импорттық  тауарларға  тоқтау  салады. 

Тек  қана  отандық  таураларды  тұтынып,  экспортты 

арттырсақ  ел  экономикамикасы  да  қарқын  алады. 

Осы  ойды  жүзеге  асыру  үшін  республикада  шағын 

және орта бизнеске қолдау күшеюде. Кәсіпкерлік сала-

сын насихаттау мақсатында «Қазақстанда жасалған» 

акциясы басталды. Жалпыреспубликалық қолдауға 

ие  болған  аталмыш  акция  біздің  аймағымызда 

өзіндік  ерекшелігімен  жалғасуда.  Өңірдегі  ірі  са-

уда  орталықтарының  сөрелерінде  «Қостанайда 

жасалған» деген жазулар пайда болды. 

  Сонымен  қатар,  «Нұр  Отан»  партиясы  «Мықты 

бизнес-қуатты мемлекет» жобасы да жүзеге асуда. 

Партиялықтар  аталған  жоба  аясында  Қостанай 

облысының  ауыл-аймағын  аралап,  кәсіпкерлерге 

арналған  семинар-тренингтер  ұйымдастырды. 

Халыққа кәсіп ашу туралы ақпарат берді. Нәтижесінде, 

тұрғындар тыңнан түрен салып, жаңа бизнес бастауға 

мүмкіндік алды. Солардың бірі-арқалықтық Санжар 

Шубай. Жас кәсіпкер биылғы мамыр айының соңында 

дәретхана  қағазын 

шығаратын  шағын  цех 

ашты.  Жиырма  алты 

жастағы кәсіпкер өзінің 

бизнес-жобасын жүзеге 

асыру  үшін  «Шағын 

қалаларды  дамыту» 

бағдарламасы бойынша 

грант алуға өтініш жаза-

ды. Комиссия мүшелері 

жас  кәсіпкердің  баста-

масына  оң  бағасын 

береді.  Осылайша, 

Санжар  екі  милли-

он  теңге  көлемінде 

грант  ұтып  алады.  Әрі 

қарай өндіріске қажетті 

құрал-жабдықтарды 

іздеп, керекті құрылғын 

интернеттің  көмегімен 

Қ ы т а й д а н   т а б у ы п 

алады.  Ғимаратты 

жалға  алуға  жергілікті 

«Шаруашылық  –  А» 

ЖШС  көмек  берген. 

Санжар  тәуекелге  бел 

байлап,  нық  сеніммен 

бизнесін бастап кетті. Шағын цех Арқалық қаласының 

маңындағы  Родина  ауылында  орналасқа.  Онда 

Санжардың өзі және екі оператор жұмыс істейді.   

-  Ең  алдымен 

бизнес-жоспар-

ды  қалай  құру 

керек тігін  үйрен-

дім.  Дай ындаған 

ж о б а м   б и л і к 

т а  р а п ы н а н 

қо л      дауға ие бол

 -

  ға нын  біл    ге німді 



қат ты  қуандым. 

Қазір бастаған істі 

одан  әрі  да мы-

туға  күш  салып 

жа тыр  мын. Цех тың жұмысы түнгі мезгілде қыза тү-

седі. Себебі, түн де электр энергиясының шығына аз 

кетеді -, деді Сан жар Шубай.

«Арқалықтық»  деп  аталатын  дәретхана  қағазы 

бүгінде  жергілікті  сауда  орындарында  сатылып 

жатыр.  Қолынан  іс  келетін  еңбекқор  жастардың 

басын  қосып,  жеке  кәсібін  ашқан  Санжар  бизнесін 

одан  әрі  дамытуды  ойлайды.  Еңбегінің  арқасында 

еленген жастың ойға алған жоспары орындаларына 

сенімдіміз.  Ең  бастысы,  ол  көп  ішінен  суырылып 

шығып, туған өлкесінің экономикасын дамытуға бел 

буды. «Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де шығасың» 

деген осы шығар.     

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретте: жас кәсіпкер Санжар Шубай 

жұбайымен бірге

20



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет