Аққағаз Досжанова Орындаған: Бекзатова м н



Дата20.04.2023
өлшемі1,53 Mb.
#84867
түріӨмірбаяны
Байланысты:
аккагаз

Аққағаз Досжанова

Орындаған: Бекзатова М Н

Топ: 112А

Факультет: Стоматология

Аққағаз Досжанова (1893 жыл, Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрті болысы, 5-ауыл - 1932, Шымкент) - Қазақтың талантты да, ұлтшыл аяулы қызы,

  • Аққағаз Досжанова (1893 жыл, Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрті болысы, 5-ауыл - 1932, Шымкент) - Қазақтың талантты да, ұлтшыл аяулы қызы,

Өмірбаяны

  • 1914 жылы Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіріп, медицина мамандығын алуға Мәскеуге барып, медицина курсына қабылданады. Сол кезден бастап елдің жоғын жоқтаған, қайраткерлігімен өз ортасынан суырылып алға шыққан.
  • 1917 жылы қазақ зиялылары ұйымдастырған Мәскеудегі Татар слободасындағы медреседе өткен бас қосуға қатысып, мұсылман елдерінің азат болуы туралы баяндама жасайды. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік еді.
  • 1917 жылы 1-8 мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып, мұсылман әйелдерінің мүң-мұқтажын жоқтап сөз сөйлейді. Осылай жұрт назарына ілігіп, елінің сөзін сөйлеп, мұңын жоқтап жүргенде өзі ауруға шалдығып, Мәскеуде түра алмай, 1918 жылы елге қайтады.

Өмірбаяны

  • Бірер жыл денсаулығын күтіп, аурудан айыққан соң 1920 жылы Томск медициналық университетіне оқуға түседі
  • 1921 жылы Ташкенттегі Түркістан халық университетінің медицина факультетіне ауысады.
  • Оқи жүріп ординатор-дәрігер болып қызмет істейді.
  • 1922 жылы оқуын бітіріп, жұмысқа араласады. Жастайынан ұлтының тағдырына күйініп, жаны шырқырап жүрген аяулы қыздарын қазақтың сол кездегі ел ағалары қатты құрметтеген екен.

Өмірбаяны

  • Оның университетті бітіруі салтанатты түрде мемлекеттік деңгейде аталып өтіп, 1922 жылы 14 желтоқсанда Түркістандағы Орталық Азия университетінде оқып жүрген жергілікті ұлт қыздарына А.Досжанова атындағы стипендия тағайындайды.
  • 1928-1929 жылдары Ташкентте тұрақтайды
  • 1930 жылы отбасымен Алматыға көшіп келіп, № 1 ауруханада гинеколог болып жүмыс істейді.
  • 1932 жылы Шымкент қаласында өкпе туберкулезінен қайтыс болады.

Еңбектері

  • Медицина тақырыбындағы еңбектерінен тыс, «Әйел теңдігі», «Абай», «Жас азамат» атты әлеуметтік, жалпыұлттық тақырыптарда мақалалар жариялайды. Осы мақалаларынан оның саяси ұстанымын, ұлтшыл бағытын, адами тұлғасын тануға болады.

Еңбектері

Пайдаланылған әдебиет

  • «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет