Индекстер туралы жалпы түсінік



бет2/4
Дата02.05.2023
өлшемі23,57 Kb.
#88814
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
7 практикалық сабақ

Жеке индекстерді есептеу. Біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасын жеке индекстер деп айтады. Мысалы, ағымдағы және базалық уақыттағы өндірілген өнімнің көлемін, бағасын, өзіндік құнын және т.с.с. салыстыру арқылы қаншаға өзгергендігін есептеуге болады.
Статистикада жеке индекстер латынның кіші “i” әрпімен белгіленеді. Зерттеу зерзатының белгісіне қарай, яғни нені зерттейтініне байланысты индекстік белгінің оң жағына оның таңбасы қатар жазылады. Жеке индекстер төменде берілген формулалар бойынша есептеледі:
а) өнім көлемінің жеке индексі: i(q)=q1/q0, мұнда q1 және q0 - өнімнің ағымдағы және базалық мезгілдегі көлемі;
ә) өнімнің өзіндік құнының жеке индексі: i(z)=z1/z0, мұнда z1 және z0 - өнімнің ағымдағы және базалық мезгілдегі өзіндік құны;
б) еңбек өнімділігінің жеке индексі: i(t)=t0/t1, мұнда t1 және t0 – бір дана өнімді, затты өндіруге жұмсалған уақыт мөлшері.
Жеке индекстер статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер ретінде іс жүзінде жиі қолданылады. Себебі, жеке индекстер қатысты шамалар сияқты біртектес құбылыстың екі кезеңдегі өзгеру дәрежесін көрсететіндіктен, мұнда салыстырылатын уақыттың дәрежесін, онымен салыстыратын уақыттың уақыттың мәніне бөлу керек.
Егер қатар дәрежелі уақытына байланысты бірнеше кезеңнен тұрып, ал олардың ағымдық мезгілдегі әрбір дәрежесі оның алдыңғы уақытта тұрған шамасымен салыстырылған болса, онда оны өзгермелі немесе тізбекті индекстер деп атайды және ол былай жазылады:
i(q)=q1/q0; q2/q1; q3/q2 және т.с.с.
Егер қатардың әрбір жәрежесін белгілі бір тұрақты базалық кезеңнің мәнімен салыстыратын болсақ, онда оны базалық индекстер деп атайды және оны былай жазады:
i(q)=q1/q0; q2/q0; q3/q0 және т.с.с.
Сонымен жеке индекстер қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін зерттеу кезінде жиі қолданылады. Бірақ, сол құбылыстың кандай себептерге байланысты өзгергенін ол анықтай алмайды. Сондықтан, экономикалық құбылыстардың өзгерістеріне әсерін тигізетін себептерді анықтау үшін жеке индекстерге қарағанда жалпаы индекстер көптеп қолданылады және талдау жасау кезінде біршама мәселелерді шешуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет