Индекстер туралы жалпы түсінік


Жалпы индекстерді есептеу



бет3/4
Дата02.05.2023
өлшемі23,57 Kb.
#88814
түріСабақ
1   2   3   4
Жалпы индекстерді есептеу. Тікелей салыстыруға және қосуға элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісін жалпы индекстер деп атайды. Осы құбылыстардың өзгерістеріне талдау жасау үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы жиынтығын есептеуге болады. Статистикада жалпы индекстерді латынның үлкен “I” әрпімен белгілейді және нені зерттейтіндігіне байланысты осы белгінің төменгі оң жағына оның таңбасы бірге қосылып жазылады.
Егер жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе жеке топтардан тұратын болса, онда оларды топтық индекстер деп атайды. Мысалы, ауыл шаруашылық өнімдері жалпы индекске, ал өсімдік және мал шаруашылықтарының өнімдері топтық индекстерге жатады.
Статистикада жалпы және топтық индекстердің экономикалық талдау жасау кезіндегі атқаратын рөлі өте жоғары. Бұл индекстер арқылы зерттеуге жататын зерзаттарының өзара байланыстылығы мен оларға әсерін тигізетін түрлі себептерді толық анықтауға болады. Сондықтан, индекстік әдіс топтау тәсіліне тікелей байланысты. Ал жеке индекстерімен салыстырғанда жалпы немесе топтық индекстерді есептеу күрделі болады.
Есептеу әдістемесіне байланысты жалпы немесе топтық индекстер агрегаттық және орташа индекстерге бөлінеді.
Агрегатты индекстер. Агрегатты деген сөз латынның “aggrego” терминінен шыққан, қазақшаға аударғанда “қосамыз” деген мағынаны білдіреді. Мұнда қарастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең. Егер, осы қосындының алымы мен бөлімі арасындағы айырмашылықты қарастыратын болсақ, нақты өзгерісті және оған әсерін тигізген себепті анықтауға толық мүмкіндік туады. Егер, алымы мен бөлімі арасындағы айырмашылық теріс сан болып шығатын болса, онда түрлі себептерге байланысты ақша үнемдегеніміз, ал оң сан шығатын болса, онда артық жұмсағанымыз көрсетіледі. Сонымен, агрегатты индекстер экономикалық жалпы индекстердің негізгі және көп тараған түрі болып саналады.
Орташа индекстерді есептеу. Агрегатты индекстерді есептеу кезінде индекстелетін және оларды салмақтайтын нақты шамалары, яғни сатылған тауарлардың немесе өндірілген өнімдерінің саны, олардың бағасы мен өзіндік құны және т.б. көрсеткіштері белгілі болуы керек. Бірақ, кейбір жағдайларда бұл көрсеткіштердің сандық және сапалық мәндері белгісіз болып, оның орнына өткен мерзімдегі тауар айналымы, өндірілген өнімге жұмсалған жалпы шыгын және сатылған тауарлардың көлемі мен оның әр данасының бағасы немесе өзіндік құны процент есебімен, өзгерген қалпында берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда олардың өзгерісін анықтау үшін жеке индекстер бойынша есептелген көрсеткіштерді қолдана отырып, агрегатты индекстерді орташа индекстерге түрлендіреміз. Жеке индекстерді қолдану себебіміз, агрегатты индекстер арқылы есептелген көрсеткіштер жеке индекстердің орташа көрсеткіші болып табылады.
Статистикада агрегатты индекстерді орташа индекстерге түрлендіру арифметикалық және үйлесімдік тәсілдермен жүргізіледі. Бірақ, бұлардың қайсысының қандай жағдайда қолданылытын дұрыс ажырата білуіміз тиіс. Оны анықтау берілген өзгермелі белгілер мен сандық мәндеріне тығыз байланысты.
Арифметикалық орташа индекс. Егер шығарылған өнімнің саны мен өзіндік құны белгісіз болып, өткен мерзімдегі жалпы шығын мен өндірілген өнім көлемінің өзгерісі белгілі болатын болса, онда шығарылған өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін, көлемдік жалпы индексті қолданамыз:
I(q)=∑q1z0/∑q0z0.
Экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде көлемдік көрсеткіштердің өзгерістері коэффициентпен немесе процентпен берілсе, яғни зерттеу объктісі болып, көлемдік жағы қарастырылатын болса, онда арифметикалық орташа индекс қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет