Индекстік тәсіл индекстер туралы жалпы түсінік Жеке индекстерді есептеу. Жинақтық индекстерді есептеу. Индекстер туралы жалпы түсінік


Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер



бет5/6
Дата05.03.2023
өлшемі269 Kb.
#71659
1   2   3   4   5   6
Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер
Экономикалық біртектес құбылыстар мен процестердің сапалық өзгерісін, сол көрсеткіштердің орташа дәрежесін салыстыру арқылы сипаттайды. Мысалы, бір аудандағы шаруашылықтардың дәнді дақылдар өнімдерінің орташа өзіндік құнының өзгеруі, немесе бірнеше базарда әр түрлі бағамен сатылған тауардың орташа бағасының өзгеруі және т.с.с.
Сапа бойынша орташа дәрежесінің өзгеруі, осы көрсеткіштің өзіне және жиынтық құрамының өзгеруіне байланысты болады. Мысалы, біртектес дақылдардың орташа өнімділігінің өзгерісі осы дақылдардың әрқайсысының өнімділігі мен егіс көлемінің өзгеруіне, яғни өзара байланысты екі себептің әсерінен болғандығы байқалады.
Сонымен, экономикалық құбылыстардың орташа керсеткіштерінің өзгерісін зерттегенде, оған әсерін тигізетін әрбір себептер (факторлар) жеке-жеке есептеледі. Статистикада бұл көрсеткіштер тұрақты жөне өзгермелі құрамды индекстер арқылы анықталады. Енді осы индекстердің қолданылуы мен есептелу тәсілдерін жеке қарастырайық.
Тұрақты құрамды индекс. Құбылыстың өзгеруіне әсерін тигізетін себепті анықтау үшін сапалық көрсеткіштер қүрамын өзгермелі түрде алсақ, яғни салыстыратын екі уақыт мерзімдерінің шамасы алынса, ал салмағы ретінде ағымдағы кезеңнін тұрақты дәрежееі (көлемі) қолданылса, онда тұрақты индекс шығады және оны сапалық мәндері бойынша мына формулалар арқылы көрсетуге болады:
1) баға бойынша:
2) өзіндік құн бойынша: және т.б.
Осы формулалардың қолданылуы мен есептелу тәсілін іс жүзінде көрсету үшін нақты мысалға жүгінейік (12.7-кесте):
12.7-кесте Зауыттардың өндірген өнімдерінің өзіндік құны мен көлемі

зауыттардың рет №

Бір дана өнімнің өзіндік құны, теңге

Әндірілген өнімнің көлемі, дана

Есептежен көрсегкіштер, теңге

Базалық кезең

Ағымдағы кезең

Базалық кезең

Ағымдағы кезең

Базалық кезең

Ағымдағы кезең

Ағымдағы өнімнің базалық құны

№1

50

55

1200

1000

60000

55000

50000

№2

60

58

900

800

54000

46400

48000

Барлығы

54,3

56,3

2100

1800

114000

101400

98000

Берілген көрсеткіштер бойынша екі зауыттың біртектес өндірген өнімдерінің орташа өзіндік құнының өзгерісіне әсерін тигізген себепті анықтау үшін, алдымен тұрақты құрамды индекстің өзінің формуласын қолдану арқылы есептейміз:



Бұл есептелген индекстің алымы мен бөлімінде өнімдердің көлемі тұрақты түрде алынып, ал олардың өзіндік құндары өзгермелі шамамен алынған. Міне, екі зауыт бойынша ағымдағы кезеңді базалық кезеңмен салыстырғанда, осы арқылы өнімдердің өзіндік құндары орта есеппен 3,5 процентке (103,5 - 100 = 3,5%) өскен. Демек, бұған тек өнімдердін, өзіндік құнының өзгеруі ғана әсерін тигізген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет