Индекстік тәсіл индекстер туралы жалпы түсінік Жеке индекстерді есептеу. Жинақтық индекстерді есептеу. Индекстер туралы жалпы түсінік



бет2/6
Дата05.03.2023
өлшемі269 Kb.
#71659
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 тақырып.1

Жеке индекстерді есептеу.

Біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасын жеке индекстер деп атайды. Мысалы, ағымдағы және базалық уақыттағы өндірілген өнімнің көлемін, бағасын, өзіндік құнын салыстыру артақылы қаншаға өзгергендігін есептеуге боалды.
Статистикада жеке индекстер латынның кіші «i» әрпімен белгіленеді. Зерттеу объектісінің белгісіне қарай, яғни нені зерттейтіндігіне байланысты индекстік белгінің оң жағына оның таңбасы «ip, iq, iz және т.б.» қатар жазылады. Мәселен бағаның жеке индексін есептеу үшін, сол заттың, тауардың есепті уақыттағы немесе ағымдағы кезеңдегі бағасын өткен уақыттағы немесе базалық кезеңдегі бағасына бөлу керек. Демек, ол мына формула бойынша есептелінеді: қолдану арқылы есептелінеді. Сол сияқты басқа да жеке индекстер төменде берілген формулалар бойынша есептелінеді:
А) өнімнің физикалық көлемінің жеке индексі:
Б) өнімнің өзіндік құнының жеке индексі:
В) еңбек өнімділігінің жеке индексі:
Енді осы берілген формулаларды қолдану арқылы жеке индекстерді есептеу үшін, яғни оны есептеу тәсілдерін үйрену үшін нақты мысал келтірейік:
Кесте 1- Зауыт бойынша өндірілген өнімнің көлемі мен өзіндік құны берліген:

Өнім түрлері

Базалық кезең

Есепті кезең

өндірілген өнімнің көлемі, дана

өнімнің өзіндік құны, теңге

өндірілген өнімнің көлемі, дана

өнімнің өзіндік құны, теңге

А

6000

100,0

5500

90,0

Б

4000

105,

5000

120,0

Осы берілген көрсеткіштер бойынша өндірілген өнімнің әрбір түрінің көлемі мен өзіндік құнының екі уақыт мезгіліндегі өзгерісін жеке индекстер арқылы есептеміз:
1) өндірілген өнімнің көлемі бойынша:
А өнімі бойынша
Б өнімі бойынша
Есептелінген көрсеткіштер арқылы өткен жылға қарағанда есепті жылы А өнімнің 8,3 процентке кемігенін, ал Б өнімінің 25,0 процентке артық өндірілгенін байқаймыз.
Енді өндірілген өнімнің өзіндік құнының жеке индексін есептейміз:
А өнімі бойынша
Б өнімі бойынша
Демек, ағымдағы жылғы өндірілген өнімнің өзіндік құны өткен жылмен салыстырғанда А өнімі үшін 10 процентке төмендеген, Б өнімі үшін 14,3 процентке өскенін көреміз.
Жеке индекстер статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер ретінде іс жүзінде жиі қолданылады. Себебі жеке индекстер қатысты шамалар сияқты біртектес құбылыстың екі кезеңдегі өзгеру дәрежесін көрсететіндіктен, мұнда салыстырылатын уақыттың дәрежесін, онымен салыстыратын уақыттың мәніне бөлу керек.
Егер қатар дәрежелері уақытына байланысты бірнеше кезеңнен тұрып, ал олардың ағымдық мезгілдегі әрбір дәрежеі оның алдыңғы уақытта тұрған шамасымен салыстырылған болса, онда оны өзгермелі немесе тізбекті индекстер деп атайды және оны статистикада келесідей жазады:
;
Егер қатардың әрбір дәрежесін белгілі бір тұрақты базалық кезеңнің мәнімен салыстыратын болсақ, онда оны базалық индекстер деп атайды және ол былай жазылады:
;
Осы аталған индекстерді іс жүзінде есептеу үшін мысал ретінде Қазақстанда өндірілген мұнай өнімдері туралы соңғы жылдардағы көрсеткіштерді келтірейік:
Кесте 2 - Қазақстан бойынша 1990-1995 жылдар арасындағы мұнай өнімдерін өндіру




1990

1991

1992

1993

1994

1995

Өндірілген мұнай, млн т

22839

23684

24461

25556

25388

25220

Базалық индекстер

1,00

1,037

1,071

1,119

1,112

1,104

Тізбекті индекстер

1,00

1,037

1,033

1,045

0,993

0,993

Экономикалық талдауда базалық және тізбекті индекстердің өздеріне тән мәні мен мағынасы бар. Мәселен, базалық индекстер құбылыстың ұзақ уақыт аралығында болған өзгерістерін тұрақты бір кезеңмен салыстыру арқылы есептеледі. Ал ағымдағы кезеңмен салыстыр сол уақытта болған құбылыстардың өзгерістерін айқындайды. Бұл индекстердің қайсы түрін және қандай жағдайда қолдану керек екендігін анықтау зерттеудің алдына қойған мақсатына байланысты.
Егер базалық және тізбекті индекстер бір мезгілді құбылыстарды қарастыратын болса, онда олар бір-бірімен өзара байланыста болады. Сол байланыстылықты көрсету үшін мынындай белгілер енгізейік: 1990 жылғы өндірілген мұнайдың көлемін – q0, 1991 - q1, 1992 - q2, 1993 - q3, 1994 - q4, 1995 - q5. онда осы белгілер арасындағы байланыстылық мынадай түрде жазылады:

Демек, тізбекті индекстердің көбейтіндісі базалық индекске тең.
Сол сияқты соңғы базалық индекстерді алдыңғы қатардағы базалық индекстерге бөлу арқылы тізбекті индекстер алынады:
.
Сонымен, жеке индекстер қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін зерттеу кезінде жиі қолданылады. Бірақ, сол құбылыстың қандай себептерге байланысты өзгергенін анықтай алмайды. Сонлықтан, экономикалық құбылыстардың өзгерістеріне әсерін тигізетін себептерді анықтау үшін жеке индекстерге қарағанда жинақтық индекстер көптеп қолданылады және талдау жасау кезінде біршама мәселелерді шешуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет