Индекстік тәсіл индекстер туралы жалпы түсінік Жеке индекстерді есептеу. Жинақтық индекстерді есептеу. Индекстер туралы жалпы түсінік



бет4/6
Дата05.03.2023
өлшемі269 Kb.
#71659
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 тақырып.1

Орташа индекстер. Агрегатты индекстерді есептеу кезінде индекстелетін және оларды салмақтайтын нақты шамалары, яғни сатылған тауарлардың немесе өндірілген өнімдердің саны, олардың бағасы мен өзіндік құны белгілі болуы керек. Бірақ, кейбір жағдайларда бұл көрсеткіштердің сандық және сапалық мәндері белгісіз болып, оның орнына өткен мерзімдегі тауар айналымы, өндірілген өнімге жұмсалған жалпы шығын және сатылған өнімнің көлемі мен оның әр данасының бағасы немесе өзіндік құны процент есебімен, өзгерген қалпында берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда олардың өзгерісін анықтау үшін жеке индекстер бойынша есептелген көрсеткіштерді қолдана отырып, агрегатты индекстерді орташа индекстерге түрлендіреміз. Жеке индекстерді қолдану себебіміз, агрегатты индекстер арқылы есептелген көрсеткіштер жеке индекстердің орташа көрсеткіші болып табылады. Мысалы, көлемдік жалпы индексте есептелген көрсеткіш сол жеке индекстердің орташа шамасына, ал бағаның жалпы индексі жеке индекстердің орташа шамасына тең. Шын мәнінде кезкелген жалпы индекстердің есептелген көрсеткіштерін сол жеке индекстердің орташа мәні ретінде алуға болады.
Статистикада агрегатты индекстерді орташа индекстерге түрлендіру арифметикалық және үйлесімдік тәсілдермен жүргізіледі. Бірақ, бұлардың қайсысының қандай жағдайда қолданылатынын дұрыс ажырата білуіміз тиіс. Оны анықтау берілген өзгермелі белгілер мен сандық мәндеріне тығыз байланысты. Олай болса, осы орташа индекстердің қолданылуы мен есептелу тәсілін төменде жеке қарастырайық. Сондай-ақ сапалық көрсеткіш ретінде өнімнің өзіндік құнын алайық.
Арифметикалық орташа индекс. Егер шығарылған өнімнің саны мен өзіндік құны белгісіз болып, өткен мерзімдегі жалпы шығын мен өндірілген өнім көлемінің өзгерісі белгілі болатын болса, онда шығарылған өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін көлемдік жалпы индексті қолданамыз:

Берілген формуланың алымы мен бөліміндегі көрсеткіштерге талдау жасайтын болсақ, онда бөліміндегі көрсеткіш, яғни өткен уақыттағы жалпы шығын белгілі де, алымындағы ағымды шығарылған өнімнің саны белгісіз. Бірақ, әрбір өндірілген өнім көлемінің өзгергені жеке индекс түрінде белгілі. Онда жеке көлемдік индекстің формуласынан, белгісіз q1 тауып, одан шыққан көрсеткішті бөлшектің алымына жазатын болсақ, формула мынадай түрде түрленеді:

Яғни, өткен мерзімдегі жалпы шығынды көлемдік жеке индекске көбейту арқылы агрегатты индексті арифметикалық орташа индекске түрлендіреміз. Осы айтылғанды іс жүзінде көрсету үшін төменде берілген мысалды арифметикалық орташа индекстің формуласы бойынша есептейік:
Кесте 4 – «Жетісу» аяқ киім фабрикасының шығарған өнімдері

Өнімнің түрлері

Өткен жылғы шығарылған өнімнің жалпы көлемі, млн теңге (q0p0)

Ағымдағы жылғы шығарылған өнім көлемінің өткен жылмен салыстырғандағы өзгеруі (iq)

Ерлер аяқ киімі

415,0

+10

Әйелдер аяқ киімі

230,0

-6

Балалар аяқ киімі

370,0

өзгеріссіз

Берілген көрсеткіштер бойынша көлемнің жеке индекстерін анықтайық:
Ерлер аяқ киімі үшін:
әйелдер аяқ киімі үшін
балалар аяқ киімі үшін
Енді есептелген жеке индекстердің мәндерін қолдану арқылы көлемнің жалпы индексін арифметикалық орташа түрінде есептейміз:

Демек, ағымдағы жылғы шығарылған өнімдердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда орта есепппен 2,7 процентке өскен немесе жалпы құны 27,2 млн теңгег артқан.
Сонымен, экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде көлемдік көрсеткіштердің өзгерістері коэффициентпен немесе процентпен берілсе, яғни зерттеу объектісі болып, көлемдік жағы қарастырылатын болса, онда арифметикалық орташа индекс колданылады.
Үйлесімдік орташа индекс. Егер ағымдағы мерзімде шығарылған өнімнің саны мен өзіндік құны белгісіз болып, жалпы шығын мен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі, яғни өткен мерзіммен салыстырғандағы азаюы немесе көбеюі берілетін болса, онда мұндай көрсеткіштерді есептеу үшін, өзіндік құнның жалпы индексін үйлесімдік орташа индекске түрлендіреміз. Ол үшін агрегатты индекстің бөліміндегі өткен уақыттағы өзіндік құнды есептеп алуымыз керек. Оны есептеу үшін өзіндік құнның жеке индексінен өткен мерзімдегі өзіндік құнды тауып, оны өзіндік құнның жалпы индекс формуласындағы бөлімінің орнына қоятын болсақ, онда үйлесімдік орташа индекстің формуласы мынадай түрге келтіріледі:

Енді үйлесімдік орташа индексті есептеу үшін төмендегі берілген мысалды қарастырайық:
Кесте 5 – Кеңшар бойынша мал шаруашылық өнімдеріне кеткен шығын

Өнімнің түрлері

Ағымдағы жылы өнім өндіруге кеткен жалпы шығын, млн теңге (z1q1)

Ағымдағы жылы өнімнің өзіндік құнының өткен жылмен салыстырғандағы өзгеруі (iz)

Ет

675

-5

Сүт

490

+3

Жүн

510

өзгеріссіз

Берілген көрсеткіштер бойынша өзіндік құнның жалпы индексін анықтамас бұрын, жеке индекстерді есептеп алуымыз керек:
Ет үшін:
Сүт үшін:
Жүн үшін:
Осы есептелген жеке индекстердің мәндерін қолдана отырып, өзіндік құнның жалпы индексін үйлесімдік орташа индекстің формуласы бойынша есептейміз:

Яғни, ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылық өнімдерінің өзіндік құны орта есеппен 1,3 процентке кеміген, соның салдарынан шаруашылық 21,2 млн. теңге ақша үнемдеген.
Демек, зерттеу объектісі ретінде сапалық мәндерінің өзгерістері берілетін болса, онда үйлесімдік орташа индекстің формуласы қолданылады.
Статистикада арифметикалық және үйлесімдік индекстерден басқа орташа индекстер қолданыламайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет