Индекстік тәсіл индекстер туралы жалпы түсінік Жеке индекстерді есептеу. Жинақтық индекстерді есептеу. Индекстер туралы жалпы түсінік



бет1/6
Дата05.03.2023
өлшемі269 Kb.
#71659
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 тақырып.1


ИНДЕКСТІК ТӘСІЛ

  1. Индекстер туралы жалпы түсінік

  2. Жеке индекстерді есептеу.

3. Жинақтық индекстерді есептеу.

  1. Индекстер туралы жалпы түсінік

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэффициенттер мен процесстер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады. Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ең көп тараған түріне индекстік әдіс болып табылады.
Индекс деген сөздің түпнұсқасы латынның “index” терминінен шыққан, қазақшаға айдарғанда «көрсеткіш, белгі, тізім» деген мағынаны білдіреді. Статистикада бір-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқөа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп атайды. Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи-заттық негізде шығарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуға болмайды. Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады. Оған өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас көрсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісін индекс арқылы есептеуге болады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы төменде берілген негізгі мәселелерді шешуге болады:

  1. салыстыруға келмейтін және қосуға болмайтын күрделі экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайды;

  2. құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін анықтайды;

  3. күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсерін тигізетін себептерді жалпы жиынтық және жеке бөліктері бойынша қарастырады.

Олардың ішінде ең негізгісі – қоғамдық құбылыстарға әсерін тигізітен себептерді анықтау. Демек, қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне қандай себептердің қалай әсер ететіндігіне талдау жасай білуіміз керек. Міне, осыны анықтау үшін индекстік әдіс қолданылады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп жұмыстарын жүргізу үшін екі уақыт кезеңінің нақты сандывқ көрсеткіштері алынады. Оның біреуін, яғни, салыстырылатын уақыт шамасын есепті немесе ағымдағы кезең деп атайды. Ол статистикалық зерттеу объектісінің негізгі көзі болып саналады. Бұл көрсеткіштер әрқашанда индекстік қатынастың алымында беріледі және «1» деген таңбамен белгіленеді. Ал онымен салыстырылатын мезгілдің шамасын өткен уақыт немесе базалық кезең дейді және оны «0» таңбамен белгілейді. Бұл көрсеткіштер есепті уақытта немесе ағымдағы кезеңде болған экономикалық құбылыстардың өзгеруіне баға беру үшін қолданылады. Сондықтан, бұл жерде ең бастысы – салыстыратын мезгілді ғылыми негңзде дұрыс ала білу. Себебі, дұрыс алынбаған базалық уақыт ағымдағы кезеңнің шамасын, яғни оның өскендігін немесе кемігендігін бұрмалауы мүмкін.
Индекстік әдіспен есептелінген көрсеткіштер коэффициентпен, ал оны 100 көбейту арқылы процентпен өлшенеді. Егер индекстік көрсеткіштер 1-+ден немесек 100- ден көп болса, онда құбылыстың өскенін, ал керісінше, онда оның кемігенін көрсететді.
Халықаралық тәжірибеде индекстік әдісті қолдану кезінде көрсеткіштер төмендегі берілген латын әріптерімен белгіленеді:
q - сандық көрсеткіш, өнімнің физикалық көлемі
p – бір дана өнімнің бағасы
z – бір дана өнімнің өзіндік құны
t – бір дана өнімді өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты
w – еңбек өнімділігі.
Осы келтірілген белгілерді қолдану арқылы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді жекелеген белгілері бойынша немесе сол берілген жалпы жиынтық бірліктерінің сандық және сапалық мәндерін қоса ала отырып, уақытқа қарай өзгеруін индекстік әдіс бойынша есептеуге болады. Бірақ, зерттеу объектісінің көрсеткіштеріне байланысты негізгі екі топқа, яғни көлемдік және сапалық индекстерге бөлінеді.
Бірінші топқа өнім көлемінің жалпы индекстері жатады. Мысалы, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, тауар айналымының көлемі алынады. Бірақ, осы көрсетілген индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты баға бойынша алынады.
Екінші топқа – сапалық индекстер, яғни бағаның, өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің, түсімділіктің индекстері жатқызылады. Бұл индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз, тұрақты бір ағымдағы кезең дәрежесімен алынады.
Индекстердің мұндай екі топқа бөлінуінің маңызы өте жоғары және есептеу кезінде түрлі тәсілдерді қолдануға толық мүмкіндік береді. Осыған орай, жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне байланысты индекстер жеке және жинақтық болып екіге бөлінеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет