Индуктівті ой тұжырымы


Толмаған индуктивті ой тұжырымы



бет3/4
Дата14.03.2023
өлшемі74,01 Kb.
#74375
түріПрезентация
1   2   3   4

Толмаған индуктивті ой тұжырымы


Толмаған индуктивті ой тұжырымы дегеніміз - классқа кіретін кейбір заттарға, оқиғаларға, құбылыстарға тән белгілерінің тұрақты қайталанылуының негізінде сол белгілерді осы шектелген класстағы заттардың барлығына тән деп ой қорытатын тұжырым
Толмаган ой тұжырымның екі түрі бар: 1) қарапайым
2) гылыми
Рәміздік түрде таңбалануы:
S1 де-Рбар
S2 де-Рбар
S3 де-Рбар
S1,S2 Sз - К ға жатады
К-ға кіретін барлык мүшелерде Р бар болуы ықтимал
Мысалы:

Азаматтық құқықты оқу болашақ заңгерлерге қажет
Қылмыстық құқықты оқу болашақ заңгерлерге қажет
Мемлекет және құқық теориясын оқу болашақ заңгерлерге қажет
Азаматтық құқық, қылмыстық құқық, мемлекеттік құқық теориясы - заң гылымдарына жатады_________
Заң гылымдарына кіретін барлық пәндерді оқу -болашақ заңгерлерге қажет

Қарапайым толмаған индуктивті ой тұжырымы


Қарапайым толмаған индуктивті ой тұжырымы деп кластың зерттелген кейбір заттарының тұрақты белгілерін тізбектей отырып, осы белгілердің кластың қалған барлық заттарына да тән болуы мүмкін еместігі туралы қорытынды жасауды айтамыз. Қарапайым толмаған индукңияда сілтеме пайымдаулар арасывда қарама-қайшы келетін пайымдау болмауы шарт. Егер бұл ереже орындалмаса, онда дұрыс ой тұжырымның орнына логикалық қателіктерге — «асығыс қорытындыға» ұрынуымыз мүмкін.
Мысалы, «Барлық заңгерлер алымсақтар», «Барлық сот қызметкерлерінің кәсіпқойлық білімдері нашар» — т.б. сол сияқты пайымдауларда кейбір «алымсақ», «кәсіпқой білімі таяз» заңгерлерге қарап отырып дұрыс қорытынды жасалмаған. Себебі, жоғарыда көрсетілген заңгерлерге байланысты белгілер олардың барлығына тән еместігін ой тұжырымда ескермегендіктен «асығыс қорытынды» феномені орын алып отыр.

Ғылыми индуктивті ой тұжырымы


Ғылыми индуктивті ой тұжырымы деп классқа кіретін кейбір заттардың қажетті, басты белгілерін немесе тұрақты, мәнді байланыстарын білудің негізінде осындай белгілер класстың қалған мүшелеріне де тән екендігі туралы ой тұжырымды айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет