Ғылыми индуктивті ой тұжырымдау үдерісі мынадай кезеңдерден тұрады: 1) зерттеу объектісін тандау; 2) оның ең мәнді, әрі қажетті белгілері мен байланыстық қатынастарын анықтау; 3) осы белгілер мен байланыстардың ішкі қисынын табу; 4) белгілі болған себеп-салдарлық байланыстың негізінде зерттеліп отырған заттар класына тән зандылықты ашу; 5) алыңған жаңа білімді білімнің осы саласындағы ұқсас қағидалармен және теориялармен салыстыру
Мысалы: Жылы ауаның жоғары көтерілетінін жүртгың бәрі біледі. Себебі бұл құбылысты күнде көріп жүрміз. Соған қарамастан, кейде жылы ауа кейбір жағдайларда атмосфераға көтерілмейтін шығар деп күмәндануымыз да ғажап емес. Бұл күмәнімізді сейілту үшін қарапайым индукциядан гөрі ғылыми индукция әлдеқайда пайдалырақ. Себебі, ғылыми индукция бізге жылы ауаның атмосфераға көтерілетін себебін ашып көрсетеді. Ауа қызған кезде көлемін үлғайтып тығыздалады, сол себепті оның салмағы оны қоршап тұрған салқын ауаның салмағынан жеңіл болады да, оны соңғылары жоғары қарай қысып шығарады. Бұл ой тұжырымның ақиқаттығына ешкім күмәнданбайды, себебі бұл құбылыстың себеп-салдарлық байланысы анық керсетіліп отыр.
Әдебиеттер
1.Ф. Бэкон. Новый органон. – М.: ООО Группа компаний «РИПОЛ классик». 2018//https://fictionbook.ru/author/fryensis_byekon/novyiyi_organon/read_online.html
2. Мұхамбеталиев Қ.М Логика. - Алматы, 2002 3. Ыскакова Р.У., Габитов Т.Х. Логика. Оқу құралы, заң мамандыктарына арналган. 2-шi басыл., оңделген. - Алматы: Раритет, 2004. 232 б. 4. Кириллов В.И., Старченко А.А. Логика: учебник для юридических вузов. — Изд. 6-е, перераб. и доп. - М. : ТК Велби, Изд-во Проспект, 2008. - 240 с. 5. Асмус В. Логика. – М.,1999. - 362 с.