Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары (Студент пен оқытушының өздік жұмысы) Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі. Жеке бағдарлы оқытуда бағалаудың әр түрі мен әдістерін қолданудың маңызы зор. Оқушыларға өз білімдері мен дағдыларын көтеруге және алдағы уақытта қай бағытта жұмыс істеу керек екендігін анықтауға мүмкіндік туса, мұғалім оқушының оқу мазмұнын терең түсінуіне және оқып-үйренуде тәуелсіз болуына қажетті ақпараттарды алады. Оқушының оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесі – білім беру бағдарламасын меңгеру сапасын бағалайтын оқу үрдісінің негізгі элементі. Қазіргі кездегі мектептің білім беру жүйесінде бағалау, баға, белгі деген сөздер тек синоним түрінде қолданылады. Бірақ іс жүзінде олай емес.
Бағалау
Баға
Белгі
оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.
бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.
Оқушының білім алудағы жетістіктерін тиімді бағалау мақсатында мұғалім бағалаудың мынандай түрлерін сәтті қолдануы тиіс
диагностикалық
формативтік (қалыптастырушылық)
суммативті (жинақтаушы)
Оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік. Қазіргі кезде ел мектептерінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау қолданысқа ие, себебі бұл тәсіл барлық процеске қатысушыларға оқу материалының игерілу деңгейін түсініп, кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Кері байланыс қаншалықты мазмұны терең болса, соншалықты оған әсері сындарлы бола түспек. Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, атааналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Критериалды бағалау – бұл тәсіл, оның аясында бағалаудың және өзін-өзі бағалаудың түрлі тәсілдері, түрлері және әдістері қолданылады. Критериалды бағалау кезінде: - оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады; - оқушы бойындағы үрейленуді басады; - мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады. Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына ие.
Достарыңызбен бөлісу: |