1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 105-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және халық арасындағы инфекциялық, паразиттік және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алуды мен есептілігін жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) вакциналық реакция – вакцинаның кейбір компоненттерінен туындаған реакция; 2) бағдарламалық қате – вакцинаны дайындау, онымен жұмыс істеу немесе оны енгізу кезіндегі қателіктерден туындаған реакция; 3) кездейсоқ сәйкестік – иммундаудан кейін байқалатын, бірақ вакцинадан немесе бағдарламалық қатеден туындамаған реакция; 4) инъекцияға реакция – инъекция (шаншу) жүргізуге байланысты қорқыныштан туындаған реакция. 2-тарау. Инфекциялық, паразиттік және (немесе) улану оқиғаларын тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу тәртібі 3. Халық арасындағы инфекциялық, паразиттік және (немесе) улану оқиғаларын тіркеу және есепке алу науқастың тұрғылықты жеріне қарамастан, аурудың анықталған орны бойынша жүргізіледі. 4. Медициналық ұйымдарда және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алынуға жататын халықтың арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулардың тізбесінің 1,2-тармақтарына сәйкес инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғалары жеке есепке алынуға жатады. 5. Аумақтық бөлімшелерде инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын тіркеу және жеке есепке алу одан әрі шұғыл хабархатпен расталған инфекциялық немесе паразиттік ауру (күдік) анықталғаны туралы телефон хабарламасы негізінде жүргізіледі. 6. Аудандық (қалалық) фтизиопульмонология ұйымы (бөлімше, кабинет) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші күніне аумақтық бөлімшеге алынған хабарламаның негізінде белсенді туберкулезбен ауыратын жаңадан анықталған науқастардың саны туралы жиынтық мәліметтерді салыстыру үшін жібереді. 7. АИТВ инфекциясы оқиғаларын есепке алуды және тіркеуді АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізеді. 8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші күні аумақтық бөлімшеге АИТВ инфекциясының жаңадан анықталған оқиғаларының саны туралы жиынтық мәліметтерді хабарлайды. 9. Медициналық ұйымдарда жеке есепке алуға және аумақтық бөлімшелерде жиынтық есепке алуға Тізбенің 3-тармағына сәйкес инфекциялық аурулар жатады. 10. Тұмаумен, оқшаулануы көптеген немесе нақтыланбаған жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті инфекцияларымен, АИТВ-инфекциясымен және басқа да функционалдық ішек бұзылулары аурулары оқиғаларында хабарлама берілмейді, осы ауруларды есепке алу медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда жүргізіледі. 11. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші күніне аумақтық бөлімшеге науқастардың саны туралы жиынтық деректерді хабарлайды. 12. Меншік нысанына қарамастан, барлық медициналық ұйымдарда, ұйымдардың медициналық кабинеттерінде меншік нысанына қарамастан Кодекстің 7-бабының 31) тармағына сәйкес бекітілетін нысан бойынша инфекциялық ауруларды есепке алу журналы жүргізіледі, оған науқас туралы мәліметтер енгізіледі. 13. Медициналық ұйымдарда инфекциялық және паразиттік ауруларды тіркеу, есепке алу үшін медициналық ұйымдарда басшы қамтамасыз етеді. 14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте басқа өңірлерден келген адамдарда инфекциялық, паразиттік ауру және (немесе) улану оқиғасы анықталған жағдайда аумақтық бөлімше аурулардың ошақтарында тиісті санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін науқастардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшені хабардар етеді.