Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер оқиғаларын тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу тәртібі



бет4/5
Дата21.09.2024
өлшемі29,03 Kb.
#145142
1   2   3   4   5
Байланысты:
169 бұйрық

4-тарау. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер оқиғаларын тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу тәртібі

29. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің (бұдан әрі – ИКҚК) барлық оқиғалары міндетті тіркеуге және есепке алынуға жатады.


30. ИКҚК-ға күдік туған жағдайда медицина қызметкері 12 сағаттың ішінде ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) шұғыл хабархат береді.


31. Аумақтық бөлімшелер жоғары тұрған органға "төменнен жоғары" қағидаты бойынша, сондай-ақ дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарлама ұсынады.


32. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша иммундауды жүргізуге байланысты деп жіктелген ИКҚК оқиғалары мемлекеттік статистикалық есепке алынуға жатады.

5-тарау. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тергеп-тексеру тәртібі

33. ИКҚК:


1) вакциналық реакция;


2) бағдарламалық қате;


3) кездейсоқ сәйкестік;


4) инъекцияға реакциялар салдарынан пайда болады.


34. ИКҚК-ның мынадай түрлері бар:


1) жергілікті: енгізу орнындағы абсцесс, лимфаденит, жергілікті ауыр реакция;


2) бағдарламалық қате ретінде бағаланатын профилактикалық егулерді жүргізу қағидаларын бұзу кезінде (вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сақтау, тасымалдау, енгізу) қателер нәтижесінде туындайтын жай-күй;


3) вакцинациядан кейінгі алғашқы 3 күнде көрінетін белсенді емес вакциналармен иммундаудан кейін фебрильді құрысулармен дене температурасының жоғарылауы;


4) вакцинациядан кейінгі алғашқы сағаттарда дамитын жедел түрдегі аллергиялық реакциялар;


5) 4-ші күннен кейін 12-14 күннен кейін және қызылшадан кейін, қызамықтан кейін 20-25 күннен кейін, полиомиелит, паротит және паротит компоненті бар біріктірілген вакциналардан кейін 30 күннен соң пайда болатын тірі вакциналарға реакциялар;


6) паротит вакцинасын жүргізгеннен кейін және қызамықпен вакцинациядан кейін 42 күннен соң дамитын менингеальді құбылыстар;


7) қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаға немесе құрамында бір немесе бірнеше осындай компоненттері бар, төртінші күннен ерте емес және егуден кейін 12-14 күннен кешіктірмей түзілетін аралас вакциналарға ерекше реакция болып табылатын катаралдық синдром;


8) ауыз арқылы қабылдайтын полиомиелитті вакцинаны (бұдан әрі – ААҚПВ) ) иммунизациялаудан кейін 4-30 тәулік ішінде және байланыста болғандарда 60 тәулікке дейін егілгендерде дамыған вакциналанған паралитикалық полиомиелит (бұдан әрі – ВПП). Бұл ретте барлық ВПП оқиғаларының 80%-ы ААҚПВ-ны бастапқы егумен байланысты, иммун тапшылығы бар адамдарда (тәуекел тобы) аурудың даму қаупі сау адамдарда 3-6 мың есе жоғары. ВПП қалдық құбылыстармен бірге жүреді (летаргиялық перифериялық парез және (немесе) паралич және бұлшықет атрофиясы).


35. ИКҚК -тің барлық оқиғалары вакцинаның нұсқаулығына сәйкес оның дамуының тікелей себебін анықтау мақсатында міндетті тіркеуге және тексеруге жатады.


36. ИКҚК-ке уақыт бойынша сәйкес келетін (вакцинадан кейінгі кезеңдегі интеркуррентті ауру) немесе вакцинаны енгізумен жанама байланысты, сондай-ақ вакциналық реакциядан туындаған кездейсоқ оқиғалар жатпайды:


1) паротитті вакцинаны қоспағанда, белсенді емес вакциналарды, анатоксиндерді және тірі вакциналарды енгізгеннен кейінгі асқынуларға тән емес менингеальді құбылыстар;


2) паротитті және полиомиелитті вакциналар мен анатоксиндерді енгізуге реакцияларға тән емес энцефалопатия;


3) жалпы ми симптоматикасы бар ауруларды – орталық жүйке жүйесінің (бұдан әрі – ОЖЖ) ісік түзілімдерін, тұмауды, пневмонияны, менингококк инфекциясын болдырмауды талап ететін "вакцинадан кейінгі энцефалит" диагнозы;


4) асқынуларға тән емес және қоса жүретін аурулардың белгілері болып табылатын ішек, бүйрек симптомдары, жүрек және тыныс алу жеткіліксіздігі;


5) тірі вакцинамен егілгеннен кейін 4-ші күннен ерте және 12-14 күннен кейін пайда болатын жіті респираторлық аурудың катаралдық синдромы;


6) неврологиялық патология нәтижесінде пайда болған және ААҚПВ-дан басқа вакцина енгізумен байланысты емес параличтер;


7) инъекция (шаншу) жүргізу себебі бойынша ауырсыну синдромына қорқыныштуғызған егілушінің психикалық-эмоционалды жағдайына байланысты вакцинаның инъекциясына реакция.


37. ИКҚК-ке күдіктенудің әрбір оқиғасы егілген адамның хал-жағдайы, егу туралы, препарат туралы, ИКҚК клиникасы, ИКҚК пайда болған жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы мәліметтерді қамтитын ИКҚК оқиғасын эпидемиологиялық тергеп-тексеру актісін жасай отырып, тергеп-тексеруге жатады.


38. ИҚКЖ оқиғаларын тергеп-тексеруді егілген адамның ИКҚК оқиғасын анықтаған медицина қызметкері жүзеге асырады.


39. ИКҚК тергеп-тексеру жөніндегі тәуелсіз сарапшылар комиссиясының құрамына педиатр (жалпы практика дәрігері), иммунолог, эпидемиолог, невролог, аллерголог, фтизиатр, инфекционист, патологоанатом, қажет болған жағдайда бейінді мамандар кіреді.


40. ИКҚК-ны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен бекітіледі. Қажет болған жағдайда ИКҚК-ны тексеру үшін республикалық деңгейдегі және медициналық жоғары оқу орындарының жетекші мамандары тартылады.


41. Эпидемиологиялық тергеп-тексеру мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:


1) анамнестикалық деректерді талдау:


егілген адамның аллергостатусы (дәрілік заттарға, тамақ өнімдеріне, алдыңғы вакциналарға реакциялар);


сауалнамалардың, медициналық қарап-тексерулердің, оның ішінде скринингтік тексерулердің нәтижелерін бағалауды ескере отырып, егілген адамның денсаулық жағдайы;


2) ИКҚК даму серпіні (ИКҚК түрі, көріну мерзімі, ұзақтығы, ағымы және алғашқы симптомдардың сипаты);


3) егілген адамға шұғыл және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар;


4) тексергенге дейін ИКҚК оқиғасы бойынша жүргізілетін диагностикалық және емдеу іс-шаралары;


5) ИКҚК даму нәтижесі;


6) вакцинация мен ИКҚК дамуы арасындағы себеп-салдарлық байланысты белгілеу:


бір медициналық ұйым шеңберінде басқа егілген адамдарда осы вакцинадан алынған ИКҚК-нің ұқсас реакциялары мен тіркеу жиілігінің болуы;


бірнеше медициналық ұйым (аудан, қала, облыс) шеңберінде егілген адамдарда осы вакцинадан алынған ИКҚК-нің ұқсас реакциялары мен тіркеу жиілігінің болуы);


вакцинацияланбаған адамдар (отбасы, балабақша, мектеп, ұйым мүшелері) арасында ұқсас клиникалық көріністерді тіркеу, тіркеу жиілігі, топтық реакция;


ИКҚК симптомдарының дамуының уақытша реттілігі және вакцинаны енгізгеннен кейін;


вакцинаны енгізу мен ИКҚК-ның әртүрлі түрлерінің күтілетін көріністерінің мерзімдерін ескере отырып және вакцинаға нұсқаулыққа сәйкес клиникалық симптомдардың пайда болуы арасындағы аралық;


вакцинация нәтижесінде немесе басқа ауру себебінен (қатарлас немесе алғаш анықталған) клиникалық көріністердің даму ықтималдығы);


оқиғалардың тұрақтылығы – ИКҚК барлық оқиғаларының ұқсастығы;


7) вакцинаны сақтау, тасымалдау шарттары;


8) бағдарламалық қатені анықтау мақсатында егу кабинеті мейіргерініің біліктілігі;


9) халыққа профилактикалық егулер жүргізу жөніндегі егу пунктінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі;


10) зертханалық және аспаптық зерттеулер негізінде интеркурренті және басқа да аурулармен ИКҚК дифференциалды диагностикасы:


міндетті: кездейсоқ сәйкестікті болдырмау үшін жалпы қан талдауы және биохимиялық талдау;


қосымша: комиссия құрамына кіретін сарапшылардың ұсынысы бойынша.


11) вакцинациядан кейінгі кезеңде қайтыс болған жағдайда тергеп-тексеру:


өлімнің нақты себептерін анықтау үшін гистологиялық және вирусологиялық зерттеу жүргізе отырып, патологиялық-анатомиялық ашу;


науқастың медициналық картасын талдау;


12) сапасыз вакцинаға күдік туған жағдайда тергеп-тексеру жүргізу:


ИКҚК және пайдаланылған вакцинаның сапасымен байланыс орнату;


вакцинаны (вакцинаның белгілі бір сериясын) пайдалануды тоқтату бойынша шаралар қабылдау және вакцина үлгілерін қайта сараптамаға жіберу;


дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымдарына, одан әрі вакцинаны өндіруші мен өнім берушіге ақпарат беру.


42. Бағдарламалық қатенің салдарынан ИКҚК-ның дамуы расталған кезде немесе вакцинаның инъекциясына (шаншуына) реакциясы сапалық емес ретінде тексеруге жатпайды.


43. ИКҚК оқиғасын эпидемиологиялық тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін деректер талданады, қорытынды диагноз қойылады және ИКҚК дамуының ықтимал себептері туралы қорытынды жасалады.


44. ИКҚК дамуының анықталған себептері бар тергеп-тексеру қорытындылары денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде егу ісіне қатысы бар әрбір медицина қызметкерінің назарына жеткізіледі.


45. ИКҚК туралы мәліметтер Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген жаңа туған баланың даму тарихы картасына, баланың даму тарихы картасына, профилактикалық екпелердің картасына, баланың медициналық картасына, амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі.


46. Неврологиялық аурулардың (энцефалит, миелит, полирадикулоневрит, менингит) дамуында интеркуррентті ауруларды болдырмау мақсатында тұмау, параинфлип, Коксаки, ECHO (entericcytopathichumanorphan), кене энцефалиті, аденовирустарға антиденелердің титрін анықтау үшін жұпталған сарысуларға (біріншісі – аурудың ерте кезеңінде, екіншісі – 14-21 күннен кейін) серологиялық зерттеулер жүргізуледі.


47. Егілушінің өміріне қауіп төндіретін құтырмаға қарсы егуді жүргізгеннен кейін ИКҚК-ны тіркеу кезінде осы егуді жалғастыру мәселесін тергеп-тергеу және шешу кезеңіне ИКҚК оқиғаларын тексеру жөніндегі комиссия антирабиялық вакцинаны енгізуді уақытша тоқтата тұрады.


48. ИКҚК-ның пайдаланылған вакцинаның сапасымен байланысы анықталған жағдайда, ақпарат вакцинаны өндірушіге және өнім берушіге беріледі.


49. Вакцинаның үлгілері оның сапасын растау үшін тәуелсіз зертханаға жіберіледі. Зерттеу нәтижелерін алғанға дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган осы вакцинаны пайдалануды уақытша тоқтата тұру туралы мәселені шешеді.



Инфекциялық, паразиттік
аурулар және (немесе) улану
оқиғаларын, иммундаудан
кейінгі қолайсыз көріністерді
тіркеу және тергеп-тексеру,
есепке алу мен есептілігін
жүргізу қағидаларына
қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет