|
Қазақстан Республикасында тіркеуге және есепке алынуға жататын халықтың арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулардың тізбесі
|
бет | 5/5 | Дата | 21.09.2024 | өлшемі | 29,03 Kb. | | #145142 |
| Байланысты: 169 бұйрықҚазақстан Республикасында тіркеуге және есепке алынуға жататын халықтың арасындағы инфекциялық және паразиттік аурулардың тізбесі
1. Медициналық ұйымдарда және аумақтық бөлімшелерде жеке есепке алынуға жататын инфекциялық аурулар:
1) тырысқақ (А00);
2) іш сүзегі (А01.0);
3) А, В, С, нақтыланбаған қылауы (А01.1-А01.4);
4) басқа да сальмонеллез инфекциялары (А02);
5) шигеллез (бактериялық дизентерия) (АОЗ);
6) басқа да бактериялық ішек инфекциялары (А04.0-04.5; А04.7-А04.9);
7) Yersіnіa enterocolіtіca тудырған энтерит (иерсиниоз) (А04.6);
8) басқа айдарларда аурулардың жіктелмеген басқа да бактериялық тамақтан уланулар (А05);
9) амебиаз (А06);
10) вирусты және басқа да нақтыланған ішек инфекциялары (А08);
11) ротавирусты энтерит (А08.0);
12) туберкулез (А15-А19);
13) оба (А20);
14) туляремия (А21);
15) күйдіргі (А22);
16) бруцеллез (А23);
17) лептоспироз (А27);
18) пастереллез (А28.0);
19) листериоз (А32);
20) сіреспе (А33-А35);
21) дифтерия (А36);
22) көкжөтел (А37);
23) жәншау (А38);
24) менингококк инфекциясы (А39);
25) легионерлер ауруы (А48.1);
26) орнитоз, пситтакоз (А70);
27) риккетсиоздар (А75-А79);
28) жіті полиомиелит (А80);
29) нақтыланбаған және басқа да параличті жіті полиомиелиті (А80.3)
30) құтырма (А82);
31) вирусты менингит (А.87.0; А.87.1; А.87.8; А.87.9);
32) буынаяқтылар арқылы берілетін вирусты қызбалар мен вирусты геморрагиялық қызбалар (А92-А99);
33) сары қызба (А95);
34) желшешек (В01);
35) қызылша (В05);
36) қызамық (В06);
37) аусыл (В08.8);
38) вирусты гепатит (В15-В18);
39) эпидемиялық паротит (В26);
40) басқа айдарларда аурулардың себебі ретінде жіктелген Streptoccus pneumoniae (В95.3);
41) басқа айдарларда аурулардың себебі ретінде жіктелген Haemophilus influenzae (Haemophilus influenzae) (В96.3);
42) нақтыланбаған бактериалдық менингит (G00.9);
43) медицналық түсік (О 04.0; О 04.5);
44) көбінесе босанғаннан кейінгі кезеңмен байланысты асқынулар (О85; О86; О90.0; О90.1; О 91);
45) перинатальдық кезеңге тән инфекциялық аурулар (Р35.0; Р35.3; Р35,8; Р36-Р39);
46) басқа да айдарларда жіктелмеген хирургиялық және терапиялық араласу асқынулары (Т.80.2; Т.81.3; Т.81.4; Т.82.6; Т.82.7; Т.83.5; Т.83.6; Т.84.5-Т.84.7; Т.85.7; Т.88.0; Т.88.1;);
47) коронавирустық инфекция CОVID-19 (U07.1; U07.2
48) егеуқұйрықтың тістеуі (W53);
49) иттің тістеуі немесе соққысы (W54);
50) басқа сүтқоректілердің тістеуі немесе соққысы (W55);
51) іш сүзегінің қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.0);
52) асқазан-ішек ауруларының қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.1);
53) дифтерия қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.2);
54) басқа нақтыланбаған бактериялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылық(Z22.3).
2. Медициналық ұйымдарда және аумақтық бөлімшелерде жеке есепке алынуға жататын паразиттік аурулар:
1) лямблиоз (А07.1);
2) Лайм ауруы (А.69.2);
3) вирустық кене энцефалиті (А84);
4) дерматофития, оның ішінде эпидермофития,трихофития, микроспория, фавус (В35);
5) безгек (В50-В54);
6) лейшманиоз (В55);
7) токсоплазмоз (В58);
8) гельминтоздар (В65-В83);
9) педикулез (В85);
10) қышыма (В86);
11) басқа да инфекциялық аурулардың қоздырғышын тасымалдаушылық (безгек) (Z22.8).
3. Медициналық ұйымдарда жеке есепке алынуға және аумақтық бөлімшелерде жиынтық есепке алынуға жататын инфекциялық аурулар:
1) көбінесе жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялар (А50-А53);
2) гонококк инфекциясы (А54);
3) хламидиялық инфекция (А55; А56);
4) адамның иммун тапшылығы вирусы тудырған ауру (АИТВ) (В20-В24);
5) оқшаулануы нақтыланбаған вирустық инфекциясы (В34.0; В34.1; В34.2);
6) оқшаулануы көптеген немесе нақтыланбаған жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті инфекциялары (J06);
7) тұмау (J10-J11);
8) басқа да функционалдық ішек бұзылулары (К59.1; К59.9);
9) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудырған симптомсыз инфекциялық мәртебе (Z21).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|